Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





адалау жұмыстарының дəлдігі 3 страница



12-сурет Күрделі пішінді ғимарат  13-сурет. Баспалдақ іспеттес тұғыр                                                                              маңындағы бүтін тұғыр

Ғимараттардың типтеріне жəне өндіріс шарттарына байланысты, қатар сызықты тұғырлар құрылысы пайдаланылуы мүмкін. Қатар сызықты тұғырлардың əр екеуі бір осьті бекітетін жекеленген діңгектерден тұрады. Егер жер бедерінің ыңғайсыздығынан тақтай қағу мүмкін болмаса, онда тұғырды баспалдақ ретінде құрады (13-сурет).

Баспалдақ іспеттес маңындағы бүтін тұғыр тұғыр 14-сурет. Жеке тұғыр Тұрғын үйлерді салу тəжірибесінде тұғырдың жеке тұғыр (инвентарная обноска) деп аталатын түрі кеңінен тараған. Ол жерге 0,7 м тереңдікке қағылған іші қуыс металл жəкірден тұрады (14-сурет). Жəкір тұғырдың қатар сызықтарының үстіне аралары 3-4 м болып орналасады. Жəкірдің тесігіне металл діңгектер орнатылады да, оларға жазық құбыр штанганы бекітеді. Штанга бойымен муфта жылжып тұрады, яғни оны кез келген тұсында бекітуге болады. Жəкірді орналастыру кезінде, діңгектер ғимарат осьтерінің біріне дəл келмеуін қадағалап орнатады.

 

14-сурет. Жеке тұғыр

Тұғыр биіктігі сызықтық өлшемдер жүргізуге, керек кезінде оның үстіне теодолит аспабын орнатуға ыңғайлы болуы керек.

Осьтердің тұғырдағы орналасуларын муфтаны жылжыту арқылы іске асырады.

Тар жерлерде ғимараттарды салу, қала ішінде құрамалы темірбетондарды қолдану кеңінен қолданылып тұрған уақытта тұғырды салу өте қиын жəне ыңғайсыз. Сондықтан ғимарат осьтерін тұғыр үстінде емес, қазылып жатқан қазаншұңқыр сыртына бекітілген ағаш қазық немесе металл қазықшаларды пайдаланады.

Тұғыр үстінде осьтерді қадалау. Жоғарыда айтылғандай, тұғыр үстінде негізгі жəне қосалқы осьтерді құру үшін, бастапқы берілімдер болып саналатындар: ғимарат фундаментінің жəне технологиялық жабдықтарды орнату планы, бүтін жəне діңгек тəріздес фундаменттердің тік қималары. Осы жобалық құжаттардың негізінде, арнаулы қадалау сызбасы жасалады. Қадалау сызбасына осьтер арасындағы барлық қашық тық тарды бір-біріне қосып ғимараттың жалпы өлшемімен жəне де жер бетінде бекітілген негізгі осьтердің координаталар айырмашылықтарымен салыстырады.

Тұғырға алдымен ғимарат контурын беретін негізгі осьтерді салады. Ол үшін теодолитті ретімен I, II, III жəне IV (11-суретке қараңыз) нүктелер үстіне орнатып, оны осьтер бағытымен бағдарлайды да, тұғыр үстінде негізгі ұзынабойлық осьтердің  жəне  көлденең негізгі осьтердің  жəне  нүктелерін белгілейді.

Негізгі осьтерді тұғыр үстіне салып болған соң, тұғырға қағылған тақтайдың жоғарғы қырынан бастап сызықтық өлшемдер жүргізеді. Өлшеу компараторда тексерілген өлшегіш таспамен немесе арнаулы инварлы таспамен, 1:10 000-1:25 000 қатынасындай шамадан аспайтын, орташа квадраттық салыстырмалы қатемен жүргізіледі. Өлшеу нəтижесіне ауа қы зуына жəне компараторда тексеру түзетулерін енгізеді. Егер айтылған қателердің қосындысы өлшеу таспасын бір салғандағы ұзындығынан 0,5 мм артық болса, онда сол салынған ұзындыққа бірден енгізген дұрыс, ал егер түзету шамасы 0,5 мм аз болса, онда өлшегіш таспаны бірнеше салғаннан кейін түзетуді енгізу керек.

Қосалқы осьтерді бірінен кейін бірін тізбектеп тұғыр үстіне салғанда соңғы негізгі ось, теодолитпен салынған негізгі осьпен дəл келмейді. Егер алшақтық аз болатын болса, бір ұзынабойлық, бір көлденең осьтерді қатаң, өзгермейтін осьтер деп алып, қалған осьтерге тең етіп бөліп жібереді. 11-суретте А - А ұзынабойлық, 1 - 1 көлденең осьтері қатаң, өзгермейтін осьтер ретінде қабылданған. Тұғыр үстіндегі өлшеулер жазық жазықтықта компа раторда тексерілген (көтере созып, тексеру емес) өлшегіш жабдықтармен атқарылады.

Тұғыр үстіне барлық осьтерді белгілеген соң, олардың орнын шегемен бекітеді. Анық көрінуі, пайдалануға, өлшеу жүргізуге ыңғайлы болуы үшін əр шегенің қарсысына ашық бояумен тік сызық жүргізіп, атын ірі əріппен жазып қояды.

Шегелер арасына мүмкіндігінше күшпен созып, сым тартып қояды да, осьтердің қиылысқан тұсына тіктеуіш Р іледі (14-сурет). Сым бойымен жылжыған тіктеуіш арқылы құрылыстың басқа элементтерін қадалайды (табалдырықты, терезе қуысын, сани тарлық-техникалық жабдықтарды, т.т.).

Тұғырды қадалау дəлдігіне қойылатын негізгі талаптар:

1. Тұғырдың қабырғалары ғимараттың ұзынабойлық жəне көл денең осьтеріне параллель орнатылуы керек. Бұл талапты орындамау, тұғыр бойынша сызықтық өлшеулерде жүйелі қателіктерге ұрындырады. Тұғыр арқылы өлшеуде 1:50 000 қатынасындай салыстырмалы қатені қамтамасыз ету үшін, тұғыр қабырғаларының ғимараттың параллель осьтерінен алшақтығы  аспауы керек. Іс жүзінде мұндай талаптарды орындау қиындық туғызбайды.

2. Тұғырды салуда, оның түзу сызықты болуын қадағалайды. Ол үшін өлшегіш жабдықты түзу сызықтың үстімен салу керек. 1:50 000 қатынасындай салыстырмалы қатені қамтамасыз етуде, түзу сызық бойымен 20 метрлік өлшегіш таспаның ауытқуы ±6,3см аспауы керек. Яғни, тұғыр діңгектерін теодолитті пайдала - нып орнатады.

3. Тұғыр жазық жазықтықта жатуы керек, себебі ұзындық өлшемдеріне көлбеулік түзетуін енгізуге тура келеді, ал тұғырдың жоғары жиегі уақытша репер ретінде (геодезиялық істермен қамтамасыз етуде) пайдаланылады.

1:50 000 қатынасындай салыстырмалы қатені қамтамасыз етуде, тұғырға қағылған тақтай жиектерінің бір жазықтықта жатуын қамтамасыз ету үшін оларды геометриялық нивелирлеу арқылы орнатады.

 

3.3 Осьтерді бекіту

 

Тұғыр үстінде белгіленген осьтер ғимаратты салудағы барлық этаптарын қамтамасыз ете алмайды, себебі қабырғаларын биіктеткен сайын тұғырды қолдану ыңғайсыз бола бастайды. Сондықтан құрылысты геодезиялық істермен қамтамасыз етуді жалғастыру үшін осьтер жер қазу жұмыстарынан сыртқары белгілермен бекітілуі керек, өз кезегінде олар ғимарттың ішінде де орналасады. Барлық тұғырға белгіленген осьтер бекітіле бермейді, көбінесе негізгі осьтерді бекіту жолға қойылған. Ғимарат ішінде осьтерді қабырғаларға, фундаментке металл қазықшалармен (арматура кесіндісі, металл қыспалар, соғылған шегелер, т.с.с.) теодолит орнатуға ыңғайлы етіп бекітеді.

Негізгі осьтерді қазылмақшы қазаншұңқыр сыртына, тұрақты қатар белгілермен, темірбетон діңгек ретінде бекітеді. Діңгектердің жоғары жағына металл стержень қағып, оның ұшының ортасына сызық ойып белгілейді. Мұндай белгі бір уақытта пландық тірек нүктесі жəне жұмыстық репер ретінде пайдаланылады. Бұл белгі жер бетінен көп жоғары шығып тұрмайды, оның көпке сақталуын жəне тез табылуын қамтамасыз ету үшін айналасын қоршап қояды. Ғимараттың не үшін салынып жатқандығына жəне құрылыс шарттарына байланысты осьтерді қатар белгілермен бекітудің əртүрлі тəсімі қолданылуы мүмкін. 15-суретте қатар белгілерді бекітудің ең көп тараған түрі келтірілген. Қатар нүктелердің арасында өлшеулер жүргізеді де, олардың ғимарат осьтеріне қалай байланысқанын көрсетеді.

15-сурет. Ғимарат осьтерін бекіту тəсімі

Қатар белгілердің құрылысы, оларды бекітудің əртүрлі тəсімдері болады. 16-суретте тұрғын үйлерді салу кезіндегі ең көп тараған қатар белгінің құрылысы берілген.

Қатар сызықты белгілерден басқа, əр ғимарат, аз дегенде, екі жұмыс реперлерімен қамтамасыз етіледі. Бұл реперлердің орнын таңдауда, оны пайдалану ың ғайлы болуы керек жəне одан салынып жатқан құрылыстың ең көп нүктелерін бақылауға болатындай етіп орнатады. Жұмыс реперлерінен тұғыр діңгектерінің жоғарғы қырына тұрақты көздегіш-планканы орнатып, оның абсолюттік немесе салыстырмалы биіктігі анықталады. Екі тұрақты көздегіш-планка жəне үшінші уақытша белгі арқылы жер қазу жұмыстарын тұрақты түрде бақылап отырады.

 

16-сурет. Осьтерді бекіту белгісінің құрылымы. 1 – ағаш қақпақ; 2 – металлпластина; 3 – металл пластинка үстіндегі осьтің нүктесі; 4 – бетон; 5 – арматурастержень; 6 – крестовина; 7 – құм араласқан қиыршық қоспа;

Негізгі осьтерді жəне жұмыс реперлерін бекітудегі кешенді жұмыстардың нəтижесінде орындалған жұмыстардың тəсімін жасайды да, оған барлық сызықтық жəне бұрыштық өлшемдерді, сонымен бірге қатар сызық қосындарының координаталарын көрсетеді.

Орындалған жұмыстардың тəсіміне олардан басқа көрсетілетіндер:

· ғимаратты қадалауда пайдалынған құрылыс торының қосындары;

· тексеру өлшемдерінің нəтижесінде салынған осьтердің         арақашықтықтары,  орналасулары көрсетілген тұғыр;

· осьтерді бекіткен белгілер. Жасалып біткен жəне рəсімделген құжатты акт арқылы құрылыс басқармасына тапсырады.

 

3.4 Қазаншұңқырларды салудағы геодезиялық жұмыстар

 

Жер бетінде қазаншұңқырды қадалау үшін, оның қадалау сызбасын құрады, мұнда фундамент өлшемдерін, оларды қанша тереңдікке орналастыратындығы, сонымен бірге ғимараттың барлық ұзынабойлық жəне көлденең осьтері салынады. Қазаншұңқырдың төменгі жиегінің биіктігін жəне қабылданған аршу көлбеулігін есепке ала отырып, жоғары жиегінің орналасу жағдайын анықтайды. Жоғары жиек сызығын қазықшалармен, олардың арасында жіп немесе сым тартып белгілеп бекітеді. Қазаншұңқыр жиегінің аршу көлбеулігін есепке алмастан, оның жер бетіндегі шекарасын қазықшалармен бекітеді, бұл қазықшалар шұңқыр осінен, оның енінің жартысындай артық шамаға тең болады, яғни шұңқыр түбіне бетон құйғанда орнататын қалыпты кедергісіз қоюға мүмкіндік беретіндей болуы керек.

Жер қазу жұмыстарында шұңқыр тереңдігін жүйелі түрде тұғыр немесе шұңқыр түбіне бетон құйғанда орнататын қалыптың үстіне орнатылған, арнаулы көздегіш арқылы жəне жер қазушы механизм өтіп кеткеннен кейін жылжымалы көздегішпен тексеріп отырады. Себебі қазу жұмыстары тереңдеп кетсе, шығын да көбейеді, оның үстіне топырақтың кəдімгі құрылымы (геологиялық, гидрогеологиялық, сапалық, т.с.с.) өзгеруі мүмкін.

Ең соңғы рет шұңқыр табанын тазалағаннан кейін, оның түбін, яғни биіктік шамаларын көздегішпен немесе нивелирмен тиянақты түрде тексереді. Траншея немесе шұңқыр түбін тексеруде, топырақты жеткізбей алу 5 см аспауы керек.

Кең жəне терең, аумақты шұңқырларды қазуда, олардың табанына немесе тепкішектеріне уақытша реперлерді орнатуға тура келеді. Мұнда жұмыс реперлерін жеткізу келесі тəсіммен іске асады.

Айталық (17-сурет), қазаншұңқырдың жиегіндегі А нүктесінде жұмыс репері, ал қарсы беттегі жиегіндегі Е нүктесінде көлбеулеп, еңкейте ағаш дөңбек орналасқан, В нүктесінде q салмағы бар болат өлшегіш таспа ілінген. Уақытша реперлер болып саналатын С жəне D нүктелеріне биіктік шамаларын жеткізу керек.

Қазаншұңқыр түбіне биіктік шамаларын жеткізу үшін, нивелирді кезегімен шұңқыр жиегіне жəне тепкішегіне орнатады да, рейкадан жəне таспадан есептер алады.

С нүктесінің биіктігі тең болады,

, 184

Ал, D нүктесінің биіктік шамасы,

 , 185

мұндағы a, d жəне f ретімен А, С жəне D нүктелеріне қойылған рейкадан алынған есептер;

l, b – өлшегіш таспадан алынған есептер.

17-сурет. Қазаншұңқыр түбіне биіктік шамасын беру тəсімі

Тексеру үшін шұңқыр түбіне биіктік жеткізу екі жұмыс реперлерінен ілінген таспа ұзындығын əр өлшеген сайын өзгерте отырып жүргізіледі. Шұңқыр түбіне биіктік шамасын беру қателігі ±1 см аспауы керек. Егер жоғарғы дəлдік керек болса, өлшегіш таспаға компарирлеу жəне ауа қызуына түзетулерін енгізеді, сонымен бірге нивелирлеу иіні тең болғанын қадағалайды    

3.5 Шұңқыр табанын жəне кемерін нивелирлеу

 

Шұңқыр табанын жəне кемерін тазалау кездеріндегі геодезиялық жұмыстар келесі реттен тұрады. Үлкен қазаншұңқырдың табанын торға бөледі, олар шұңқырдың ұзынабойлық жəне көлденең осьтерінің қиылысуынан пайда болады. Белгіленген тұстарын қазықшалармен бекітеді. Қазықшаларды қағуда олардың биіктігін (қазықтың жоғарғы беті), шұңқыр табанының жобалық биіктігіне жақын болғанын қадағалайды. Əрі қарай, бір-бірінен 15-20 м орналасқан қазықтардың жоғары беттерінің жобалық биіктіктерін нивелирлеумен анықтайды. Осы тірек нүктелерінің арасында 3-5 м сайын қазықшалар қағады да, үш көздегіштің көмегімен шұңқыр табанының жобалық биіктігін табады. Екі тұрақты көздегішті жобалық биіктіктері белгілі қазықтардың үстіне орнатады да, үшінші көздегішті осы екі тұрақты көздегіш орналасқан нүктелердің арасындағы (қата рындағы) қазықтардың үстіне кезегімен қойып, олардың жобалық биік тік деңгейлерін белгілейді. Ортадағы жылжымалы көздегішті қойған қазықты балғамен бірнеше рет ұра қағып, оның төбесінің жобалық биіктікке келгенін қадағалайды, яғни қазықты ұрған сайын көздегішпен тексеріп отырады. Осындай əдіспен барлық қазықтардың биіктіктерін (қазықтың жоғарғы жиегін) жобалық шамаға келтіреді, яғни барлық көздегіштің жоғары жиектері бір сызықтың бойында болғанын қадағалайды.

Шұңқыр түбін түпкілікті тазалап болған соң, орындалған жұмыс нəтижесінің тəсімін салып, оған шұңқыр табанының барлық нақтылы биіктіктерін түсіреді. Ол үшін көбінесе, осьтер арқылы тартылған сымды пайдаланады. Көлденең жəне ұзынабойлық осьтердің қиылысу нүктелеріне тіктеуіш іліп шұңқыр түбіне жеткізеді. Осьтердің қиылысқан нүктелеріне жермен бірдей қылып қазық қағады да, нивелирлеу арқылы дұрыстығына көз жеткізеді.

Шұңқыр кемерін тазалау кезінде қарапайым жабдықтарды (аспаптарды) қолданады. Олар АВС үшбұрышы, лекало жəне бағыттаушы тақтай іспетті қарапайым жабдықтар. Кемерлік тік бұрышты үшбұрышты (18 а-сурет) ағаштан жасайды, оның катеттерінің біріне деңгей орнатады немесе тіктеуіш іледі, сонда гипотенуза бағыты кемердің жобалық көлбеулігімен дəл келіп тұрады.

18-сурет. Кемерді тазалауға арналған жабдықтар а – үшбұрыш; ə – лекало; б – бағыттаушы тақтай

Лекало (18 ə-сурет) ұзын шыбық немесе тақтай АВ, оны кемерге параллель орнатады. Лекалоның дұрыс жатқандығын, бір катетіне деңгей орнатылған үшбұрыш арқылы көз жеткізуге болады.

Бағыттаушы тақтай (18 б-суретті қараңыз) қазықтарға қағылған, оның жоғарғы қыры В жобалық көлбеулікке  дəл келеді. Бағыттаушы тақтайды орнату үшін үшбұрыш пайда ланылады.

Жұмыс көлемі үлкен болған жағдайда, шұңқыр кемері арнаулы тегістеуші машиналармен тазаланады.

 

3.6 Экскаватор жұмысын геодезиялық істермен қамтамасыз ету

 

Қазаншұңқырларды немесе терең қазындыларды, жер бетінде қазу осьтерін жəне қазу шекараларын белдемелермен (поперечников) белгілеп алғаннан кейін, жер қазу машиналарымен қазады. Шұңқыр кемерінің орналасу жағдайын шаблонмен анықтап алғаннан кейін, табанын жобалық биіктікпен дəл келетіндей етіп, траншеяаны бағыттағышпен бекітеді. Мұндай траншеяларды көбінесе шөмішті экскаватормен қазады. Бағыттаушы траншеялардың арасы 50-60 м болады. Траншеялар жер қазушы машиналардың жұмысын жеңілдетіп, кемерді артық немесе кем қазуға жол бермей сапасын арттырды.

Терең қазаншұңқырларды бірнеше қабат (горизонт) тепкішек іспетті етіп қазады.

Терең шұңқырлардың төменгі жиектерін жер қазушы машиналармен қазу кезінде жер бетіне тек қана оның төменгі қабатының төменгі жиектерін қадалайды.

Қазаншұңқырдың жобалық деңгейін нивелирлеумен екі рет тексереді: төменгі қабатты қазу алдында жəне соңғы рет шұңқыр табанын тазалау кезінде. Рейкалық нүктелерді қазықтармен бекітеді де, оларға қанша қазу керек екендігі жазылып қойылады.

Егер терең қазаншұңқыр немесе терең қазу тура шөмішті экскаватормен қазылатын болса, онда жер бетінде төскей беттің (забой) кемер сызығымен қиылысу сызығын қадалайды, сонда кемерді артық қазуға жол берілмейді. Бұл сызықты қадалаған соң, экскаватордың жерге əр кіріп шығуы жер бетінде белгіленбейді. Экскаватордың қазу кезіндегі əр жерге орын ауыстыруы, оның жұмыс өлшемдеріне байланысты: үшкілінің (стрела) ұзындығына, шөміш көлеміне, биіктігіне, тереңдігіне, кесу радиусына жəне басқаларға байланысты.

19-сурет. Экскаватордың жұмысын бақылау тəсімі 1 – бақылаушы көздегіш; 2 – жылжымалы көздегіш; 3 – кесу (қазу) мөлшері.

Егер шұңқыр, оның сыртында орналасқан драглайнмен қазылатын болса (төскей бет алдында емес), онда төменгі жиегін жер бетінде алдын ала (драглайн жұмысты бастамас бұрын) қадалайды. Себебі, шөмішпен алаңнан кемерге қарай тарта қазуда топырақты артық алуға жол бермейді, яғни бақылап отыруға ыңғайлы.

Қазу көлемі аз болғанда шұңқыр табанын жəне кемерін қолмен тазалауға болады, ал үлкен көлемді жұмыс болса, бульдозермен немесе арнаулы тегістегіш машиналармен атқарылады.

Жер қазу жұмыстарын механизациялауды арттыру мақсатында əртүрлі жабдықтар қолданылып, жүйелі түрде төскей беттің тереңдігін бақылап отыруға мүмкіндік туғызады. 19-суретте тура шөмішті экскаватордың жұмыс істеу тəсімі берілген, мұнда төскей бет тереңдігі жеке көздегіш құрылғысының көмегімен бақыланылады.

Бақылау көздегіші (1) болып, қызыл бояумен шөміш ұстағышына салынған жазық сызық саналады. Жылжымалы көздегіш (2) болып, кəдімгі ағаштан жасалған көздегіш саналады, оны биіктігі анықталып қағылған қазық үстіне немесе тазаланған жерге қағылған қазық үстіне орнатады. Бақылау жəне жылжымалы көздегіштердің (3) көмегімен қанша қазу немесе қаншу үю керек екендігі анықталады.

Кері шөмішпен жабдықталған экскаватор немесе драг лайнмен қазу тереңдігін, əртүрлі құрылымды тереңдік өлше гіштермен бақылап отырады. Мұндай аспаптардың жұмыс істеуі, ол – экскаватор үшкілінің ұзындығы тұрақтылығы жəне шөміш ұстағышының, шынжыр табан деңгейінің өзгерулері, үшкіл қозғалысының бұрыштық шамаларының бір-біріне пропорционал дығына негізделген.

 

3.7Фундаменттерді қадалау

 

Фундаментті жоба бойынша дұрыс салу, ғимаратты тұрғызу жəне монтаждау жұмыстарының сапасын арттырады жəне əрі қарай оны жалғастырудағы ең жауапты технологиялық жұмыстардың бірі. Фундамент салудағы қателіктер, ғимарат беріктігін əлсіретеді немесе кейбір жағдайда оның бұзылуына себепші болады. Сондықтан пландық жəне биіктік қадалау жұмыс тарының дəлдігін қатаң сақтау керек. Фундамент салудағы қадалау жұмыстарының ең көп тараған түрін қарастырып көрелік.

Құрастырмалы созылмалы (ленточные) фундаментті монтаж даудағы қадалау жұмыстары. Созылмалы фундамент құрылысы жағынан екі негізгі түрге бөлінеді: бүтін қабырға астына тиянақ ретінде салынатын фундамент (ленталық фундамент) жəне үлкен салмақ түсетін тұстардағы бағаналардың астына тиянақ ретінде салынатын фундамент.

Көтермелі қабырғалардың астына салынатын ленталық фундаменттің ең көп тараған түрі – сыртқы қабырғалар блогінен (1), ішкі қабырғалар блогінен (2) жəне блок-жастықтан (3) тұратын құрамалы фундамент (20-сурет).

Темірбетон блокты құрастырып салу үшін мұнаралық көтергіш кранды пайдаланады. Кран ағаш шпалдар үстіне салынған темір жол рельстері арқылы жылжиды, осьтер арасы – 0,5 м.

20-сурет. Ленталық фундаменттің                         21-сурет. Құрамалы                        созылмалы блоктары                                            фундаментті монтаждаудың

                                                                                              қадалау тəсімі

Жер бетінде кранның жылжу осін қадалайды да, одан өлшеу арқылы рельстің пландық жағдайы анықталады. Шпалдарды салу үшін жерді тегістейді, кран тегіс, көлбеулігі жоқ рельспен жылжуы керек. Оны нивелирлеу арқылы іске асыруға болады. Қатар салынған рельстердің жобалық енінен, рельс төбесінің жазық жазықтықтан ауытқуы ±2 мм аспауы керек.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.