Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Науқас жағдайы. зін-өзі ұстауы. Ойынға қажетті физикалық симптомдар. Физикалық көрсеткіштер



Науқас жағдайы

Ойлары және тұжырымдары:

Дәрігер сізден сұрайды, сіз өзіңіздің жағдайыңыз туралы не ойлайсыз. Сіз өзіңіздің ойыңызды айтасыз: «Мен уланып қалдым деп ойлаймын, өйткені менде құсу болды. Бірақ, жедел жәрдем дәрігері холецистит болуы мүмкіндігін және осы ауру жайлы түсіндірді». 

Уайымы:

Дәрігер сіздің қобалжуыңыз ауруыңызға байланысты екенін түсіндіреді. Сіз айтасыз: «Егер диагноз дәлелднсе, мен болатын операциядан қорқамын». 

Болжау:

Дәрігер сіздің қобалжуыңыз, ауруханаға қаралғаныңызға байланысты екенін түсіндіреді. Сіз айтасыз: « Мені толық тексеріп, диагнозды  нақты қойса, алдағы операция жақсы өтеді және мен толық жазыламын деп ойламын».

 Сезімдері:

Дәрігер қазіргі жағдайда сіз қандай сезімде тұрғаныңызды анықтайды. Сіз айтасыз: «Қорқыныш, шаршағандық және әлсіздік сеземін, сосын менімен ары қарай не болады деп ойлаймын».

Ойын бойынша нұсқаулар:

Өзін-өзі ұстауы

Сіз өз-өзіңізді қозу жағдайында ұстайсыз, қарым-қатынасыңыз жақсы, сұрақтарға дұрыс жауап бересіз.Оң жақ қабырға астын оң қолымен ұстап тұрасыз.

Ойынға қажетті физикалық симптомдар

Дәрігер ішке пальпация жасайды. Сіз қай жерде ауру сезімі болғанын айтасыз. Дәрігер оң жақ қабырға астын пальпациялау кезінде – сіз өтқабы орналасқан жерде кенеттен ауру сезімін сезесіз (Мерфи симптомы).

Дәрігер оң жақ қабырға доғасы бойымен ұрғылау жүргізеді. Сіз оң жақ қабырға астында ауру сезімін сезесіз(Ортнер симптомы)

Физикалық көрсеткіштер

Дәрігер АҚ қысымын, тамыр соғысын, тыныс жиілігін, жүректі, өкпені аускултациялық тыңдау, буындардың қозғалысын, бұлшық-ет тонусын, терінің тургорын тексереді. Сіз осы тексерулерге келісіп, дәрігердің айтқанын орындайсыз.

Қойылатын сұрақтар:

• Қандай зертханалық мәліметтер менің диагнозымды нақтылайды?

• Егер де диагноз нақтыланса, қашан мені операцияға аласыз?

• Маған қашан операция жасай аласыз?

• Лапароскопиялық операция жасауға бола ма?

• Жалпы наркоз менің ағзам үшін зияны жоқ па? 

• Операция қанша уақытқа жалғасады?

• Операциядан кейінгі күтілетін жағдайлар?

• Операциядан кейін қанша күнде жұмысқа шыға аламын?

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.