Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





«Құлыным менің» – 2 1 страница



(екі бөлімді драма)

 

ҚаТыСУШылар:

1. Ж а н-м ы р з а – 40 жастан асқан әдебиетші, депутат, Орталық партия комитетінің қызметкері.

2. а н а р – әйелі.

3. Қ а н а т – ұлдары, студент.

4. Ә д і л е т – Жан-мырзаның досы, әдебиетші.

5. Қ а р л ы ғ а ш – ауылдан келген әйел.

6. Д у л а т – Қарлығаштың күйеуі, жылқышы.

7. Қ а й р а т – Қарлығаштың ұлы.

8. Қ ы м б а т – Қайрат ұнатқан студент қыз.

9. а й н а – Қанат ұнатқан жұмысшы қыз.

Көпшілік сахнада: студенттер, милиция және қауіпсіздік органдарының қызметкерлері, көзілдірікті ардагер, некеге тіркеуші әйел, т. б.

 

Бірінші бөлім

БІрІНІШ КӨрІНІС

 

Сахна ашылмас бұрын «Партия қайда болса – жеңіс сонда» деп аталар ән шырқалып, «Қазақстан – халықтар достығының лабораториясы», «Ура!. Жасасын Совет өкіметі, Ура!» деген сықылды сөздермен жер жаңғырықтыра ұрандаған мерекелік салтанаттың панограммасын тыңдайсыз. Көзілдірік киген

«ардагер» сахнаға көрермен арасынан жүгіріп шығып жаттығу жасай бастайды. «Партия қайда болса – жеңіс сонда» деп ыңылдап, маршировкамен адымдай шығып кетеді.

Сахна шымылдығы ашылғанда «Достық» аталар кафеде Қанаттың туған күнін тойлап отырған жастарды көреміз.


алла Пугачеваның ән әуеніне билеп жүр. Қайрат, айна, Қанат, Қымбат билеулерін доғарып, өздері отырған дастарханға жайғасады.

Қ ы м б а т: (ентіге желпініп, су ішіп) Ой, шаршадым, жігіттер! Секеңдей бермей, біраз дем алайықшы. Жүрегім айнып, басым айналып кетті.

а й н а: – Осы сендер не істеп шаршап жүретіндеріңе таңым бар. Ұйқыларың әбден қанған соң ғана сабаққа барасыңдар. Онда да бір пардан соң қаша жөнелесіңдер. Біз ғой, ертеден кешке дейін табанымыздан таусылып жұмыс істейміз. Қолың талып, белің үзіліп кете жаздайды... Осы әлгінде ғана сменадан шықтым. Сонда да мына сендерге ұқсап ит қуған еліктей ентігіп отырғаным жоқ.

Қ а й р а т: – Басталды! Басталды пролетариат уағыздары! айнашжан, біле-білсең тән азабынан жан азабы әлдеқайда ауыр.

Қ а н а т: (Айнаға сүйсіне қарап, құшақтап). – Енді бір жылдан соң бүкіл азап атаулыдан құтқарамын, мәңгілікке!

Қ а й р а т: (күліп) – Әйел заты үшін үйдің күйбеңі үй салғаннан әлдеқайда қиын. Білдірмей қажытып жібереді.

Қ ы м б а т: – Енесі, анар тәтемді айтамын, жас қой, көмектесер.

Қ а й р а т: – Әй, қайдам, бұл заманда ене мен келін бір шаңырақтың астында сыйып тұрарына сенбеймін.

Қ ы м б а т: – расында да бірге тұра алмасаңдар не істейсіңдер?

Қ а н а т: – айнаның жатақханасына барып тұрамыз.

Қ а й р а т: (күліп) – Көгершінім, бүкіл құрылысшылар комбинатына күшік күйеу боламын деші...

а й н а: – адам емес аю болса да тату-тәтті тұра алар мінезім бар. ал, өздерің не істейсіңдер? мына жүрістерің мен сүйістеріңе, қарағанда бір жылға да жетпей-ақ...

Қ а й р а т: (Айнаның аузын алақанымен басып) – Болды- болды, көгершінім, аржағын айтпай-ақ қой. Сәл бөсіп кеттің. мінезің жібектей екенін білеміз... (ойланып) Біздің жөніміз бір басқа. Орнымыз күреулі тұр. ауылда алты бөлмелі үйіміз бар. Әке-шешеміз малда... отырса – опа, тұрса – сопақ дейтін кісі жоқ.


музыканың даусы қаттырақ естіліп, бұлардың әңгімесін құмықтыра береді.

 

Қ а н а т: (күйгелектене) Ту, атаңа нәлеттер-ай, саңырау адам бардай-ақ саңғырлатты ғой... Әңгімемізде береке болмады. Жүріңдер (орынан тұрып) бірге жынданайық.

Қ ы м б а т: – рас айтасың, у ішсең руыңмен деген (тұруға ыңғайланады).

а й н а: (көнбей) – Егер сенсеңдер, енді мен шаршадым... Әй, Қымбат, (құлағына сыбырлай) саған тіпті де көп секіруге болмайды...

Қ ы м б а т: – Ештеңе етпес, екі айға да толған жоқ... Екі қыз сықылықтай күледі.

Қ а й р а т: – Бізден не, жасырдыңдар, ә... айтпасаңдар, атылып өлем.

Қ а н а т: – Әй, Қайрат, бағана ғой, сен ақша беріп, аллаға ән салдырдың, енді сол әнді қойдыруға ақша бер.

а й н а: (құлағын басып) – Сөйтші. Құдай үшін тоқтатшы. мың сом болса да төлейін.

Қ ы м б а т: – Құрылысшыда ақша көп болады. Біз ғой стипендияға қарап қалған...

Қ а н а т: – Дегенмен, алматыдағы ресторан, кафелерді аралап шықсаңыз, 80 проценті студенттер, оның ішінде ауыл- дан келгендер. Қаншама ата-ананың табан ет, маңдай тері рәсуаланып жатыр екен... Әттең, есептесе...

Қ а й р а т: – Көкешім, қала жастарының да күлетін... кешіріңіздер, арт жағы... жоқ...

Қ ы м б а т: (Қайратқа) Көп сөйлемей ана музыканы тоқтатшы! айнаның өңі расында да бұзылып отыр.

 

Қайрат музыканттарға кетеді. Өзін жайсыз сезініп отырған айна қолсөмкесінен дәрі алып ішеді. Қанат қыздың маңдайына алақанын басып, су құйып беріп бәйек болады.

 

Қ а н а т: – Осы жұмысыңды қой дедім, саған. Ер-азаматтар әрең шыдайтын құрылысқа қайдан ғана барып едің...


а й н а: (езу тарта) – Ештеңе етпес, қазір басылады... (Қанатқа) Егер біз болмасақ баспанасыз қалар едіңдер ғой. Бүгінде сендер отырған Орталық партия комитетінің бес бөлмелі үйіне де сылақ жүргізген мен едім ғой. Бітпеген үйді көру үшін келгеніңде танысып па едік. (еркелеп) Ұмытып қалдың ба?

Қ а н а т: (қапсыра құшақтап) – Қайдан ұмытайын. Енді сол өзің салған үйіңе өзіңнің кіруіңе де көп уақыт қалған жоқ. Диплом деген қатырма қағаз қолға тисін.

а й н а: – Тіршілік болса, дәм тартса, деп сөйле...

Қ а н а т: – Бізге ешкім де, ештеңе де кедергі жасай алмайды

(сүйеді)

а й н а: – Бұйырса де...

Қ ы м б а т: – Туу, не әкетіп барады, шыдай тұрсаңдаршы, айнаш, сен осы шынында да КазГУды неге тастап кеттің?

а й н а: – Кандидат ағай қыр соңымнан қалмады... «Бір емтихан алу үшін бір жыл сандалтты. Ол «сипаған етімді құрт жесін» деп, кеттім де қалдым.

 

музыка сап тыйылады. Жайраңдай басып Кайрат келеді.

 

Қ а й р а т: – адамның қанын ішеді бұлар... Елу сом алды. Қ ы м б а т: Қанша уақытқа өшірдің үнін?

Қ а й р а т: – Он бес минутқа. Қ а н а т: – Онда көп емес.

Қ а й р а т: – Қалайша көп емес, бір айлық стипендиям былайша есептесем, әкемнің бір қойының құны. (Жан-жағына қарана, алақанын ысқылап). ал, енді көгершіндерім, мен жан досым – Қанатқа бір жыл бойы дайындаған тосымды айтайын...

а й н а: – рахмет, Қайрат! Бұл дүниеде тыныштықтан артық не бар екен. Жаным жай тапты-ау.

Қ а н а т: – Француздың медиктері үкімет органдары арқы- лы ату жазасына кесілген қылмыскерге үннің, яғни звуктың адам организміне қалай әсер ететінін зерттеу үшін рұқсат алады. Оның алдында хайуандарға тәжірибе жасапты... арнайы фоногенераторды іске қосқан 6–8 секундта ол адам есінен


айрылып, 1–1,5 минут өткенде өлген екен. Ендеше, қазіргі рок, поптардың адам ағзасына қаншалықты кері әсер тигізіп жатқанын есептей беріңіз.

Қ а й р а т: (басын шайқап) – Обал-ай... майкл Джексон мен В. леонтьев көп ұзамай өледі екен-ау... ал, енді көгершінім, көп сөйлеудің де адам ағзасына масқара зиян екені әлгі Сіз оқыған киіз кітапта жазылмап па?

Қ а н а т: – Әй, құрдас-ай, әжептәуір әңгімені қылжаққа айналдырып жіберетінің-ай.

Қ а й р а т: – Әй, көгершінім-ай, әжептәуір тосты бұзып жіберетінің-ай...

 

Бәрі жамырай күледі.

 

– рұқсат болса мерей сөзімді, жалғастырайын. Әуелгі сөзім той иесіне: – аса қымбатты Қанат! алматыға сыңар қанат болып келіп едім, енді сені таптым. Бұл да әке-шешеміздің арқасы шығар. мен Бозтайлақтан қалған жетім құлын едім, Дулат көкем тәрбиелеп өсірді, оқытты. Қатарымнан қалдырмады. Сенің әкеңнің арқасында, (қалжыңдай) әрине қымбатқа түссе де, оқуға іліндім. алла жазса, енді бір жылдан соң Қымбатым- ды қолтықтап...

а й н а: (сөзін бөліп) – Сәбиімізді құшақтап дегенді ұмы- тып барасың.

 

Қайрат ұялған болып айнаның аузын басады.

 

Қ а й р а т: – Ой, сендер қайдан білесіңдер, бірге жатқандай- ақ... Сөзімді бөле бердіңдер... көгершіндер...

Қ а н а т: – Көп сөйлеу де адам ағзасына зиян...

Қ а й р а т: – Тфу! Сендерге қор болған сөзім... Тоқ етері- ей, Қанат, өлме, өлсең – қайтып келме... ал, көгершіндерім (қыздарға) өздеріңе арнап өзім шығарған өлеңді оқып берейін.

Қ ы м б а т: – Бәсе, мені ұмытып күбірлеп, айдалаға лағып кетуші едің, ақыңдық арқаң бар екен ғой...

Қ а н а т: – (орнынан тұрып)

– Деп жүрсің ғой, сұлумын, мол сыбағам,


мен бір деген алтын адам, асыл адам, мейлі сенің ай болсын ақмаңдайың, Көз жанарың күн болсын жарқыраған, Қолаң шашың түн болсын маужыраған, Қызыл ернің гүл болсын қалтыраған.

Қабақ шытсаң, ол мейлі мұз боп қатсын, Жадырасаң, бұлақ боп сарқыраған.

Жанарыңнан атылған оққа ұшып, Жатсын талай көп жігіт қансыраған, Бал мінез адамдығың болмаған соң, Сұлулықтың бес тиын парқы маған, Қаласам сендегі бар сұлулықты Жалғыз шумақ өлеңмен тартып алам! – (пауза жасайды да)

Әйтпесе, бір қой беріп сатып алам, Көнбесең ойбай салып жатып алам! Уһ....

 

Қол шапалақтайды. музыка кайта басталып кетеді. Бағана- ғы көзілдірікті адам омырауына орден, медальдарын тағып кіреді. арасан суын сатып алады, «партия қайда болса – жеңіс сонда» деген әнін әлі айтып жүр.

 

Қ а й р а т: (сағатына қарап) Қой, болмады, алдады. Бес минутымызды жеп қойды. Қайтайық.

Қ а н а т: – Ондай болса, музыканттардан ақшаңды ал. Төртеуі де орындарынан тұрып, жинала бастайды.

– Қап, папам мен мамам дастархан жасап күтіп отыр-ау. Қайрат: – менің әке-шешем де ауылдан келеміз деп еді,

қарсы ала алмадым. Папаң машинасын жіберген шығар. Ескі достар өздері еркін отырсын, біз біраз қыдырайық...

 

Дастархан жасалған.


ЕКІНШІ КӨрІНІС

 

Жан-мырзаның үйі. Әдемі жиналған жиһазға толы. Дастархан жасалған. Теледидар жүріп тұр. анар ас бөлме мен екі ортада ары-бері сабылып, дастарханның сәнін келтіруде. Қолын сүртіп, теледидарға сәл қарап тұрды да:

а н а р: – Қазақ теледидарына қашан қарасаң да бес-алты кісі жиналып алып, көпіре сөйлеп отырғаны: (өшіре салады)

Кабинетінен Жан-мырза шығады. Үстінде әдемі шапан.

 

Ж а н - м ы р з а: – (көзілдірігін шешіп, көзін сүртіп) ау, анаржан, жалғыз өзің кіммен ұрысып жүрсің?

а н а р: – Іздену деген, үйрену деген, жаңа түр, соны мазмұн табу деген жоқ. алқақотан отырып алып ақыл айтады... жетіскен ақыл болса-ау... аналық биеден құлын өсірдік, деп шатысады...

Ж а н - м ы р з а: (таңдана) Уйбай-ау, кім сенің нервіңе ойнаған, атын айтшы, жанын шығарайын (тамырын ұстап), қан қысымың көтеріліп кеткен жоқ па жаным. Осы сен соңғы кезде өзіңмен өзің сөйлейтін болып жүрсің...

а н а р: – Сап-саумын! ауыртатын ана қара жәшік... Теледидарды айтамын. Сен де сол сиқырлы жәшікке бір мінсең түспейсің. Өткен сенбіде бір сағат уағыз айттың, жалғыз ауыз сөз есімде қалған жоқ. Социалистік реализм дедің бе- ау, Советтік Қазақстан қатындарының коммунистік бейнесі сомдалмаған дедің бе-ау, тағы не айтып едің?...

Ж а н - м ы р з а: (қызарақтап) Қателесесің, бәйбіше,

«қатындар» деген жоқпын, «әйелдердің» дегенмін...

анар: – Әйел дегеннің арабшадан аудармасы – жезөкше деген сөз, қатын – көне түрікте патшайым, қателесіп жүрміз деген кім еді?...

Ж а н - м ы р з а: (еркелете құшақтап) мен айтқанмын, қат-еке...

а н а р: – Дегенмен, қатын деген қатты естіледі... жезөкшесі дұрыс-ау деймін... (екеуі жарыса күледі).


Ж а н - м ы р з а: (дастархандағы бауырсақтың бірін алып),

– Тойға дайындалғандай-ақ түрлендірген екенсің...

а н а р: – Жалғыз ұлдан аяйтын неміз бар... (паузадан соң)

Дулат пен Қарлығашқа машина жібердің бе?

Ж а н - м ы р з а (бауырсақ шайнаған күйі) – Шопырға тапсырғанмын. (Сағатына қарап). Самолеттері қонғанына он минут болды, келіп қалар.

а н а р: – Әділет досыңа ескертіп пе едің... ертерек келе берсін де, қонақтардың алды-арты жиналғанша әңгімелесіп отырасыңдар.

Ж а н - м ы р з а: – Оған айтқаным жоқ. Ісінде береке, сөзінде пәтуа қалмай бара жатыр. Қашан көрсең ішіп жүреді.

а н а р: – Бес жыл бірге оқып, жиырма жыл үзеңгілес болған жан досыңнан безінгенің бе?...

Ж а н - м ы р з а: – Өзінен көрсін. Тып-тыныш өмір сүру- дің орнына аузына келгенін көкиді, көрінгеннің жағасына жар- масады. Әнеукүнгі жазушылардың жиналысында, бір жеріне қарамай, Орталық Комитетті сынады.

а н а р: – Қайғыдан да... қырықтан асқанда әйелден айрылу оңай ма? Оның үстіне балалары өскен, әлі аядай екі бөлмелі үйде тұрады...

Ж а н - м ы р з а – Өзінен, өзінің ит мінезінен көрсін. а н а р: – Талант қой. Кешіре салмайсыңдар ма?

Ж а н - м ы р з а – Таланттың бәрі тантық болу керек пе? Біле-білсең талант – ол да бір жаңа туған жас сәби, бағып-қағу керек, баптап-тәрбиелеу керек. ал ол болса, өз талантының гладиаторы. мұхтар Әуезов пен ғабит мүсіреповтен әулие емес шығар. Олар неге ішіп кетпеген. Қандай қиыншылық көріп жүрсе де жол таба, жөн таба білген.

 

Қызулана сөйлеп ары-бері жүреді.

 

– Тіпті маскүнем, аузына не келсе – соны айтатын саяси бейбастақ досың барын білсе, үлкен үйдегілер не дейді.

а н а р: – Ешкім де үлкен үйдегілердің кепілдемесімен дос болмайтын шығар. Көшеде табысқансыңдар... Өзгені ұмытсаң да өзіңнің өмірбаяныңды ұмытпасаңшы, бала дос – балдан да тәтті болмаушы ма еді...


Ж а н - м ы р з а: (өкпелей теріс караған Анарды құшақтап), Жә-жә, болды, мамасы... Торсаңдама. Шақыра сал.

а н а р: – Шақыра салатын ит емес. Шақыр, деп айт.

Ж а н - м ы р з а – Әдемі кештің кетеуін кетірмесін. Шақыр. менен гөрі сені тыңдайды ол қыңыр неме (паузадан соң). мен де шаршап жүрмін. Баяғы баянды тірлік жоқ бүгінде. Ертең не боларын білмейсің... Тексерістен тексеріс, тып-тыныш өмірдің қаймағын бұзған андропов... Димекеңнің де көңіл-күйі онша емес-ау деймін. Бүгін жұмысқа келген жоқ... Түбі тыныш болсын де, бәйбіше.

 

Кабинетіне кіріп кетеді. анар телефонды алып бұрай бастайды.

 

а н а р: – алло! Әділ! Өзіңсің бе? Көңіл-күйің қалай? Балалар сау ма? Өзің саусың ба... (күліп) Ішкен жоқсың ба дегенім ғой... Жо-жоқ, о не дегенің... шаңырағымызды шақпайтыныңды білемін. Бүгін Қанаттың туған күні ғой, ұмытып қалғансың ба? Кіндік әкесіз дастарқанның сәні болмас... күтеміз. Тез кел... Иә, иә (күліп). Байымыз қарсы емес...

 

Осы кезде есіктің қоңырауы шырылдайды.

 

– Әдеке, тезірек шық үйіңнен, мен-ақ төлейін такси пұлыңды. Қонақтар келді-ау, деймін есікті ашайын...

 

Телефон тұтқасын тегершікке қояды.

 

Есік ашады. Үйге артынып-тартынып Қарлығаш пен Дулат, олардың қабын көтеріп шопыр жігіт кіреді.

а н а р: (кұшағын аша амандасып), – Жан, ау, Жан, қайдасың, аға мен тәтем келді!

 

Олар құшақтасып, есендесіп жатқанда жүргізуші жігіт соғымның еті салынған қаптарды бір-бірлеп кіргізе бастайды. Түпкі бөлмеден Жан-мырза шығады. амандасады.


Ж а н - м ы р з а: – Құдайдың құдіреті, баяғы қалыптары, өзгермейді-ау, өзгермейді.

Д у л а т: – ал, сен бала, дүмдей болып семіріп кетіпсің.

Көшеде көрсем, танымайды екенмін.

а н а р: – Семірсек, сендер жіберіп тұратын еттің арқасы да...

Ж а н - м ы р з а: – Әй, бәйбіше, өзіміз де от пен суға қарап отырған жоқпыз ғой...

Қ а р л ы ғ а ш: – рас-ау. Бүкіл Қазақстанды аузына қаратып отырған қайнымызға қасқалдақтың қаны, адамның жанынан басқа зат табылмаушы ма еді…

Д у л а т: Қане, келші, бауырым, осыдан жиырма бір жыл бұрынғы жайлаудағыдай күш сынасайық.

Ж а н - м ы р з а: – Қала қаратаяқтарының күші өспейді, іші ғана өседі. Баяғыда анар екеуіміз жайлауға алғаш рет барғанымызда, «лимонад ішіп, сосиска жейтін қала жігіттерін- де не қауқар бар дейсің» деп келемеждеп едің...

Д у л а т: – айтқаным айдай келді емес пе? Жиырма жылда жалғыз-ақ бала таптырдың.

 

Күлкі

 

Ш о п ы р ж і г і т: – аға, басқа тапсырмаңыз болмаса, машинаны гаражға қояйын.

Ж а н - м ы р з а – Жүре бер. Ертең сегіз жарымда келерсің.

а н а р: (тоқтатып) – Тұра тұр. Сен Әділет ағаңның үйін білесің ғой.

Ш о п ы р ж і г і т: – Білемін.

а н а р: – Білсең, сол ағаңды көрінген мәшинаға қолын шошайтпай, тез алып келе ғой.

 

Жүргізуші шығып кетеді. Қалғандары жайғасып отыра бастайды.

 

Қ а р л ы ғ а ш: – Оу, анар, айналайын, ана еттерді жайғастырайық. Бұл екеуінің әңгімесі таусылмас... Саны


мен қолын бұзғамыз жоқ. Қазысын ауылда аударғанмын. ауыздарыңның салымы бар екен, семіз шықты.

 

Қарлығаш пен анар ас бөлмеге кетеді. Дулат пен Жан- мырза әңгімелесіп отырады.

 

Д у л а т: (жан-жағына қарап) – Да-а-а... байып алып- сыңдар...

Ж а н - м ы р з а: – Енді... былай... ел қатарынан қалмайық деп...

Д у л а т: – Өзі неше бөлме? Осы үйге көшіп кіргендеріңнен бері келгенім осы. Көрімдік неге сұрамайсың.

Ж а н - м ы р з а: (күлген болып). – Бесеу-ақ... Бір жылқы сойып әкелдің ғой... сол болар...

Д у л а т: Ол – соғымың... (жан-жағына қарай таңырқап) Да-а-а, адасып кетпейсіңдер ме? Балаларға жасырынбақ ойнауға жақсы екен...

Ж а н - м ы р з а: – Жә, қысыр әңгімені қоялық. Одан да өз жағдайыңды айт. Тіршілік қиындап бара жатқан жоқ па? Қарлығаш өңін бермепті. Бозтайлақ ағамыз найзағай түсіп мерт болғанда дәл екеуің қосылады деген үш ұйықтасам түсіме кірмеген.

Д у л а т: (қалтасын қаранып) – Сен ғой темекі тарттырмайсың...

Ж а н - м ы р з а: – Әйелдер ұрсады ғой...

Д у л а т: – Жарайды, ондай болса насыбай атайын. Қалтасынан шақшасын шығарады.

Ж а н - м ы р з а: (күліп) – мұндай да өнерің бар ма еді... Дулат: – Берсең наша да тарта берем.

Ж а н - м ы р з а – Құдай сақтасын! Қартайсаң да қалжыңың қалмайды-ау!

Д у л а т: – Жаңа сен ғой, тіршілігімді сұрадың... Жаман десем бес бөлменің екеуін босатып берер ме едің (өзі жауап беріп), әрине, жоқ. Береке ауылда ғой, түбі бізге қашып тығыласыңдар... (паузадан соң). Бозтайлақ ағам қайтыс болған


соң шиеттей балаларымен Қарлығаш жеңгемді боздатып тастай алмадым. Жылы өткен соң бес жас үлкендігіне қарамастан үйіне кіріп алдым.

Ж а н - м ы р з а: – Ерлік жасағансың. атам қазақ жесірін қаңғыртпаған.

Д у л а т: – Әлгі екеуіміз кіндігін балтамен кесетін жаман ұлымның оқуы қалай? Әйтеуір саған сеніп алаңсыз жүрміз. Сенің ұлың да көрінбейді. аэропортқа да келген жоқ.

Ж а н - м ы р з а: – Ой, олар Қанаттың туған күнін ресторанда тойлап жүр... келіп қалар.

Д у л а т: – Тым-тым еркінсітіп жіберме.

Осы кезде есіктің қоңырауы қағылды. Есікті ашпас бұрын Жан-мырза «бұл кім?» деп сұрайды.

Есіктің ар жағынан «Ұрымын!» деген Әділеттің даусы естіледі.

Ж а н - м ы р з а: (есікті ашып) Осы сенің қалжыңың қашан таусылады екен...

 

Әділет кіреді.

 

Ә д і л е т: – Өлген күні. Онда да моламнан қарқылдап күлген дауыс естисің. (Дулатты көріп) Үйде қонақтар бар екен ғой. мың метр жерде тұратын менен мың шақырым қашықта тұратын Дулат бұрын келіпті-ау.

Д у л а т: (амандасып) – мың бес жүз шақырым дегенің дұрыс шығар. Әбден жемқор болып үйренгенсіңдер, қарашы қас пен көздің арасында бес жүз шақырымды қымқырып қалғанын...

Ә д і л е т: –андропов көкем ертерек өліп кетті деп налитыным содан... Енді бір бес жылдай тірі тұрғанда бірімізді қалдырмай түрмеге қамап тастар еді.

Д у л а т: – Әнеу бір... кім еді, аты-жөні... ә-ә Шерненко екен ғой... сол алжыған шал да тым ерте аттанып кетті-ау. рахат өмір қайта туа бастап еді... Жетпістен асқан шалдың бәрі өсіп жатыр, мен де управляющий боламын деп біздің ауылда бір ақсақал әлек шығармады ма? расында да ол Шерненкодан екі жас кіші еді...


Ж а н – м ы р з а: (жақтырмай) – Саясатты қойсаңдар қайтеді.

Ә д і л е т: – Үйіңде тыңшылық аппарат бар ма еді...

Ж а н – м ы р з а: (өңі бұзылып, зілдене) – Ірігеннің аузынан, шіріген сөз шығады!

ас бөлмеден анар мен Қарлығаш шығады. Екеуі де Әділетпен амандасады.

а н а р: (ашық-жарқын көңілмен) – Неғып дуылдап кетті десем, үсті-басы қоңыраулы Әдекең келген екен ғой.

Қ а р л ы ғ а ш: (Әділеттің бетінен сүйіп) – Бала-шағаң сау



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.