Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





«Құлыным менің» – 2 3 страница



а й н а: (наздана) – Семейден, оның ішінде абралыдан қыз тандаған өзіңе обал жоқ...

 

мойнын қытықтап қар салады.

 

– Екеуіміз екі бағыттағы поезға мінген жолаушы секілдіміз.

«Дел-сал» деген дәріні ішіп алып, сенделіп жүрген секілдіміз. Біз өз жолымызды ғана білеміз, бірақ бұл жол қайда апарарын білмейміз... Кейде ойлаймын: ағыл-тегіл адам-ағыстың ішінде адасып өлгенше, машина басып кетсеші деп...

Қ а н а т: (ашулана) – анау аспанда күн, мынау қаржамылған қара жер, айналайын тамылжыған табиғат, әсем астана, әдемі өмірді қалай ғана қиып тастауға аузың барады!.. мүмкін емес қой...

а й н а: (езу тарта) – Әлсіреп тұрған адамға әлемнің әдемілігі неге керек... Көзіңді жұмсаң жоқ болып кетеді...

 

Пауза. мұңлы әуен толастамайды.

 

– мен кейде өзімді қос әйнектің екі ортасында қалып қойған қара шыбындай бейшара да қауқарсыз сезінемін. Кейде теңіз ортасында қалған ескексіз қайықтай қалтылдап, шарасыз күй кешемін... айтшы, Қанат, ақылың бар ғой... Осының барлығна кім кінәлі?!

Қ а н а т: (көрермендерге) – Не істеймін, ағайын, не істеймін?

Қ ы м б а т: Олар көмектесе алмайды...

 

Жедел жәрдемнің ышқынған даусы естіледі.


* * *

Жарық сөніп, қайта жанғанда Жан-мырза үйінің көрінісін көреміз. Дастархан жиналмаған. Дулат пен Әділеттің сәл қызыңқырағанын сеземіз. Қарлығаш пен анардың дауыстары ас бөлмеден ара-тұра естіледі.

Д у л а т: – Баяғыда біздің әкелеріміз: «маленков берген байталды, Хрущев келіп қайта алды» деп, әндетуші еді, – енді біз: «андропов алған водканы, Горбачев келіп жоқтады» деп, өлеңге қоссақ қайтеді. Төбеңе шаш шыққыр миша болмаса

– осылай ауыз бостандығын алар ма едік.

Қ а р л ы ғ а ш: (ас бөлмеден) – Дулат, әу, Дулат, бастық пен бас жаққа жолама деп қанша рет айтамын...Саясат сенің не теңің...

 

Дулат мысықтабандай басып есікті жауып келеді.

 

Д у л а т: (сыбырлап) – Әйелдерден саққұлақ кім бар екен. Дүние жүзіндегі өсекті бірінші болып естиді-ау. Тіпті қатыны бар үйге радио керек жоқ.

Ә д і л е т: (өзіне өзі) – ...аузын ашса жүрегі көрінеді. ғажап! аңғал да аңқау. Әлемдегі қара жер мен қарапайым адамдар ғана мәңгілік шығар... Осылар барда көңіліміз бен қазынамыз ортая ма?..

Д у л а т: (шөлмекті алып) – Тауыспасақ та толтырып қоялықшы (басын шайқап). Қызық дені сау, ақшасы мол Жан- мырза неге ішпейді екен? Бәлкім, өзін-өзі тоқтата алмай қала ма? Жас кезінде, жайлауда бір шелек арақты екеуіміз тауысып қойып едік.

Ә д і л е т: – ақшасы көп адамның арақ ішкенін көрдің бе? Баяғыда, демекші, біздің ауылда бір ағамыз «Жігітіңде мін жоқ, қалтасында дым жоқ, ішейін деп ішпеймін, жетпеген соң ішемін» деп жылапты. Дегенмен, арақ – Ұлтты азғындатары рас.

Д у л а т: – Қазақтар арақ ішуді қашан бастады осы?..

Ә д і л е т: – алғаш рет орыстармен дәмдес бола бастағаннан. Біз ғана емес, бұратана халықтардың барлығын осынау отты сумен бағындыру – отаршы елдердің озық тәсілі. ал, біздің


далаға салынып ішу Ұлы Отан соғысынан, содан қейін кезең – тың және тыңайған жерлерді игеруден етек алды. Солдаттарды мас қылып жауға, дзоттың аузын кеудесімен жабуға айдап салдық; бұдан соң ұлы жеңістің құрметіне іштік, ал, тың кезінде россия мен Украинадан состав-составымен адамдар ғана келген жоқ, вагон-вагон арақ та келді... Соның кесірі болар Қостанайда бір қазақты өлтіріп маңдайына: «Осваиваем целину» деп, пышақпен кесіп жазып кетіпті...

Д у л а т: астапыралла! (алдындағы стакандағы арақты шөлмекке қайта құйып). Осы ит ішкірді бүгіннен бастап қойсақ қайтеді...

Ә д і л е т: (олда арағын кері құйып) – Қойсақ – қоялық. мұсылман елдері ішіндегі ең ішкіші – қазақтар.

Д у л а т: – Енді бұдан былай дәрет алып, бес уақ намаз оқимын.

Ә д і л е т: – ал, мен арақтың зияндылығы туралы трактат жазамын.

Сәл үнсіздік. ас бөлмеден анардың даусы естіледі. а н а р: – Неғып үндерің өшіп қалды...

Д у л а т: (аузының дәмін алып) – Ей, Әділет, енді қайтып

татып алмас үшін соңғы рет ішіп қойсақ қайтеді?

 

Есіктің қоңырауы қағылады.

 


 

ба?


Ә д і л е т: (дауыстап) – анар, ау анаржан, есікті ашайын

 

а н а р: (дауыстап) – Қорықпасаң аш...

Әділет есік ашады. Үйге көзілдірікті ардагер қіреді.

а р д а г е р: (әзілдеп ) – Е-е, сен де осында екенсің ғой...


Жәкең Пленумнан келген жоқ па?

Ә д і л е т: Келсе есікті өзі ашар еді.

а р д а г е р: – Кешіріңіздер... (шығып кетеді).

Ә д і л е т: – Сталин әлі тірі жүр...

 

ас бөлмеден анар шығады.


а н а р: – Ол кім?

Ә д і л е т: – Сталин ғой...

а н а р: – Сол кісіден құтыла алмадық. Кірген-шыққаны- мызды аңдиды да жүреді. .

Ә д і л е т: – Сендердің ғана емес, бүкіл алматының аңдушысы ол...

Есіктің қоңырауы тағы қағылады.

 

а н а р: (тұра ұмтылып) – Тағы да сол шығар... бетіне су шашып жіберейін бе? Есікті жұлқа ашқанда ар жағынан Жан- мырза көрінеді. – Сен екенсің ғой...

Ж а н - м ы р з а: (ашумен) – Енді кім деп едің!

 

Үнсіз шешінеді. Ешкімге қарамастан кабинетіне кіріп кетеді.

 

а н а р: – Бұған не көрінді?

Ә д і л е т: (дауыстап) – Әй, Жан, айтсаңшы не болғанын, бәрібір ертең газеттен оқимыз ғой.

Д у л а т: – Өзгенің жүмысына араласып нелерің бар осы. менен біреуің, «малың аман ба, жем-шөбі бар ма?» – деп, сұраған жоқсыңдар ғой.

 

Жан-мырза шығады. ләм деместен тез басып келеді де стаканға толтыра арақ құйып қағып салады. Бәрі үрпиісе қарап, аң-таң тұрады.

а н а р: – астапыралла! Папасы-ау, не болды саған?!

Ж а н - м ы р з а: (аузын сүртіп) – Бәрі болды! Он сегіз минутта Қонаевты орнынан алдық.

а н а р: – Кімді сайладыңдар?

Ж а н - м ы р з а: – Геннадий Васильевич Колбин жолдасты!

Қ а р л ы ғ а ш: – Оның кім еді үйбай-ау...

Ә д і л е т: – «Умер король! Да здравствует Король!» Ж а н - м ы р з а– аузыңа ие бол!

Ә д і л е т: – мен, шын қуанып тұрмын. Қазақты орыс билеп, баскармаса, үш жүзге бөлініп кетеді.


Ж а н - м ы р з а – Оттаған екенсің! Бөлетін сендер. Халықта жазық жоқ. ауыздарыңмен орақ орғаннан басқа қолдарыңнан боқ келмейді!

Ә д і л е т: – Таз ашуын тырнадан алады. Құдайларыңның құлағанын менен көресіндер ме? мен Қонаев тағынан тайған соң табалағаным емес, ол кісінің Қазақстанда (саусағын шошайтып)... қазақтарға емес... сіңірген еңбегі ұланғайыр. республика үшін көп жасады, амал не, айналасындағылар да мол асады.

Д у л а т: (сенбегендей таңдана) – апыр-ай заман не болып барады...

Димекең орнынан түседі дегенге кім сенген... Бір елдің қарқарадай патшасын қай әкеңнің аузын ұрайын қағып тастады?!

Ж а н - м ы р з а: (шошына) – Ей, Дулат, ойнап сөйлесең де ойлап сөйле! Түлкі түрінен, адам тілінен тартадының кері болып жүрмесін. КПСС Орталық Комитеті Саяси Бюросының шешіміне күмән келтірмеңіз. Геннадий Васильевич те әр жерде істеген, саяси шыңдалған тәжірибелі коммунист. Бізден әлдеқайда сотқар ел Грузияда көп жылдар қызметте болған.

Ә д і л е т: – Әй, Жан-мырза, немерелі болсам атын Димаш қоямын деп жүр едің, енді бәлкім... Геннадий қоятын шығарсың...

Ж а н - м ы р з а: – Кекетпей-ақ қой, қойса несі бар екен!

а н а р: – Құдай-ау, бұл айтыстарың пленумның жалғасы болып кетті ғой. Шайларыңды ішсеңдерші... суып қалды.

Д у л а т: (әлі де таңдана басын шайқап) – апырай-ә, Димаш аға қалай ғана көшеде жаяу келе жатады... Сонда күні ертең елмен бірге нанның кезегінде тұра ма? Обал, обал... Үш ұйықтасам түсіме кіріп пе...

Қ а р л ы ғ а ш: – Саясат біздің не теңіміз, араласпа. (Анарға)

Балалар кешікті ғой...

а н а р: – расында да, келетін уағы болды.

Ә д і л е т: – Өзіміз таң ертең қайтушы едік қой... (Жан- мырзаға). Пленумдарың соншалықты тез аяқталғанына таңым бар. Бұл – коммунистік партия тарихындағы ең қысқа Пленум шығар. Гиннестің кітабына кіргізу керек.


Ж а н - м ы р з а: (кейіп, шаршаңқы) – Әй, Әділет, менімен саясат және партия жайында тек қана қызмет орнында сөйлеуіңе кеңес берер едім. Екі елі ауызға төрт елі қақпақ керек, деп қазақ бекер айтпаған шығар. Осы күні батырып айтсам – батыл атанамын, басын жарсам – батыр атанамын, деп ойлайтын көсемдер көбейе бастады. мен сенің қисынсыз қиқар сөздеріңе кешіріммен қарасам, бірге өсіп, біте қайнасқан досымды, өкпеге қисам да, өлімге қимағанымнан шығар... Ендеше, досым, сен қанша рет жекпе-жекке шақырып, дау- дамай іздесең де, атойлап қарсы шықпауым тіпті де менің жеңілісім, сөзден тосылуым емес.

Ә д і л е т: (сөзін бөліп) – «Қапқан иттен өш аламын деп, мен де қапсам, аузымда не қасиет қалғаны» – дегенің шығар... Егер, қалжыңымды көңіліне ауыр алсаң, бұдан былай тек партиялық стилде сөйлесуге ант етейін.

Ж а н - м ы р з а: (тұлан-тұта) – Осы үйдің тамағы пісуші ме еді! Түбіне тас түсіп кетті ме?!

а н а р: (құрақ ұшып) – Папасы-ау, ерегестерің ет жеуді де ұмыттырып жіберді ғой. Әлдеқашан дайын болған. Жүр, жеңеше, түсіріп әкелейік.

 

Қарлығаш екеуі шығып кетеді.

 

Д у л а т: – апыр-ай, енді... осы үйде темекі тартуға болмайтыны қиын-ақ... амал жоқ, насыбай атамыз.

Ж а н - м ы р з а: – маған да біреуін бер. Д у л а т: (таңырқап) – Қайсысын?

Ж а н-м ы р з а: – Темекіңнен.

Дулат: – менің шегетінім арқар ғой...

Ж а н - м ы р з а: – махорка болса да бәрібір.

Д у л а т: (шылым береді) – ауылдағы бір ақсақалға: ата, бұрын темекі тартушы едім, енді насыбайға көштім, деп едім, ол кісі «шырағым, бұрын боқты пісіріп жеген екенсің, енді шикідей жеуге көштің бе?» – дегені.

Әділет рахаттана күледі.

Ә д і л е т: (Жан-мырзаның темекі тартысына қарап)

міне, міне, Жәке,енді ғана адам болып келе жатырсың...


Ж а н - м ы р з а: – айт, айтып қал. алдыңа бір келтірермін. Осы кезде есіктің қоңырауы қағылады.

Д у л а т: Әп, бәлем, біздің ұлдар келген шығар. Жонар- қаларынан таспа тілейін.

 

Жан-мырза есік ашады. ардагердің басы қылтияды.

 

а р д а г е р: – Естідім, Жәке... енді тәртіп орнайтын шығар. Геннадий Васильевичтің қабылдауына жазып қоясыз ба мені. айтатын арыз-арманым бар еді... Әсіресе, тәртіп мәселесі. Сақтанып жүрсін...

Ж а н - м ы р з а: – Шаршап тұрмын, ақсақал. Ертең хабарласыңызшы.

Ә д і л е т: (мысқылдай күліп) – Әй, Стекем-ай, жалықпайсың- ау. Сен барда біз қалай ғана жұтқанымыз бойымызға жұғым боп, ұйықтай аламыз.

 

ардагер кетеді. ас бөлмеден анар шығады.

 

а н а р: – Балалар келген жоқ па? Қарындары ашты ғой.

Ж а н - м ы р з а– Келген осы үйдің штаттан тыс тыңшысы. Д у л а т: – Қызықсыңдар. Қазақшылықты ұмытқансыңдар,

түге. Жоғары шық, тамақ ауыз ти, деп неге айтпайсыңдар.

Ж а н - м ы р з а: – Қойнына жасырған диктофоны болса қайтеміз.

 

Жас    сәбидің     жылаған     даусы     естіледі. Д у л а т: – Қарлығаш босанып қалған жоқ па, байқаңдаршы...

Нәрестенің үнін естігендей болдым ғой...

 

Барлықтары елеңдейді. Нәрестенің шырқырағаны үдей түседі.

 

Ә д і л е т: (жан-жағына қарап) – Теледидар не радиодан естілетін шығар...


а н а р: – Барлығын сөндіріп тастағанмын. ас бөлмеден Қарлығаш шығады.

Д у л а т: – Жо-о-оқ... менің кемпірім аман.

а н а р: – Есік алдында жылайды, Жан-мырза, ашшы. Жан-мырза есік ашады. Шегіншектеп кетеді.

Ж а н - м ы р з а: – Ә-н-е... жатыр.

анар шығып жаялыққа ғана оралған баланы көтеріп әкеледі.

 

а н а р: – Обал-ай, обал-ай, қандай тас жүрек тастап кетті екен...

Ж а н - м ы р з а: (шошына) – Әкет! Жолама! Пәле болады!

Ә д і л е т: – Дегенмен, сақтану керек. мен жан-жақты байқап келейінші.

Жүгіре шығып кетеді.

 

Д у л а т: – Әлгі... Сталин деп атайтын Берия-қазақтың жымсымасы болмасын.

Қ а р л ы ғ а ш: (баланы Анардың колынан алып) – Ту-у, жаурап қалыпты. астына піш етіп қойған-ау.

Орауын жазады.

– Еркек бала. Әп-әдемі. мұндай қатігездікті өмірі көрген де, естіген де емеспін. мал құлағы саңырау. Қалай ғана көзі қиып қалдырып кетті екен.

 

Ж а н - м ы р з а: – Біз күнде естиміз, күнде көреміз, жеңеше. (Анарға) Бір түнетіп, ертең менің машинаммен жетімханаға өткізіп таста. Бұл үйге енді жетпегені тастанды бала еді...

Қ а р л ы ғ а ш: – Қой, қайным, қайдағыны айтпа. Жетім қалған қозыны да басқа қойға теліп, асырап-сақтамаушы ма еді.

Баланы көтерген күйі басқа бөлмеге кетеді.

– Жүр, анар, шомылдырып, сүт берейік,


а н а р: – Осы үйде емізік те жоқ еді... Жиырма жылдан соң жас сәбидің үні қайта естілді осы шаңырақтан. Жақсы ырым болғай..

Ж а н - м ы р з а: – ырым-сырымыңды қой! Баланы ертең өткізіп таста.

Д у л а т: – Өткізіп тастайтын мал ма? Әділет келеді.

Ә д і л е т: Таба алмадым. Бір уыздай жап-жас қазақтың қызы автобусқа мініп кетті... бәлкім, сол болар. Ей, Жан, саған ерегескен біреу емес пе... Қалай... былай... анар жоқ қой, шыныңды айтшы.

Ж а н - м ы р з а: – Ой, сен де сандала береді екенсің! Қазіргі кезде үйленгендердің үштен бірі айрылысып, әр жыл сайын бірден он сегіз жасқа дейінгі 700000 бала әке-шешесіз қалады екен; жетімханадағы басқа ұлттың балаларын асырап алуға кезекке тұрса, ал, қазақ балаларына ешкім жоламайды. Осыған да мен кінәлі болармын.

Ә д і л е т: Жоқ. Сенің кінәң емес. Бірақ, Қазақстан қалаларындағы жетім балаларды Өзбекстаннан келіп тасып әкетіп жатыр, оларды апарған соң өзбек қып жаздырып, құл ретінде жүзімдік пен қауындыққа қызылтабан ғылып салады... міне, осыған бақылау қоюларың керек еді.

Д у л а т: – апырай, ә...

Ә д і л е т: (қызулана) – Осы күні өзінің атын шығару үшін жалғыз проблеманы жалау етіп жар салғыштар қаптап кетті! айдағандары бес ешкі, ысқырықтары жер жарады. Түптеп келгенде, көкейінде ел қамы, жер тағдыры емес, атын шығару, депутат атану көлбеңдеп тұрады. Халық аңғал да аңқау... Жетім ботадай айтқанына сенеді, соңдарынан ереді...

Ж а н - м ы р з а: – аузымды қышытпа... Бұл – менің үйімде шешетін мәселе емес. Қалай болғанда да үйкүшік философтардан, үндеу тастар белсенділер озық.

Д у л а т: (Шаршыңқы) – Сонымен ана баланы не істейтін болдық...

Ж а н - м ы р з а: – Таңертең өткізіп тастаймыз...


Д у л а т: – апырай, ә.. қазақ ырымында өлген баланың да бесігін жұртқа тастамай ала жүруші еді ғой.

Ә д і л е т: – Әй, Дулат-ай, қазақ болудан қалғанымыз қа-а- шан.

анар мен Қарлығаш келеді.

а н а р: – Ерні бұлтиып ұйықтап қалды. Папасы, өзіміздің атымызға жаздырып, асырап алсақ қайтеді... роза апайымыз да солай істеп еді ғой...

Ж а н - м ы р з а: – Көрсетпе көзіме! Жалғыз ұлыма қуат берсін! мүмкін әке-шешесі ауру шығар. мүмкін ішкіш, маскүнем шығар. Өзіңнен тумай ұл болмас деген... қаны басқа, жатыры өзге.

Д у л а т: (ашулана) – Ей, Жан! Сен не айтып тұрсың?! Саңырау десе – соқырға тиеді деген. ана Қайрат та менің кіндігімнен емес, Бозтайлақ ағаңнан қалған құлын! Өзгенің қаны деп өзегінен тебуім керек пе?!

Ж а н - м ы р з а: – мен сені айтып тұрғаным жоқ.

Д у л а т: (өршелене) – Бәрібір маған тиіп тұр сөзіңнің сойылы. Сыйларға тілің жоқ болса, сипарға қолың жоқ па? деген екен... рас, Қарлығаш менен бала көтермеді, бірақ Бозағамнан қалған үш бала да менікі. Қазақтікі. Дәнішпән, дәнішпән дегенге дандайсыма? Өзіме қоныс, малыма өріс беріп жарылқаған сен емессің! Жүр, Қарлығаш! Кеттік ауылға! Үйде емес, сот залында отырғандай болдық қой!

Ә д і л е т: (өз-өзіне) – Балалы арқар маңырап тұрғанда, баласыз арқар зарлап тұратыны рас екен... Дулат, түн ішінде қайда барасың... Қала – ауыл емес, кез келген үйге қона салатын.

а н а р: (құшақтап) – Бір ашуыңызды беріңіз, аға! Қарлығаш жылайды.

Д у л а т: – Не ғып отырсың! Жүр, Қарлығаш, кеттік! Өлмегенге – өлі балық. Өкіметтің қонақ үйінен орын табылар. ана күнәсіз жылбысқаны да ала кетейік. Қалаға сыймаса да далаға сияр...


Ә д і л е т: (Дулатты қайта шешіндіріп) – аңдамай сөй- леген ауырмай өледі деген, Дүке. мөңки берме. ағайын адамсыңдар... мінін мойындап отыр ғой...

Д у л а т: – ағайының барда дұшпаным жоқ деме...

Ж а н - м ы р з а: – Қатты айттың-ау... Кешір. Сен де қызықсың. Баяғыда бір бай кедейден «таудың басында тұрған айғырың кісінегенде етектегі бием құлын тастады» деп айып алған екен... Сөзді қусаң сөз шығады, сиырды қусаң боқ шығады, Дулат. ал, тастанды баланы суқаным сүймей тұрғаны рас. Түбі шикі...

Д у л а т: (сабасына түсе) – Есіңдеме, Жан-мырза... Сен баяғыда мырза деген сөзді қоспай Иван-жан болып жүрген шағыңда: «Енді ғана білдім, менің мылжыңдаған мың сөзімнен Бозекеңнің үндемей, адал көңіл ақ ниетпен жасаған жалғыз ісі озық екен» деп мойындап едің. Енді не көрінді саған! Неге өзгердің?!.. Неге сен айналдырған жиырма жылда іркілдеген ірі; шайқап ішіп, үрлеп ұрттайтын тоңмойын бастықтың бірі бола қалдың? айтшы, Жан, неге?!

 

Пауза. Барлығы томен қарап үнсіз отырады.

 

Ж а н - м ы р з а: (орнынан тұрып) – айып етпеңіздер... Ертең қызметке шығуым керек... тағы да бірдемені бүлдірмей тұрғаңда барып дем алайын... ал, анар, қонақтарыңа өзің бас- көз боларсың...

Кабинетіне кетеді. Басын қайта қылтитады.

– ана тастандыны бәрібір жетімханаға тапсыру керек. мен тірі тұрғанда бұл үйде орын жоқ оған.

 

Қ а р л ы ғ а ш: – Қам жемей-ақ қой, қайным. Біз алып кетеміз.

Ж а н - м ы р з а: – Жетісерсіңдер...

 

Есік шылдырлайды. Қайрат, Қанат, айна мен Қымбат кіреді. амандасады. Жігіттердің «жүр, жүріне» әрең сырт киімдерін шешкен қыздар қылымси ұялып, есіктің көзінде тұрып қалады.


анар «торге шығыңдар, айналайын» деп шақырады.

 

Қ а й р а т: – Келіндерің келді. Шашу неге шашпайсыңдар! Қ а р л ы ғ а ш: – Ойбай, көтек, не дейді?

 

Сасқалақтап жаулығын түзеп, столда тұрған бауырсақ пен кәмпиттен уыстап шаша бастайды. анар көмектеседі.

 

Қ а й р а т: – Қалжыңдаймыз, әлі толық мағынасындағы келін емес – кандидаттар, бірақ болашақта болып қалары сөзсіз.

а н а р: – мен бұл екі қызды танимын. анда-санда жасырын әңгімелесіп тұратынымыз рас...

Ә д і л е т: – Көрдің бе, Дулат! Осы заманның жастары осылайша үйлене салады.

Д у л а т: (Қарлығаштың құлағына сыбырлап) – Жаңағы бала осылардікі болып жүрмесін...

Қ а р л ы ғ а ш: (санын шымшып) – Қой ойбай, қайдағыны айтпа!

 

Көңілді музыка ойналады.

 

* * *

Таң. Телефон ұзақ шылдырлайды. Жарық Жан-мырзаға түседі. Ол телефонның тұтқасын көтереді.

Ж а н - м ы р з а: (қырылдап) – Да... бұл кім таң атпай мазамызды алған... ә, Сіз екенсіз ғой, Зәке... Кешіріңіз... Жо- жоқ, аузыма да алған жоқпын... кеш жатып едім... так... ұқтым. Қазір... бес-ақ минутта барамын! (дауыстап). анар, әй, анар, не қарабасты, тұрсаңшы! Көптеген жастар Орталық Комитеттің үйін қоршап жатқан көрінеді. Қанат қайда?

а н а р: – Үйде болатын.

Ж а н - м ы р з а: (асығыс киініп) – Қалғандары... а н а р: – Кетіп қалған.

Ж а н - м ы р з а: – мен келгенше Қанатты үйден шығарма! Есікті кілттеп таста. Оның көшеге шыққаны – менің қызметтен шыққаным!


Екінші бөлім

ТӨрТІНШІ КӨрІНІС

 

Сахна шымылдығы «Желтоқсан желі» әнімен ашылады. Шымылдық ашылғанда республика алаңындағы желтоқсан оқиғасының жалпы көрінісін байқаймыз. Қолдарында «Әр республикаға өз көсемі!», «ленин идеялары жасасын!» деген жазуы бар ұран және лениннің суретін көтерген жастар иін тіресіп айқайлап, ал оларды әскерилер мен білектеріне қызыл мата байлаған «дружиниктер» құрсаулай қоршап тұрады. Сахнаның арғы түкпірінен алаңдағы трибунаны байқаймыз. Қазақстан Орталық партия Комитеті саяси бюросының мүшелері мінбеге көтерілгенде жастар ысқыра айғайлап, әр түрлі заттар лақтырады. Олар бетін қалқалайды.

 

(Көрерменге жақынырақ орналасқан экраннан желтоқсан оқиғасынан түсірілген кинокадрды көрсетуге болады).

Теңіздей толқыған жастардың ішінен Қайрат пен Қымбатты, айнаны байқаймыз. Әділет те араласып жүр.

Саяси Бюроның бір мүшесі сөз алады: – Жолдастар! Жастар! Сендер заңға қарсы қылмыстық әрекетке барып тұрсыңдар. Сендердің талап-тілектерің Орталық партия комитетінің шешіміне мүлдем қайшы. Егер, дәл қазір үйлеріңе тезірек тарамасаңдар, күш қолдануға тура келеді.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.