Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Материалдық емес активтердің аудиті.



5.Материалдық емес активтердің аудиті.

Материалдық емес активтердің аудиті ретінде қалыптасуды, іс-жүзіндегі нақты қолда бар, құжаттарда көрсетілудің анық сенімділігін, пайдалы қызмет ету құны мен мерзімін бағалаудың шынайылығын, амортизациялық есептеуді, істен (есептен) шығарудың негізділігін, есепті ұйымдастыруды, оларды кәсіпорында қолданудың тиімділігін ішкі бақылауды тексеру түсіндіріледі.

Аудитор бұл обьектілерді тексергенде 38 ҚЕХС (Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары,) ҚР-ның «Меншік туралы», «Тауарлық белгілер туралы», «Авторлық құқық туралы» және басқа құқықтық-нормативтік актілерді басшылыққа алады.

Ең алдымен, аудит бағдарламасына сай Бас кітаптың мәліметтеріне баланс көрсеткіштерінің сәйкестігі зияткерлік меншік обьектілерінің бар екендігі және оның жағдайы, алу фактісін растайтын материалдық емес активтердің қабылдау-тапсыру актілері, бұл обьектілер сипатталған немесе кесімді белгіленген жердегі ақпарат көздері мен өзге құжаттар тексеріледі (1-кесте).

Обьектілерді кәсіпорынның пайдалануына жарамды жағдайға келтіруге қажетті шығындар көлемін айқындаудың анықтығы мен материалдық емес активтердің (МЕА) құн бағалаудың дұрыстығын айқындау керек. Аудитор материалдық емес активтердің алғашқы бағалаудың әр түрлі тәсілдермен анықталатындығын ескергені жөн:

А) жарғы капиталына санаткерлік (интеллектуалдық) меншік салынған жағдайда тараптардың (құрылтайшы) келісімдері бойынша;

Ә) бұл обьектілерді иелікке алу мен дайын жағдайға келтіру бойынша нақты шығындарға негізделе отырып;

Б) басқа кәсіпорындардан және тұлғалардан өтеусіз алу күйінде сараптама жолымен.


1. Материалдық емес активтер аудитінің бағдарламасы

Аудит (процедурасы) Ақпараттың шығу көздері
Баланс көрсеткіштері Бас кітабінің мәліметтеріне МЕА бойынша сәйкестігін тексеру Баланс. 2710, 2730, 2720, 2740 шоттар бойынша Бас кітап
Баланс көрсеткіштерінің Бас кітабінің мәліметтеріне МЕА бойынша сәйкестігін тексеру Бас кітап есеп регистрлері, 12,10 журнал ордерлер, «МЕА амортизациясы сомасын есептеу» әзірлеме кестесі және бастапқы құжаттар
Кәсіпорынның бұл обьектіге меншіктілік құқығын растайтын МЕА бар екендігі туралы алғашқы құжаттарды тексеру. Патент, лицензия, автолық куәлік, сызба (схема), жоба үлгі, лицензиялық келісім-шарттар мен кеміту туралы келісім-шарттар, ас рецептурасы, геологиялық карталар және т.б.
Түскен МЕА бағалаудың дұрыстығын тексеру Келісім-шарттық бағалардың хаттамаларды, сату-сатып алу шарттары, аудиторлық қортынды, сарапшылардың қорытындысы және т.б.
МЕА кіріске алу есебіндегі көрсетудің дұрыстығын тексеру Қабылдау-тапсыру актісі, 1, 2, 3, 4, 6, 7, 8 журнал ордерлері, Бас кітап
МЕА амортизациясын есептеудің дұрыстығын тексеру «Материалдық емес активтердің амортизациясының сомасы есептеу» әзіреме кестесі, 10 журнал ордер
МЕА істен шығу есебіндегі көрсетудің дұрыстығын тексеру Қабылдау-тапсыру актісі, 10 журнал-ордер
МЕА түгендеу қортындыларындағы шоттарда көрсетудің дұрыстығын тексеру Түгендеу (инвентарлық) тізімдемесі (опись), салыстыру ведомосі, түгендеу актісі, 12журнал-ордері
МЕА қатысты салықтарды есептеу мен есептің дұрыстығын тексеру Салықтар бойынша есеп айырысулар, 5,8 журнал-ордерлер

Келіп түскен материалдық емес активтердің біріңғай құжаттармен, техникалық төл құжат, материалдық емес активтер есебінің обьективтік мінездемесінің карточкасының дұрыстығын аудитор тексеруі керек:

материалдық емес активтердің классификасиясы, егер ол дұрыс бөлінбеген жағдайда тозудың дұрыс есептелмеуіне әкеп соқтырады және соңғы нәтижеде шығынның дұрыс есептелмеуіне әкеп соқтырады;

материалдық емес активтерді құрылғыларға бөлу, егер бұны дұрыс бөлмеген жағдайда жалға берудің ақысын және тозу құнын дұрыс есептемеуге әкеп соқтырады;

материалдық емес активтердің өндіріске қатысу мінездемесі бойынша, бұларды дұрыс бөлмесе амортизацияның дұрыс есептелмеуіне әкеп соқтрады;

материалдық емес активтерді қызметіне қарай бөлу, оларды дұрыс бөлмесе амортизацияның дұрыс есептелмеуіне әкеп соқтырады. Бұған қарамастан, материалдық емес активтердің классификациясына, қызметіне және типтеріне дұрыс бөлмесе материалдық емес активтерді бағалау есебінің дұрыс есптелмеуіне әкеп соқтырады.

Аудитор материалдық емес активтер обьектісінің эканомикалық салаларына байланысты дұрыстығын тексеру керек. Тексеріс кезінде аудитор мынаны ескеруі керек:

жалға беру кезінде мүлік жалға берушінің иелігіне қайтарылады.

Жалға алу кезінде оның құқығы мен міндеттері жалға лаушыға міндеттеледі, жалға берушінің иелігінде тек мүлікке ие деген құқығы болады.

материалдық емес активтердің обьектілерін жалға беру қаржылық нәтижеге және де келешекте пайдаға ие болуына әсерлеседі;

жалға беруші құралдар есебіне келісімшарт арқылы жалға берілген құралдар, жалға алынған туақыты біткенде, ол жалға берушінің иелігіне көшеді. Материалдық емес активтердің бухгалтерлік жазбалары арқылы аударылады;

ағымдағы материалдық емес активтерді жалға беру есебімен баланстағы «Жалға берілген негізгі құралдар» шотында бастапқы құнына байланысты, жалға беру келісімшартында көрсетіледі;

ұзақ мерзімге жалға берілетін материалдық емес активтер обьектілері, бұл келісімшарт бойынша жалға алушы белгілеген соманы төлей алмаса, жалға берушінің иелігіне өтеді.

Егер де жалға берілген уақыт ішінде келісімшартта көрсетілген соманы төлей алса, меншік жалға берушінің иелігінде қалады.

Жоғарыдағы көрсетілгендей аудитор жұмысының дұрыстығын тексеру:

жалға берудің ағымдағы немесе ұзақ мерзімді материалдық емеғс актив актілерін толтыру арқылы беріледі;

ағымдағы және ұзақ мерзімді жалға берудегі бухгалтерлік есптің жүргізілуі;

ұзақ мерзімді жалға берілетін материалдық емес активердің тозу есебі;

жалға берілген негізгі құралдардың көлеңкелі капиталдағы салымдары.

Аудиторға қолданылатын құралдар санын орнату, оның сапалық, сақталу, керек емес мүлікке қолданылатын шаралары, мүліктің пайда болу есебін қарастыру керек.

Аудитор таңдаулы әдіспен жұмыс машиналарының сақтандыру мен са-нын және құрал жабдықтарды түгелімен айтқанда транспорттық жүйелерді.

Аудитор обьектілердің материалдық емес активтеріне дұрыс орналастырғанына ерекше  мән беруі тиіс.

Материалдық емес активтерге пайдалануы бір жылдан аспайтын жұмыс құралдары жатады.

Аудитор материалдық емес активтердің дұрыс бағалануына ерекше мән беру керек, соңында қаржылық қорытындылар мен өндірістік ұсталымдар осыған байланысты болады және де материалдық емес активтердің бухгалтерлік есеп беруінің мәліметтерінің дұрыстығына көз жеткізу керек.

Материалдық емес активтердің әр түрлі әдістермен бағалауды ескере отырып, кәсіпорынның балансына келіп түскен, олардың есептегі дұрыстығын тексеру керек:

кәсіпорында материалдық емес активтерді қаблдау және қорытындасын белгілеу комиссиясы құрылды ма;

материалдық емес активтерді сатып алу келісімшарты (жеке тұлғалардан сатып алған кезде) жүргізілді ма, онда обьектілер құны көрсетілуімен;

келісімшарттағы құнының протоколы құрылды ма;

материалдық емес активтердің қаблдау - өткізу актісінде алғашқы құны белгіленді ме;

эксплуатацияға МА кіруін өз мерзімінде толтырды ма. Тексеріс кезінде келесіге мән беру керек: капиталдық шығындарды есептеу кезінде нақты шығындарды есептеу керек, материалдық емес активтердің нақты құнындағы формаларды және материалдық емес активтердің құнын жоғарлатпайтын құрылғылар.

Материалдық емес обьектілерінің құнын есептеу үшін ,мына әдістер пайдаланылады:

материалдық емес активтердің обьектілерінің нақты құнын мамандар қорытындылайды және бұны мамандандырылған кәсіпорындар қарастыруы тиіс;

өндіретін кәсіпорындардың өнімдерінің құны туралы мәліметтерді жазба түрде алады;

кәсіпорындағы материалдық емес активтердің құны туралы сатушыларданмәлімет алу керек;

бағасы туралы мағлұмат, мамандандырылған бөлімдерде көрсетіледі.

Материалдық емес активтердің келуін тексеру,аудитор олардың дұрыс шығуын тексеруі тиіс.

Материалдық емес активтердің шығу жағдайында оның 2740 – 2741 «Материалдық емес активтер» несиелік шотында жазылады.

Баланстық пайданың көбеюіне материалдық емес активтердің қаржылық қорытындасы әсер етеді. Сондықтан да аудитор «Материалдық емес активтер» шотының дұрыстығын тексереді.

Материалдық емес активтердің кәсіпорындағы түсуі мен шығуының унифициялданған құжаттар түрімен жасалады.

Аудитор бұл құжаттардың дұрыстығын және дұрыс толтырылғандығын тексеруі керек.

Сонымен, аудитор тексерісінің нәтижесінде, «Каспий Инжиниринг» АҚ жүргізілген тексерістен мынандай қорытынды жасауға болады, материалдық емес активтердің қозғалысының құжаттары бухгалтерлік есептегі талаптарға сәйкес.

Материалдық емес активтерді қаблдауды жетекші ұйымдастырған комиссия жасайды.

Осы комиссиямен қабылданған қабылдау актілері тексерілді.

Мұнда келтірген мағлұматтардың бәрі дұрыс: техникалық құжаттардың бәрі тексерілді.

Материалдық емес активтерді ликвидациялау актілері де.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.