Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





адалау жұмыстарының дəлдігі 4 страница



Құрамалы созылмалы фундментті монтаждауды келесі ретпен орындайды (21-сурет).

Шұңқыр немесе траншея түбін соңғы рет тазалап шыққаннан кейін блок-жастық астына құм төсейді де, көздегіш арқылы бақылай отырып, таптайды. Осьтердің бағытын белгілеу үшін тұғыр үстіне сым тартады. Монтаждауды ғимарат бұрыштарына бірқатар блоктарды салудан бастайды, əрі қарай олардың арасына 15-20 м сайын, бақылаушы (маяктық) блоктарды салады (қалайды). Бұрыштық жəне бақылаушы блоктардың арасына фундамент сызығымен, фундамент қырынан 5 мм қалдырып, жағалық сым (проволку-причалку) тартады да, осы сым бойымен қалған блоктарды салады.

Бақылаушы блоктарды қоюмен бірге, оларды үстіңгі осьтік сызығы бойымен үстіне рейка қойып нивелирлейді.

Блоктарды қалап болған соң, олардың арасын цемент лаймен толтырып сылап жəне гидроизоляция (су өткізбейтін қабат) жасайды

Ленталық фундаментті салғанда ғимарат ішіне кіретін жер асты тораптарына есік қалдырады, олардың орналасу жағдайларын ұзынабойлық жəне көлденең құрылыс осьтерінен бастап белгілейді. Коммуникация торабының кіру биіктігін жұмыс реперлерінен анықтайды, ал дайын фундаменттер үшін, торап тарды кіргізу биіктігі оның жоғарғы жиегінен анықталады.

22-сурет. Ірі блоктардан жасалған құрама фундаменттің қалануын, берілген шектеулерімен тексеру тəсімі. 1 – жік арасының қалыңдығы, 20 мм; 2 – фундамент осьтерінің ауытқуы, 10мм; 3 – фундамент қиылысу шамасының ауытқуы, 15 мм; 4 – фундамент қабатының тік жазықтықтан ауытқуы, 10 мм; 5 – фундаменттің төменгі қабатын нивелирмен түзету; 6 – жер асты қабатының ішкі жағын түзету; 7 – қалау қабатының жазық жазықтықтан ауытқуы, əр 10 метрге, 20 мм.

Егер ғимаратта жер асты қабаты қаралған болса, онда гидроизоляция жəне фундаментті тексеріп болған соң, биіктігіне сай, қабырғаларының бұрыштық жəне маяктық блоктарды қою орындары қадаланады. Əрі қарай жағалық-сым тартып, соның бойымен қалған блоктардың астына арнаулы лай-қоспа жайып, қалайды. Қатар арасындағы тік жармаларын лай-қоспамен толтырады.

Ірі блоктардан салынған құрама фундаменттің түзу салынғандығын тексеру кезінде, оның жобалық жағдайынан ауытқуы СНиП –В-4-97 талаптарынан аспауы керек (22-сурет).

Ірі блоктардан жасалған құрама фундаментті салып болғаннан кейін, орындалған жұмыстың тəсімі жасалады, онда құрылыс торының жобалық жəне нақтылы осьтер арасындағы өлшемдері, фундаменттің жоғарғы жағының жобалық жəне нақтылы биіктік шамалары, т.б. көрсетіледі.

Темірбетон монолиттен жасалған ленталық фундаментті қадалау. Мұндай фундаменттердің жобалық орналасуы тұғырларға бекітілген құрылыс осьтерінен бастап қадаланып, қалып тың көмегімен салынады. Алдымен қалыптың төменгі қалқандары орнатылады да, тексеріліп, бекітілген соң қалғаны орнатылады (23-сурет). Қалып ішіне бетон лайды құймас бұрын, оның пландық жəне биіктік орналасу жағдайларын тексереді.

Фундаменттің жоғарғы жобалық биіктігін қалап үстіне шеге қағып белгілейді, ал оның пландық орналасу жағдайын қадалау осьтерінен тексереді. Қалыпқа биіктік шамасын беру, екі жұмыс реперлерінен атқарылады.

Жобалық биіктіктері белгілі екі нүкте арасында бетон лай қоспаны жаюды, олардың арасында шеге арқылы жіп тартып жасауға болады.

Фундамент беті жазық, тегіс болуы үшін, нивелирді пайдаланып əлі кеппеген бетон қоспаға, жобалық биіктікке дейін арматура салып бақылап отыруға болады. Кепкеннен соң, арматура бетін бетон қоспамен сылап жібереді.

Фундаментті бетондап болған соң, осьтер арасында тексеру өлшемдерін жəне фундаменттің жоғарғы жағын (бетін) нивелирлеу арқылы тексереді. Тексеріс өлшемдерінің нəтижесінде, істелген жұмыстың орындалу тəсімін жасап, онда жобалық берілімдерден ауытқулары көрсетіледі.

СНиП талаптарына сай, қалыпты орнатудағы ауытқулар келесі шамалардан аспаулары керек. Қалып осьтерінің жобалық бағытынан ауысуы: фундаменттікі – 15 мм; қабырғалар мен бағаналардікі – 8 мм; балкалар, белдеулер жəне аркалардікі –10 мм.

23-сурет. Таспалы фундаментті қадалау тəсімі

Қалып жазықтығының тік жағдайынан немесе жобалық көлбеу лігінен ауытқуы, 1 метр биіктікке 5 мм, бірақ барлық құрылым биіктігіне 20 мм аспауы керек.

Кірпіштен қаланылатын қабырғалар астына фундамент са лудағы оның жоғары жағының жобалық биіктіктен ауытқуын, қалау кезіндегі жіктерін лай-қоспамен қалыңдату немесе жұқа салу арқылы реттеуге болады. Бағаналар астына темірбетонды фундаментті салу (қадалау).

Бағаналар астына салатын темірбетонды фундаменттің үш түрі бар: монолитті бағаналар астына монолитті фундамент; құрама бағаналар астына монолитті фундамент жəне құрама колонналар астына құрама фундаменттер.

Биіктігі 35 см артық фундаменттерді сатылап (тепкішек іспеттес) салады, мұнда монолитті фундамент сатыларының үсті жазық, ал құрама фундаменттердікі көлбеу.

Монолитті бетоннан фундаментті қалып арқылы салады, қалып бірінің үстіне бірі қойылатын жеке-жеке тақтайдан жасалған қалқан-қорап (139-сурет). Қалқан-қорапты пландық орнына құрылыс осьтерін бекіткен нүктеден түсірілген тіктеуіш арқылы тұрғызады. Соңғы рет тексеріп, дұрыстығына көз жеткізгеннен соң, қорапты мықтап бекітеді. Қораптың қабырғасына жобалық биіктік шамасын шығарып қояды.

24-сурет. Бағананы орнатуға арналған қалып 1 – сым-темір; 2 – рейка

Бағана астындағы фундаментті жобалық биіктігіне біршама жеткізбей құяды, себебі жобалық биіктігі тура болуы үшін, бетонлайды бақылай отырып құяды да, тура биіктік шамасына келтіреді.

Егер фундамент көп төмен құйылса, онда бағананың табан астына, сондай қалыңдықты темір пластинка қойылуы мүмкін. Монолитті фундамент үстіне бағананы қою үшін, фундамент үстіне ұзынабойлық жəне көлденең құрылыс осьтерін белгілейді немесе алдын ала қойылған құрсау шегеге, пластинкаға сызып көрсетеді (салады). Егер фундамент үстінде башмакты металл бағана орнатылып, анкерлі болттармен бекітілетін болса, онда болттарды алдын ала бетонға бекітіп, тексеріп, бетон-қоспа кепкенше күтеді.

25-сурет. Анкерлік болттарды орнататын кондуктор

Анкерлік болттардың АА1 жəне ВВ1 қадалау осьтеріне қарағандағы орналасулары кондуктор деп аталатын анкерлік болттар кіретін 1, 2, 3 жəне 4 тесігі бар, қатты металдан жасалған жабдық арқылы іске асады (25-сурет). Анкерлік болттың жоғарғы жағында резбасы бар, оған гайка бұралуы керек, ал жобалық жағдайы сол гайка арқылы нивелирдің көмегімен реттеледі.

Технологиялық жабдықтарды орнату үшін салынатын фундаменттердің анкерлік болттарын барлық биіктігіне бетон дамай, оларды құдық деп аталатын қуыс қалдыра отырып бетондайды. Бұл құдықтар, бағананы орнатқанда, оны еңкейте қозғап, бағыттап, керекті бағытта колоннаны орналастыруға мүмкіндік туғызады. Бағананы тексеріп, түзеткеннен кейін құдыққа бетон құйып колонна табанын қоса бекітеді.

Анкерлік болттарды орнатып болған соң, орындалған жұмыстың екі рет тəсімін жасайды: орнатуға дейін жəне орнатып болғаннан кейін. Тəсімде болттардың жобалық шамадан пландық жəне биіктік ауытқулары көрсетіледі. Тəсімге болттардың жəне бағана астындағы бетонның жоғары жақтарының биіктік шамалары жазылған кесте беріледі.

 

26-сурет. Колонна астына фундамент салуды тексеру тəсімі

Бағананы орнату план бойынша жоғары дəлдікте өтетіндік тен (±5 мм), осьтерді шығаруда аспапты центрлеу жəне редуция қателері нөлге жақын болуы керек. Фундаментті орнатудағы тексеріс, яғни орындалған жұмыстың тəсімі 26-суретте көрсетілген.

Құрама бағаналар астына құрама фундаментті салу (қадалау). Іс жүзінде болат бағаналарды, құрама темірбетон ба ғана лармен ауыстырады. Құрама бағаналарды орнататын құрама фундаметтерді қадалауды тұғырға бекітілген ұзынабойлық жəне көлденең құрылыс осьтер арасына сым тартудан бастайды. Осьтердің қиылысқан тұсын тіктеуіш арқылы шұңқырдың табанына түсіреді де, фундамент үшбұрышының орындарын қазық тармен белгілейді. Қазықтардың орнына фундамент жастықшас ының типтік өлшемдері бойынша дайындалған шаблондарды пайдал ануға болады. Шаблонның центрін бағана осьтерінің қиылысу нүктесімен дəл келтіре орналастырады. Блокты қаламай тұрып, жер бетін тегістеп құмды немесе бетондап жобалық биіктік деңгейіне келтіреді. Кранмен жеткізілген фундаменттік блокты 0,2 – 0,3 м биіктікте қалайтын жерге жақындатып, жобалық орнына дəл орнатуға тырысады. Осьтері бойынша дəл орнатуды кран құрсауынан босатқаннан соң қолдай атқарады.

Құрама фундаменттің ең көп тараған түрі – стакан типтес (стаканного типа) блок. Стаканның геометриялық өлшемдерін шаблон арқылы тексереді.

Бағананы орнатар алдында стаканның түбін нивелирлейді жəне стаканға құйылатын бетон-лайдың қалыңдығын анықтайды. Себебі бағана ұзындығы жобалық шамасынан ұзын немсе қысқа дайындалған болуы мүмкін. Сондықтан стакан түбінің биіктік шамасын 50-60 мм төмен алады. Бағананың башмагын жобалық биіктікке бетон-лайды стаканға реттеп құйып келтіреді.

Құрама темірбетон блоктардан дайындалған фундаменттер үшін келесі шектік шамалар қаралады:

Стаканды фундамент жəне блоктардың қадалау осьтерінен ауытқуы:

· жоғары қатар үшін ±10 мм;

· төменгі қатар үшін ± 20 мм.

Ғимарат фундамент стаканының ішкі өлшемдерінің ауытқуы (ұзындығы, ені):

· бірқабатты ғимарат үшін, ±20 мм;

· көпқабатты ғимарат үшін, ±15 мм.

 

3.7 Құрылыс осьтерін фундаментке шығару

 

Бағаналарды жəне құрылыстың қаланбақшы бөліктерін орнатар алдында олардың фундаментерінің пландық жəне биіктік орындарын тексеріп алады. Бұл тексеріс қалай да жүргізілуі керек, себебі фундаментті дұрыс жəне дəл қадалаудан алдағы істелетін құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы артып, екпінді жұмыс істеуге мүмкіндік туады. Пландық тексеріс дегеніміз – фундамент үстіне құрылымның ұзынабойлық жəне көлденең осьтерінң белгілеу жəне бағана аралық қашықтықтарды, белдемелердің (пролет) ұзындық өлшемдерін тексеру. Тексеру мəні төменгі ретпен жүргізіледі.

Айталық, А-А, Б-Б жəне В-В ұзынабойлық жəне 1-1, 2-2, 3-3 көлденең осьтері жəне жеке фундаменттер қатары бар (142-сурет). Қатар тұрған тұрақты бекітілген 1 нүкте үстіне теодолит орнатып, дүрбіні А-А осін бекітетін II нүктеге бағыттайды. Əрі қарай барлық фундаментке  нүктелерін сызып белгілейді. Егер фундаментті дайындағанда оның ішіне қоса бетондалған детальдары болса, сызықты соған салуға болады. Əр фундаментте əр жұп  нүктелерін түзу сызықпен фундамент үстінде немесе стакан қырында ізі қалатындай етіп қосады. Əрі қарай теодолитті Б-Б осі қатарына қойып, жоғарыдағыдай фундаментке осьтерді сызады жəне көлденең осьтерді белгілеуді де осылай атқарады.

27-сурет. Бағана фундаментінің осін тексеру тəсімі

Фундамент үстінде осьтерді алдымен бір бағытта, əрі қарай біріншісіне перпендикуляр бағытта шығарады. Осьтерді фундамент үстіне үшкір сайманмен сызып белгілейді де, майлы бояумен бояп қояды.

Жоғарыда келтірілген құрама фундаменттің пландық орналасу жағдайларын тексеруді фундамент қатарының ұзындығы 120-150 м болған жағдайда жүргізген тиімді болады. Фундамент ұзындығы үлкен болған жағдайда бірнеше бөлікке бөліп, көздеу сəулесінің 150 м аспағанын қадағалайды. Тексеріс нəтижесін, орындалған жұмыстың тəсімін салумен аяқтайды (27-сурет).

 

4 Геодезиялық атқарушы түсірілім (исполнительная сьемка) 4.1 Құрылыстағы атқарушы түсірістің орындау жүйесі

                                    

Құрылыс-монтаж жұмыстары үшін СНиП анықтаған атқарушы зерттеулердің нәтижелері бойынша актілер техникалық құжаттамаға мемлекеттік стандарттар жүйесіндегі маңызды құжаттар болып табылады.Салынып жатқан нысандардың геодезиялық көрсеткіштерін зерттеу кез-келген құрылымды салу, құрылыс-монтаж жұмыстарының сатысы және құрылыс аяқталған кезде жүргізіледі, мысалы, іргетас шұңқырын дайындағаннан кейін, іргетастарды салғаннан кейін, нөлдік жұмыстардың барлық кешенін орындау, осьтер жоспарын құру және т.б.Геодезиялық жұмыстарды жүргізудің мақсаты - кейінгі элементтердің сапалы орнатылуын қамтамасыз ету үшін жұмысты уақытылы реттеу. Атқарушылық түсірілімдерді бірнеше рет жасауға болады, оларды кейде қазіргі деп те атайды. Құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталғаннан кейін ғимараттың немесе құрылыстың түпкілікті атқарушы сауалнамасы жасалып, объектілердің атқарушы бас жоспары жасалады.Ағымдағы және түпкілікті зерттеулер әдеттегідей бөлу мен зерттеулер сияқты бірдей әдістер мен масштабта жүргізіледі. Көбінесе қолданыстағы жоба сызбалары түсіру үшін қолданылады, олар бойынша нақты өлшемдер мен басқа ауытқулар дизайн деректері бойынша жазылады. СНиП 3.02.01-87 сәйкес «жер жұмыстары, іргетастар мен іргетастар» бақылаудың әр түрлі түрлерін белгілейді, және ҚНжЕ 3.03.01-87 «подшипниктер мен қоршау конструкциялары» 1.22 тармағында қабылдауды бақылау кезінде келесі құжаттарды ұсыну керек деп көрсетілген: атқарушы сызбалар; құрылымдардың орналасуының геодезиялық схемалары.Атқарушылық зерттеулердің геодезиялық негізі мыналар болуы мүмкін: · жеке ғимараттар мен құрылыстардың ішінде - ішкі желінің немесе орталық осьтердің қиылысу нүктелері; · құрылыс алаңында - жоспарлы-биіктіктегі сыртқы ортаға дәл келтіру желісінің белгілері немесе ортаға дәл келтіру біліктері.

 

4.2 Геодезиялық атқарушы түсірілімнің типтік сызбалары

 

Көптеген құрылыс ұйымдары сызу жұмыстарын біртектілікке келтіру үшін атқарушы сызбалардың альбомын шығарады (әртүрлі құрылыс-монтаж жұмыстарын жобалау үшін). ESKD (ГОСТ 2001-70. ESKD. Жалпы ережелер), негізгі стандартты схемалардың фрагменттері (бөліктері) үшін сызбалық құжаттаманы рәсімдеу ережелері мен ережелерін жасау әдістемесін зерделеу үшін суретте көрсетілген. 2.1–2.8. Диаграммалармен қатар шартты белгілер бейнеленгенБелгілі бір схеманың құрамы СНиП-тің тиісті тармақтарымен анықталады және оларды жұмыстардың жобасында (PPR) дайындаудың нұсқауларымен расталады, бұл схемаларды құрудың дәлдігін, әдістері мен құрылғыларын көрсетеді. Инженерлік желілерді (жер асты және жердегі коммуникациялар) атқарушы түсірілімге ерекше назар аударылады. Атқарушылық тексеру объектілер мен коммуникациялардың жай-күйін көрсететін әртүрлі құжаттарды жинау үшін жүргізіледі. Зерттеудің толықтығы мен дәлдігі ең алдымен қорытынды құжатқа қойылатын талаптарға байланысты болады.Қорларды атқарушы зерттеу Геодезиялық түсірілім соңғы тапсырмаға байланысты топографиялық, көлденең, тік, атқарушы, қасбет, едендік және басқаларға бөлінеді.Жұмыстың бұл түріне сонымен қатар кеңістіктік геодезиялық түсірулер (жер массивтерінің көлемін анықтау және қасбеттік түсіру), ғимараттар мен құрылыстарда, оның ішінде қасбеттер мен ішкі кеңістіктерде өлшеу жұмыстарын жүргізу; 2.1 сурет Котлаванның атқарушы сызбасы

2.2 сурет. Негізгі осьтерді бекітудің                                    2.3 сурет. Шыны іргетастардың                                                    атқарушы сызбасы                                                                           атқарушы сызбасы

2.4 сурет. Таспалы типтегі іргетастардың                2.5 сурет. Кірпіш қабырғаға атқарушы сызбасы                                                  арналған атқарушы сызбасы

 

2.6 сурет. Үйінді іргетастардың                                     2.7 сурет. Жақтаулы (каркасты)    атқарушы сызбасы                                              ғимараттардың атқарушы сызбасы

 

 


2.8 сурет. Панельді қабырғалардың атқарушы сызбасы

 

5 Эксплуатация кезіндегі құрылыс деформациясын геодезиялық бақылау

 

5.1 Геодезиялық бақылау жүргізудің жалпы принциптері мен әдістері «Техникалық пайдалану ережелеріне» сәйкес гидротехникалық құрылыстардың сенімді және кедергісіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін құрылымның жай-күйі мен жұмыс жағдайын бақылау және оның қалыпты жұмысын қамтамасыз ету, уақытылы шаралар қабылдау үшін құрылымдардың барлық элементтеріне тұрақты бақылау жүргізіледі.Деформациялар мен орын ауыстырулардың геодезиялық бақылауларына құрылымдардың көлденең және тік ығысулары геодезиялық аспаптардың көмегімен өлшенеді. Бақылау үшін белгілердің осындай түрлері бар:репер - биіктік позиция құрылымдарының деформациясын бақылаудың бүкіл кезеңінде өзгермейтін белгі; марка - құрылымның жақтауына қатаң бекітілген белгі және құрылымның жылжуына байланысты оның биіктігі мен жоспарланған орны өзгеріп отырады, тірек белгі - горизонталь жазықтықта еш қозғалмайтын белгі, құрылымның жылжуы мен ауытқуы анықталады.Құрылымға орнатылған және оған жақын орналасқан барлық геодезиялық белгілер геодезиялық өлшеулермен өзара байланысты бақылаушы және анықтамалық желіні құрайды.Тірек және бақылау желілер жобасы құрылымды гидротехникалық тексеру және оған іргелес жатқан аумақ пен су аймағын тексеру нәтижесінде құрылады. Ол үшін мына жағдайлар ескеріледі:· бақылау желісінің маркалары деформацияның сипаты мен мөлшерін неғұрлым толық көрсетуді қамтамасыз ететін сипаттамалық нүктелер құрылымның корпусына міндетті түрде енгізілуі керек; · бақылау желісінің белгілері оның қаттылығына қарай құрылым бойынша 5–20 м қашықтықта орналасуы керек;· тірек және бақылау желілерінің барлық белгілерін (репер мен маркалары) орнату орны оңай әрі қол жетімді болуы керек; · негізгі желінің белгілері көліктік коммуникациялардан және тауарларды сақтау және ауыстырып тиеу орындарынан алыс орналасуы керек; · тірек желісінің белгілерінен құрылымда орналасқан ең жақын бақылау маркаларына дейінгі қашықтық 40-50 м аспауы керек; · егер бақылаушы желінің белгілері сызық бойында орналасса, тірек белгілері оның сызықтың шетіне перпендикуляр орнатылуы керек;· тірек және бақылау желілерінің белгілері зерттелетін аймақтың мүмкін болатын қайта құру және қайтадан соғуын ескере отырып белгілеуі керек; · оптикалық бақылаулардың дәлдігін қамтамасыз ету үшін трасса сызықтарының ұзындығы 100-150 м аспауы керек.Тіректік және бақылаушы желілердің түрлері жоспардағы зерттелетін гидротехникалық құрылыстардың конфигурациясы мен орналасуына, сондай-ақ құрылымға іргелес жатқан аумақты жоспарлау және дамыту жағдайларына байланысты таңдалады.Тірек және бақылау желілері белгілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін маркамен мен реперлердегі ауыр тауарлардың көп болуын болдырмау қажет; металл шыбықтарды, көзілдіріктерді, сұрыптардың қақпақтарын және маркаларын майлау арқылы бояуға немесе майлауға; белгілер мен белгілердің үстіндегі қақпақтар үнемі жабылып тұрғанына және белгілердің бастарымен байланыста екендігіне көз жеткізіңіз; белгіленген белгілер үшін қайықтар мен қайықтардың айлақтарына жол бермеуге.Құрылымдардың тік жылжуын (тұнбасын) өлшеу келесідей жүргізілуі керек:· Геометриялық нивелирлеу көру нүктесінің көлденең сәулесі мен рельстердің көмегімен бір нүктенің екінші нүктеден асып кетуін анықтаудан тұрады. · Тригонометриялық нивелирлеу - бір нүктенің екінші нүктеден асып түсуін мақсатты сәуленің көлбеу бұрышы мен құралдан көзге дейінгі қашықтықты өлшеу арқылы анықтаудан тұрады.· Гидростатикалық нивелирлеу бір тамырдың екінші нүктеден асып кетуін анықтайды. · Фотограмметриялық әдіс құрылымның нүктелерін фотодинолитпен мезгіл-мезгіл түсіріп, жауын-шашынды анықтау үшін фотосуреттерді стерео компараторда өңдеуден тұрады.Гидроқұрылғылардың шөгінділерін өлшеудегі қажетті қателік осы құрылыстардың жылжуының шекті мәндерімен анықталады, оларды техникалық пайдаланудың қалыпты жағдайларын бұзбай рұқсат етіледі. Бұл жағдайлар өлшеу сыныбын және сәйкес жұмыс әдісін таңдауды анықтайды.Гидротехникалық құрылымдардың деформациясын өлшеуді бастамас бұрын, бастапқы геодезиялық белгілер орнатылады - тіректерге сілтеме:· терең - іс жүзінде сығылмайтын топырақтарда іргелі геодезиялық белгі (3.1, 3.2 суреттер); · топырақ - топырақтың қату тереңдігінің астына қойылған белгі (3.3, 3.4-сурет); · қабырға (немесе қабырғадағы белгі) - ғимараттың немесе құрылыстың қабырғасына салынған геодезиялық белгі, оның жобасын іс жүзінде аяқталған деп санауға болады (3.5, 3.6 сурет).Терең эталонның негізі тасты немесе іс жүзінде сығылмайтын топыраққа жеткізіледі. Жер асты белгілері (әдетте құбырлы немесе қадалы) бақылаушы желінің белгілерін биіктікте және жоспарланған мерзімде тексеру үшін қолданылады.Қабырғалық жақтаулар мен белгілер аумақтың бетінен кемінде 0,5 м биіктікте орналасқан. Эталонды орнатқаннан кейін оған мемлекеттік биіктік геодезиялық торабының жақын нүктелерінен белгілер беріледі немесе ол шартты биіктік жүйесіне қосылады.Құрылымның корпусына ендірілген әртүрлі мақсаттағы байқау белгілері байқау желісін құрайды. Маркаларды орналастыру геодезиялық жұмыстарды орындау үшін неғұрлым қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуі керек.Құрылыстардың көлденең жылжуын өлшеу келесі жолдармен жүзеге асырылады: · трассацияның соңғы белгілері стационарлы - бақылау нүктелері болған кезде пайдаланылатын бақылау әдісі; · ортаға дәл келтірудің тұрақты бағыты мен әр аралық бақылау белгісінің бағыттары арасындағы кішкентай бұрыштарды теодолитпен дәл өлшеу кіретін кішкентай (параллактикалық) бұрыштарды өлшеу әдісі; · әртүрлі бақылау циклдерінде байқау белгілерінің координаттарын алдын-ала есептеуге жол берілмейтін жеке бағыттар әдісі;· гидравликалық құрылыстардың көлденең жылжуын бақылау үшін қолданылатын үшбұрыш әдісі, мұндағы бақылау нүктелері сызықты өлшеулер арқылы күшті нүктелерге қосыла алмайды; · екі бақылау арасындағы кезеңдегі бақылау нүктелерінің координаттарын есептеу үшін тірек желісінің (тірек нүктелерінің) белгілері және құрылымда орналасқан бақылау нүктелері арқылы құрылған жабық көпбұрыштардың жақтары мен бұрыштарын өлшеуге негізделген полигонометрия әдісі; тірек желісінің белгілерінің ықтимал жылжуын ескере отырып, екі бақылау циклынан анықталды;· бақылау нүктесі мен екі күшті нүкте арқылы құрылған үшбұрышта тараптарды өлшеу кіретін трилатерация әдісі; · құрылымдардың көлденең жылжуын бақылау үшін қолданылады; бақылау нүктелерінің тұрақсыздығы кезіндегі көлденең ығысуды өлшеу үшін қолданылатын аралас әдіс: нысаналы бақылау әдісі жекелеген бағыттар, триангуляция, полигонометрия және трилатерация әдістерімен біріктірілген.Құрылымдардың көлденең жылжуын өлшеу, сондай-ақ олардың жауын-шашынын өлшеу фотограмметриялық әдіспен жүргізілуі мүмкін.Құрылымның жалпы және жергілікті деформацияларының геодезиялық бақылауларының нәтижелеріне негізделген техникалық құжаттама өлшеулердің мақсаттары мен міндеттерін, қолданылатын жұмыс әдісі мен қолданылатын құралдарды, байқау кезеңдерін, орындалған жұмыс түрін (зерттеу, белгілерді өндіру және монтаждау, гониометриялық бақылау, мақсатты өлшеулер, нивелирлеу, бұрыштық өлшеу) көрсетуі керек. құрылымның жоғарғы жиегін көлбеу және т.б.), өлшеу дәлдігін бағалай отырып үстелді өңдеу. 5.2 Құрылыс орамасын бақылау

Орам - бұл құрылымның тік жазықтықтағы конструкциялық позициядан ауытқуы. Оның пайда болу себебі әдетте құрылымның негізін біркелкі емес орналастыру болып табылады. Роликті өлшеудің геометриялық мәні құрылымның екі нүктесінің (мысалы, 3.13-суреттегі А және В нүктелері) салыстырмалы орнын анықтауға дейін азаяды, ол жобаның техникалық жағдайларына сәйкес бір тік сызықта орналасуы керек. Қарапайым тәсілмен the орамның жалпы бұрыштық шамасын А нүктесін көлденең жазықтыққа проекциялау арқылы алуға болады. А нүктесінің h биіктігін және проекция ұзындығын l өлшеу арқылы табуға болады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.