Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Материалды емес активтерді түгендеу және қайта бағалау



4 Материалды емес активтерді түгендеу және қайта бағалау

Материалдық емес активтерді мүліктік түгендеу барысында кәсіпорынның меншіктік құқы бар материалдық емес активтердің нақты бар болуы; олардың баланста дұрыс және уақытында көрстеілуі материалдық емес активтердің тозуын есептеудің дұрыстығы, мамандық тозырауға ұшыраған активтер тексеріледі. Негізгі құжаттарда материалдық емес активтер объектілерінің толық сипаттамасы болуы керек, олардың бастапқы құны, пайдалану мерзімі, амортизациялау нормасы, объект пайдаланылатьн құрылым және басқа мәліметтер көрсетіледі. Материалдық емес активтерді мүліктік түгендеу барысында объектінің нақты барын және кәсіпорынның оны пайдалану құқығын растайтын құжаттар тексеріледі. Бұл құжаттарға материалдық емес активтердің объектісі немесе оны пайдалану тәртібін сипаттайтын және кәсіпорынның мүліктік құқықтарын растайтын құжаттар жатады.

Жағдайдың шұғыл түрде өзгеруіне орай, материалды емес активтердің тез арада ескіруі мүмкін. Мысалы, өндірісте қолдану үшін ұйым электронды база жасаған, пайдаланылатын өндірістік технологияның өзгеруіне байланысты, ол бағдарлама уақыт өте келе өзінің пайдалы қасиеттерін жоғалтқан. Осыған байланысты материалдық емес активтің пайдалы қызмет көрсету мерзімі мен амортизация есептеу тәсілі өзгертіледі. Пайдалы қызмет көрсету мен амортизация есептеу тәсілін қаржылық есепті жасау мерзіміне сай өзгертіп отыруға болады. Яғни, оларды жыл көлемінде алмастыруға болмайды, себебі ол қаржылық есеп жасаудың негізгі талаптарына қайшы келеді. Бірақ, егер материалды емес активтерді пайдаланудан ешқандай экономикалық пайда алынбайтыны белгілі болса, ондай активтерді бухгалтерлік баланстың есебінен шығарып тастауға болады.

Стандарттар бойынша материалды емес активтердің бағасын тек қана оларға қосымша шығын жұмсалған кезде көбейтуге болады. Ол кезде, материалды емес активтердің баланстық құнына қосылатын шығындарды қосу тәртібі сақталуға тиіс.

Осыған орай, шығындарды есепке алудың төмендегі ерекшеліктерін басшылыққа алу қажет. Егер шығындар активтердің болашақта экономикалық пайда әкелетініне күдік келтірмесе және ондай шығындардың мөлшерін анықтау мүмкіндігі бар болып, оларды аталған активтерге қосуға ешқандай кедергі жоқ болса, ондай шығындар активтердің баланстық құнына қосылады. Олай болмаған жағдайда шығындар бағаға қосылмайды. Басында шығын есебінде толмаған сомалар,уақыт өте келе материалдық емес активтер бағасының бір бөлігі ретінде танылмайды.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.