|
|||
Хирургия»бағыты бойынша 7 курс интерндерінің қорытынды бақылауына арналған медициналық симуляция сценариіСтр 1 из 5Следующая ⇒ «Хирургия»бағыты бойынша 7 курс интерндерінің қорытынды бақылауына арналған медициналық симуляция сценариі 2017-2018оқу жылдары (2 этап – клиникалық дағдыларды бағалау) Клиникалық есеп номері: ОА - 1 Клиникалық есеп атауы: «Жедел калькулезды холециститтің диагностикасы мен хирургиялық тәсілдері». Клиникалық есеп: 56 жастағы әйел кісі, қабылдау бөліміне эпигастриде және оң жақ қабырға астындағы қарқынды ауру сезіміне, оң жақ жауырынға иррадиациялануына, әлсіздік, жүрек айну шағымдарымен жеткізілді. Аурудың басталуын майлы тағам жеумен байланыстырады. Бұрын оң жақ қабырға астында ауру сезімі байқалмаған. Науқас қобалжулы, әңгімелесу барысында қатынасқа ынтамен кіріседі. Оң жақ қабырға астын қолымен ұстап тұр. Объективті: Бойы 162 см, салмағы 85 кг. Тері қабаттары қалыпты түсті. Дене температурасы 37,50С. Дене бітімі дұрыс қалыпта. Тілі ақ жабындымен қапталған. АҚ 110\70, ЖСЖ – 90, ТАЖ – 18. Жүрек тондары анық, ритмді. Тынысы везикулярлы, сырылдар жоқ. Status localis:Іші қалыпты формада, аздап үлкейген.Пальпация жасағандаоң жақ қабырға астында ауру сезімі байқалады, Ортнер және Мерфи симптомдары оң. Газды желі шығады. Нәжіс және зәрі қалыпты.
Клинико-зертханалық зерттеу әдістерінің мәліметтері Зерттеу нәтижелері: 1. ЖҚА Нв-113 г/л, эритроциттер – 3,9*1012/л, Нт - 38%, лейк – 16,1х109/л, ЭТЖ – 29 мм/сағ. 2. ЖЗА: түсіс/сары, тұнық, салыстырмалы салмағы – 1,022, ақуыз-теріс, зәр диастазасы– 32 Б. 3. Биохимиялық қан анализі: Билирубин 20 ммоль/л, АЛаТ 35 ммоль/л, АСаТ 42 ммоль/л, глюкоза 3,7ммоль/л;амилаза – 41ЕД\л . 4.Құрсақ қуысы мүшелерінің УДЗ – өт қабы 10х6 см, өт қапшығының қабырғасы 7 мм қалыңдаған, өт қапшығы кеңейген, қабырға маңында майда тастар бар, қабырға маңына сұйықтық жиналған - ӨТА. Жедел калькулезді холкцистит. Құрсақ қуысының УДЗ:
Тапсырма: 1. Өзін-өзі көрсету дағдысын қолданып шағымдарын, ауру анамнезін, өмір анамнезін жинау. 2. Науқастың психикалық жағдайын ескере отырып сұхбат жүргізу, қатынас орнату және сұрақтар жауабына қорытынды жасау. 3. Қарап тексеру қорытындыларын интерпретациялау. 4. Болжама диагноз қою (резюмирлеу дағдысы). 5. Лабораторлы-аспаптық зерттеулер тағайындау. 6. Лабораторлы-аспаптық зерттеулер нәтижелерін науқасқа түсіндіру. 7. Қорытынды диагнозды құрастыру және түсіндірі. 8. Ары қарай жүргізілетін тәсілді анықтау (жинақтау және кері байланыс дағдысы).
|
|||
|