|
|||
Күтілетін нәтижелер3. Күтілетін нәтижелер 6. Курс соңында тыңдаушылар: 1) Қазақстан Республикасының білім беру саласында басты құқықтық реттеу нормативтік құжаттарын; жаңа ҚР МЖММТОС пен мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Типтік бағдарламасы құрылымының теориялық және тәжірибелік негіздерін; технология негізінде әдістемелік жұмыстардың сапасын басқаруды; мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу типтік бағдарламасын дамыту және ҚР МЖММТОС негізінде ұйымдарды басқарудың психологиялық-педагогикалық негіздерін; өзіндік педагогикалық ұстаным мен әдіскердің кәсіби құзыреттілігін және оқыту үдерісін ұйымдастыру мен педагогикалық тәжірибенің маңыздылығын біледі; 2) білім беру қатынастарына қатысушылардың құрастырған Бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметін реттейтін нормативті-құқықтық актілерді қолдануды; педагогтермен, балалармен жұмыс жасауда сыни ойлауды дамытуға бағытталған интерактивті әдістерін құрастыруды; өзінің қызметіне бағалау жүргізуды біледі; 3) МДҰ білім беру үдерісін бағалау сапасының диагностика мен дамыту үдеріс өткізу мониторинг жүргізу дағдыларын; заманауи ғылыми зерттеулердің негізінде басқару тәжірибесін жетілдіру дағдыларын; балалар мен педагогтердің жұмысында ақпараттық-коммуникациялық техгологияларды (бұдан әрі – АКТ); мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу үлгілік мен білім беру бағдарламалардың концептуалды негіздерін меңгереді. 4.Бағдарлама мазмұны 7. Бағдарлама 5 модульден тұрады: 1) нормативті-құқықтық модуль; 2) психологиялық-педагогикалық; 3) мазмұндық; 4) технологиялық; 5) вариативтік. Басшы кадрлар үшін басшыларға басқарушылық модулі қосылады. 8. Нормативтік-құқықтық модульде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты 30.11.2015 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы, білім беру және тәрбиелеу аспектілері «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 ж.ж. арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру, 2014-2016 жылдардағы білім мен ғылымды дамытудың басты бағыттары, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты «Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру» (23.08.2012ж.), ҚР МЖБС жобасы № шығ: 3851/1.4-10/5502,10.04.2015, философия, методология и инклюзивті білім берудің басты бағыттары бойынша мәселелер қарастырылады. 9. Психологиялық-педагогикалық модулде келесі тақырыптар зерделенеді: 1) Әдіскерлердің кәсіби қызметінің педагогикалық жағдайдың тиімділілігін; 2) «Өзін-өзі тану» оқу қызметінің құрылымындағы жаңа тәсілдер; 3) Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде әдіскерлердің инновациялық технологияларды енгізуге дайындығы; 4) Мүмкіндігі шектеулі (бұдан әрі - МШ) балаларды психологиялық және педагогикалық сүйемелдеу ерекшеліктері. 10.Мазмұндық модулде төмендегідей мәселелер қарастырылады: 1) Мектепке дейінгі ұйымның жылдық жоспарының құрылымы мен мазмұны. Аналитикалық негіздеме. Әдіскердің номенклатурасы мен құжаттамалары; 2) Қазақстан Республикасындығы заманауи саясаты мәнмәтініндегі инкюзивті білім беру. Халықаралық тәжірибе; 3) МДО оқу-тәрбие жұмысында сыни ойлау негізінде бағалау қызметін құрастыру; 4) Әдіскердің аттестаттауға жұмыстарын ұйымдастыру, педагог портфолиосы; 5) Әдіскерлік жобалар – МДО жұмысындағы инновациялық үдерістерді жандандыру мен қолдауының негізгі элементі; 6) Г. Альтшуллера (ТРИЗ) технологииясы «Луллия сақиналары» сандық білім берудің мазмұнынын таныстыру арқылы ұйымдастырылған оқу қызметінің (бұдан әрі – ОҚ) құрылымы; 7) әдістемелік жұмысының технологиялық картасы; 8) МДО білім беру үдерісіне балалардың ерте дамуына арналған заманауи педагогикалық техгологиялар мен әдісмелер (М. Монтессори, «Step by Step», Н. Зайцев, Г. Альтшуллер, В. Воскобович, М. Ибука және т.б.). Сингапурдың ұлттық білім беру жүйесінің тәжірибесі; 9) М.Монтессори, В. Воскобовичтің педагогикалық технологиялары арқылы балаларды топтық жұмыста оқу-ұйымдастыру қызметі. Құм терапиясы. (Инклюзивті білім беруде технологиялық карталарды жасауда әдістемелік ұсыныстар); 10) Ата-аналармен МДҰ заман талабына сай қарым-қатынасы; 11) МДҰ әдістемелік қызметінің құрылымдық ерекшелігі; 12) МДҰ әдістемелік қызметтің тәжірибе алмасуы, оның жұмысын тиімділігін қамтамасыз ететін қорларды табу; 13) ұйымдастыру-педагогикалық қолдау жүйесі (педагогикалық кеңесті ұйымдастыру, педагогикалық сағаттар, жас педагог мектебі (бұдан әрі –ЖПМ), өзара сабаққа қатысу және т.б.); 14) Әдістемелік жұмыстың ұйымдастыру-педагогикалық аспектілерін жетілдіру: мектепке дейінгі білім берудің жаңару жағдайында болжаулар мен мәселелер; 15) М. Монтессори педагогикалық жүйесі негізінде мектепке дейінгі балалардың құзыреттілігін дамыту; 16) жылдық жоспарды құру және оны панорамалық қорғау. Жас мұғалім мектебінің жоспарын құру және оны панорамалық қорғау. Әдіскердің жұмысын ұйымдастырудың жоспарын құру және оны панорамалық қорғау. 11. Технологиялық модулде келесі мәселелер бойынша практикалық тапсырмалар орындалады: 1) МДҰ білім беру қызметінде сыни тұрғыдан ойлау техногогиясын қолдану; 2) Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру мен тәрбиеде АКТ-ны қолдану. Электрондық портфолио құру; 3) Мектепке дейінгі білім берудің жаңару жағдайында әдіскердің жұмыс орнын автоматтандыру; 12. Вариативті модулде тыңдаушылардыңқажеттіліктеріне сәйкес келесідей тақырыптардытаңдау мүмкіндігі беріледі: 1) Философия, методология және инклюзивті білім берудің басты бағыттары; 2) Педагогтардың кәсіби шеберлігін көтеруде өзін-өзі оқытуды ұйымдастыру; 3) Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруда шеберлік-сынып технологиясы. Курс тыңдаушыларының қажеттіліктеріне сәйкес вариативті модуль көлемі 2-6 сағатқа дейін өзгеруі мүмкін.
|
|||
|