Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ы өнімділігін және қабылдағыштығын арттыру әдістері



12 Ұңғы өнімділігін және қабылдағыштығын арттыру әдістері

Көп жағдайларда ұңғыға келетін сұйық пен газ ағыны жеткіліксіз болады. Мұндай ұңғыларда ағынды немесе газ не сұйық жұтылуын арттыру үшін түп маңы аймағының жыныстарына олардың өткізгіштігін көтеру мақсатында жасанды әсер етеді. Түп маңы аймағының өткізгіштігін өнімді қабатта карбонаттар мен глинозем еритін жасанды арналарды тұзқышқылды, жылуық қышқылды және саз қышқылды өндеумен жасау, кеуекті кеністіктерді тұнба және шайырлы материалдардан тазарту жолымен; жыныстарда жасанды жарықтар жасау немесе табиғи жарықтарды қабатты гидравликалық жарғанда немесе түпте торпедо жарғанда ұлғайту; кеуек арналары қабырғаларында немесе ұңғы оқпанында тұрған парафиндер, тұздар мен шайырларды жою, сондай-ақ мұнай тұтқырлығын ұңғыларды жылулық химиялық өңдеу және түп маңы аймағына жылулық әсер ету жолымен төмендету арқылы көтеруге болады.

Қышқылмен өңдеу ұңғыны пайдаланудың бастапқы кезеңінде тиімді, өйткені бұл кезеңде реакцияны баяулататын қабат қысымы жоғары және реакция өнімдерін айдан шығару үшін қабат пен түп арасындағы қысым айырмасын үлкен етіп жасауға жағдай бар.

Ұңғыларды тұзқышқылды өңдеуге қолданылатын реагенттер. Тұзқышқылының жабдықтар металына әсерін төмендету мақсатында оларға ингибиторлар деп аталатын арнайы заттар қосады. Ингибиторлардың қорғау қасиеттері олардың молекулалары мен иондарының немесе коллоидтық бөлшектерінің адсорбциясы нәтижесінде металдың катодты бөліктерінде сутек молекулаларының металмен жанасуына және электролит сутегінің ионының разрядталуына кедергі келтіретін оң зарядталған қабат қалыптасады, бұл қышқылдың темірді ерітуін тоқтатады.

Ингибиторлар ретінде катапин-А, марвелан-К(0), уротропинді И-1-А ингибиторы, В-2 ингибиторы қолданылады. Мысалы, катапин-А қышқыл ерітіндісінің 0,1%-н құрағанда соңғысының коррозиялық әрекеттілігі 55-65 есе төмендейді.

Қабатты сұйықпен (гидро) жару. Қабатты гидравликалық жару ұңғылардың түп маңы (ҰТА) аймағына әсер етудің тиімді құралы. Ұңғыларды меңгергенде бұл әдісті мұнай және газ кен орындарының өнімділігін арттыру үшін, айдау ұнғыларының жұту қабілетін көбейтуге, қабат суларын бөлектеуге және т. с. с. қолданады.

Қабатты гидрожару үрдісінің мақсаты түп маңы аймағының жыныстарында ұңғыға айдалатын сұйық қысымы әсерімен жасанды жарықтар жасау мен бұрынғы жарықтарды кеңейту болып табылады. Қабат жыныстарында қысым көтерілгенде жаңа жарықтар қалыптасады және бұрынғылары ашылады немесе кеңейеді. Бұл жарықтар жүйесі ұңғыны түптен қашықтықта жатқан қабаттың өнімді аймақтарымен байланыстырады. Қысым төмендегенде жарықтар бітеліп қалмауы үшін оларға ұнғыға айдалатын сұйыққа қосып құм айдайды, жарықтар радиусы ондаған метрлерге жетеді.

Жарықтарды толтыруға арналған құм келесі талаптарды қанағаттандыру керек:

берік құм жастықтарын қалыптастыруы және қысымға шыдамалы болуы керек;

сыртқы қысым әсерінде жоғары өткізгіштікті сақтау керек.

Ірі түйіршікті, жақсы жұмырланған және механикалық беріктігі жоғары, гранулометриялық құрамы біртекті құм бұл талаптарды қанағаттандыра алады.    Түйіршіктер өлшемдері 0,5-1,0 мм. таза кварц құмы ең көп қолданысқа ие. Терең ұңғыларда құм орнына арнайы түйіршікті материал (корунд) қолданылады.

 

 

13 Сұйықты(мұнай,су), ілеспе және табиғи газды жинау,



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.