Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





1. Бәсекелік қабілет



1. Бә секелік қ абілет

Қ азіргі таң да жеке адам ғ ана емес, тұ тас халық ­тың ө зі бә секелік қ абілетін арттырса ғ ана та­быс­қ а жетуге мү мкіндік алады.

Бә секелік қ абілет дегеніміз – ұ лттың аймақ тық немесе жаһ андық нарық та бағ асы, я болмаса сапасы жө нінен ө згелерден ұ тымды дү ние ұ сы­на алуы. Бұ л материалдық ө нім ғ ана емес, соны­мен бірге, білім, қ ызмет, зияткерлік ө нім немесе сапалы ең бек ресурстары болуы мү мкін.

Болашақ та ұ лттың табысты болуы оның табиғ и байлығ ымен емес, адамдарының бә секелік қ а­бі­летімен айқ ындалады. Сондық тан, ә рбір қ азақ ­стандық, сол арқ ылы тұ тас ұ лт ХХІ ғ асырғ а лайық ты қ асиеттерге ие болуы керек. Мысалы, ком­пьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мә ­дени ашық тық сияқ ты факторлар ә ркімнің алғ а басуына сө зсіз қ ажетті алғ ышарттардың сана­тында.

Сол себепті, «Цифрлы Қ азақ стан», «Ү ш тілде білім беру», «Мә дени жә не конфессияаралық келісім» сияқ ты бағ дарламалар – ұ лтымызды, яғ ни барша қ азақ стандық тарды ХХІ ғ асырдың талаптарына даярлаудың қ амы.

2. Прагматизм

Қ анымызғ а сің ген кө птеген дағ дылар мен таптаурын болғ ан қ асаң қ ағ идаларды ө згерт­пейінше, біздің толық қ анды жаң ғ ы­руымыз мү мкін емес.

Тө л тарихымызғ а, бабаларымыздың ө мір салтына бір сә т ү ң іліп кө рсек, шынайы прагматизмнің талай жарқ ын ү лгілерін табуғ а болады.

Халқ ымыз ғ асырлар бойы туғ ан жердің табиғ атын кө здің қ арашығ ындай сақ тап, оның байлығ ын ү немді, ә рі орынды жұ мсайтын тең десі жоқ экологиялық ө мір салтын ұ станып келді.

Тек ө ткен ғ асырдың ортасында, небә рі бірнеше жыл ішінде миллиондағ ан гектар даламыз аяусыз жыртылды. Бағ зы замандардан бері ұ рпақ тан ұ рпақ қ а жалғ асып келген ұ лттық прагматизм санаулы жылда адам танымастай ө згеріп, ас та тө к ысырапшылдық қ а ұ ласты. Соның кесірінен, Жер-Ана жаратылғ аннан бері шө бінің басы тұ лпарлардың тұ яғ ымен ғ ана тапталғ ан даланың барлық қ ұ нары қ ұ рдымғ а кетті. Тү гін тартсаң майы шығ атын мың дағ ан гектар миялы жерлеріміз экологиялық апат аймақ тарына, Арал тең ізі аң қ асы кепкен қ у медиен шө лге айналды.

Осының бә рі – жерге аса немқ ұ райлы қ араудың ащы мысалы.

Біз жаң ғ ыру жолында бабалардан мирас болып, қ анымызғ а сің ген, бү гінде тамырымызда бү лкілдеп жатқ ан ізгі қ асиеттерді қ айта тү летуіміз керек.

Прагматизм – ө зің нің ұ лттық жә не жеке байлығ ың ды нақ ты білу, оны ү немді пайдаланып, соғ ан сә йкес болашағ ың ды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылық қ а, даң ғ ойлық пен кердең дікке жол бермеу деген сө з. Қ азіргі қ оғ амда шынайы мә дениеттің белгісі – орынсыз сә н-салтанат емес. Керісінше, ұ стамдылық, қ анағ атшылдық пен қ арапайымдылық, ү немшілдік пен орынды пайдалану кө ргенділікті кө рсетеді.

Нақ ты мақ сатқ а жетуге, білім алуғ а, саламатты ө мір салтын ұ стануғ а, кә сіби тұ рғ ыдан жетілуге басымдық бере отырып, осы жолда ә р нә рсені ұ тымды пайдалану – мінез-қ ұ лық тың прагматизмі деген осы.

Бұ л – заманауи ә лемдегі бірден-бір табысты ү лгі. Ұ лт немесе жеке адам нақ ты бір межеге бет тү зеп, соғ ан мақ сатты тү рде ұ мтылмаса, ертең іске аспақ тү гілі, елді қ ұ рдымғ а бастайтын популистік идеологиялар пайда болады.

Ө кінішке қ арай, тарихта тұ тас ұ лттардың ешқ ашан орындалмайтын елес идеологияларғ а шырмалып, ақ ыры су тү біне кеткені туралы мысалдар аз емес. Ө ткен ғ асырдың басты ү ш идео­логиясы – коммунизм, фашизм жә не либерализм біздің кө з алдымызда кү йреді.

Бү гінде радикалды идеологиялар ғ асыры келмеске кетті. Енді айқ ын, тү сінікті жә не болашақ қ а жіті кө з тіккен бағ дарлар керек. Адамның да, тұ тас ұ лттың да нақ ты мақ сатқ а жетуін кө здейтін осындай бағ дарлар ғ ана дамудың кө гіне темірқ азық бола алады. Ең бастысы, олар елдің мү мкіндіктері мен шама-шарқ ын мұ қ ият ескеруге тиіс.

Яғ ни, реализм мен прагматизм ғ ана таяу онжылдық тардың ұ раны болуғ а жарайды.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.