Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Материалдық емес активтердің есебін ұйымдастыру



2 Материалдық емес активтердің есебін ұйымдастыру

Материалдық емес активтердің бухгалтерлік есебі мыналарды қамтамасыз етуі керек:

· олардың түсуі, қозғалысы және шығуымен байланысты барлық өзгерістерді уақытылы және дұрыс құжаттап рәсімдеу және есепте көрсету;

· материалдық емес активтердің әрбір нысандарының сақталуына және тиімді пайдалануын бақылау;

· материалдық емес активтердің амортизацияланатын сомасын уақытылы және дұрыс есептеу, есепте көрсету;

· материалдық емес активтерді өткізу (сату) және басқа да шығу нәтижелерін есепте нақты және дұрыс көрсету;

· материалдық емес активтерді түгендеуді уақытылы және толық өткізу және оның нәтижелерін есепте көрсету.

Материалдық емес активтердің құны оларды алуға жұмсалған нақтылы шығындардан және пайдалануға (жұмсалған нақтылы шығындардан) дайын жағдайға келтіруге жұмсалған шығындардан құралады.

Материалдық емес активтердің нақты барлығы мен қозғалысын есепке алу үшін Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарында 2700 «Материалдық емес ақтивтер» бөлімшесінің келесі шоттары қарастырылған:

2710 «Гудвилл»

2730 «Өзге материалдық емес активтер»

Материалдық емес активтердің түсуі «Материалдық емес активтерді қабылдап алу-беру келісімімен» рәсімделеді. Келісімде материалдық емес акгивтердің түрлерінің дұрыс атаулары, оның қысқа сипаттамасы, жөнелтуші мекеменің (жеке кәсіпкердің) атауы, деректемелері, құжаттың нөмірі мен жасалған күні, нысанды пайдалануға беру күні (айы, жылы), материалдық емес активтерді бағалау тәсілдері мен бастапқы құны (теңгемен), пайдалы қызмет мерзімі, амортизация мөлшері және сомасы, беру негіздемесі көрсетіледі.

Материалдық емес активтерді қабылдау кезінде келісім әрбір қабылдап алынатын нысанға бір данадан жасалады.

Құны бірдей және бір күнтізбелік айда қабылданған материалдық емес активтердің бірнеше бір тұрпатты нысандарын қабылдауды рәсімдейтін жалпы келісім жасауға жол беріледі.

Ескеру керек, есепке алынатын материалдық емес активтердің кез-келген нысаны, оны сатып алушыда сол немесе өзге объективті нысанда көшіріліп көрсетілуі мүмкін. Егер тауарлық белгіге құқықты алғанда, онда тауарлық белгінің иесі осы құқықты алу үшін куәлік негіз болады, ал иесі тауарлық белгіге иесінің құқығын немесе оны басқа мекемеге берілген деректі растайтын лицензиялық келісім-шарт негіз болады. Куәлік және лицензиялық келісім-шарт заңдармен белгіленген тәртіпке сәйкес рәсімделіп, Қазпатенттетіркелуі тиіс. Осыған ұқсас құжаттармен мекеменің алған материалдық емес активтерінің басқа да түрлері расталуға тиіс, оларда нысандардың және оларды пайдалану тәртібі, сондай-ақ осы нысандарға қарастырылған мекеменің мүліктік құқығы баяндалады. Бұл құжаттар «Материалдық емес активтерді қабылдап алу- беру келісіміне» тіркеледі.

Келісімге лауазымды және материалдық емес активтер нысанын қабылдап алған материалдық жауапты тұлғалар қол қойып, мекеменің бухгалтериясына тіркелген құжаттармен бірге өткізіледі. Кесімнің жасалғанының дұрыстығын тексергеннен кейін бас бухгалтер оған қол қояды да, мекеменің жетекшісі немесе оған уәкілетті тұлға кесімді бекітеді.

Материалдық емес активтерді бухгалтерлік есепте сатып алу, жасау шығындары және оларды жоспарланған мақсаттарға пайдалануға жарамды жағдайға жеткізу шығындар сомалары бойынша керсетіледі.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.