Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





СТАНДАРТТЫ НАУҚАСҚА АРНАЛҒАН КЛИНИКАЛЫҚ СЦЕНАРИЙ (СН)



СТАНДАРТТЫ НАУҚАСҚА АРНАЛҒАН КЛИНИКАЛЫҚ СЦЕНАРИЙ (СН)

Клиникалық жағдайдың номері: 

Клиникалық жағдайдың аты: «Жедел панкреатит, ісіну формасы, ауыр ағымы»

Есімі:Ганиев Мурат Алиханович

Жасы:38жаста

Жынысы:ер адам

Орнатылым

Сіз ауруханаға жедел көмек машинасымен келдіңіз.

Айналадағы жағдай:Қабылдау бөліміндегі хирургтың кабинеті.Сіз кушеткада отырсыз.

Клиникалық жағдай:

Дәрігер алдымен амандасады, өзін таныстырады, сізді кушетаға жатуын сұрайды. Ыңғайлы жатырсыз ба, жоқ па, соны сұрайды. Сіз өзіңізге жеңілдік әкелетіндей ыңғай таппай жатқаныңызды айтасыз. Сіздің атыңызды, жасыңызды сұрайды. Сіздің шағымдарыңызды сұрастыра бастайды. Сіз арқаңызға қарай берілетін, ішіңіздің жоғарғы жағы қатты, үнемі ауруп тұрғанын айтасыз. Сіз ары бері аунап, өзіңізге ыңғайлы жағдай іздеуге тырысасыз да қатты ауру-сезімінен қиналған дыбыс шығарасыз.

Ауру анамнезі:Сіз қашан ауырдыңыз және ауру қалай басталғанын дәрігер анықтап сұрайды. Сіз ауру 4-5 сағат бұрын кенеттен пайда болғанын, ішіңізді айналдыра отырып үнемі ауырып тұрғанын, арқаңызға берілетінін айтасыз. Ары қарай дәрігер сізден құстыңыз ба, жоқ па, және тағы қандай шағымдарыңыз бар екенін сұрайды. Сіз біренеше рет құсқаныңызды, ол жеңілдік әкелмегенін, басыңыз айналып, жүрегіңіз айнып тұрғанын, аузыңыздың қатты құрғап тұрғанын айтасыз. Дәрігердің немен байланыстырасыз? – деген сұрағына: - майлы тамақ жеген соң және ішімдік ішкен соң пайда болғанын айтасыз.

Бұрын ауырған ауруларыңыз/ жасалған оталар:ота жасалмады.

Өткерген арулар: созылмалы баспа (ангина), жылына 1- рет суықтанып ауырамын

Аллергиялар:жоқ

Жанұялық анамнез

Анам қант диабетімен ауырады.

Әлеуметтік анамнез жеке тұлға типі:   

Жанұялық жағдайы:үйленгенмін

Балалар:екі балам бар

Мамандығы/Білімі:слесарь.

Тұрғылықты жері: Алматы қ.

Өмір сүру жағдайы:қанағаттанарлық

Темекі :шекпеймін

Алкоголь:3 жыл болды қабылдағаныма, ішімдікке салынған кездер болды.

Тағайындаусыз дәрілер қабылдаған кездеріңіз болды ма:қабылдамаймын

 

Пациенттің жағдайы:



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.