Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғарғы колледжі



С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғарғы колледжі

№8 сабақ

Пән: «Аудит»

 

Топ:У1Б            Күні:19.03.2020 жыл    Уақыты:12.00-13.30

Пән оқытушысы:Хурмет Жигер

Сабақ тақырыбы: Материалдық емес активтердің аудиті

1Материалдық емес активтерді жіктеу және бағалау

2 Материалдық емес активтердің есебін ұйымдастыру

3 Материалды емес активтердің амортизациясы

4 Материалды емес активтерді түгендеу және қайта бағалау

5. Материалды емес активтердің аудиті

1 Материалды емес активтерді жіктеу және бағалау

Нарықтық экономика жағдайында Халықаралық қаржылық есептілігінің стандарттарын және оларға сәйкес бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарын енгізу арқылы бухгалтерлік есепті реформалау нәтижесінде отандық бухгалтерия тарихында бірінші рет материалдық-заттық (физикалық) мәні жоқ «материалдық емес активтер» деген ұғым пайда болды.

38 - «Материалдық емес активтер» атты IAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандартына сәйкес материалдык емес актив - бұл физикалық нысаны жоқ бірегейлендірілетін ақшалай емес актив.

Бұл активтерді анықтауға болады, егер оларды өткен уақиғалар нәтижесінде мекеме бақылайтын және мекеменің болашақта экономикалық табыстарға жетуі күтілетін ресурс болса.

Материалдық емес актив, егер осы активке қатысты болашақ экономикалық табыстар мекемеге келетіні ықтимал болса ғана және активтің өзіндік құны сенімді бағаланатын болса ғана танылуы тиіс.

Материалдық емес активтер ұзақ мерзімді және табиғи-заттай мағынасында ғана материалдық емес болып табылады

Бұл техника мен технологияның дамуымен, ақпараттардың таратылуымен, экономикалық қатынастардың дамуымен байланысты. Материалдық емес активтер алыну құны бойынша есепке алынады, яғни олар үшін төленген сомалар бойынша есептеледі.

Кейбір гудвилл, сауда маркалары сияқты материалдық емес активтер алғашында төмен бағаға немесе ақысыз алынуы мүмкін. Кейіннен олардың құндылығы артса да, байланысты құны өзгермейді. Материалдық емес активтер нарық бағасы бойынша есепте көрсетіледі.

Материалдық емес актив объектілерініңтүрлері бойынша алғашқы құны

- Құрылтайшылардың кәсіпорынның жарғылық капиталына өз үлестерінің есебіне төлегенде екі жақтың келісімі бойынша;

- Басқа кәсіпорындар мен адамдардан төленіп алғанда – бұл объектілерді алуға және дайын жағдайға келтіруге нақтылы жұмсалған шығындарға қарай;

- Басқа кәсіпорындар мен жеке тұлғалардан тегін пайдалануға алғанда – сараптық жолмен бағалауда қалыптасады.

Материалды емес активтер келешекте табыс келтіретін, ұзақ мерзімде пайдаланылатын және қолмен ұстауға жатпайтын экономикалық ресурстар. Бұлардың физикалық үлгісі болмайды. Халықаралық стандарттарға сәйкес, сезілмейтін активтер (саудалық марка, патенттер), егер олардың өлшеу құны бар болып, мекеме сатып алған болса, активтер құрамына қосылады. Кейбір қаржылардың түрі де, дебиторлық қарыздар мен төленген аванстар, көзге көрінбейтін активтер болып саналады, бірақ олар қысқа мерзімді болғандықтан материалды емес активтер қатарына жатқызылмайды. Материалдық емес активтер төмен бағамен сатып алынуы мүмкін және кейін олардың бағасының өсуіне қарамастан, баланстағы құнын өзгертпейді. Материалды емес активтер нарықтық баға бойынша сатылып алынған болса,есеп жүйесінде сол сатылып алынған бағасымен көрсетіледі. Жаңа өнімдерді өндіруге байланысты шығындарды, өнімнің өзіндік құнына , келешектегі шығындар ретінде белгіленген уақыт ішінде бөлшектеп қосып отыру туралы шешім қабылданған.Ондай шығындарды өнімнің өзіндік құнына жатқызу есебін, оларды топтап шығаруды бастаған кезде, шығарылған өнімнің мөлшеріне қарай, сметалық шығындарды ескере отырып жүргізеді.

Ұйымның материалды емес активтері мекемелердің бірігуіне сәйкес мемлекеттік субсидия есебінен сатып алынуы, айырбасқа алынуы мүмкін.Айырбас арқылы сатылып алынған өзара теңдес материалды емес активтердің бастапқы баланстық құны, активтерді алмастырумен келген бағасы бойынша есепке алынады.

Мысалы, шаруашылық серіктестіктің жарғылық капиталына салым ретінде, ақша қаражаты, бағалы қағаздар,заттар ғана емес, сонымен қатар меншіктік құқықтар, интелекуалдық қызмет нәтежесі және басқа да мүліктерді қосуға болады.

Материалды емес активтер бастапқы кезеңде жасалған келісім шарттағы бағамен немесе арнайы құрылған комиссияның қойған бағасымен кіріске алынады. Кей жағдайда активтердің материалдық үлгісі болмағанына қармастан материалды емес активтер өздерінің нақты құнынан әлдеқайда жоғары бағаланады. Олар келіп түскен құжаттарына сай, материалды емес активтердің амортизациясы көрсетіле отырып есепке алынады. Тараптардың келісімі бойынша нарықтық шектеулермен бір біріне берілуі мүмкін.

Материалды емес активтер басқа мекемелерге,болмаса жеке тұлғаларға сатылса, тегін берілсе және моральдық тозуына орай немесе пайда келтіруін тоқтатуына байланысты есептен шығарылады.

Материалды емес активтерді танудың бір шарты, ондай активтерді пайдаланудан ұйым келешекте экокомикалық пайда табуға тиісті.

Материалдық емес активтерді иелігіне байланысты төрт топқа бөлуге болады:

1.Өндіріспен байланысты материалдық емес активтер.

Оларға жатқызылады: өнеркәсіптік (өндірістік) меншіктің нысандарына берілген құқықтар; өндірістік ақпаратты пайдалану құқықтары; интегралды микосызбалар технологиясы; өндірістік үлгілері, электронды – есептеуіш машиналар мен мәліметтер базасын бағдарламалық жабдықтау; табиғи ресурстарды пайдалану құқықтары;

2.Коммерциялық қызметпен байланысты материалдық емес активтер. Бұл топқа тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары; сауда маркалары; электронды – есептеуіш машиналар мен мәліметтер базасын бағдарламалық жабдықтау және басқалар жатқызылады. Өндірістік үлгілерді пайдалануға айрықша құқықты растайтын патенттер қолданылып жүрген заңдарға сәйкес беріледі, өндірістік үлгілерге патент Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тізіліміне тіркелген соң беріледі.

3.Лицензиялық келісім бойынша патент иесі (лицензиар) өндірістік үлгілерді пайдалану құқығын басқа түлғаларға да (лицензиат) бере алады, ал соңғысы лицензияларға төлемдер беріп тұруға және келісімде қарастырылған басқа да іс- әрекеттерді орындауға міндетті. Өндірістік үлгілердің құқықтық экономикалық және ұйымдастыру қатынастары Қазақстан Республикасы зандарымен реттеледі.Патенттер - бұл заңды түрде танылған және тіркелген ерекше құқықты куәландыратын құжат. Патенттік құқық оның иегеріне өнімді, үрдісті немесе қызметті пайдалануға, өндіруге, сатуға және бақылауға мүмкіндік береді. Мысалы, өндірісте патент оның иегеріне өнім шығаруға, сақтауға және сатуға (өткізуге), яғни өндірістік қызметпен шүғылдануға құқық береді. Патенттің әрекет ету мерзімі мемлекеттің заңнамаларымен анықталады, оның әрекеті оны берген мемлекеттің аймағында ғана жүргізіледі. Патентті берген кезде патенттік баж алынады.

Лицензия - (латын тілінен - еркіндік, құқық) - бұл жеке немесе заңды түлғаға белгілі бір қызмет түрімен айналысуға немесе белгілі бір іс-әрекет жасауға құзырлы мемлекеттік орган беретін рұқсат. Лиңензиялардың берілетіндерінің нысандарын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Франшиза - бұл белгілі кезеңге берілетін және келісімде көрсетілген коммерциялық кәсіпорын ашуға берілген құқық.

4.Табиғи ресурстарды пайдалану құқықтары - бұл мекеменің қызметін жүзеге асыру үшін ел ішіндегі және шетелдегі үйлерді және ғимараттарды салу (жасау) немесе сатып алудан пайда болған мүліктік құқық. Жер участкелері мен табиғи ресурстарды пайдалану құқығының құны жасаған немесе сатып алынған нысандардың орналасқан жер участкесінің жерін бағалауға байланысты.

Материалды емес активтер оларды сатып алуға төленген қаржы көлеміне бағаланады (бастапқы баға). Материалды емес ативтің бастапқы құнына ұйым сатып алуға жұмсаған нақты шығындарын кіргізеді,сонымен қоса қайтарылмайтын салықтар мен алымдарды және активтерді тікелей пайдалануға байланысты жұмсаған кез келген шығындарын қосады.

Материалды емес активтердің пайдалы қызмет көрсету мерзімі бір жылдан кем болмауға тиіс, болмаған жағдайда ондай активтер материалды емес активтердің қатарына қосылмайды.

Жасалынған материалды емес активтердің өзіндік құнына төмендегі шығындар кіреді:

· материалдар мен қызмет түрлерінің шығындары;

· активті жасау кезінде еңбек еткен еңбеккерлердің еңбек ақысы мен басқа да шығындары;

· активті жасау кезінде тікелей жұмсалған кез келген шығындар( алымдар, патенттер мен лицензиялардың амортизациясы);

· қосымша шығындар (негізгі құралдардың амортизациясын, жарналарын және жалдау құндарын тарату).

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.