Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері



 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2016 жылғы «28» қаңтардағы

№ 92 бұйрығына 5-қосымша

 

«Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырудың педагогикалық аспектілері» тақырыбындағы педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы

1. Кіріспе

 

1. «Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырудың педагогикалық аспектілері» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлерін оқытуға арналған.

2. Мектепке дейінгі ұйымдарда (бұдан әрі - МДҰ) білім беру процесін жалпы білім берудің жаңа Типтік бағдарламасына сәйкес жобалау қажеттілігі мектепке дейінгі ұйымдар әрекетінің негізгі бағыттарын білім беру жүйесіндегі жаңғырту өзгерістерістеріне сәйкес қайта қорытумен, білім беру процесін педагогтер мен тәрбиешілер қоғам, ата-ана және балалардың әлеуметтік тапсырыстарына жедел және үйлесімді жауап бере алатындай етіп ұйымдастырумен байланысты.

3. Білім беру бағдарламасы мектепке дейінгі ұйым әдіскерлерін мектепке дейінгі жастағы балалардың түйінді құзіреттерін қалыптастыруға бағытталған Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы жаңа нормативтік құжаттарына, соның ішінде жалпы білім берудің жаңа Үлгілік бағдарламасына сәйкес білім беру процесін ұйымдастыруға қажетті білім беруге бағытталған.

 

 

2. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері

 

4. Бағдарлама мақсаты мектепке дейінгі ұйым әдіскерлердің кәсіби құзыреттіліктерін мектепке дейінгі білім беруді жаңарту жағдайында әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырудың педагогикалық аспектілеріне сай жетілдіру.

5. Бағдарлама мақсатына жетудегі міндеттер:

1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары қызметінің нормативтік-құқықтық актілер жайында білімін өзектендіру;

2) әдіскердің функционалдық міндеттері, рөлі туралы түсінігін, әдіскерлік қызметтік міндеттері туралы білімін кеңейту;

3) МДҰ әдістемелік қызмет жүйесі туралы, оның құрылымы мен әдіскердің құжаттар базасы туралы түсінігін кеңейту;

4) мектепке дейінгі жастағы балалардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерінің деңгейін көтеру;

5) балалардың ерте даму әдістемесі мен технологияларды қолдану дағдыларын қалыптастыру;

6) МДҰ қатысты басты бағдарламалық құжаттардың мазмұны, тағайындаулар, құрылымы жайында білімдерін кеңейту; (Концепциялар, мектепке дейінгі ұйымдардың даму Бағдарламалар және т.б.);

7) әдістемелік жұмыстарды ҚР МЖМБС (23.08.2012г.), ҚР МЖММТОС жобасының 10.04.2015 ж. № шығ: 3851/1.4-10/5502 заманауи талаптарына сәйкес өңдеу;

8) жаңа ҚР МЖММТОС, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Типтік бағдарламасы енгізілуінің аясында ата-аналар мен серіктестіктердің қарым-қатынас дағдыларын жетілдіру.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.