Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Бағдарламаланған (келісілегн) жауаптар:(егер қажет болса)



Бағдарламаланған (келісілегн) жауаптар:(егер қажет болса)

Сұрағанда, анамнез жинағанда Сіз барлық шағымдарыңызды нақты айтуыңыз, ауырып тұрған жеріңізді көрсетуіңіз қажет;

Симптомдарды анықтағанда – Сіз ауырсынуды сезінесіз;

Сол қабырға мен омыртқа бұрышының аймағындағы ауыру сезімі – Мэйо-Робсон симптомы.

Ұйқы безінің проекциясында эпигастральды аймақтағы алдыңғы құрсақ қабырғасының ауру-сезімдік төзімділігі –Керте симптомы.

Дәрігер сізден қандай ауруды анықтады және бұл жағдай немен байланысты екенін Сіз одан сұрайсыз. Дәрігер сіздің ұйқы безіңіз қабынғанын, оның себебі алкоголь қабылдаумен және майлы тамақ жеумен байланысты екенін түсіндіріп айтады. Сіз дәрігерден сізге ары қарай не істеу керек және қандай зерттеулер тағайындайтынын сұрайсыз.

Зертханалық көрсеткіштер:

Дәрігер сізге анализдер тағайындады: жалпы қан талдауы, биохимиялық қан талдауы, жалпы несеп талдауы.Іш қуысының УДЗ және КТ-сы.Дәрігер сізге бұл зерттеулерді қандай мақсатпен тағайындағанын түсіндірді. Кейіннен дәрігер сізге жасалған зерттеулердің нәтижелерін жеткізді:

Қан талдауларында – лейкоциттер деңгейі жоғары, амилаза, билирубин жоғарылаған, организмдегі қабынудың бар екенін көрсетеді. Несеп талдауында амилаза мөлшері жоғарылаған. Сіздің жағдайыңызда бұл сіздің ауруыңызбен байланысты. УДЗ мәліметтері бойынша – ұйқы безінің өлшемдері ұлғаюымен және диффузды өзгерістерімен жедел панкреатиттің көрінісі. Құрсақ қуысының КТ-да жедел панкреатиттің белгілері бар.  

Дәрігер сізге соңғы диагнозыңызды айтады. Сізде: Жедел панкреатит, ісіну формасы, ауыр ағымы. Ауруханаға жатып емделуіңіз керек екеінін түсіндіріп, консервативті ем тағайындайды. Егер госпитализациядан және емнен бас тартса қандай асқынулар болатыны жайында сізді ақпараттандырады. Госпитализацияға сіздің рұқсатыңызды сұрап, жазбаша келісіміңізді сұрайды.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.