|
|||
Келетін ойлар. Тәртібіңз. Ойналуы тиіс физикалдық симптомдарКелетін ойлар Мен бір нәрседен уланып қалдым деп ойлаймын, өйткені мен қайта қайта құса бердім ғой. Бірақ жедел көмек дәрігері бұл жедел панкреатит болуы мүмкін екенін және оның қаншалықты қауіпті екенін айтып еді.. Мазасыздық: Дәрігер Сіздің мазасызданып отырғаныңызды ауруыңызбен байланысты екенін анықтайды. Сіз айтасыз: «Мүмкін маған ұзақ емделу керек, тіпті ота жасауы да мүмкін бе. Мен мүгедек болып қаламын ба деп қорқамын». Күтілетін жағдай: Дәрігер Сіздің ауруханаға жүгінгеніңізге байланысты екенін түсіндірді. Сіз айтасыз: «Мені тексеріп, диагнозымды қойып және қажет ем тағайындап, мен тез жазылып кететініме сенімдімін». Сезімңіз: Көңіл күйіңіз нашар. Ойын инструкциясы: Тәртібіңз Сіздің мінез-құлқыңыз ақылға қонымды, мазасыздық бар. Ойналуы тиіс физикалдық симптомдар Дәрігер ішіңізді қарайды. Пальпация кезінде ішіңіздің жоғары бөлігіндегі ауру-сезімінің күшеюіне байланысты, бетіңізде гримаса (түріңізді бұзасыз) пайда болады, сосын сіз дәрігердің қолын алып тастауға тырысасыз. Симптомдарды анықтаған кезде Сіз қатты мазасызданып, ішіңізді тартып, қиналған дауыс шығарасыз. Физикалық көрсеткіштер: Сіз қоярға орын таппай мазасызданып жатырсыз, ыңғайыңызға келе алмай іштегі қатты ауру сезіміне байланысты қиналған дыбыс шығарасыз. Дәрігер қан қысымыңызды өлшейді, пульсіңізді, тыныс алу жиілігін санайды, жүрегіңізді, өкпеңізді тыңдап, бұлшықет тонусын, терінің тургорын анықтайды. Ішіңізді қарайды. Сіз осы шараларға келісіп, дәрігердің айтқанын орындайсыз.
Сіз қоюыңыз мүмкін сұрақтар: • Сіз менің ауруымды қандай ауру деп болжайсыз? • Қандай зертртеулер диагноз қоюға көмектеседі? • Сіз мені қалай емдейсіз? • Мен қаншалықты ұзақ емделемін? • Маған ота жасау қажет па? • Қанша күннен кейін мен жұмысқа шыға аламын?
|
|||
|