|
|||
Бағдарланған (келісілген) жауаптар:(қажет жағдайда)Бағдарланған (келісілген) жауаптар:(қажет жағдайда) Дәрігер сізге айтады,шағымдарын, аурудын дамуын, қарап тексеру нәтижесінде сіде жедел холецистит диагнозы қойылды деп. Сіз дәрігерден ары қарай не істейтінін, қандай зерттеулер жүргізетіні туралы сұрап білсеңіз болады. Лабороториялық зерттеулер көрсеткіші:Дәрігер сізге тағайындаған анализдер: қанның және зәрдің жалпы анализі, қанның биохимиялық анализі, құрсақ қуысына УДЗ. Дәрігер осы анализдерді қандай мақсатта жасағаны туралы түсіндіреді. Ары қарай дәрігер сізге тексерілген зерттеулердің қорытындысын мәлімдейді: Құрсақ қуысы мүшелерінің УДЗ нәтижесі – өт қабы 10х6 см, өт қапшығының қабырғасы 7 мм қалыңдаған, өт қапшығы кеңейген, қабырға маңында майда тастар бар, қабырға маңына сұйықтық жиналған - ӨТА. Жедел калькулезді холкцистит. Дәрігер сізге қорытынды диагнозды мәлімдейді. Сізде ӨТА. Жедел калькулезді холецистит. Сізге ауруханаға жатып оперативті ем – холецистэктомия операциясын жасау керектігін айтады. Сізге емделуге қарсы болсаңыз қандай асқынулар болатыны туралы мағлұмат береді. Сіздің ауруханаға жатып емделуге және операцияға келісіміңізге, жазбаша түрде келісім бер уіңізге рұқсат сұрайды. Қосымша комментариилер\мәліметтер Берілген сценарий мақсаты дәрігердің сіздің ауруыңыз жайлы түсініктеме беруі және дәрігер мен сіздің дұрыс шешім қабылдаулырыңыз болып табылады. Кейбір науқастар жедел холециститтің қауіптілігін ескермей, отадан бас тартады. Дәрігер сізге барлық асқынулар мен соның салдарын түсінікті жеткізуі керек. Нәтижесінде, сіз дәрігерге толығымен сеніп, оның кеңестері мен нұсқауларын орындауыңыз қажет.
|
|||
|