Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





лыным менің» – 2 5 страница



Ж а н - м ы р з а: – Егер осы үйдің қызметкері болсаң – сен де сөйтер едің... Өйткені біз қазақпыз... (ойлана күрсініп). Сендегі ұлттық сезім менде жоқ, тастан жаратылған деп ойлайсың-ау, Отанды да, ұлтты да сүю ғажап нәрсе, бірақ одан да мықты нәрсе бар, ол – жағдайға бағыну... Біз – қазақтар өзімізді өзіміз мақтағанда міндетті түрде дәріні көп салып жібереміз. Жоқтан өзгеге балаша алданып мәз боламыз, жоқтан өзгеге өкпелейміз...

Ә д і л е т: – мен саған ешқашанда өкпелемеймін. Жаман тәжірибенің де жақсы жақтары болады. рас, әркімнің өз шындығы бар. ақиқат алаңындағы айқасқа сол – жеке бастың шындықтары түседі. ал, ақиқаттың ауылы алыс емес. мен саған ара түс, мынау басымдағы пәледен құтқар деп айта алмаймын. мың жоддыны бір сорлы байламасын. менен мынау қызметің қымбат екенін білемін.


Ж а н - м ы р з а: – алдырған анасының қойнын ашып қарай- ды деген. Сен де маған өкпелеме. Талай рет құтқарғанмын, дәл осы жолы қинама, досым... партиялық билетіңді қалдырып кет.

Ә д і л е т: (күліп) – «Өсесің», «өсіремін» деп өзің өткізіп едің... енді өзіңе тапсырайын. Партиялық тәртіп бойынша бастауыш ұйымның ұйғарымымен аудандық партия комитеті шешім қабылдап, алушы еді билетті... «өз досымды да аямай партиялық билетін тартып алдым» десең, бәлкім, жаңа генсектің көзіне түсерсің... көңілін табарсың...

Ж а н - м ы р з а: (ашулана) – Оттапсың! Сотталып кетпей тұрғанында кет! Шық бөлмеден!

 

Хатшы қыз жүгіріп кіреді. Жан-мырза бар, бар дегендей қолын сілтейді;

– арғымақтың жанында жүре берсе жабағыға да жал бітеді деген осы да!

Ә д і л е т: (орнынан самарқау тұрып) – Қайта-қайта сойылдай берсе жансызға да жан бітеді деген. Есіңде болсын, дүние дәл сен ойлағандай жалғандық пен жарамсақтың батпағына батып тұра бермес. Дүние кезек деген... Бақадай шақырған ел де еңсесін көтерер...

Ж а н - м ы р з а: (мысқылдай) – Су ағады, тас қалады... ендеше, сенің де есіңде болсын: қанша рет әлем аунап түсіп, саясат сан рет өзгерсе де дәл осы ақ үйде отырарыма кепілдік беремін.

Ә д і л е т: – Бұйырса деп айт...

Ж а н - м ы р з а: – Бұйырсаны күресе алмайтын әлсіздер ғана айтады.

Ә д і л е т: – Құдайды қайтесің...

Ж а н - м ы р з а: – Құдай күштілерді ғана қолдайды. Ә д і л е т: – Өлім ше?

Ж а н - м ы р з а: – Өлім барлығымызға – ортақ,

Ә д і л е т: – Қаймана халқың, жағалай жұртың ше?

Ж а н - м ы р з а: – Халық қой секілді. алдына жемді кім тастайды, соған қарап маңырайды, соның соңынан ереді. Әсіресе қазақ атасының құнын кешіре береді.


Ә д і л е т: – Бәлкім, біздің сорлылығымыз да кешірімпаз- дығымызда шығар... (көрерменге қарап). Бір есептен біз сиыр мінездіміз, ағайын. Тірлігімізде бір-бірімізді мүйіздейміз, ал, қанды көрсек өкіріп-бақырып мөңірейміз. Бар болса – көре алмайтын, жоқ болса бере алмайтын, қайран қазағым-ай... Қашан ел боламыз?! Құдайдың құдыретімен ел бола қалсақ тағы да (Жан-мырзаны нұсқап) кімнің тарысы піссе, соның тауығына айналар осылар басқара ма?...

 

ЖЕТІНШІ КӨрІНІС

 

Түрме... Түрменің алдында Дулат, Қарлығаш пен анар тұрады. Біршама уақыт өткенін сөздерінен байқаймыз.

а н а р: (мұңлы, жүдеу) – Дулат аға, Қарлығаш жеңеше, ауылдан келгендеріңізге алты күн болса да біздің үйге аттап баспадыңыздар. менің жазығым жоқ еді ғой...

Д у л а т: – аюдай ақырып, жын-перісін шақырып отырған күйеуің есігінен сығалата қоймас. Қайраттың істі болған күнінен бастап алдына келсе тістеп, артына келсе теуіп оқыранып шыға келді емес пе... (басын шайқай) Жаннан, ойбай-ау мырзасын қоспай қойыппын-ау, Жанмырзадан дәл осындай өзгеріс күтпеп едім.

Қ а р л ы ғ а ш: (майда үнмен) – Қойсаңшы, отағасы... Қайнымды жамандыққа қимаймын. Қызмет бабы ғой... Үкімет адамында ерік бар ма, олардың да үстінен қарайтын бастығы бар...

Д у л а т: – айдағанға жүретін, айтақтағанға үретін шенунік болғанша, бір үйір жылқы баққаным әлдеқайда озық. Інісінің арасына түсіп, арашаға жарамаған ағайынның жатбауырлығы ұшпаққа шығармас. Бізді қойшы, Бозтайлақтың – Бозағамның аруағынан ұялмай ма?

Түрме күзетшісі келеді. Қолында сылдырлаған бір буда кілті бар.

Т ү р м е к ү з е т ш і с і: – Дабырлап қатты сөйлемеңіз, ағай, қой бағып жүрген жоқсыз.

Д у л а т: – Басыңның жарығы ашыла ма? Қой бағып өскен адам қой деген сөзді тыңдамайды.


а н а р: (күзетшіге) – Сіз кешіріңіз... Бұл кісі шынында да далада мал бағып жүріп қатты сөйлеп үйренген.

Қ а р л ы ғ а ш: – ай, Дулат, қанша қатты айғайласаң да даусың құдайға жете қоймас. Қайтесің қызынып. Болайын деп тұрған істі бүлдіресің.

Д у л а т: – Оның рас, бәйбіше, құлындаған даусым көктегі құдайды қойып, жердегі шұнайға жетпегенде несіне ышқынамын.

Әділет келеді.

Ә д і л е т: – Қай қазақ тойын жасырып өткізуші еді.

Қ а р л ы ғ а ш: – Қайбір жетіскен той дейсің... Саған айтуға да ұялдық.

Д у л а т: – Өй, сен бостандықта екенсің ғой. Әнеу күнгі сөзіңе қарағанда алғашқы болып сен қамалып кетті ме деп қауыптенген едім... (құшақтайды).

Ә д і л е т: – Тураушыда туғаның болсын деген. Досымның арқасында аман қалдым. (Анарға) Жүдеусің ғой... Қанат үйлеріңе оралды ма?

а н а р: (мұңая) – Жоқ. анда-санда менімен телефон арқылы сөйлеседі. Желтоқсан оқиғасы кезінде алаңға жібермей қойғанымызды кешірмей жүр... Оның үстіне сүйген қызынан айрылды...

Д у л а т: – Иә, Әдеке, айналайын айна қайтыс болды.

Басына тиген соққыдан соң қаны тоқтамай көз жұмды... Ә д і л е т: – Иманды болсын... Қай жердің қызы еді... а н а р: – Семейден... абралы деген жерден...

Ә д і л е т: – Бәсе-бәсе... радиация... (ақырын) қанның ақ түйіршектері көбейіп кеткенде ғана қан тоқтамайды...

а н а р: – Бүкіл жұмысшы қыздар қанын берсе де болмапты. Жығылған үстіне жұдырық болды ғой. ауру келіннен құтылдық, деп әкесі отыр мәз болып... (жылайды). Жүрегім сезеді, Қанат енді қайтып оралмайды...

Қ а р л ы ғ а ш: – Қой, жаман ырым бастама, анар. Бір жылауыңды бір жылауға қосамын дейді екен құдай...

а н а р: – Жалғыз ұлдан тірідей айрылу оңай ма, жеңеше... Қанаттың соңынан мен де кетемін... Қалсын Жан-мырза қаңыраған үйде жалғыз...


Қымбат пен Қанат келеді. Қастарында некеге тұрғызу қызметінің адамы бар. Әйел.

 

Қ а р л ы ғ а ш: (алдарынан шыгып) – Қарақтарым-ау, келдіңдер ме? (Маңдайларынан сүйеді). анар өз ұлын көріп тұра ұмтылады.

а н а р: – Қанатым! Қанатжан! Ұлым! Көзімнің қарашығы! Құшақтай аймалап сүйеді. Қанат та шешесін құшақтайды.

Қ а н а т: – мама! маматайым! айнадан айрылып қалдық! (өксіп жылайды). Желтоқсан кезінде қасында болсам оған ешкім де қол тигізбес еді... Сендер ғой есікті кілттеп жібермей қойған... балконнан неге секіріп кетпедім...

а н а р: – Бесінші қабаттан қалай секіресің, құлыным-ау... Қ а н а т: – айна үшін оныншы қабаттан да секірер едім...

Ә д і л е т: – Сен желтоқсанға қатыссаң әкең қызметінен айрылар еді.

Қ а н а т: – Қалсын ендеше креслосы қымбат болса. мен оны ешқашан да көрмеймін.

Қ а р л ы ғ а ш: – Қоя ғой, жарығым, әкесін көрмеуші ме еді... Д у л а т: – Ештеңе етпейді, мен де әкемді кермей өстім. мен туа салып шешемді тастап қалаға қашып кеткен. Дөкей қызметкер болып, пенсияға шығыпты деп есіткенмін. Бірақ кейінгі әйелі бала көтермепті... Құдайдың құдіреті, Жан-

мырзаның үйінде көрген ардагерге қатты ұқсаттым.

Ә д і л е т: (Дулаттың бетіне үңіле) – рас-ей. Дулат. Сойып қаптап қойғандай...

 

Барлықтары Дулатқа қарайды.

 

Қ а р л ы ғ а ш: – Қойыңдаршы, қайдағыны бықсытпай.

Т ү р м е б а с т ы ғ ы: – азаматтар, бастаңыздар! Он бес-ақ минут уақыттарыңыз бар.

Қ а р л ы ғ а ш: – Не дейді, құдай!

Ә д і л е т: (түрме бастығына) – Он бес минутта үйленуші ме еді, тағы бір он бес минут қосып беріңіз?


Т ү р м е б а с т ы ғ ы: – Ол өтінішіңізді орындай алмаймын, азамат. рұқсат жоқ. Заң көтермейді. Кейін екі-үш айдан соң бірер сағат жолығуға мүмкіндік жасармыз.

Ә д і л е т: – Заң бұзылмаса – несі заң...

Т ү р м е б а с т ы ғ ы: – Қойыңыз, аға. Бастаңыздар. Бұл өзі түрме өміріндегі тұңғыш оқиға болайын деп тұр. айыпкердің паспортын қалай алдыңыздар?

Қ ы м б а т: – Жолдас, милиция капитаны, мен Қайраттың паспортын алу үшін алты ай жүрдім. Ең ақырында азаматтық хал актілерін тіркеу бюросынан зорға дегенде сұрап алдым- ау. ал, сіз болсаңыз некеге тұру үшін жарты сағат уақыт қимайсыз. (тұрғандарға) Кешіріңіздер... енді аз күннен соң... босанамын...

Т ү р м е б а с т ы ғ ы: (күліп) – Ондай болса балдәурендерің өтіп кеткен екен, он бес минут та жетер... (күзетшіге). айыпты Қайрат Бозтайлақовты шығарып әкеліңіз... 18 камерадағы...

Ә д і л е т: – Камерасының нөмірі 18-ші желтоқсанмен бірдей екен...

 

Түрменің кілттері салдырлап, камераның есігі сықырлап ашылғаны, аяқтың дүрс-дүрс басылғаны естіледі. Екі жағында автомат асынған екі күзетші солдат бар тақырбас Қайраттың сұлбасы көрінеді. Күтіп тұрғандар тұра жүгіреді. Бірінші болып Қарлығаш жетеді.

Қ а р л ы ғ а ш: – Құлыным! Жарығым! Қ а й р а т: – айналайын, анашым!

 

Қымбаттан басқасы таласа-тармаса құшақтап сүйеді. Құшақтан әрең босанып, есін жиған Қайрат анандай жерде сабыр сақтап жымия күліп тұрған Қымбатқа ұмтылады.

 

Қ а й р а т:– Көгершінім!

Қ ы м б а т: – ақырын, байқап құшақта, Қайрат, балаңды мыжып тастайсың...

 

Қайрат тізерлей отыра кетіп, Қымбаттың құрсағына құла- ғын төсейді. Қымбат басынан сипайды.


Қ а й р а т: – Тыпырлайды! Тепкілейді? Ұл бала ғой деймін...

Қ а р л ы ғ а ш: (көзінің жасын жаулығымен сүртіп)

аумаған әкесі... Е, құдай, бергеніңе шүкір...

Ә д і л е т: – Өзіңе түрме жаққан-ау, шиыршық атып алыпсың.

Д у л а т: – адам үш күннен соң көрге де үйренеді деген емес пе.

Қ а й р а т: – абақтыда отырып шыққан ағаларымның денсаулығы мықты, неге көп жасайды десем, диета сақтайды екен. аш та қылмайтын, тоқ та қылмайтын түрмелік норма

– асқазанға қолайлы екен. (жан-жағына қарап) айна келмеген бе? ‘

Қ ы м б а т: – айнадан айрылып қалдық. Жараның қаны тыйылмай қайтыс болды...

Қ а й р а т: – рас па, Қанат!

Қ а н а т: – рас, достым... Қанатымнан қайрылдым... Бәріңе мен кінәлі... Жанында болмай жалғыз қалдырдым.

Қ а й р а т: (Қанатты құшақтап) – Жо-жоқ, мен кінәлімін.

Үлгермедім, қорғай... алмадым.

Ә д і л е т: – Екеуің де емес кінәлі, атом полигоны. Сол жалмауыздың құрбандығы болған жалғыз айна емес, жүздеген, мыңдаған қазақ бар, бірақ оны сендер білмейсіңдер...

Некеге тіркеуші әйел (асыға) – Тездетсек қайтеді. Неке рәсімін жасағанша күйеу жігітті күзетшілер қайтадан қамап тастар.

Д у л а т: – расында да, тездетейік...

Қ ы м б а т: – Қайрат, сенің рұқсатыңды күтпей-ақ, неке куәлігін толтырып қойдық, тек сенің қол қоюың ғана қалды.

Қ а й р а т: (неке тіркеушіге) – Көрсетіңізші, көгершінім, қай жерге қол қою керегін, ысқыртып шығайын...

Бәрі күледі. Бұл қызықты көруге түрменің бірталай адамы жиналған.

Некеге тіркеуші әйел: – Ең алдымен ықылас сөздерің керек.

Д у л а т: (Қарлығашты құшақтап) – Әй, бәйбіше, осы бізде неке куәлігі бар ма?


Қ а р л ы ғ а ш: – Жоқ а, құдай...

Некеге тіркеуші әйел: – алғандарыңыз жөн.Әйтпесе ол куәліксіз пенсияға шыға алмайсыздар.

Д у л а т: – ауылға бара салып, некеге тұрайық, бәйбіше.

Түрмеде де некелесіп жатыр ғой, одан қиын емес шығар...

 

Күлкі.

 

Некеге тіркеуші әйел: – азамат Қайрат Бозтайлақов азаматша Қымбат Қарасаевамен заңды некеге тұруға риза- лығыңызды бересіз бе?

Қ а й р а т: – Шексіз ризамын!

Некеге тіркеуші әйел: – «Беремін» деп айтыңыз. Қ а й р а т: – Беремін! Жүрегімді де... |

Некеге тіркеуші әйел: – азаматша Қымбат Қарасаева, азамат Қайрат Бозтайлақовпен занды некеге тұруға ризалы- ғыңызды бересіз бе?

Қ ы м б а т: – ризалығымды беремін! I

Некеге тіркеуші әйел: – Ендеше, сақина алмасты- рыңыздар.

 

Қарлығаш қалтасынан сақина алып береді. Қалыңдық пен жігіт бір-бірінің саусағына сақина салады.

 

Қ а й р а т: – Жолдас капитан, жан жарыммен сүйісуге рұқсат етіңіз. (Қымбатты құшырлана сүйеді).

Қарлығаш пен анар екі жастың маңдайынан сүйіп:

«Бақытты болыңдар!» деп тілек айтады. Д у л а т: – Бізге де кезек беріңдер...

 

Қанат, Әділет пен Дулат та құшақтап, тілекші болады.

 

Қ а р л ығ а ш: – Үйбай-ау, шашуды ұмытып кетіппіз ғой... бұған да рұқсат сұраймыз ба?

Т ү р м е б а с т ы ғ ы: – Шашыңыз, жеңеше, шашыңыз! Д у л а т: мынаны қайтеміз?

Дорбадан шампан алып шығады:


Т ү р м е б а с т ы ғ ы: – айыпкер Қайрат Бозтайлақов және маған рұқсат жоқ. Өздеріңіз ырымын жасаңыздар.

Шампан атылады. Некеге тіркеуші әйел Қайрат пен Қымбаттың мойнына неке медалін іледі. Бүкіл түрме ішінен сатыр-сұтыр қол шапалақтау естіледі.

 

Ә д і л е т: – ал, бауырым, Қайрат. Түбі қайырлы боларын білген адам жауын арқалап жүрсе де ауырсынбайды. Халқы азап шегіп, абақтыға қамалған қазақ азаматының алды-арты сен емессің, ату жазасына кесілгендер де бар. Тепсе темір үзетін азаматқа он жыл деген немене, он күндей де болмай өте шығады. Жасың отызға толады екен. Орда бұзатын жаста түрмеден шықсаң да алдыңда атар таң, көрер қызығың бар. Бірақ, шындық май секілді – қанша түпсіз тереңге батырсаң да қалқып бетіне шығады. Бұл жерде нақақ отырғаныңды білемін. Жаным тірі болса қуынып, ертерек босатып алуға бар күш- қуатымды жұмсармын. Желтоқсанның желі қаншалық үскірік болғанмен күлімдеп көктем, жадырап жаз шығар. Ол – Қымбат екеуіңнің мынау өмірді, бостандық пен жарық дүниені аңсаған құрсақтағы сәбиіңнің көктемі мен жазы болмақ. Қосақтарың- мен қоса ағарыңдар!

Д у л а т: – Қайратжан! Сен әкеге тартқан жілікті жігітсің. Не нәрсегеде шыдам, төзім керек. Қаражан қарақасқа құлынды бауыздағанымен өмірге құлын келмей тұрмайды. Сен Бозағамның құлыны едің, өсірдім. Енді сен ақталып шыққанша сенің құлқыныңды да өсіріп қоямын. Әкел бетті! (бетінен сүйеді). Түрмеде төбелес көп болады, тыныш жүр. Жамап аласың...

а н а р: – Бақытты бол, айналайын! Қосағыңмен қоса ағар! (Жылайды) ... Қанатқа... үйге қайт деші... Сені тыңдаушы еді ғой...

Қ а н а т: – Сенде арман жоқ, досым. Бостандықта жүрген менен әлдеқайда бақыттысъң... Әттең, ондай заң жоқ, әйтпесе сені босатып орныңа өзім отырар едім.

Қ а й р а т: – анаңды зарлатпай үйіңе орал, Қанат. Әкең де райынан қайтар. «У ненависти есть предел» деп айтқан Наполен ақымақ емес шығар...


Қ а н а т: – Оқуды бітірген соң да қалада қала алмаймын. ауылға кетемін. анамның жазығы жоқ, ал, әкем туралы сөз басқа... (құшақтап), келіп тұрамын ғой...

Қ а р л ы ғ а ш: – Енді қашан көрер екенмін, құлыным!

Қ ы м б а т: – Неге екенін білмеймін, сенің бұл жерде көп отырмайтыныңды жүрегім сезеді. мен сені мәңгілік тосамын деп анттасбай-ақ қоялық. «ғашықтың тілі – тілсіз тіл, көзбен көр де, ішін біл» депті ғой абай атамыз... (күліп). ал, ішімде не бар екенін біліп тұрсың.

Қ а й р а т: Ерлігіңе ризамын, көгершінім! мен көңілімді босатып, жылап-еңіреп ешнәрсе айтпаймын. мен әлсіздік танытып өзіме өзім қол да жұмсамаймын. Өйткені, бұл жарық дүниеге өмір сүру үшін, ұрпақ өсіру үшін келгенмін. Жазықсыз жапа шеккен қазақтың бірі ғанамын. Ендеше, шыңғырған шындығымды дәлелдеу үшін, аңсаған ақиқатқа жету үшін, ұлым үшін, ұлтым үшін шыңдалып, шыдауым керек. Өйткені желтоқсанның алды-арты бұл емес, келесісін болдырмау үшін өмір сүруім керек.

Т ү р м е к ү з е т ш і с і: – Уақыт бітті. Қоштасыңдар.

Қ ы м б а т: – Жолдас капитан. Қайтыс болған құрбымыздың өлерінде магнитафон таспасына жазған хаты бар еді, соны тыңдайық бір минут рұқсат беріңіз.

 

магнитафонды сөйлетеді.

 

а й н а н ы ң д а у с ы: – «Көп ұзамай мен он екіде бір гүлім ашылмаған күйі тап-таза қалпыммен бұл дүниеден қоштасарымды сезіп жатырмын. Өз еркіммен емес... тағдырдың жазуы солай шығар. Қанымның ақ түйіршектері жеңді. менің өлімімді тездетуге себепкер болған солақай саясаттың сойылы басыма тигенде өкінгенім жоқ, рақмет айттым... Өйткені олар мені өздері жұқтырған созылмалы аурудың азабынан мәңгіге құтқарды. менің жалғыз өкінішім – жар қызығын көріп, ана атана алмағаным, Қанаттың жанына жата алмағаным... Қанат, аяулым менің, арманым менің, әр айда туған қыз бен жігіттің жорамалында маусым айында туған жігіттер: «өмір бойы бір- ақ қызды сүйеді. ¥рпақ қалдыру жағы қатты қинайды. Ол не


нәрсені болсын кеңінен ойлап, сабыр сарабына салып істемесе, асығыстығы қасіретке ұшыратуы мүмкін», деген сөздер оқып едім. менің сенен жалғыз-ақ өтінерім – есіңді жи, қайғының қара бұлтына тұншыға ,берме, жаным. Қазақта ақылды қыздар аз емес, үйлен. мен сені қанша сағынғаныммен өзіме кел, деп шақырмаймын. асықпа. мен үшін өмір сүр... рухым, саған деген махаббатым сенің жолыңда мәңгі сөнбес алау болып жанып тұрар. Жас жаным сенің жолыңда садаға... Қымбат аман- есен босанып қыз туса атын айна, ұл туса – Қанат қойсын... Хош, хош... демім де, дәмім де таусылды...»

 

мұңлы музыка ойнап тұрады. Түрменің есігі салдыр- гүлдір ашылып Қайратты қару ұстаған күзетшілер айдап әкетіп барады. Жарық Әділеттің бетіне ғана түседі.

 

Ә д і л е т: – Қайран қазақтың жастары-ай, 250 жыл аяқ- қолымызды байлаған темір шынжырды үзуге талпынған еңбектерің еш кетпегей... Жанарларың жасқа, денелерің қанға бөксе де қарулы қасқырға қарсы шапқандарың тарихтың бетіне алтын әріппен жазылар. Ұлттық санасы оянған халық арыстанша атылуға даяр тұрады деуші еді. рас екен. амал не, сендердің осынау ерліктеріңді де саудаға салар атаққұмарлар табылар... мен саясаттан да, қатігез қоғамнан да емес, сондайлардан қорқамын...

 

– Сахнадан «Слава КПСС» деген жазуы бар ұранды көтер- ген Жан-мырза мен ардагеров алшаңдай басып өтіп бара жатады... Сахна жабыларда «Желтоқсан желі» деген ән естіліп тұрады.

 

 

СОҢы

 

1993 жыл.


ЖАУ ТЫЛЫНДАҒЫ БАЛА

(Пролог, эпилогы бар екі бөлімді драма) Қасым Қайсенов шығармасының желісі бойыншаҚаТыНаСУШылар

а н н а И в а н о в н а – совет офицерінің әйелі Б о р и с – оның баласы

Ж а м а л                   – совет офицерінің әйелі

С е р і к                      – оның баласы

Ж о м а р т м е р г е н б а е в – Серіктің әкесі

П р и м а к                – партизан отрядының командирі

Т а м а р а                 – сатқын әйел және бейтаныс әйел Н е м і с о ф и ц е р і

 

Партизандар, Неміс солдаты, Бейтаныс еркек.

Оқиға Ұлы Отан соғысы жылдарында Украинада өтеді.

 

 

ПрОлОГ

 

Осы заман. Көктемнің кезі. Вокзал басы екенін аңғарамыз. Поездың келуін күтіп үш адам тұр. Олар: отставкадағы генерал

– Жомарт мергенбаев, оның ұлы подполковник – Серік мергенбаев және Жомарттың немересі, он бес жасар қыз – анна мергенбаева. Қолында тамырын ораған шие ағашы.

а н н а-қ ы з (Ж о м а р т:қа): ата, анна апай сұлу әйел

ме?

Ж о м а р т: Қазір қайдам, қартайды ғой. Қыз кезінде

Шотландияның қуыршағы секілді еді...


С е р і к (күліп): Әй, папам-ай, сізде өтірік айтады екенсіз- ау. Шотландияның қуыршағын қайдан көріп едіңіз...

а н н а-қ ы з: Не нәрсеге де күмән келтіру папамның әдеті. мамам алдына ас қойса: «Әй, осы шикі емес пе?» – деп шұқылап отырғаны. (Жомарттың мойнынан құшақтап). атамның көрмегені бар ма...

Ж о м а р т: (маңдайынан сүйіп). Иә, айналайын, менің көрмегенім жоқ. ал, Швецарияны Шотландиямен ауыстырып, қателескенім рас. Берлиннің дүкендерінен ақ сары әдемі қуыршақтарды көп көріп едім. Тіпті танкінің шынжыр табаны мыжып кете жаздаған қуыршақты құтқарам деп, оққа ұша жаздағанмын. Иә, одан бері де 38 жыл өткен екен-ау... Зымыран уақыт-ай...



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.