Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





лыным менің» – 2 2 страница



ма?

Ә д і л е т: – Шүкір жеңеше, өлейін десең жан тәтті,

өлмеймін десең бас қаттымен, тіршілік атты тарыны теріп жеп жүріп жатқан.

Қ а р л ы ғ а ш: Бәрін де естігенбіз. Жер шалғай, жол алыс, мал-жаннан шыға алмаймыз. Жан жарыңнан айрылып қалыпсың, бір алланың әмірі шығар... Басымнан өткерген ауыртпалық қой, әсіресе мен түсінемін жайыңды... (көзіне жасалады).

Д у л а т: – ау, бәйбіше, жаман ырым бастама... Орнында бар оңалар деген, құйрық-жалсыз емессіндер.

Ж а н - м ы р з а: – Соны айтамын-ау, тағдырдың тамағы кең, шамшылда шайпау, бір жылауыңды бір жылауға қосамын дейді екен. Ерегестіре бермеңдер.

а н а р: Тас түскен жеріне ауыр ғой. (Қарлығашқа) Жүріңіз, тәте, беті-қолыңызды шайып жіберіңіз.

 

Екеуі шығып кетеді.

 

Д у л а т: (Жан-мырзаға) – Демалыста жүрсің бе, бүгін қызметке бармапсың ғой.

Ж а н-м ы р з а: – Иә, бізге демалысты қыста ғана береді.

«алматы» санаторийіне жолдама алып едім, Қанаттың туған күнін өткізген соң аттанайын деп отырмын.

Д у л а т: – Біз байғұсқа демалыс деген қыста да бұйырмай- ды. мен тіпті туғалы дем алған емеспін. малды көмекші жылқышыға тапсырып үш күнге әрең сұранып шықтым. Биыл ит-құс көп, неге көрінерін кім білсін.


Ә д і л е т: – Үкіметке де...

Ж а н - м ы р з а: (әзілге бұрып) – Әділеттің қисықтығы түзелмеген. Бақыты да, азабы да – сол.

Ә д і л е т: – Түйе жарықтыққа «мойының неге қисық?» деп сұрағанда «сонда менің қай жерім түзу еді» деп жауап беріпті.

Ж а н - м ы р з а: – Бұған сан рет айттым. Әуелі қозыдай қоңыр бол, кейін қасқыр болуың қашпайды, деп...

Ә д і л е т: – ашыққан арыстанның шөп жегенін көрдің бе досым. Емен ағаштың иілгені – сынғаны емес пе?...

Ж а н - м ы р з а: – мінеки, Дулат, ең бір скромный болған кезін көріп отырсың. Жиырма бес жылғы жыры осы, қалай ғана шыдап жүрмін десеңші.

Ә д і л е т: – Бұл сөзді өзіңе де арналды деп есепте.

Д у л а т: (орнынан атып тұрып) – Жә, жетті, былжырай бермеңдер! (дастарханға үңіліп). мына тағамдарды жейміз бе әлде көрмеге қойдыңдар ма?

Ж а н - м ы р з а: (дауыстап) – Әй, анар, бастайық, қонақтардың қарны ашты.

 

Қарлығаш пен анар шығады. Барлығы дастарханға жайғасады.

 

Дулат: – Осынша мол ғып қазы турай ма екен?

Ә д і л е т: – мұны, Дәке, «холодная закуска» дейді.

Дулат: – Жылқы бағып отырсақ та, мұншалықты рәсуалап турап тастамаймыз. Қазы деген жарықтық біреуге тиіп, біреуге жетпей қалғанда ғана дәмді болушы еді, сендер арпадай асайды екенсіңдер.

а н а р: – Қала қазақтарының салтынан қалмайық деп...

Д у л а т: (шанышқыны ұстап көріп) – Қала салты бойынша мынаумен тасып алуым керек қой.

 

Шанышқымен ілдіре алмай әуреленеді.

 

– мұны білгенде малға шөп салатын айырымды ала келмеген екенмін, қайта-қайта тасып әуреге түскенше айырлап бір-ақ жегізіп алатын.


Ж а н - м ы р з а: – Қанеки, мен көмектесіп жіберейін.

 

Қарлығаш пен Дулатқа тамақ салып береді. Ішімдіктерді ашып, әрқайсысынан не ұнататындарын сұрайды.

 

Д у л а т: – Қайсысын ішесің деп сұраған иманды сөзді алғаш естідім. Біздің ауылда тисе – қабырға басы, тимесе артыңды қасы, деген салт бар... лажы болса, осы политбюро мүшелері секілді қаз-қатар трибунада тұрғандардың әрқайсысынан бір- бір құйып шықсаң деп едім...

Қ а р л ы ғ а ш: (майда үнмен). – Әй, Дулат, көрпеңе қарай көсіл. Баяғыдай мас болып, жылап жүрмеңдер...

а н а р: – Ішсін! Өз інісінің үйі ғой, еркелесін.

Ә д і л е т: – Және бұл үкімет мүшелері тұратын үй, милиция тиіспейді, күзетеді.

Ж а н - м ы р з а: (Әділетке) – мені азаптаған сайын айызың қанатынын білемін.

Ә д і л е т: – Басыңа іс түссе жанын қиятын да мен деп біл. а н а р: – расында да солай. Қарлығаш тәте, Дулат аға,

Сіздер екі достың арасы ит пен мысықтай екен деп ойлап қалмаңыздар. аяусыз айтысқанмен ешқашан да атыспайды.

Д у л а т: – Құрдастар арасындағы қалжың қатты болады. Әсіресе баяғы заманда... Әлі есімде, біздің ауылда бір жігіт ауруханаға ала халат киіп тұрған құрдасын суретке түсіріп алып, көбейтіп алып, мұқым ауданға «аса қауіпті қылмыскерді іздеп жүрміз» деген сөз жазып, таратып жіберіпті...

Күлкі. Көңілді отырыс.

 

а н а р: – Тамақ алыңыздар, түс кезі ғой.

Д у л а т: – мынау кәрейдің салаты дегендерің шекілдеуіктің сүрлеміне ұқсайды екен. Қандай ащы... Өтімді көтіме құя жаздады.

 

Күлкі

 

Қ а р л ы ғ а ш: (ұяла қысылып) – Дулат... қойсаңшы... жайлауда отырған жоқсың ғой.


Д у л а т: – Әлгі мен айтқанды... тірідей көрсеңдер ғой... ұялмайсыңдар.

Ә д і л е т: – Сондықтан да мұқаңа Көтібар батырды Басы- бар деп өзгерттірген.

Ж а н - м ы р з а: – (орнынан тұрып, тамағын кенеп) – ал, жолдастар, ойнасақ та біраз жерге шаптық. Негізгі мәселеге көшелік. Қанаттың туған күні сылтау ғана, дәл осындай әр жыл сайын басымыз қосылып, дәл осылай тойлап жүргеміз жоқ. Он алтыншы желтоқсан деген жылдың бір қолайсыз күні, десек те шаруаның етек-жеңі жинақталған тыныш шағы. Дәм тартып Қарлығаш жеңешем мен Дулат келіп қалды ауылдан. Қыстың көзі қырауда ат арытып, алыстан келген ағайынға алғыстан басқа айтарымыз жоқ, қуанышымызға ортақ болғандарыңызға рахмет! Барған сайын дүние тарылып, заманның апшысы қуырылып бара жатқанын да жасыра алмаймыз. Бірақ, партияның сара жолы...

Ә д і л е т: (сөзін бөліп) – Өтінемін, дәл осы жолы партияны

араластырмай-ақ қойшы.

Ж а н - м ы р з а: (қабағын шытып) – мен де сенен өтінемін, дәл осы жолы дастарханымыздың сәнін бұзбай-ақ қойшы.

Д у л а т: (морт кетіп) – Ту, сендерді... сілекейімізді ағызбай ішейікші. Қанаттың ғұмыр жасы ұзақ болып, тезірек үйленсін, немерелі болыңдар.

Дулат кішкентай рюмкадағы арақты ұрттай салады. Бар- лығы амалсыз орындарынан тұрып, рюмка түйістіреді.

– Тілімнің ұшында қалып қойды. айналайын, анар, үлкені- рек ыдыс бар ма? Не татқан емес, не жұтқан емес, кісінің қытығына тиеді екен.

а н а р: – Бар, аға! Бар! Үлкенірек стақан әкеліп қояды.

Д у л а т: – Сөйтші, айналайын, күйеуің сығымдап құяды екен.

а н а р: – аға, сіз баяғыда – алғашқы тосты жауыңыз үшін көтеруші едіңіз ғой, есіңізде ме?


Д у л а т: – Бәрі есімде, айналайын. Күні кешегідей. Ол кезде сен жарға ойнақтаған лақтай едің. ақылды тентек-ау деп ойлайтынмын. Әулие екенмін.

Ж а н - м ы р з а: (жадыраған болып) – менен түтіннің емес, қымыздың иісі шығады деп, айналдырғың келген...

Қ а р л ы ғ а ш: – Ой, бұл ағаң әлі күнге дейін тыныш жүрмейді...

 

Күлкі

 

Д у л а т: – Таздан тарақ қалғалы қашан...

Ә д і л е т: – Дегенмен, Дулат, бұқаның өзі қартайғанмен мұрны қартаймайды, деген сөз бар.

 

Күлкі

 

а н а р: – Қай-қайсың да сау сиырдың боғы емессіндер... Өз үйінде жымын білдірмей тып-тыныш жүретін, әйелін күтетін еркектен сақтану керек.

Ә д і л е т: – Профессионалдар ғана сөйтеді...

Ж а н – м ы р з а: – Бұл тақырып бір жылдан бері бойдақ жүрген Әділетке қатты ұнайды.

Ә д і л е т: – Көкек өз атын өзі шақырады деген. Партиялық қызметке өңкей салт басты, әдемі қыздарды ғана неге аласыңдар.

Д у л а т: (орнынан тұрып) – мен сөзімді аяқтаған жоқпын.

«Шабан ат, өтпес пышақ, жаман қатын – жігітті қартайтады осы үшеуі» деген сөзді қазақ бекер айтпаған. Тағдырымызға рахмет айтайық, ағайын біздің маңдайымызға қазақтың ең бір аяулы да ару қыздарын жазған екен... Тәубе, тәубе (Әділетке бұрылып). ал, Әділетжан, атыңа затың сай екен. мен саған

«қатын өлді – қамшының сабы сынды» деген сөзді емес, «орта жасқа келгенде – қатының өлмесін, орта жолға келгенде – атың өлмесін» деген сөзді айтамын. Бірақ, өлмектің артынан өлмек тағы жоқ. Беліңді бу! Бекемден! Балаларың бір-бір үй болсын. Өрісің кеңейсің. ал, осы тілектер үшін алып қоялық.


Барлығы өре түрегеліп, рюмка қағыстырады.

 

Ә д і л е т: (босап, көзіне жас алады) – Жақсы айттың-ау, Дулатжан. Сен осындай екенсің ғой.

анар мен Қарлығаш та жанарларына үйірілген жасты сүрткілейді.

а н а р: – Әділет жарының басына үлкен ескерткіш орнат- ты. Құрыштастағы жазуын оқып берейін сіздерге:

– Бұл ескерткіш аяулыма, жарыма мәңгі ұйықтаған тұрмай менің зарыма.

Шыдай тұршы, сағынбашы, жан қалқам, мен де барып жатамын ғой жаныңа.

Д у л а т: (мұңдана күрсініп) – армансыз әйел екен... (Әділеттің арқасынан қағып). «Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме!» демеп пе еді абай атамыз.

Ж а н - м ы р з а: (күйгелектене) – Тойды траурға айналдырмайық, ағайын.

 

мұңлы музыка ойнап, барлығы да бір сәтке үнсіз қалады.

Үнсіздікті телефонның қоңырауы бұзады. анар трубканы көтереді.

 

а н а р: – Иә, тыңдап тұрмын... Сәлеметсіз бе? Үйде. Әлі кеткен жоқ, шақырайын... Папасы сені...

Ж а н - м ы р з а (керги басып) – Бұл кім құдайдың бір күнін де қимаған.

а н а р: (саусағымен ернін және трубканы басып), – Тс-сс- сс... (сыбырлап). Зәкең ғой...

 

Әлгінде ғана жақтырмай тыжырынған әлпеті сәтке өзгеріп телефонға емпеңдей жүгіреді.

 

Ж а н - м ы р з а: – алло-о-у, Зәке... есен-саусыз ба? Бала-шағаңыз аман ба? Жеңгемнің... (өңі бұзылып). Да-да, тыңдап тұрмын. Жарайды, Зәке құп, бармай-ақ қояйын. Сағат нешеде... Ертерек барсам қайтеді... Жақсы, жақсы, дәл уағында. Төтеншелеу екен. Кешіріңіз... барған соң естірміз. Сау болыңыз...


Сұрланған қалпы орнына келіп отырады.

 

а н а р: – Не болып қалды? Тыныштық па?

Ж а н - м ы р з а: (су ішіп) – Бұл сен араласатын іс емес.

Ә д і л е т: – Орталық Комитеттің көп құпиясының бірі де, қайтесің, анаржан, тақуалап.

 

Жан-мырза орнынан тұрып шығып кетеді. Жуынып- шайынғанын байқаймыз. Сол жақтан дауыстайды.

 

Ж а н-м ы р з а: – Эй, анар, костюмім мен ақ көйлегімді дайында.

а н а р: – Дайын тұр ғой. Қайсысын киесің? Не болды, айтсаңшы!

Д у л а т: – рас-ау, әкесі өлгенді де естіртеді деген... Қ а р л ы ғ а ш: (Дулатқа) – Сен араласпа...

Ә д і л е т: – Кел, Дулат, тамағымызды жібіте отырайық.

 

Екеуі ішеді.

Басқа бөлмеден киініп Жан-мырза шығады. Үстінде депутаттық төсбелгісін таққан костюмі бар. Сырт киімін кие бастайды.

 

Ж а н - м ы р з а: – Сіздер алаңсыз отыра беріңіздер. мені қызметке шақырып жатыр.

а н а р: – Енді қашан келесің?

Ж а н -м ы р з а: (зілмен) – Оны секретардан сұрарсың! Шығып кетеді.

а н а р: – Қанша рет осы жұмысты таста деп қақсадым.

Жазуын жазып үйде отырса да абырой-атағы жетеді ғой.

Ә д і л е т: (мысқылмен) – Партиялық тапсырманы бұлжытпай орындау керек.

Д у л а т: – Өзі партияны әйелінен артық көретіндер бар- ау деймін. мені де сан рет азғырды партияға өт, озат жылқы- шысың... Соц. труда жасаймыз деп... Қарлығашты қимадым...


Ә д і л е т: – Иә, бұлар жасайды, бәрін қолдан жасайды...

а н а р: – Тіпті түннің ортасында шақырып әкетеді ғой... Не деген ұшы-қиыры жоқ таусылмайтын жұмыс...

Ә д і л е т: – абстракты болғандықтан да өмір бақи бітпей- ді партияның жұмысы.

Д у л а т: – Шынында да, қағаз жазғаннан басқа не істейді осылар.

Қ а р л ы ғ а ш: – Әй, Дулат, миыңа қонбайтын шаруаға араласып нең бар. Осы үйге кәмонистерді талқылау үшін келмеген шығармыз.

Ә д і л е т: (орнынан тұрып) – Қойдық, жеңеше, қойдық. Олай болса мен бір тілек білдірейін. Шал ақынның айтқаны бар еді: «Босағасын алтыннан соқсаңдағы, перзент сүймей адамның мейірімі қанбас» деп, осы тостағанды артымызда қалар, түтінімізді шығарар ұрпақ – балаларымыздың аман жүріп, қаймана қазақтың намысын қорғайтын ұлан болып өсуі үшін көтерейік.

Д у л а т: (орнынан атып тұрып) – Әумин, айтқаның келсін!

а н а р: (магниофонға барып) – Дулат, Әділет, жастық шағымызды еске алып «алматы түнін» тыңдайықшы.

 

музыка ойналады. Билейді. Осы кезде есіктің қоңырауы дыңылдайды. анар ашады. ар жағынан көзілдірікті ардагердің сұлбасын байқаймыз.

 

К ө з і л д і р і к т і а р д а г е р: – Сәлеметсіздер ме...

Кешіріңіздер, мазаладым білем... Жәкең үйде жоқ па?

 

а н а р: (бәйек болып), – Жоқ. Қызметіне кеткен... Төрге шығыңыз... дәм ауыз тиіңіз.

К ө з і л д і р і к т і а р д а г е р: – рахмет! Үйде жоғын өзім де біліп едім... Қазақстан Орталық партия комитетінің кезек- тең тыс Пленумына кеткен екен ғой...


ҮШІНШІ КӨрІНІС

 

Жарық сөніп қайта жанғанда бақта қыдырып жүрген Қайрат, айна, Қанат, Қымбаттарды көреміз. Жарық Қайрат пен Қымбатқа түседі.

Қ а й р а т: (Қымбаттың жағасын түріп) – Жаурап қалған жоқсың ба?

Қ ы м б а т: – Сыпайы тоңбайды, қалтырайды демеуші ме еді...

Қ а й р а т: – Суық тигізіп алма... Әсіресе осыдан былай. Қ ы м б а т: (еркелей) – Неге осыдан былай?...

Қ а й р а т: – Өйткені сен екі адамсың...

Қ ы м б а т: – Сенімен қосқанда ма? (күледі).

Қ а й р а т: – менімен қосқанда үш адам...

Қ ы м б а т: (жігіттің жағасын қаусырып). Әлі белгісіз ғой... асықпайық, күні бұрын бал ашпайық. Дәрігерлердәі көзі жетіп, анықтасын... Дегенмен, бұрынғыдай емес басым айналып, көзім қарауыта береді. Жүрегім айнып, құсқым келеді... Қайрат-ау, Қайрат, біздің осы әрекетіміз балалық емес пе? Ел-жұртқа, әке-шешемізге не айтамыз? Некеге тұрмай жүкті болып қалу қазақ қыздары үшін өлім емес пе еді...

Қ а й р а т: – Ол – ескіліктің қалдығы.

Қ ы м б а т: – Сол ескіліктің қалдығында ата-бабамыздың бүкіл салт-дәстүрі, ар-ұжданы қалып қойған жоқ па?...

Қ а й р а т: (ойлана) – мүмкін... Бірақ қызға қырық үйден тыйымның кері әсері де тиіп жатқан жоқ па. Сондықтан да тастанды балалар көп. Егер әке-шешесі орыстар секілді кешіре салса, онда мұндай сорақылықтарға жол берілмес еді, амалсыз дүниеге келген бейкүнә перзентін қоқыс салатын жәшікке тастап кетпес еді... Тегінде, біз қазақтың санын көбейту үшін, жетім бала, жесір әйелді қаңғытпас үшін ата дәстүрін бұзсақ

– еш айыбы жоқ деп білемін. Егер отызға дейін тұрмысқа шыға алмаса, көлденең көк аттыдан бала тауып алмасқа амалы қайсы. Қай ғасырда да еркектен әйел көп болған. Осыны білгендіктен де қазақ тоқал алған...

Қ ы м б а т: (Қайратты түйгіштеп) – Ой, сен маған үйленбей жатып, тоқалдан дәмең бар ма?


Қ а й р а т: – Кейін... қартайып, немере сүйген кезіңде рұқсатыңды бересің ғой... білемін, Қымбат, сен кеңсің...

Қ ы м б а т: – Ол кезде ойлануға болады... Тек тоқалың екеуің тапқан ақшаны мен ұстайын...

 

Екеуі жарыса күледі. аймаласады. Қолында тор дорбаға салған айраны бар көзілдірікті ардагер алая қарап өтеді. Сөйлейді:

«Ұятсыздар! Тал түсте сүйісіп тұруын!» Оның күңкілін Қайрат естіп қалады.

 

Қ а й р а т: – ақсақал, тіл тигізбеңіз. Сіз де жас болған шығарсыз. ардагер жауап бермей жерге бір түкіріп өте береді.

Қ ы м б а т: – Осы кісіні ылғи көремін.

Қ а й р а т: – Бұлар бір-біріне өте ұқсайды. мінездері де бірдей. Бұрын бұлар кител киіп жүретін. Сталиннің жұрнақтары ғой. алайда мен осы кісілерді аяймын. Бұлар – оңбай алданған ұрпақ. ал, жаңағы кісі КГБ-ның отставкада-ғы полковнигі... (сағатына қарап). Әке-шешем ендігі келген шығар...

Қ ы м б а т: – Қарсы алмағаның ұят болды-ау...

Қ а й р а т: – Қанаттың, папасы соғым керек болса ақ волгасымен алдынан шыққан шығар... (Қымбаттың белінен құшақтап). Бүгін кешке мен сені ата-енеңмен таныстырамын.

Қ ы м б а т: – Ұят болады... не деп барамын...

Қ а йр а т: (тағы да құшақтап) – Қайраттың қалыңдығымын деп барасың...

Қ ы м б а т: Бір түрлі... ыңғайсыз секілді. (паузадан соң) Қайрат, мен түсімде сені көрдім. Екі жағыңнан екі кісі қолтықтады да шахтаға алып түсіп кетті. мен жалғыз қалдым... дауысым қарлыққанша айғайласам да қарамадың. (мұңая). менен басқа қызың жоқ па?

Қ а й р а т: (күліп) – Бар!

Қ ы м б а т: (шошып қарап) – Кім? Қ а й р а т: – Сен! Сен!

 

Қымбатты тік көтеріп алып, шыр айналдырады.


Қ ы м б а т: (екі аяғын тепкілеп) – Қоя бер! Қоя бер деймін!

Қайрат! Баламызды түсіресің... Сен туған айыңды айтшы?

Қ а й р а т: – мамыр, оны неге сұрадың?

Қ ы м б а т: – айнада туған айға қарап ажырататын жора- мал бар. айталық, мамыр айында туған жігіттер: сері де сергек. Бұл айда туған жігіттерге еліктеушілер көп. махаббат пен достыққа тұрақты. Кімге болсын жақсы жар бола алады. Жігіт кезінде біраз қиындыққа ұшырайды. Қызу қандылау болғандықтан пәле-жала әуес келеді... бірақ өз өмірін жақсы аяқтайды...

Қ а й р а т: (тағы да құшақтап) – Әулиесіңдер ғои өздерің... бал ашып, сәуегейлік жасап мал тапсаңдаршы.

 

Жарық Қанат пен айнаға түскенде олардың отырғанын байқаймыз. Екеуі де көңілсіз. Жүздерінде мұң бар.

 

а й н а: – мендей сорлы жаратылған кім бар екен... Кейде бұл дүниеге келтірген ата-анамды қарғаймын.

Қ а н а т: – Олардың жазығы не? Жазығы – жарық әлем сыйлағаны ма...

а й н а: – Екеуміз махаббаттың жалынына оранып, бола- шағымызды болжамай жүрміз. Өзің ойлашы: мен құрылыс- шымын, сен дөкей бастықтың жалғыз ұлысың, қалай ғана үйленеміз, мен саған тең емеспін. Оны былай қойғанда...

Қ а н а т: (сөзін бөліп) – айтпа деймін ар жағын! Тең емеспіз деген мантырақ сөз. Дүниені теңестіретін жалғыз ғана күш бар, ол – сүйіспеншілік. Әрине, қазіргі қарғыс атқан заманда бұл сөздің соншалықты күлкілі естілетінін де білемін. Бірақ, сену, өз-өзіңді соған сендіру керек. мен ертектегі, кітаптағы қиял- ғажайып ұлы мәртебелі махаббатты айтып отырған жоқпын...

а й н а: – мен сенің әкеңнен өз бойымдағы аурудан бетер қорқамын. Шешең жақсы адам...

Қ а н а т: – Папамның тізгіні мамамда. Қызметі неғұрлым үлкен болса, солғұрлым әйелінен сескенетінін білесің бе? Оның үстіне темірдей тәртібі бар партия бақылайды. Тырп етіп көрсін.

а й н а: – Сен папаңды ұнатпайсың-ау деймін.


Қ а н а т: – Әкені жек көру – қылмыс емес пе?.. Жас кезінде олар да дүниені шайқаған. Бізден ары әумесер болған. Үлкен кісілерден жастардың айырмашылығын білесің бе, айна? Үлкендер қателігін жасыра алады, ал біз – жасыра алмаймыз.

а й н а: – Ертең келін болып түскенде мен де ауруымды жасыра алмаймын ғой... Екі күннің бірінде ауруханаға түсіп жатсам...

Қ а н а т: (нық сеніммен) – Емдетеміз! Жазыласың!

а й н а: (өксіп жылайды) – Құдай-ау, баланы қалай сүйеміз... Тіпті мен... сенімен ерлі-зайыпты болып... бірге жата алмаймын ғой...

Құшақтап, алақанымен көзінің жасын сүртеді. Қ а н а т: – Неге? Неге?!

а й н а: – Дәрігер айтқан... Белокровиеге дауа жоқ... бір

жерімді байқамай жарақаттап алсам, қан саулап тоқтамайды. Кейде. (өксігін баса алмай). Кейде денемдегі қан аласұрып ағып таусылатын тесік іздейді... тіпті болмаса тісімнің арасынан саулай жөнеледі... Жедел жәрдем шақырып жатқаның... кейде денемнің әр жері теңбіл-теңбіл болып, көгеріп қалады... Соның барлығын істейтін – қанның ақ түйіршіктері... Екі айда бір өзгенің қанын құйып, түк болмағандай шыға келемін... мен... мен... қан сорғышпын, Қанат! мен вампирмін!

 

Қанаттың бауырына тығылып ұзақ жылайды. Жігіттің де көңілі босайды. мұңлы музыка ойнап тұрады. Бұлардың қасынан өтіп бара жатқан ардагер алая қарап: «Төбелесетін жерді тапқанын, ұятсыздар! Көргенсіздер!» деп, ғайбаттайды.

 

Қ а н а т : (атып тұрып) – Кетіңіз! Жоғалыңыз, ақсақал!

Тілім тиеді!

ардагер: – Сволыш! Өзің жоғал!

а й н а: – (Қанаттың қолынан тартып отырғызып)

ашуланбашы. Көненің көзі ғой.

Қ а н а т: – Сталиннің өзі!


а й н а: (есін жиып, жасын сүртіп) – Ұят та болса айтайын, Қанат! Бізге Қайрат пен Қымбаттың бақыты да бұйырмай тұр, мен он екіде бір гүлі ашылмаған қызбын. Екеуіміз қатынас жасасақ... қан саулап тоқтамай қояды... (күштене күліп, қалжыңмен) Сонда жедел жәрдем шақырамыз ба...

 

Қанат сұрланып, үнсіз отырады.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.