|
|||
МАЗМҰНЫ 1 страницаМАЗМҰНЫ
Кіріспе......................................................................................................................... І. КӨЗІ НАШАР КӨРЕТІН СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ ЖҮЙЕСІНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕЛУ ПРОЦЕСІН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.......................... 1.1 Әлеуметтік бейімделу ұғымының негізгі түсініктемелері және оларды ЖОО-да көзі нашар көретін студенттердің бейімделу мәселелері контекстінде талдау………………………………………………………………………………....6 1.2 Жоғары оқу орны жағдайында көру қабілеті бұзылған студенттердің әлеуметтік-психологиялық сипаттамалары мен бейімделу әлеуетінің өзара байланысы (шетелдік тәжірибе)..............................................................................26 ІІ. КӨРУ ҚАБІЛЕТІ ЗАҚЫМДАЛҒАН СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖОО-ДА ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕЛУ ЖАҒДАЙЛАРЫН ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР НЕГІЗІНДЕ ТАЛДАУ…………………………………………………………… 2.1 ЖОО жағдайында көзі нашар көретін студенттердің әлеуметтік жағдайын әлеуметтанулық талдау (ҚазҰУ мысалында).……………………................................................................................... 2.2 ЖОО оқитын көзі нашар көретін студенттердің әлеуметтік бейімделуіне бағытталған авторлық бағдарлама…………........................................................... ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................... ҚОСЫМШАЛАР...................................................................................................
Кіріспе Зерттеу тақырыбының өзектілігі:Қазіргі заман дамуының қағидалы жаңа үрдістері және жалпы ұлттық мүдделер жоғары мектептен құбылмалы экономикалық, әлеуметтік және мәдени құбылыстарға аса бейімділікті, сондай-ақ оның формасының, мазмұнының, технологиялары мен әдістерінің айтарлықтай жетілуін талап етеді. Қазіргі Қазақстан қоғамының дамуының әлеуметтік-экономикалық және cаяси жағдайлары ҚР-ң әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуіне негіз жасай отыра, еліміздегі инклюзивті білім беру мәселесін, яғни болашақ еліміздің кәсіби мамандар дайындығына және тұтас білім беру саясатына ықпалын тигізді. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттарына баршаның сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі; әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі жатады («Білім туралы» ҚР Заңының, 3-бабының, 1, 2-тармақтары). Инклюзивті білім беру баршаның сапалы білімге қол жетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған білім беру жүйесін тарату процестерінің бірі болып табылады. Ол балалардың дене, психикалық, зияткерлік, мәдени- этникалық, тілдік және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, сапалы білім беру ортасына айрықша білім алу қажеттіліктері бар балаларды қосуды, барлық кедергілерді жоюды, олардың сапалы білім алуы үшін және олардың әлеуметтік бейімделуін, социумге кірігуін көздейді. Өткен жүзжылдықтың аяғынан бастап инклюзивті білім беруді дамыту әлемнің көптеген: АҚШ, Ұлыбритания, Дания, Испания, Финляндия, Германия, Италия, Австралия және т.б. елдерінде білім беру саясатының жетекші бағдарына айналды. Осы елдерде балалардың дамуы мен әлеуметтік бейімделуі үшін тиісті психологиялық-педагогикалық жағдай жасалған жалпы білім беру ұйымдарында психикалық және дене бұзылыстары бар, дамуында артта қалушылығы бар балалар қалыпты дамыған құрдастарымен бірге табысты білім алуда. Инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері адам құқығы саласындағы негіз болатын халықаралық құжаттарға сәйкес әзірленген және әлемдік үрдістерді, білім беру саласындағы әлемдік практиканың жетістіктерін және қазақстандық білім беру жүйесін дамытудың басым міндеттерін ескеріп әзірленген. Бүгінгі таңда инклюзивті білім беру басымдық танытуда Қазақстанда басқа санаттағы оқушылармен бірге білім алуды және тең қолжетімділікті көздейтін мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қатысты.2015 жылы туылғаннан 18 жасқа дейінгі 141 952 мүмкіндіктері шектеулі балалар немесе жалпы бала санының 2,8%-ы анықталды. Оның ішінде мектеп жасында - 94 266 бала. Анықталған мүмкіндіктері шектеулі балалар 7-12% әлемдік көрсеткішпен салыстырғанда 2,8%-ды құрайды. Қазіргі уақытта 27% мүмкіндіктері шектеулі балаларды инклюзивті оқыту үшін 30,5% мектепте жағдай жасалған. Жоғары оқу орындарындағы мүмкіндіктері шектеулі студенттер саны 570- ті құрайды. Оның ішінде 1-топ мүгедектігімен - 16 адам, 2-топта – 88 адам, 3- топта 466 адам бар. Жоғары білім алуға мүгедектердің құқығын қамтамасыз ету бойынша ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы No26 қаулысына сәйкес жоғары оқу орнына қабылдау квотасы бекітілген (2012 жылдан бастап мүгедектерге арналған квота көлемі 1%, бұрын – 0,5%). Қазіргі кезде Қазақстанда инклюзивті білім беру жүйесін құрудың белгілі бір модельдері мен жинақталған тәжірибесі бар. Сондықтан елімізде, қазіргі таңда ерекше көңіл бөлуді талап ететін білім алушыларға қажетті мемлекеттік саясат жасалғанымен, аталмыш саясатты жоғары оқу орнында жүзеге асыру мәселесі негізделмегендіктен білім беру орталығында көзі нашар көретін студенттердің әлеуметтік бейімделуі мәселесін зерттеу өте өзекті ғылыми ізденіс болып отыр. Осы орайда, ғылыми жұмысымыздың маңыздылығы да айқындала түседі. Яғни, білім беру орындарында көзі нашар көретін студенттерді ортаға сіңістіре алу, бейімдей алу өте маңызды қадам. Тақырыптың зерттелу деңгейі: Қазіргі қоғам толыққанды деп есептелмейді, егер қандай да бір адамдар тобына қатысты дискриминациялау бар болса. Мысалы, А.Д.Уорд бойынша, «кез-келген, әділеттілікке және адам құқықтарын сақтауда халықаралық ережелерге ұмтылатын мемлекет, барлық балаларға қажеттіліктері мен қабілеттеріне сай, білім беруде заңдарды басшылыққа алуы керек. Ерекше қажеттіліктері бар балаларға қатысты, мұндай мемлекет оларға жас ерекшеліктеріне сай білім алу мүмкіндігін іске асыру міндетті. Инклюзивті білім беру тұрақты даму, қоғамдағы қалыптылық, күрделеніп келетін қоғамда адамның әлеуметтенуінің негізі болуы тиіс. Адамдардың әлеуметтену мен бейімделу мүмкіндіктері өмірлік жағдайлар мен жеке тұлғалық қасиеттерге тәуелді емес, олар білім беру жүйесімен тығыз байланысты. Білім беру сөзінің мағынасын кеңінен қарастыратын болсақ – ол адамның пайда болуы, оның өмірінің ерекшеліктері, өмірлік тәжірибені жинақтауы, ал мұның барлығы нақты әлеуметтік–экономикалық жағдайларда индивидуалды–жекетұлғалық капиталдың өсуіне қажет болады. Инклюзивті білім берудің тереңдігі, жылдамдығы және материалдық тұрғыдан аса үлкен салымдарды қажет етпейтіндігі, оның саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени мәселелерді нәтижелі шешуге әсер ететін аймақтардың бірі болуын анықтайды. Әлемде өзінің экономикалық және мәдени прогресімен инклюзивті білім беруге міндетті емес бір де бір мемлекет жоқ. Инклюзивті білім беру әр балаға оның мектепте оқу көрсеткіштеріне сәйкес немесе сәйкес еместігіне қарамастан, білім алуға құқық береді. Балалар ұжымда өзара байланысқа түсіп, қарым-қатынас ережелерін меңгереді, педагогпен бірге шығармашылық тұрғыдан білім алу мәселелерін шешуге үйренеді. Сенімділікпен айтуға болатыны, инклюзивті білім беру барлық балалардың жекетұлғалық мүмкіндіктерін кеңейтеді, адамгершілік, толеранттылық, көмекке келу қасиеттерін қалыптастыруға, дамытуға жағдай жасайды. Инклюзивті білім берудің теориялық негізі деп әлеуметтік үйрету психологиялық теорияларын санауға болады (А.Бандура, Р.Сирс, К.Халл В.Скиннер, У.Бронфенбреннер, және т.б.). Отандық ғалымдар батыстық интеграциялау модельдерін сипаттайтын әлеуметтік үйрету теорияларына қарсы іс-әрекеттік бағытқа негізделеді. Бұл бағыттың мағынасы - ерекше білімді қажет ететінбалаларды нақты мақсатқа жетуге бағытталған біріккен іс-әрекеттерді орындау барысында құрдастарының ортасына (ойын немес оқу, қарым-қатынас немесе танымдық іс-әрекеттер) қосумен анықталады. Ойын немесе оқу кеңістігінде түрлі психофизикалық деңгейлі балалардың іс-әрекетінің мақсаттары мен себептері әртүрлі болуы мүмкін. Осы контексте көру бойынша мүгедектерге жоғары кәсіптік білім беру мәселесі қазіргі уақытта әлеуметтік және ғылыми тұрғыдан да айқын өзектілікке ие болып отыр. Сонымен қатар, ол жоғары кәсіптік білім алуға өзінің ажырамас құқығын іске асыру кезінде көру қабілеті бұзылған тұлғалар елеулі қиындықтарға тап болады Жас ерекшелігіне сай негізгі іс-әрекет түріне бағытталу, жоғары психикалық қызметтері қалыптасуындағы сезімталдық кезеңдерін ескеру, балаларға тән іс-әрекет түрлерінің уақытылы қалыптасуы мен жасерекшелік психикалық жаңа құрылымдар арасындағы байланыстарды түсіну - арнайы дайындалған маманға ерекше білімді қажет ететін балаларды мақсатты оқыту мен тәрбиелеуді іске асыруға мүмкіндік береді. Сонымен, егер батыс теоретиктері бір қызметтің қалыптасып, басқасының дамуы іске асырылмауы жағдайындағы «іс-әрекеттің жетілуі» жайлы айтса, отандық мектептің өкілдері қалыптастырушы мүмкіндігі шамамен шексіз баланың жеке тұлғасының дамуына байланысты жүйелі, іс-әрекеттік бағытқа сүйенеді. Білім беру орталықтарында, ерекше жағдайды қажет ететін студенттерді әлеуметтік бейімдеу, әлеуметтік интеграция, инклюзивті білім беру мәселелері бойынша ғылымда келесідей авторлардың аса құнды ғылыми зерттеулері белгілі: А.И. Зотов, А.Г. Литвак, Л.И. Солнцева С. Розе-Акерман, Б. Вайсброд, Л. Саламон, Х. К. Анхайер, А. Эверс, Г.В. Никулина, И.Н. Зарубина, В.К. Рогушин, СЮ. Котова. Тек қана арнайы білім беру ұйымдарында ғана емес, сонымен қатар жалпы, жоғары білім беру ұйымдарында әр балаға оның қандай да бір ауытқулардың болуына қарамастан құндылықты қатынасты қайта ойлау жағдайында түрлі типті ұйымдарда, түрлі санатты балалармен шығармашылық тұрғыда жұмыс жасау, әлеуметтік интеграциялау мәселесі көптеген шетел және отандық зерттеушілер өз еңбектерінде көрсетеді. Арнайы білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеу, әлеуметтік бейімдеу мәселелері шетелдік ғалым зерттеушілер (B.M. Allen, P. Lacey, M. Welch, Д.И. Азбукин, Г.С. Акиева, И.М. Бобла, Е.Л. Гончарова, А.И. Живина, Х.С. Замский, А.И. Иваницкий, В. Карвялис, Г.М. Кортова, А.И. Минасян, Н.С. Морозова, Н.М. Назарова, Е.Г. Речицкая және т.б.) өз жұмыстарында зерттеп, тоқталды. Отандық ғалымдардан В.В. Боброва [8], Р.К. Луцкина [9], З.А. Мовкебаева [10], Ж.И. Намазбаева [11], К.К. Өмірбекова [12], А.К. Рсалдинова [13], Р.А. Сулейменова [14], А.К. Сатова [15] және т.б өз еңбектерінде мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасайтын мамандарды дайындауды қарастырды. Зерттеушілер (В.В. Воронкова, С.Д. Забрамная, В.З. Кантор, Е.А. Медведева, Н.Д. Шматко) мәселеге педогогикалық тұрғыдан келді. Аталған авторлардың зерттеген проблемаларының барлығы дерлік мәселенің жекелеген аспектілерін ғана қарастырған немесе ғылыми зерттеліну аясы өте тар деңгейде қалып қойған. Сондықтан, қазіргі таңда әлеуметтік жұмыс ғылымында, білім беру орталықтарындағы көзі нашар көретін студенттерді әлеуметтік бейімдеу мәселесін арнайы кэйс стади үлгісінде зерттеу қазірге дейін ешбір орталықта толық ғылыми түрде зерттелінбеген тақырып болғандықтан, аталмыш студенттік дипломдық жұмысымда кеңінен зерттеуді шештім. Зерттеу жұмысының мақсаты: педагогикалық білім беруді жаңарту жағдайында жоғары оқу орындағы көзі нашар көретін студенттерді әлеуметтік бейімдеу мәселесінің ғылыми тетіктерін анықтау. Дипломдық жұмыста қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей зерттеу жұмысының міндеттері алға қойылды: · «педагогикалық білім беруді жаңарту жағдайында, көзі нашар көретін студенттерді әлеуметтік бейімдеу» ұғымының психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік категория ретінде мәнін анықтау; · педагогикалық білім беруді жаңартудың саяси, әлеуметтік- экономикалық алғышарттарын сипаттау; · білім беру орталықтарында ерекше қолдауды қажет ететін балаларды әлеуметтік бейімдеу мәселесініңшетелдік және отандық тәжірибесін сипаттау; · білім беру институттарында инклюзивті процестерді ендірі бойынша шетелдік тәжірибеге-бағдарланған модель жасау; · ҚазҰУ мысалында көзі нашар көретін студенттерді қолдау, әлеуметтік интеграциялар мәселесін кэйс стади әдісі ретінде әлеуметтік талдау жүргізу. Зерттеу объектісі:жоғары оқу орнында оқу жағдайына көру қабілеті бұзылған студенттердің бейімделу үрдісі . Зерттеу пәні: ЖОО-да оқыту жағдайында көру қабілеті бұзылған студенттердің бейімделу әлеуетінің әлеуметтік-психологиялық сипаттамалары . Жұмыстың әдістері: зерттеу мәселесі бойынша әдеби көздерді теориялық талдау, сауалнама жүргізу әдісі, тестілеу әдісі, айқындаушы эксперимент, эксперименталды деректерді статистикалық өңдеу әдістері. Жұмыстың ақпараттық базасы: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігінің және де өңірлік әкімшіліктердің, ұйымдардың мәліметтері мен ресми құжаттары, инклюзивті білім беру, әлеуметтік интеграцияларға бағытталған дүниежүзілік ғылыми орталықтардың жарияланымдары мен мұрағаты. Сонымен қатар, тақырыпқа бағалау жүргізуге қатысты отандық, шетелдік оқу құралдары, газет-журналдардағы мақалалар мен веб-ресурс көздері. Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы:Педагогикалық білім беруді жаңарту жағдайында жұмыс атқаруға мамандар дайындығының тәжірибеге-бағдарланған моделінің жоғары оқу орындарындағы дефектологиялық мамандықтарда дамуында бұзушылықтары бар балалармен жұмыс жасау кезіндегі барлық рөл мен функциялар жиынтығын орындау үшін мамандар дайындығының қажетті дәрежесін қамтамасыз етуге бағдарланған қызметтік сипаттамалары. көру бойынша мүгедектердің ЖОО-да оқыту жағдайына бейімделу процесінің әлеуметтік-психологиялық детерминациясының мәні туралы түсініктерді талдай отырып, тифлопсихология үшін жаңа дифференциалды мәліметтерді алу, көру бұзылысының әр түрлі тереңдігі бар студенттердің бейімделу әлеуеті туралы, ЖОО-да оқыту жағдайына бейімделу субъектісі ретінде студент жасына өзекті зағип және нашар көретіндердің тұлғалық ерекшеліктерін кешенді анықтау, жоғары оқу орнында оқыту жағдайына көру қабілетінің тереңдігі бар тұлғалардың бейімделу факторларының әсерінің эксперименталды сипаттамасы, сондай-ақ көру қабілеті бойынша мүгедек студенттерді психологиялық қолдаудың диагностикалық базасын қалыптастыру. Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы:Зерттеудің практикалық маңыздылығы оның нәтижелері бойынша нашар көретін студенттерге жоғары оқу орталықтарында кәсіби маман ретінде шыңдалуға көмектесу: зерттеу материалдары көруі нашар студенттерге психологиялық көмек көрсетудің өзекті бағыттарын анықтауға септігін тигізу, көзі нашар көретін студенттерді жоғары оқу орындарының интеграцияланған оқыту жағдайында әлеуметтік-психологиялық микро - және макро орталарға интеграциялауға мүмкіндік береді; Жұмыстың құрылымы:дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
І. КӨЗІ НАШАР КӨРЕТІН СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ ЖҮЙЕСІНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕЛУ ПРОЦЕСІН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1.1 Әлеуметтік бейімделу ұғымының негізгі түсініктемелері және оларды ЖОО-да көзі нашар көретін студенттердің бейімделу мәселелері контекстінде талдау.
Көру адам өмірінде маңызды рөл атқарады. Көру арқылы адам қоршаған шындық туралы ең көп ақпарат алады. Өз зерттеулерінде И. М. Сеченов адамның көзі заттардың сегіз түрін: түсін, пішінін, көлемін, алып тасталуын, басқаруын, денесін, тыныштығын және қозғалысын ажырата алатынын атап өтті [1] .Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметтеріне сәйкес әлемде 650 миллионға жуық мүгедектігі бар адам бар, бұл халықтың негізгі бөлігінің шамамен 10% -ын құрайды [2].' Мемлекеттік статистика комитеті дегегінше елімізде ерекше жағдайды талап етітіндер жалпы үлесі 800мың-нан асады, бұл санның елеулі бөлігі еңбекке қабілетті жаста, мүгедектіктің жоғары көрсеткіштері балалар мен жасөспірімдер арасында байқалады. Көру қабілеті бойынша ерекше қамқорлықты талап ететін азаматтар үшін, жоғары оқу орнында оқыту процесі болып өте мықты бейімделу құралдарының бірі табылады. Себебі денсаулық мүмкіндігі шектеулі студент мамандықты игеруден басқа құрдастарымен қарым-қатынас жасау мүмкіндігіне ие болады, ал бұл категорияны әлеуметтік қатынастар жүйесіне белсенді енгізуге ықпал ететін өзінің әлеуметтік, коммуникативтік тәжірибесін байыту мүмкіндігі бар. ҚР-дағы мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арнайы білім берудің өзіндік тарихы бар. Тарихи деректер біздің елімізде арнайы білім беру жүйесі қалыптасып, дамуын нақты көрсеткіштермен сипаттайды. Қазіргі арнайы білім берудің дамуы ерекше белгілер мен тенденциясының анықталуын, әртүрлі уақыт кезеңдерінің карама-кайшы жақтарын аныктау және дамуында ауыткуы бар балаларға дәстүрлі емес формада көмек көрсету, қоғамдық тәрбиелеуге сәйкес құруды қамтиды. ҚР-да арнайы білім берудің теориясы мен практикасының дамуы аныкталған тарихи кезенде көрініс тапты. Қазақ халқының педагогикалық-психологиялық ой-пікірлері туралы зерттеулері мен көзқарастары тарихтың XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында жиі кездеседі. Ы.Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, С.Көбеев, А.Байтұрсынов және т.б. болды. Осы біртуар жандар педагогиканы және психология ғылымы саласында ғылыми еңбектер жазып, тәлім-тәрбиелік ғылымның ұлттық терминінің калыптасуына бағасыз үлес қосқан. Азамат соғысы кезінде, ашаршылық, эпидемия және т.б. айғакты себептердің соның ішінде: арнайы мектептердің аздығы, педагог кадрлардың жетіспеуі салдарынан елімізде мүмкіндігі шектеулі балалар, бұзақылар қайыршылар көбейіп кетті.Бұл мәселелерді шешу, яғни ауытқулығы бар балаларды есепке алу және арнайы көмек көрсету қиын жағдайда болды, себебі Қазақстанда бұл бағыттағы жұмыс істеу тәжірибесі аздығы болған, ауытқулығы бар балаларды мемлекет тарапынан қамқорлыққа алу арнайы ұйымдастырылмаған. Алайда ағартушы тұлғалардың ауытқулығы бар балалардың мәселесіне көңіл бөлгенін теріске шығаруға болмайды [3]. Қазіргі таңда арнайы педагогика ғылымында бірнеше өзекті мәселелер кездеседі. Ол мәселелер арнайы педагогиканың категорияларымен тығыз байланысты. Яғни оларга: есту қабілеті бүзылган балалар (керең немесе саңырау, нашар еститін, кеш естімей қалгандар); көру қабілеті бүзылган балалар (соқыр, мүлде көрмейтін, немесе нашар көретін ); сөйлеу қабілеті бүзылган, тіл мүкістігі бар балалар- лагоппаттар; интеллектуалды дамуы немесе ақыл-ой, ойлау қабілеті зақымданган, кемақыл (ақыл-ойы, есі кеміс-кемақыл жэне психикалық дамуы тежелген балалар); психикасы мен дене бітімінің дамуы комплексті, күрделі түрде бүзылған (соқыр-мылқаулар);естімейтін-көрмейтін және ақыл-ойы жетілмеген, естімейтін т.б); тірек-қимыл аппараты зақымданган балалар; педагогикалық өзгерісі бар (жүріс-түрысы,мінез-қүлқы, тэртібі бүзылган) балалар жатады. Өкінішке орай, қазіргі таңда дамуында ауытқуы бар балалар саны артуда. Ол балалар арнайы бала-бақшаларда, арнайы мектеп интернаттарында, арнайы сыныптарда және де логопедиялық пункттарда тэрбиеленеді. Демек, мүнда олар арнайы коррекциялық, психологиялық жэне педагогикалық көмектермен қамтамассыз етіледі.Әр түрлі кемістігі бар балаларды оқыту мен тэрбиелеу элеуметтік-мэдени, педагогикалық мэселе. Бүл мэселе мүмкіншілігі шектелген балаларды қолдан келгенше қоғам өміріне белсенді, өз беттерінше өмір сүре алатындай етіп дайындау мақсатындағы негізгі сүрақтарды шешуге көмектеседі. Іс-эрекет эр адамның негізгі элеуметтік қызметі, сондықтан арнайы педагогика ғылымы жан-жақты зерттейді.кеміс балалардың элеуметтік өмірге бейімделуіне, қоғамның мэнділігін жэне ережелерін саналы түрде меңгерулеріне, өмір жағдайымен қарапайым еңбек түрлеріне баулуларына, қоршаған ортаға бейімделулеріне септігін тигізеді. Қазақстанда ғылым мен ағартушылықтың дамуына сол кезеңнің белсенді, данышпандары Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев т.б. мүмкіндік туғызды.Ғалымдардың педагогика жене психологияның мәселелеріне ой пікірлері құнды болды.А.Байтұрсыновты қазақ қоғамында білім-ғылымның дамуына, ағартушылық ісінің жанданып кемелденуіне бағыштады. Ол оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру саласында өзіндік өшпес ізін қалдыра білді.Олардың ғылымның дамуына, психологияның білім деңгейіне көңіл аударуы сол заманда маңызды орын алды және сол негіздің қалыптасу салдарынан арнайы білім беру жүйесі дамыды. Отандық арнайы білім беру жүйесінің даму тарихын талдай келе өткен ғасырдың 70 жылдарына дейін мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу, оларды түзету мен бейімдеу мәселелеріне арналған ғылыми жұмыстардың аздығы, оның негізгі себептерінің бірі республикада дефектолог мамандар дайындау сол кезге дейін ұйымдастырылмағандығы. 1962-1963 оқу жылынан бастап Қазақстан түлектеріне Киев, Мәскеу, Ленинградтагы педагогикалық институтарында дефектология факультетіне түсу үшін арнайы орындар берілген. Мүмкіндігі шектеулі балалардың тұлғалық қасиеттерін зерттеу жұмыстары кейін де Ж.И. Намазбаеваның жетекшілігімен жалғасып, бірталай ғылыми еңбектер жүргізіліп, арнайы психологияны қызықты деректермен толықтырған Мысалы, Сарсенбаева Л.О. көмекші мектеп оқушыларының тұлғалық бағытын зерттеген, Макина Л.Х. зияты зақымдалған балалардың тұлға аралық қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеу жұмысын жүргізген т.б. (Шарапиева А.Д., Искакова М.С.)
|
|||
|