Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





лыным менің» – 2 8 страница



Қане, ойланыңдар...

Б о р и с: Ол кісілер қамалған вагонның есігінде құлыбы бар шығар, оны қалай ашамыз?..

Б е й т а н ы с е р к е к: Біз оларды есігінен шығаруымыз мүмкін емес. Сондықтан вагонның еденін қопару керек. Өздері ешқандай әрекет жасай алмайды, қолдарында сынық шеге де жоқ тақтайды тесетін...

а н н а И в а н о в н а: (шай ұсынып) Вагонның арғы бетінде темір торлы терезе болуы мүмкін... Ендеше, сол терезеден қайткен күнде де балта мен қол ара түсіріп жіберу керек... ал,


ол үшін күзетші солдаттардың назарын басқа жаққа аудара қойса...

С е р і к: (орнынан атып тұрып, домбыраға ұмтылады) Таптым, таптым. мен неміс солдаттарына концерт қойып беремін... (Домбыраны шерте жөнеледі).

 

Бөлмені қазақ күйінің әуені кернейді.

 

Б е й т а н ы с е р к е к: молодец! Қаршадай баланың осыншалық үлкен өнері бар деп кім ойлаған. (Пауза). Табылған ақыл. Дәл осы сәтте Борис терезеден балта мен араны тастап үлгереді.

а н н а И в а н о в н а: Жо-жоқ. мен оған келіспеймін. Серікке өте қауіпті. азият екенін білген соң күмән келтіре бастайды...

С е р і к: (өкпелеп) Тағы да азият...

а н н а И в а н о в н а: (бетінен сүйіп) Кешір, айналайын... маған сенің ерлігіңнен гөрі, тірі жүргенің керек.

Б е й т а н ы с е р к е к: анна Ивановна... Барлығы да Отан үшін, азаттық үшін емес пе...

а н н а И в а н о в н а: Болмайды дедім – болмайды. Серікті папасына тірідей табыс етуім керек. Жамалдың аруағына ант еткенмін.

С е р і к: рұқсатыңызды беріңіз. (Аннаның мойнынан құшақтап). мамамның кегін аламын... мен – бала емеспін, оң- солымды таныған, тәжірибелі партизанмын.

а н н а И в а н о в н а: (құшақтап). Серікжан-ай, екі-ақ жылда есейіп шыға келдің-ау.

Б е й т а н ы с е р к е к: Сіз қапаланбаңыз, анна Ивановна. Серік концерт қойып, Борис құралдарды беріп үлгерген сәтте станция жақтан айғай-шу ұйымдастырамыз, яғни мылтық атып, граната жарамыз. міне, дәл осы шақта Серік те, Борис те қашып құтылады.

а н н а И в а н о в н а: (күрсініп) Ендеше, жолдарың болсын. мейлінше сақ әрі байқап қимылдаңдар.


Жарық сөніп, қайта жанғанда станция маңын, сол жерде тұрған поезды, әрі-бері сабылып жүрген неміс солдаттарын көреміз. Қолында домбырасы бар Серік көрінеді. Оны күзетшілер тоқтатады.

Н е м і с с о л д а т ы: Сен кім? Қайда барады? Бұл жерде жүруге болмайды деген тәртіпті білмейсің бе (Желкесінен ұстап тұқыртады).

С е р і к: (жыламсырап) ашпын. Бір үзім нан беріңдерші, ағатайлар.

 

Неміс солдаты домбырасын жұлып алады.

 

Н е м і с с о л д а т ы: музыка... инструмент... балалайка. (Тыңқылдатып, шерткен болады. Осы сәтте Бористің вагон астына тез кіріп кеткенін байқаймыз). Ойнай білесің...

С е р і к: Ойнағанда қандай. майсстрмін. аспын. Күзетшілер «маэстро» деп, қарқылдап күледі.

С е р і к: (домбыраға ұмтылып) Сенбесеңдер, тыңдаңдар.

Н е м і с с о л д а т ы: (оның қолын қағып). Тсс...сс... может оружие... атылады... (Домбыраны мұқияттап қарайды). Сен

– азият. Қайдан жүр?..

С е р і к: Детдомнанмын... Қазақпын.

 

Неміс солдатының екіншісі. О, қазақ. (Қолымен омырауын сабалап). Играй... играй...

Домбыра қолына тиген соң Серік бір тізерлеп отыра қала- ды да, шерте жөнеледі. Басқа күзетші солдаттар да жинала бастайды.

Н е м і с с о л д а т ы: молодес... тағы ойна.

Серік бұл жолы ән айтады. Бористің вагон астынан қайта шығып, байқатпай өтіп кеткенін көзінің қырымен шалады. Гүрс етіп граната жарылып, мылтық атылады да, неміс солдаттары:

«Партизан, партизан», – деп дүрліге жүгіреді. Осы мезетте Серік те қаша жөнеледі. Жарық сөніп, қайта жанғанда баяғы бөлмеде отырған Борис пен Серікті көреміз. ымырт шақ.


С е р і к: (мұңданып) Папам тірі ме екен... мамамның қаза тапқанын білмейді-ау. атамдар да... атам шөбін қораға тасып алды ма екен... Боря, сен білесің бе, менің құлыным бар. Оны атам маған атаған.

Б о р и с: Үй суытып барады. Отын аз, мамам келгенше пешке от жақпай-ақ қоялық. (Қолын уқалап). Жаурадым... Папамнан біз де хабар алмадық. Қай майданда жүр екен?.. Сережа?

С е р і к: (ашуланып) Сережаңды қойшы осы! азан шақырып қойған есімім бар емес пе.

Б о р и с: Серік, сен атқа міне аласың ба?

С е р і к: мінгенде қандай... аман-есен елге жетсем, тайды үйретіп мінемін. Боря, соғыс біткен соң сен маған еріп біздің ауылға жүр. атқа шабуды үйретемін.

Б о р и с: Сен келген күні келісіп едім ғой. Барамын. мен Қазақстанды көрген емеспін. Қандай екен?

С е р і к: Иә, біздің жерден не іздесең – соның бәрі табылады.

Б о р и с: Піл мен кенгуру да бар ма? С е р і к: Бар.

Б о р и с: (мазақтап) Ішің кепкенше өтірік айтасың-ау.

С е р і к: Қазір жоқ, баяғыда болған. Оның есесіне бізде

– түйе бар.

Б о р и с: Түйеге қалай мінесіңдер-ей. Сатыменен шығасыңдар ма?

С е р і к: (күліп) Шөгереді, су ми...

Б о р и с: Шөгергені қалай? аяғынан шалып жыға ма? Соншалықты таудай үлкен хайуан адамның тілін ала ма? Әлде дрессировать етесіңдер ме?

С е р і к: адамның тілін білмеймін, атамның тілін алады, әйтеуір... (Орнынан тұрып). Келші, мен саған көрсетейін... (Екеуі ортаға шығады). Сен түйесің, түйе болғанда да, соның ішіндегі кещесісің делік! Түкірігіңді, яғни жыныңды шашып, аузыңды қайшылап, құйрығыңды шышбаңдатып бақық, мойныңды соз... Шөк жануар, шөк! (Тізесін тебеді). Тізерле!


Борис тізерлейді. Осы сәтте Серік оның үстіне қарғып мініп алады. Есік ашылып, анна Ивановна кіреді.

 

а н н а И в а н о в н а: Бұларың не? Ұлдарым-ау. Бала болып кеттіңдер ме? (Өзіне-өзі). Иә, қазір балалықтың базары тарқаған... Дүниеде жасыңа жетпей қартайғаннан мұңлы не бар екен (Бориске). От неге жақпағансың? (Балалар мәз-мейрам шыға жөнеледі). Құлындарым, ересек адамның қолынан келмейтін ерлік жасап жүр. Осы қаладағы жаудың түр-түсіне дейін біліп алған. аман-сауында партизандарға қайтару керек. (Өкіне түсіп). Кеше келген байланысшыға ертіп жібермеген екенмін. (Сағатына қарап). Енді жиырма минуттан соң қару- жарақ тиеген составтың күлі көкке ұшады.

 

Бөлмеге отын құшақтап, екі бала кіреді.

 

Б о р и с: мама, бүгін Серіктің туған күні екен.

а н н а И в а н о в н а: Құдай-ау, бұрын неге айтпадыңдар...

Қапы қалдық қой.

Б о р и с: маған да қазір айтты.

С е р і к: Ұмытып кетіппін. Қарсы үйдің номерін көргенде есіме түскені. Қазақтар туған күнін тойламаған...

Б о р и с: Нешеге толдың сонда? С е р і к: Он төртке.

Б о р и с: Сен де алжуға жақын қалған екенсің.

а н н а И в а н о в н а: (бетінен сүйіп) Жүз жаса айналайын. Бақытты бол. (Борис пешке отын салып, от тұтатады. Үйдің іші көк түтін болып кетеді) Балам-ау аядай үйді монша ғып жібердің ғой.

С е р і к: Ойбай, ананы қара, мұржаны ашпай от жаққан батырым-ай...

 

Жүгіріп барып, түтін шығарды ашады.

 

а н н а И в а н о в н а: Боря қалада өскен, шаруаға шорқақ. Терезені аша тұрайық, түтінге тұншығып өлерміз. (Паузадан соң). Әнеугүнгі ерліктеріңді Чапаев партизан құрамасының


командирі Иван Кузьмич Примак жолдас өте жоғары бағалапты. Екі ұшқыш та қашып құтылып, партизанға қосылған.

Б о р и с: Бәсе, от неге жанбайды десем...

 

Осы шақта бірінен соң бірі қатты жарылыс болып, үйдің ішін жарыққа бөлейді. Екі бала уралайды.

 

а н н а И в а н о в н а: айғайламаңдар! Қане, жамылып- жамылып тез жатып қалыңдар. (Терезеге қарап). Отан үшін! Қыршын кеткен Жамал құрбым үшін!

 

Немістердің айғай-шуы естіледі.

Сахнадағы жарық сөніп, қайта жанғанда жолға жиналып тұрған Серік пен Бористі көреміз.

 

а н н а И в а н о в н а: Көпірден өтпейсіңдер. Кеше түндегі қопарылыстан соң қаладан бірде-бір адамды шығармай жатыр. Қаладан ұзап шыққан соң оңға бұрылып, кәрі еменге дейін су жағалап құлдилайсыңдар. Сол жерде сендерді қайықшы Иван атай күтіп алады. Қараңғы түскен соң өзеннен өткізеді. ар жағын сол кісі түсіндіріп айтар. Неміс солдаты мен полицайдың көзіне түспеуге тырысыңдар.

Б о р и с: Сен ше, мама?! Қашан қайтасың?!

а н н а И в а н о в н а: Біздің армия Подольскіні босатқанша... маған кетуге болмайды. Тапсырма солай. Серік, егер партизан командирі самолетпен москваға ұшырамын десе, қарсы болма, айналайын.

С е р і к: Папамды тауып алмай, ешқайда бармаймын.

 

Иттің абалағаны, немістердің даусы естіледі. Үйге екі-үш адам кіреді. Ішінде Тамара да бар.

 

а н н а И в а н о в н а: (өкіне). Қап, үлгермедім-ау...

Т а м а р а: Сәлем, анна! Сені де көрмегелі көп айдың жүзі болды-ау. Осында екенсің ғой.

а н н а И в а н о в н а: Сәлемші болсаң, төрге шық. мені де іздейтін кісі бар екен-ау. «Туған жеріңді тастап қайда қашып


барасың?» – деп ренжіп едің, тіліңді алып осында қалдым. (Неміс солдаты мен полицай үйді тінтеді). Бұларың не? Жоғалтқандарың бар ма еді? Біз ұры емеспіз.

Екі балаға «кетіңдер» деген белгі береді. Серік пен Борис жылыстап шыға бергенде, Тамара жолын кес-кестейді.

Т а м а р а: Сендер қайда барасыңдар? анасының басына қауіп-қатер төнгенде, баласы зытып кетуші ме еді. Бұларың жарамайды. Совет оқушысына жат қылық.

а н н а И в а н о в н а: Тамара, балаларды жолдан қалдырма. Деревнядағы әкем қатты сырқаттанып жатыр. Халін біліп қайтуға жіберіп тұрмын.

Т а м а р а: (күліп) Әй, анна-ай, сен де бұзылайын деген екенсің. Әкең үш ай бұрын дүние салғанын естімеп пе едің? Әлде партизан болғаннан бері өтірік айтуды үйрендің бе. Институтта сенен әділ ешкім жоқ еді...

а н н а И в а н о в н а: Бұл не – көңіл айтқаның ба. Әкемнің өлгенін, расында да, білген жоқпын. Сен кімнен естідің? (Жылайды).

Т а м а р а: монтансыма. Сен де естігенсің. Бірақ, қоштасу- ға барған жоқсың. Сезіміңді коммунистер сірнелеп тастаған. Киін! Бізбен бірге комендатураға барасың. Сырласар, баяғыны еске алып, есеп айырысар уақыт туды.

а н н а И в а н о в н а: (жалынышпен) айналайын Тамараш, не жазығым бар еді? Өзіме не істесеңдер де көндім, тек балаларды босат.

Т а м а р а: (жиіркене шегініп) мүләйімсуін. Тұр! Жас кезіңдегі тәкаппарлығың қайда?.. айтқанға көнбесең, айдағанға жүрмесең, итше қыңсылатып атып кетермін. Офицер байға тидім деп, ханға сәлем бермеуші едің... Ондай жылтыраған пагон тағып, тайтаңдағандарды, құдайға шүкір, үйірімен қайырып жүрмін.

а н н а И в а н о в н а: (қатулана) Қуып жүргенім – ескі кек деші.

Т а м а р а: (тапаншасын суырып) Жаңасы да жетіп жатыр. Түс алдыма! (Солдатқа ілулі тұрған домбыраны көрсетіп). анау музыкалық инструментті де ала жүр.


ҮШІНШІ КӨрІНІС

 

Жау комендатурасы. Неміс барабанының дүрсілімен тұтқындарды айдап әкеле жатыр. Төрде Гитлердің сұрқы. Столдың жанында алшая басып, неміс офицері тұрады. Тамара айнаға қарап ернін бояп тұр.

 


 

бе?


Неміс офицері. Орысша сөйлейміз бе, немісше сөйлейміз

 

а н н а  И в а н о в н а: Кеше қалай сөйлессек, солай


қосып, аларым жоқ. Былапыт, боқауыз сөздерді өз тіліңізде айтуыңызды өтінер едім, балалардан ұят болар.

 

Неміс офицері. Ол өзіңізге байланысты. Қойылған сұраққа мейлінше нақты әрі шыншыл жауап берсеңіз, екі жақтың да нервісі аман қалар. Сонымен, әуелгі сұрақ: қаладағы астыртын ұйым мүшелерінің саны, аты-жөні, адрестері екіншісі: партизандардың тұрақ мекені үшіншісі...

 

а н н а И в а н о в н а: (сөзін бөліп) мені сәуегей деп ойлайсыз ба, бал ашып білетін. Ұйымға да, партизандарға да еш қатысым жоқ, балаларды асырап, сақтап ел қатарлы күн көріп жүрген бейкүнә анамын.

Т а м а р а: аннушка, түлкі бұлаңды қайтесің. Балаларыңның обалына қаласың ғой. Сен туралы жақсы білем...

Н е м і с о ф и ц е р і: Жауап беруден бас тартсаңыз, жазаның ең ауыр түрі қолданылады. Тамара ханымның мәліметіне қарағанда, полк комиссарының әйелісіз. Демек...

а н н а И в а н о в н а: (тағы да сөзін бөліп) Бір кезде совет офицерінің жұбайы болғаным рас, онымен тұзымыз жараспай баяғыда айырылысып кеткенмін. Кейінгі күйеуім паровоз машинисі...

Т а м а р а: (сықылдап күліп) Түу, шімірікпеуін қарашы...

Н е м і с о ф и ц е р і: (Серіктің жанына барып). мынау азият та сіздің ұлыңыз шығар...

а н н а И в а н о в н а: Әрине, менің ұлым. Екінші күйеуім

– қазақ.


Н е м і с о ф и ц е р і: Қазақ деген қандай ел? Қытай ма, Жапон ба?

Т а м а р а: (наздана) Географиядан сауатыңыз шамалы екен, Ганс. Совет Одағының оңтүстік шығысында қазақ деп аталар дикарлар тұрады. айбынды армияңыз осы екпінінен таймай, алға ұмтыла берсе, сол жабайы жұрттың шөл даласынан бір-ақ шығасыз.

Н е м і с о ф и ц е р і: Егер москваны алсақ, Орал тауы- ның арғы жағынан қолдарын қусырып, өздері қарсы алар. Олар үшін жақыннан орыс билегеннен гөрі, алыстан біздің бас- қарғанымыз тиімді. (Бориске). ал, балақай, сен кімсің?

Б о р и с: Қазақпын!

Н е м і с о ф и ц е р і: мәссаған. Бұл да – қазақ.

Т а м а р а: (күле еркелеп) Г-а-а-нс, ол, Украина казактарын айтып тұр... (Бориске тесіле қарап). Күшіктің әкесіне тартқа- нын қарашы, аузынан түсе қалғандай.

Н е м і с о ф и ц е р і: (Серікке) Сен орысша жетік сөйлей аласың ба?

С е р і к: (денесін тіктей, тура қарап) Господин комендант города, допустим, ваша мать русская, тогда вы не владели бы русским?.. Я очень горжусь, что моя мать русская. Как видите, я прекрасно владею...

Н е м і с о ф и ц е р і: Пәлесін қарай гөр... (Домбыраны қолына ұстап, қызықтап қарайды). Естуімше, мынау казактардың музыкалық инструменті көрінеді.

С е р і к: Казак емес, қа-а-з-ақ деп айтыңыз...

Н е м і с о ф и ц е р і: Жақсы... қ-а-за-х. Егер шын к-а-а-зак екенің рас болса, осы екі струнадан ғана тұратын мандалинде ойнашы, балақай... мә...

С е р і к: Бұл мондалин емес, домбыра деген музыкалық аспап. Қаласаңыз «Полонезді» ойнап берейін.

 

Барлығы таңғала тыңдайды.

 

Н е м і с о ф и ц е р і: (басын шайқап) Сайтан алғыр виртуоз екен! Д-а-а, айналдырған жиырма жылдың ішінде сандаған ұлттың өкілдерін мидай араластырып үлгерген коммунистерге


не дауа... Да-а-а... (Аннаға). Европа мен азияны түгелдей қойныңызға алғанда, бәлкім, сіз сияқты асыл тұқымды биелер Ұлы неміс ұлтынан да тұқым алып қалатын шығар. Сонда баладан жинаған тірі коллекцияңыз байи түсер еді.

а н н а И в а н о в н а: (ашуланып). Байқап сөйлеңіз, офицер мырза. мұндай тұрпайылығыңыз үшін Бетховен мен Гетенің рухы ұялар. Сізден қатардағы солдатыңыз әлдеқайда мәдениетті екен...

Н е м і с о ф и ц е р і: (темекі ұсынып) Тілің шыға бастады. (Темекіні Анна алмаған соң Тамараға береді. Екеуі қосыла тартады. Сағатына қарап). Сенімен салғыласып тұруға уақыт жоқ. Сонымен сүттен ақ, судан таза болып шықтыңыз.

а н н а И в а н о в н а: Ештеңеден хабарым жоқ.

Н е м і с о ф и ц е р і: Дәл осы жолы бұлтара алмайсыз. Темір жол станциясына жақын орналасқан үйлердің терезесі қатты дүмпуден түгелдей сынады, ал сіздің үйдің әйнегіне сызат та түспейді...

а н н а И в а н о в н а: (өзіне-өзі). Құдай-ай, бүлдірген екенмін-ау.

С е р і к: Ол кезде от жаққанбыз. Пештің мұржасын ашуды ұмытып, бөлмеге түтін толтырып алдық.

Б о р и с: Түтінді көрсе, мамам ұрсар деп, терезені аштық.

Т а м а р а: Бөлтіріктердің таңдайларының тақылдауын қарашы.

а н н а И в а н о в н а: (балаларға) Үндемеңдер! Барлық сұраққа өзім жауап беремін.

Н е м і с о ф и ц е р і: Өтіріктің де қисыны болу керек.

Т а м а р а: (орнынан тұрып) Ганс, бұлармен тәжікелесіп тұрамыз ба? Патефондай сайратудың жалғыз-ақ жолы бар. Ол

– азаптау. Әдемі сөзбен әділдігін айтқызу мүмкін емес екен, басқаша тәсіл қолдану керек. Бұл қатынның сыры алақанымда, бір айдан бері ізін аңдып жүрмін. мектепте партия ұйымының секретары болған.

а н н а И в а н о в н а: Офицер мырза, Тамараның бірде- бір сөзіне иланбауыңызды өтінемін. Ол ескі кегін қуып отыр. менің бұрынғы күйеуіме бұл әйел де ғашық болған. Бірақ ол жігіт Тамараны менсінбей, маған үйленген. Содан бері атарға оғы жоқ.


Т а м а р а: Оттапсың! (Жағынан тартып жібереді. Екі бала Аннаны қорғай қалады. Тамара пистолетін суырып). Егер екеулерің шындарыңды айтпасаңдар, шешелеріңді табанда атып тастаймын!

 

Пистолетін аннаның шықшытына төсейді.

 

Б о р и с: Қайдағы шындық? От жақтық. Үй түтін болды...

(Жылайды).

Н е м і с о ф и ц е р і: (Серікке) Партизандармен байланыстарың бар ма?

С е р і к: Ешкіммен де байланысымыз жоқ.

Н е м і с о ф и ц е р і: (Серікке) Сен азиятсың. Орыстар сенің халқыңды құлдықта ұстап отыр. Отаршылдықтан тек неміс армиясы ғана құтқара алады. мынау (Бористі нұсқап) сенің ата жауың, ертең-ақ аз ұлттарды асап қояды. атып өлтірсең, бас бостандығыңды береміз. Берлинге жіберіп оқытамыз, Европалық білім, тәрбие аласың. (Пистолетін ұсынады). мә, ат ата жауыңды!

С е р і к: (алмай) мен өз ағайымды өзім өлтіре алмаймын. Офицер жағынан ұрып құлатады.

Н е м і с о ф и ц е р і: азияның аңы! Индеецтерден аумайды. Қайсарын қарашы. Тіпті көзінен жас шықпайды. (Бориске). Ендеше, сен ат Шыңғысқанның тұқымын! Қазірден бастап құрта бермесеңдер, күні ертең қарсы шабады. алтын Орданы ұмыта қоймаған шығарсыңдар?

 

Офицер берген тапаншаны Борис те алмайды.

 

Б о р и с: Өз бауырыма оқ жұмсап жынданды дейсің бе?!

 

Офицер оны да ұрып құлатады. Тепкілейді. Көмекке ұмтылған Серікті де сабайды.

а н н а И в а н о в н а: (мысқылдап) мықты екенсіз, комен- дант мырза. Қарғадай баланы қалай-қалай ұрасыз. Өз балаң-


ызды осылай азаптаса, қайтер едіңіз. Сезімнен, адамшылықтан жұрдайсыз. Хайуансыз! Фашистің аты – фашист!

Т а м а р а: Бет пердесін өзі ашты. Енді ақталып көрсін.

а н н а И в а н о в н а: Сенде ашатын да түк қалмаған. ақ адамның ақталып несі бар. Немістердің қаншық иті, күні ертең біз жеңгенде сен қалай ақталасың, соған таңым бар. Отанын сатқан опасыз! Сен де совет мектебінен тәрбие алдың-ау. арамызда кімдердің жүргенін білмеген екенбіз.

 

Тамара атып тастамаққа ұмтылады. Оны офицер тоқта- тады.

 

Н е м і с о ф и ц е р і: Тоқтаңыз, Тамара ханым. Әлі ертерек. Оп-оңай өлтірсек – оп-оңай құтылғаны. Қуанбаса, өкінбейді өліміне. Шыбын жанын шырқыратсақ, бәлкім, шынын айтар. (Сәл ойланып). Балаларының көзінше солдаттарды... жіберіп... масқаралайық.

а н н а И в а н о в н а: Имансыз! Доңыз!

 

Неміс офицерінің бетіне былш еткізіп түкіреді. Ол дыр еткізіп аннаның көйлегін айырып жібереді. Серік «мама» деп, тұра атылады.

С е р і к: (Аннаны құшақтап). мама! маматайым! Әкеңнің аузын ұрайын, иттер!

 

Немістің жағасынан ала түседі. Ол ұрып құлатады.

 

Н е м і с о ф и ц е р і: (гимнастеркасын жөндеп, бетін сүртіп). Дегенмен, өжет екен... Тамара ханым, сіз қателескен жоқсыз ба? (Бористі көрсетіп). мынаның кімнің баласы екенін білмеймін, анау азият, сөз жоқ, осы әйелдің ұлы. Сөз жоқ! Байқайсыз ба, шешесіне алғашқы болып ара түскен қазақ қой...

Т а м а р а: мен қателескен жоқпын. Бұл шакалдың мергенбаев деген офицер қазақтың ұлы екені рас. Шешесі де Жамал деген қазақ әйел... Қанына тартқан қайсарлығына қайран қалып тұрған шығарсыз. Иә, бұл халық – осындай...


а н н а И в а н о в н а: (үсті-басын түзеп). Офицер мырза, мені отқа жағыңыз, аспанға асыңыз, еркіңіз білсін, екі баламды босатыңыз.

Н е м і с о ф и ц е р і: Бұл соңғы сөзіңіз бе?

а н н а И в а н о в н а: Иә, ақтық сөзім. Бұдан ары жауап беруден бас тартамын.

Т а м а р а: (долдана). Солдаттардың талапайына салу керек!

а н н а И в а н о в н а: Ондайға үйреніп қалған, мына өзің келісетін шығарсың.

 

Неміс офицері. Бұл әйелдің одан ештеңесі де кетпейді... Екі ұлын итке талатсақ, бәлкім, тілі шығар. (Кнопканы басып, кезекшіні шақырады). Овчарканы алдырыңыз. (абалап үрген иттің даусы естіледі).

а н н а И в а н о в н а: Қанішерлер! Фашистер!

 

Екі баланы тас қылып құшақтап, жылайды. Телефон шыл- дырлайды.

 

Н е м і с о ф и ц е р і: (трубканы алып). Тыңдап тұрмын. Иә... (бойын тіктеп) іздестіріп жатырмыз, мой генерал. Кінә бізден, кемшілігімді мойындаймын, генерал!.. Қасық қаным қалғанша аянбаспын. Құп болады! Сау болыңыз, мой генерал!

Өңі бұзылып, сұлқ тұрып қалады.

 

Т а м а р а: Не болды, Ганс? Тыныштық па?

Н е м і с о ф и ц е р і: (сигаретін тұтатып) Жағдай нашар...

Генерал-фельдмаршал Паулюс қолға түсіпті!

Т а м а р а: Қорқақтар! Сатқындар! «Қызыл алаңда сайраң- дап жүрміз», – деп мақтанғандары қайда? Енді не істедім, қайда барып жан сақтаймын...

Н е м і с о ф и ц е р і: (айқайлап). Доғарыңыз истериканы! Сатқындыққа, қорқақтыққа күлетін бетіңіз жоқ сіздің (Пауза. Анна мен балалар көңілді). мені Шығыс майданына жібереді. Коменданттыққа басқа кісі келе жатыр... (Өзіне-өзі). Енді коменданттың керегі бар ма...



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.