Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Материалды емес активтердің амортизациясы



3 Материалды емес активтердің амортизациясы

Амортизация - бұл материалдық емес активтің пайдалы қызмет ету мерзіміндегі амортизацияланатын соманың жүйелік бөлінуі.

Пайдалы қызмет мерзімі белгіленген материалдық емес активтердің амортизацияланған сомасы осы мерзім ішінде жүйелі негізде бөлінуге тиіс. Амортизация сомасын есептеу үшін активтің пайдалы қызмет көрсететін мерзімін анықтау қажет. Оны екі түрлі жолмен іске асыруға болады. Біріншіден, пайдалы қызмет көрсету мерзімін, активтің жұмысқа жарамды уақытымен анықтауға болады. Екіншіден, оны өндірілетін көлеміне сәйкес есептеп шығаруға болады немесе оған сәйкес, ұйымның активті пайдалану арқылы табыс табатын мерзіміне сәйкес анықтауға болады. Активтің қалдық құнын анықтау басты назарда болады. Ол ұйымның активті пайдалану мерзімі аяқталған кездегі болжаған құнына тең келеді. Оның сомасы егер активтің пайдалы қолдану мерзімі келісім шартпен анықталған болса активті сатуға жұмсалған шығынды алып тастағаннан кейін қалған сомаға тең. Сол мерзімге сәйкес амортизация да есептелетін болады.

Амортизация, әдетте,пайда және залалдар туралы есепте танылады. Бірақ кейде активте бекітілген экономикалық кіріс басқа активтерді өндіру кезінде жойылып кетеді. Бұл жағдайда амортизация басқа активтің өзіндік құнының бір бөлігін құрайды және оның баланстық құнына енгізіледі. Мысалы, өндірістік процесте қолданылатын материалдық активтердің амортизациясы қорлардың баланстық құнына енгізіледі. Пайдалы қызмет мерзімі белгіленген материалдық емес активтерді амортизациялау кезеңі және әдісі кем дегенде әрбір қаржылық жылдың аяғында талдауға жатады.

Материалдық емес активтердің пайдалану мерзімін дұрыс және дәлелді есептеуге олардың амортизациясын өндіріс пен айналым шығындарына жатқызудың негізділгі, яғни кәсіпорын қызметінің нақты қаржылық нәтижелері тәуелді.

Материалдық емес активтердің амортизациясының бір айдағы және жыл бойындагы көрсеткішін анықтау үшін «Материалдық емес активтердің амортизациясы есептеу тізімдемесін» пайдаланады.

Амортизацияның (тозу) есептелінген сомасына 7110 «Тауарларды(жұмыстарды, қызметтерді) сату шығындары», 7210 «Жалпы және әкімшілік шығындары», 8415 «Негізгі құралдардың тозуы және материалдық емес активтердің амортизациясы» және басқа шоттар дебеттеледі және 2720-2740 «Материалдық емес активтердің амортизациясы» бөлімшесінің шотттары кредиттеледі. Материалдық емес активтердің амортизация сомасы тиісті машинограммалар мен есеп регистрлеріне тіркеледі.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.