|
|||
ыны жер асты (ағымдағы және күрделі) жөндеу11 Ұңғыны жер асты (ағымдағы және күрделі) жөндеу
Кез келген ұңғыларды мұнай, газ айдау және т.б. пайдаланған жағдайда оларды мезгіл-мезгіл жөндеп тұру керек. Скважина ішінде өнім көтергіш құбырларды (нкт),штангілерді, терең сораптар мен басқа да құралдарды көтеріп-түсіру жұмыстарына байланысты әрекеттерді, жөндеу жұмыстары дейміз. Ол өзінің түрі мен күрделілігіне қарай күнлелікті және күрделі жөндеу болып бөлінеді. Күнделікті жер асты жөндеуге – терең сорапты ауыстыру,көтергіш құбыр мен штангілерді өзгертіп тұру немесе ұстап тұрған алқаның (подвеска) түріне қарап өзгерту, скважина түбінде жиналған құм шығындарынан тазарту, басқа да скважинаға түскен жеңіл заттарды көтеру, үзілген штангілер және басқа тізбек ішіндегі қалған заттарды ұстау кіреді. Осы жұмыстардың барлығын мұнай және газ басқармаларында құрылған ұңғыманы жер асты жөндеу бригадалары атқарады. Ұңғыманы жер асты жөндеу бригадаларында вахта әдісімен жұмыс істейді. Вахтаның құрамында үш адам: екеуі оператор, оның көмекшісі, ұңғының сағасыңда жұмыс жасайды, үшіншісі тракторшы немесе маторшы – көтеру механизмнің шығырында отырып жұмыс істейді. Жер асты жабдықтарында болған апаттарды (үзілген құбырларды ұстау мен сағаға шығару) жою үшін жасалынатын, зақымдалған пайдалану құбыр тізбектерін орнына келтіру, қабат суларын жабу (айыру), басқа пайдалану қабатына (кешеніне) ауысу сияқты қиын жұмыстар – скважинаны күрделі жөндеу категориясына жатады. Мұндай жұмыстарды арнайы құрылған скважинаны күрделі жөндеу бригадасы жасайды. Осы бригада скважина түбінің төңірегін өңдеу жұмыстарымен де (қабатты сұйықпен жару, сұйық құм ағынымен тесу, қышқылмен өңдеу, дірілмен өңдеу және т.с.с.) айналысады. Бұрғылау процесі – бұрғылау құбырлары тізбегін ұңғы ішінен көтеріп –түсіру және көтере ұстап тұру арқылы жүргізіледі. Осы жағдайларда бұрғылау аспаптарының салмағы бірнеше жүз килоньютонға жетеді. Тәл жүйесі арқанына түсетін салмақты және қозғалтқыштар қуатын азайту үшін, мұнара, бұрғы лебедкасы, тәл жүйесінен тұратын көтеру аспаптары қолданады. Тәл жүйесі кранблоктан, тәл жүйесінің қозғалмайтын бөлігі, тәл блогы,тәл жүйесінің жылжымалы бөліг,ілмек және тәл арқандарынан тұрады.
1 — кранблок; 2 —мұнара; 3 —тәл арқан; 4 — тал блогы; 5 —ілмек; 6 — бұрғылау шығыры; 7— мұнараның қозғалмайтын бөлігі
Сурет 11.1 Көтеріп түсіру әрекетін жүргізетін мұнара
Көтеріп-түсіру жұмыстары кезінде сақталатын негізгі сақтық ережелері: Көтеріп-түсіру жұмыстары түсіру, көтеру жылдамдықтары, көтеріп босату кезеңі, ұңғы оқпанын өңдеу тағы басқа жұмыстар режімдік –технологиялық карта көрсеткіштеріне сай немесе бұрғы мастері, инженерлік – диспечерлік қызметкерлер нұсқауы бойынша жүргізілуге тиіс. Бұрғылау немесе бұрғылау соңында, жетек және бірінші құбырды бірінші жылдамдықпен көтеру қажет. бұрғы свечаларын, құбырларды және басқа да бұрғы тізбегі элементтерін ротор көмегімен ашуға болмайды. Сонымен қатар ротордың кері айналу жүрісін қосып, бұрғы тізбегінің айналымын тоқтатуға болмайды. Ауырлатылған және бұрғылау құбырларын ұңғыға түсіру кезінде, жалғау элементтерінің арасындағы саңылауды момент өлшеуіштерімен қадағалай отырып, автоматтандырылған машина кілттерімен қатайту керек. Бұрғылау тізбегін толық тоқтатпай сына ұстағышты қосуға болмайды. Көтеріп-түсіру кезінде бұрғылау тізбегі роторға жәйлап отырғызылады. Бұрғылау тізбегін түсіру басында, тізбек жүрмей тоқтаған жерлерді бұрғы сорабын қосып, ұңғы оқпанын жуу арқылы өңдеу керек. Тәл арқанының лебедка барабанына дұрыс оралуын қамтатамасыз етуші тетіксіз, жұмыс істеуге болмайды. Ұңғы ішінен бұрғылау тізбегін, оның элементтерін көтеру кезінде, оларды жуу сұйығынан арнайы құрылдар көмегімен тазалап отыру қажет. Пневматикалы ұстауыш сынамен жұмыс істеу барысында, ротор үстелінің үстінде тұруға, сынаны толық көтермей тізбекті көтеруге, түсіруге, ротор столын айналдыруға болмайды. Бөгде заттар ұңғы ішіне түсіп кетпеу үшін, ұңғы сағасын жабық ұстау қажет. Газ және жуу сұйықтарын жұтуға бейімді қабаттарды ашқан жағдайларда, қабатты жарып алмау үшін бұрғылау тізбегін ақырын көтеріп, түсіру қажет. Бұрғылау тізбегін ұңғыдан көтеру барысында, ұңғыны уақытымен жуу сұйығымен толтырып отыру керек. Бұрғы мастері көтеріп-түсіру механизмдерін сақтық кестесіне сай тексеріп, тексеру нәтижесін арнайы журналдарға тіркеп отыруға тиісті. Белгілі мерзімде түсіру механиздерінің кемістіктері тексеріліп отыруы қажет.
|
|||
|