Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





СТАНДАРТТАЛҒАН НАУҚАСҚА КЛИНИКАЛЫҚ СЦЕНАРИЙ(СП)



СТАНДАРТТАЛҒАН НАУҚАСҚА КЛИНИКАЛЫҚ СЦЕНАРИЙ(СП)

Клиникалық есеп номері: ОА - 1

Клиникалық есеп атауы: «Жедел калькулезды холециститтің диагностикасы мен хирургиялық тәсілдері»

Науқастың аты-жөні:Ибрагимова Динара Амановна

Жасы: 56 жас

Жынысы:әйел

Талаптар

Сіз ауруханаға жедел жәрдем көлігімен келдіңіз.

Айналадағы жағдай:Қабылдау бөліміндегі хирургтың кабинеті. Сіз кушеткада отырасыз.

Клиникалықжағдай:

Дәрігер сәлемдесіп, өзін таныстырып, кушеткаға жатуды өтінеді. Аты-жөніңізді, жасыңызды сұрайды. Сізге кушеткаға жатқан, қиындық туғызбайтынын білгісі келеді. Шағымдарыңызды анықтайды. Сіз эпигастриде және оң жақ қабырға астындағы қарқынды ауру сезіміне және ол оң жақ жауырынға таралатынына шағымданасыз. Ауру сезімін сипаттайсыз - жедел, кенеттен; әлсіздік, жүрек айну, құсу 1рет.

Ауру анамнезі:

Дәрігер сіз қашан ауырғаныңызды, қалай басталғанын анықтайды. Сіз айтасыз - ауру сезімі майлы қуырылған тағам жегеннен кейін, шамамен 5 сағат бұрын басталды. Бұрында оң жақ қабырға астында ауру сезімі байқалмаған. Ауру сезімі тоқтамағандықтан, мен жедел жәрдем шақырдым. Ары қарай дәрегер сізден сұрайды – ауруды сіз немен байланыстырасыз деп. Сіз жауап бересіз – мүмкүн мен түстікте қуырылған майлы тамақ жегеннен болған шығар деп.

Басынан өткізген аурулар\операциялар

Бұрын ешқандай операция жасалынбаған.

Созылмалы тонзилитпен ауырамын.

Аллергиялар: жоқ

Медикаменттер

Кез-келген дәрі-дәрмектер мен тағамға аллергям жоқ.             

Жанұялық анамнез

Ерекшеліктері жоқ

Әлеуметтік анамнез және тұлға типтері:

Жанұялық жағдайы:тұрмыста

Балалары:Екі баласы бар

Мамандығы\білімі:Оқытушы, жоғары

Тұрғылықты мекен жайы: Алматы қаласы

Өмір-сүру салты:қанағаттанарлық

Темекі шегу:шекпеймін.

Алкоголь:ішпеймін.

Рецептсіз берілген дәрілер:қабылдамаймын.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.