Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ББК 84 Қаз 7-44 25 страница



– Папаң қайда кәзір?

– Өлген. Колчакпен арадағы қанды айқаста қайтыс болған. анна күрсінді. Жігіт те томсарып, мұңая қалды. Үнсіздік басты. Көзіне мөп-мөлдіп жас ілінген анна әнді терең тебіреніспен қайта бастады. Бұл жолы еркін, тынысты шықты. Кәдімгі айтып жүрген эстетикалық ләззат, эмоциялық әсер, рухани күш беретін, қыз орындауындағы әсем әннің ғаламат тілі, жігіттің жүрегіне әлде нендей бақытты, әрі қайғылы сырдан сыбыр айтады. Әжімсіз бетінен арна таба алмай, лықсып, іркіліп тұрған көзіндегі жасты сезген жоқ-ты жігіт.

«Ән! анна! Не деген ғажап...»

– Жайдарың жарасқан екен! – Таяқ тастамдай ғана жерде бесатардың аузын үңірейтіп Балтабек тұр. алтай өңіріндегі жан мен малды талапайлап, лаң салып жүрген қашқындар тобының жетекшісі Балтабек бұл.

– Ей, орыстың сайқалы, кет былай жан керек болса.

анна дірілдеп бір табан шегінді де Балтабек шүріппені баса берем дегенде оқыс ұмтылып, ахметтің алдына кесе- көлденең тұра қалды денесімен жауып. Осы сәтті пайдаланған жігіт жан-дәрмен мылтығына ұмтылды. Көзді ашып-жұмғанша қалпақтай түсірді бірнеше жыл ұстатпай сан боздақтың қанын төккен сұңғыла қашқынды. амал не...

...– а...а... а!!! ахмет! – анна ышқынып барып ұшып түсті жартастан.

... ақбас шал шошып қалып, есін жиды. музыка үні де, әлгіндегі әдемі сан рет қайталанған мұңлы ой да жым-жылас жоқ болды.

Бақса барабаншы арбадан түсіп қалған мөшектей домалап жатыр екен... Достары оны көтермек болады. Шама жоқ. Сенделектеп барып, өздері мұрттай ұшады. Әуре-сарсаң, у- шу, қыбыр-сыбыр көбейді. ақбас шал аяғын қадап-қадап,


нық басып шығып кетті... Сүрінген жоқ. Басы да айланбады. Құламады. Жаңағы әннің әуенін ыңылдап, тротуармен жөнеп барады жұмбақ шал...

Әрине, үш жігіт ақбас шалдың кім екенін білмейді ғой. Табан ет, маңдай термен табылатын ақшаны орынсыз рәсуәлағаны үшін «мисыз» деп жазғырды, айдар тақты, жаман ойда кетті.

Әлбетте мастықтан құлап қалған барабаншы да жомарт шалдың кім, қай қазақ екенін, орыстың ескі әнін не себептен сан рет қайталатып ойнатқанын білмейді. мүмкін барабаншы жігіт «неге?» деген сұрақ төңірегінде ойланбай-ақ тіршілік кешіп келе жатқан шығар. Немесе, әлгі үш жігіт оны

«құлқынның құлы– арсыз» деп бекер кінәлады ма екен...

Шалдың шашы сол күні – анна жан тәсілім берген күні ағарып кеткенін де тірі пенде білмейді емес пе. Өң беті ішінде жұмбақ шалдың көңіл кілтін тек әлгі бір ән ғана табатын. Сол әнге құдіреттей табынушы еді ол. медеу тұтатын көңіліне. Өмірінің қуанышы да, жұбанышы да сол – қыз, сол – ән. айтқандайын ақбас шал әлгі барабаншының кім екенін сезе ме осы. Жоқ. Көптің бірі дейді оны. адамның аласы ішінде емес пе. адамдар бірін-бірі білмейтіндіктен де ағаттық жасай ма... адамдар сыр сандығында қандай жиһаздар барын білмейтіндіктен де күпіршілік ойлай ма бір-біріне. Ел сөзін, әлгі жігіттер құлақ-қағыс болсын деп барабаншының кім екенін біз айтсақ: ол – аннаны атып кеткен Балтабектің немересі еді.

 

1966 ж.


«ЖҮРЕГІМНІҢ ТҮБІНЕ ТЕРЕҢ БОЙЛА...»

Бұдан бұрын хабарланғанындай, Семейде қазақ поэ- зиясының Абай күні алғаш рет өткізілген еді. Оған ақын- жазушыларымыз: Д.Əбілов, Ғ.Орманов, Ғ.Қайырбеков, Қ.Ыдырысов, Қ.Қайсенов, Т.Нұртазин жолдастар барып, осынау ұлы мерекеге өлең-жырлардан шашу шашып қайтқан. Төменде арнаулы тілшіміздің осы сапар жайлы əсері мен құлаққағыс пікірлерін ұсынып отырмыз.

Басқаны қайдам, жыр құдайы – абай атамыз «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма?» – деп неге күңірене жазды, деген сауал көңілімнен кетпейтін. Кейінгі толқын ұрпағыма артымда арманымдай аңсаған өлеңдерім, ғибратты сөздерім қалды, алдымдағы атпай қалған сары ала таңдарымды емірене еске алармысыңдар, дегені ме. Ұлыдан шыққан ұлы сөзді ешбір күш ғайып ете алмайды, қайта жылдар жылжып, тарих беті парақталған сайын жаңарып, жасарып, ғасыр жырына өз үнін қосады дер едік. Ендеше абай жыры, абай сөздері, абай бейнесін біз, біз ғана емес, барша халық мәңгі маздақ биіктен көреді, сол биікке шығарады. Жоқ, топырағы торқа ақсақал, қара жер сіз үшін сыз болмайды, ыстық та аялы адам алақанының жылуы мол. Ежелден ерін сыйлап ғұмыр кешкен еліңіз, рухыңыздан жылу алады, жылу береді.

Қазақ поэзиясының абай күні өтеді деген уақ – салқындау мезгіл болды. Бірақ әлгі ақын рухының жылуы қыж-қыж қайнатып алматыдан алып шыққан. Бұл күні қос алыпты – абай мен мұхтарды туғызған Семей жұртшылығы да көңілді әбігерде екен. астанадан келетін ақын-жазушыларды қарсы алу үшін аэропортқа лап қойды. алқызыл галстук тағынған пионерлер қонақтарды гүл шоқтарымен көміп тастады. Осы күні абайдың республикалық мемориалдық музейінде болып, музей директоры Қ.Тұрғанбаевтың абайдың көздері – киелі


үйдің жай-жапсары, жұмысы, болашағы хақында айтқан сөзін тыңдады. Бұдан кейін облыстық өлкетану музейінде болып, ленин атындағы бақшаға барды. Ескерткіштерге гүл шоқтарын қойды.

Күз таңы бұл күні де жайдары мамыражай болып тұрған. Ірімтік-ірімтік ақша бұлттар Семей аспанында баяу қалқып жүр. Зәулім үйлер мен көшелерде «Семейге 250 жыл» деген ұран-плакаттар әлі де ілулі тұр. Тек мұны «Қазақ поэзиясының абай күні», «ақын-жазушыларға жалынды сәлем!» деген сөздер толықтыра түскен.

Қонақтарды Семей педагогикалық институтының сту- денттері қарсы алды. ақындар өлең оқыды, студенттер концерт қойды. Сол іспетті, жергілікті журналистермен де кездесу өткізілді.

абай күнінің Семей қаласында өткен ең таңдаулы кеші – салтанатты жиналыс медициналық институттың залында өтті. Әрине, халық көп жиналды. Салтанатты мерекені Қазақ- стан Жазушылар одағының секретары Қ.ыдырысов жолдас ашты. Филология ғылымының докторы Т.Нұртазин абай творчествосы жайлы баяндама жасап, ақындар өз өлеңдерін

оқыды. артынан үлкен концерт болды.

Бұл күн ашық еді. Күзгі дала момақан. Ұшы-қиырын болжап болмайтын сахарадан сағыныштай сағым көлбейді. Сары бел, сары адыр, сары дала – кең дала. Бұл дала – абай даласы. алыстан, әлдеқайдан Шыңғыстау мұнартады. алыстан, әлдеқайдан «Қыземшек» мен мұндалайды. Жеңіл машиналар құстай ұшып келеді. Дала сонда да жеткізбейді.

Тельман атындағы совхоздың орталығы – Саржалға келгенде ұлы сәске болатын. ауыл тұрғындары мен орта мектеп оқушылары күтіп тұр екен. ашық аспан астында абай әндері қалықтайды. Осы бір қысқа ғана кездесудің қуаты айтып жеткізгісіз. Соңында келген қонақтар бар, барша қауым абай болмысының гимніндей естілетін – «айттым сәлем Қаламқасты» шырқады. Ұлы адамдардың бақыттылығы сол

– атыңды әмсе еске алып, тебірене әсерленуінде ғой. абай бақытты. абайды дүниеге келтірген ел бақытты.


Жыр керуені Шыңғыстың сілемдерін еркін аралады. абай жүрген жолдармен жүрді. абай өткен Шаған, Қарауыл өзендерінен өтті.

Қонақтар абай кіріп атын жазған «Қоңыр – әулие» тас үңгірде болды. абай туған ауылға – Қарауылға барды. Жалпы жоспар бойынша қазақ поэзиясының абай күніне арналған негізгі мерекелі сәт, ордалы орталық осы – Қарауыл болатын. Салтанатты мәжіліс кешке басталды. аудандық атқару коми- тетінің председателі р.ғабдуллиннің кіріспе сөзінен кейін ақын ғ.Қайырбеков абай творчествосы жайлы баяндама жасады. Бұдан соң, келген қонақтар, жергілікті ақын абайдың жерлестері м.Ибраев, тағы басқалар да еліне, жеріне, осынау мерекелі күнге арнаған өлеңдерін оқыды. аудандық халық театры қойған үлкен концерттің бүтіндей программасы – абай творчествосына арналған. Ертеңінде ақын-жазушыларымыз Жидебайдағы абай қыстағында болып, абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, осындағы музеймен танысты.

Жидебайдағы абай қыстағы биікке орналасқан екен. айнала алақандағыдай көрінеді. Сонадай жерде үлкен Орда, кіші Орда қарауытады. Бұл жердің шоқтығы әлдеқайда биік. маған абайдың құдіретті жырларын дүниеге келтірген қыстаққа бұлайша келуіміз қораш көрінді. Бес-алты машина сау етіп келдік те, жиырма шақты адам қараңдап жүрдік. Жаным-ау, бұл қазақ поэзиясының абай күні ғой. Көзімді жұмдым: «Қыстақ қызылды-жасылды безендірілген екен деймін. Төбенің үстінде үлкен мінбе. Төбені айнала қоршаған жүздеген халық. Бір шеті анау абай қабіріне дейін созылып жатыр. Күмбірлеген күйі... Өлді деуге бола ма ойлаңдаршы... өлмейтұғын артында сөз қалдырса... мінбеге кәрі де, жас та шығып өлеңдерін оқыды....». Көзімді аштым: Бес-алты машина Жидебайдан асығыс құлдырап барады екен...

Қазақ поэзиясының абай күні Одақ көлемінде екінші боп (Пушкин поэзиясының күнінен кейін) өткендігі үлкен мәртебе. Бұл ретте Қазақстан Жазушылар одағының бағалы бастама- сына ыстық ықыласты лебіз білдіріп, қуана құптағанымыз жөн секілді. Бірақ,әрқашан да алғашқы дүниенің кейінгіге лұғат- ты сабақ боларлық кешірімді кемшілігі болатыны бар. Біз


төменде жыр мерекесін көре жүріп, көңілге түйген ойлары- мызды ортаға салмақпыз.

абай ауданының орталығы Қарауылда өткен салтанатты кешке әртүрлі мамандық иелері жиналды. Біз оларға:

– Қазақ поэзиясының абай күні өткізілуіне қалай қарайсыз және алдағы уақытта қандай тұрғыда өткенін қалар едіңіз?– деген сауал қойдық.

Бейсенов Нұрғали – жұмысшы: – Бұл бір керемет бастама болды ғой. Өте қуаныштымыз. Жақсы іс жалғаса бергенін тілер едік. Бірақ осы жыр мерекесі мынадай үйде емес, ашық аспан астында, көгалда өтсе. Тіпті ұлттық ойындар ұйым- дастырылса.

Оразов Нұқас – мектеп-интернаттың директоры: – Біз үшін абайдың Қарауылда туғаны бір қуаныш болса, поэзия күнінің де абай елінде өтуі одан да зор бақыт дер едім. Бірақ абай Қарауылдың абайы емес, қалың жұрт қазақтың абайы ғой. Ендеше бұл күнге республиканың жер-жерінен ақындар шақырылуы керек қой деймін.

Бұл азаматтардың пікірін қуаттай отырып, шынында да осы әдеби шаруамыздағы жаңалық өміршең өріс алуы үшін, жалпыхалықтық мерекеге айналуы үшін алдағы уақытта нені ескеру керек, соған тоқталайық.

Біріншіден, қазақ поэзиясындағы абай күнін асығыс, аттың жалы, түйенің қомында емес, жер арқасы кең кезде, жадыраған жаз айында өткізсе жөн болар еді. Сол іспетті, бұл күнді әншейін баз бір өлең оқумен ғана тәмамдамай, бүгінгі таңдағы қазақ поэзиясының бүтіндей тынысын сипаттарлық жырдың дархан тойы, поэзиялық есеп, өлең бәсекесі, айтысы ретінде ұйымдастырса нұр. Иә, бұл күні кең-байтақ Қазақстан ақындары ұлы дүбірде бас қосып, бәсекеге түссе..., жүйріктен жүйрік озса. Иә, бұл күн мүшәйра іспетті, ауыз әдебиеті өкілдерінің айтысын бір басқа, бүгінгі жазба ақындарымыздың жырына бір басқа біріншілік белгіленіп, сыйлық берілсе...

Екіншіден, қазақ поэзиясының абай күні – жыр тойы, халық тойы. Демек, оған аудандық мәдениет үйі тарлық жасайды. Сайып келгенде бұл күннің жұртшылықты шақыру билетімен емес, қарапайым халықтың кең қатысуымен өткені ләзім. Бұдан


бұрын өтіп жүрген Пушкин күніне мыңдаған халық жиналып, михайловскіні дүр сілкіндірген тәжірибесі бізге де лайықты.

алып абай туған жерде Қарауыл деген төбе бар. Ол көделі кең жазықтың дәл ортасында жеке дара оқшауланып, көз көркімен мен мұндалайды. Ол осынау сахараны қалғытпай, немесе бір сәт тыныстап жатқан даланы қарауылдап тұрған қас батырдай қасқаяды. маған абай өлең өлкесіндегі Қарауылдай, сол Қарауылдың үстіне шығып алып, «Жүрегімнің түбіне терең бойла...» деп жыр оқып тұрғандай сезіледі.

Біз абайды тудырған Шыңғыс елі алдында тәжім етіп аттандық.

1968 ж.


ОТ БАСЫНДАҒЫ ЕКЕУ

Суырылып шығып сөз бастап, екпіндей түсіп көш бастамаса да дүйім жұрттың қарасынан қалмай айғайшылап жүрген, аузын ашса жүрегі көрінетін қариялар лайымда елу емес, жүз жасай берсе екен деп тілейсің.

 

* * *

– Бүгін түн салқын екен, иә?

– От жақсақ қайтеді?

– Өрт кетіп жүрмесе?...

– Судың жағасы ғой, қайте қояр дейсің.

– мынау ит тұмсығы батпайтын орман да қауіпті ғой.

Шайырлы қарағайлар ұшқын түссе лап еткелі тұр.

– Е... қаншасы жанып қиратар дейсің. Көп болса Жалғызбеттің теріскейі өртенеді, одан әрмен май құйсаң да бармайды. Су бар екі ортада...

– Қызықсың, Тұреке, туған жер байлығына осылай немкетті қарауға бола ма екен. Осы табиғаттың әр түп ағашы өзіміздің игілік емес пе.

– ақылыңа рахмет, қауға сақалым. Білмей жүр едім, оң мен солымды таныттың. Бірақ осы самсаған ағаштардың бірін балтамен тық еткізші, кәне...

Олар от жақты. Сиырдың тілі секілді ұп-ұзын қызыл жалын сумаң қағып, түн түндігін тілгілейді. Таудың тымырсық кешінде от басындағы екеу әңгімесін жалғай берді. Оқта-текте қызыл кеңірдек боп дауласып та алады. Сөз саптастарына қарағанда бір бұл емес, бірталайдан бері кездесіп жүрсе керек-ті.

– мен өзі жетім өскен адаммын. Әкенің де, шешенің де мейірімін көргенім жоқ. Сондығы ма, ата-ана десе іші-бауырым елжіреп, ішкен асымды жерге қоямын.

Екі немерем оқуда. Ендігі арманым, ақ тілегім сол тоташтарды жеткізіп, адам ету. мені де, әкесін де, асырамай-ақ


қойсын, ел қатарынан қалмай өз несібесін өзі тауып жесе, еліне пайдасын тигізсе бопты.

– Е...е-й, замандас-ай, қасқырдай-қасқырдай үш ұлым бар, үшеуі үш жақта. Көк тиынын көрсетпейді. Қайта ертеңді кеш сабылып мені қажайды, қара сиырдың қатығына қарап отыр дей ме, айрандай ішіп, күбідей пісіп кетеді мұндарлар.

Қушық, қара бұжыр кісі ауыр күрсінді де, оттан шала алып темекісін тұтатты.

Екінші адам отты көсеп-көсеп, қу бұтақтың үш-төртеуін тастап жіберді.

Өзен беті қарауытып, оттың сәулесі шалған кей толқындар жанып жатқан секілді, қып-қызыл. Әндеткен маса түтінге беттей алмай ызың қағып отқа қақталып отырғандардың қыр желкесінен тиіседі. Шегірткенің бірқалыпты шырылы, құлақтан ызың етіп өте шығатын ұшқыш монтаны қоңыз ендігі тізгінді өздері алған секілді. Сонада Тасшоқының бауырында мамықталып тұман шөгіп жатыр. Табиғат бусанып, маужырап, қалғып тұрған секілді. Сібірлеген мұнар көңіліңді әрі майда, әрі тәтті күйге бөлейді. Таудың іші қоңылтақсып, мына тыныштыққа мойын ұсыңғысы, көңгісі келмейді білем, оқта- текте елік әуп етсе есі шыға қайталайды ол дауысты. Бейсауат үнге әбден сыралғы боп көмпістенген от басындағы екеу тіршілік хақындағы әңгімесін әсте үзбек емес.

асықтай иіріліп жатқан қойлар ит-құсқа алдырмай бағып- қағатын қамқор иелері барын сезе ме, бырт-бырт күйсеп бейбіт жусайды. Екі шал әңгімесін жалғай түсті.

– Ой, бұл бас не көрмеді. Жексен, – деді Тұрлаусыз, – Қой соңындағы салпылдақ жүріс кімге опа беріпті?

– апырай, Тұреке-ай, тым-тым түңіліп кетпедіңіз бе? Көзің- ді шел қаптаған ғой, әйтпесе дәулетің кімнен кем. Бағзыда, тіпті сонау мойынсеріктен бастап аузыңызды қу шөппен сүртуші едіңіз, енді не жорық. Әйтпесеңше ауылда төрт үйің тұр күңгіреп. алмаған нәрсе жоқ, сенде бар ол-пұл бүтіл Шәңгіштай ауылында жоқ емес пе. айына екі жүз қаратасың, оншақты ұсақ малдарың бар. Кәссіде неше жүздің жатқанын құдай білсін. Жоқшылықтың заманы өтті ғой. ризамын заманыма, ризамын.


арпа көже ішейін деген асым ба еді, сексен көрейін деген жасым ба еді, – депті ғой баяғыда біреу. алпысты асып, жетпісің- ді алқымдап қалдық. Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман ғой бұл, таупиығы үстем бола берсін деген ақ тілеуден өзге қандай өкпе-назым болмақ. Пейіліңді тарылтып, апшыңды қуырма, Тұреке. Қартайғанда кәрі бозжорға шықса мерей, қазымырлық ақсақалдық басымызға ұят іс.

– Жоқ-ау деймін тіпті.Тапқан-таянғаның ішіп-жеміне жетеді, ол рас. Бірақ арқаң кеңіп, бел жазып көсіліп дем ала алмайсың.

– Пенсияңды алдың ғой, жатпаймысың.

– И... и, и, Жүке-ай, Жетпейді ғой сол, жетпейді құрғырың.

– апыр-ай, Тұреке, пендешілдік неме керек. Кемпір екеуі- ңе артығымен емес пе, дүниеге пәруана болғаныңыз-ау. Өз басым қойды ақшаның жоқтығынан емес, тыншымның жоқ- тығынан бағып отырмын. Беш тиын төлемесе де пенсияммен жүре берер едім. Ет үйреніп кеткен-ау, қол қусырып қарап отыруға дәтім шыдамайды.

Жүкең рабайсыз қимылдап орнынан тұрды. Өзінің ежелгі саспас жүрісімен аяңдап барды да, бір құшақ бұтақ сындырып әкелді. Отынды жалмап жұтып жатыр жалын, қанағат тұтар сыңайы жоқ. «Әкеле бер, бере бер, мынауың аз, төтеп бере алмайды» дегендей шалқып, балқып гуілдей жанады.

– Уа, Жүке, айтқандарыңның бәрі қонымды. Сайдақ аттай шауып бара жатқан уақытқа ілесу үшін қисапсыз ақша керектігін есіңе салайын. Ия, жарқыным, өзіңді-өзің қаншама тежеп, алдап-сулап, пайымды ұстағаныңмен көмекейің күпсе қардай көп дүниені керексінеді. Бұл – бір. Екінші, агәр кәссіде, яки сандығыңда мақсұт тұтар, көңілге тоқ санар ақшаң болмаса қыбың қанып шәй іше аласың ба?

Тұрекең шыдай алмай орнынан тұрып кетті. Үстін қағынып, қақырынып –түкірініп киіз үйіне беттеді. Әлгінде ғана үстеп қойған от, бұтақты жалмап-жұтып қарауытып сөнуге айналған еді. Жүкең қайтып жаққан жоқ. Қоңсыласы Тұрекең мен оттан белгілі бір ұқсастық тапқандай іштей тынып, үнсіз отырып қалды.


Тұрекең болса мынаны ойлап барады: «Құдай қосса қоңыр тайыншаны өткізіп, осы айымның жалақысымен кәссіге салсам без жүзге барып қалады. аздау... аздау... Оңбай кеткір, әлгі үшеуі (ұлдарын айтады), міндетті отыз теңгелерін неге жолдамай жатыр. Тағы да сельсоветке шақырт дей ме».

ал, Жүкең мынандай ойда отыр еді: «Ия, пендешілдік те... Қанағатсыздық.. Өзі тойса да көзі тоймай бар өмірін итініп, байлық жинау кәсібіне сарп ететін Тұрекеңдер тас кенеше жабысып қалмайды-ау, қалмайды. Тұрекеңе не жетпейді екен тәйірі».

Тау ішін қалың тұман басты, дымқыл бу бүркеді. Жүкең орнынан тұрды да, қотанға беттеді.

 

* * *

Қара суыр секілді, «інін бері қазады десе – кері қазатын», тапқан-таянғанын баршатышқан іспетті екі ұртына жиятын дүниеқоңыз да бар. май шайнаса тас шайнағандай сезінетін ондай пақырлар өңешін ыс боп тұтқан мешелдігі мен мешкейлігінен арылғысы келмейді-ау. Тек ұзын-сонар тарих көшіне ілесе алмай өзегін өрт жалап, шалдығып қана қалмақ.

мұндайларды тезірек құрыса екен деп тілейсің.

 

1969 ж.


ЖАСТЫҚ ОТЫ

Түн ортасы болып қалса да трактор үні толастар емес. арқыраған даусы жақпар тастан тақия киген көгілдір шоқы, терең шатқалдармен үн қосып, түн тылсымының мазасын кетіріп тұр. Бұлақ сылдыры мен түн құстарының үнін жым- жылас жұтып қойыпты да, таудың түнгі еркіндігін бір жола өзі билепті. Жарқыраған қос жанары түн қараңғылығын, тір- кеудегі бес дүзді плугы сары беткейді тіліп барады. Жылдар бойы қамшы тимеген құр аттай боп тусырап жатқан

«Шыбарағаштың» жон арқасын сыдырып жүр трактор. Сары шапанының тысы аударылып, әдібі сөгілген «Шыбарағаш» жазығы әлде де болса дес бермеймін дегендей плуг дүзіне жармасып, «қара тұлпарды» ышқындырып қалады. мұндайда мұнарланған ұшпа таулардың иығы зырқ ете түседі.

Ұйқы ұялаған екі көзін кезек уқалаған Нұрахметтің есі- дерті артында. мотордан келген жылу, бір қалыпты трактор үні еріксіз ұйқысын келтірсе де шыдап отыр ол. Бір ауық ыңылдап әдетінше ән айтады, енді бірде қиял қанатына мінеді.

рычагпен алысқан Кәдірхан темекісін құшырлана сорып, біресе алға, біресе артқа сергектікпен көз тастайды. Жарты- лай ашылған кабина есігінен ескен жайлау самалымен тыныс- тап та алады. Оқта-текте:

– Бауырым, ұйқың келді ме? аздап мызғып алсаң қайте- ді? – деп, Нұрахметке тіл қатқаны болмаса, көбіне үнсіз. Ондайда Нұрахметтің ұйқысы серпіліп:

– Жоқ аға, тоқтамайық. аз-ақ жер қалды ғой. Таң атқанша бітіріп тастап, ойға бірақ түсейік, – дейді.

Тың көтеріп жүрген бұл жер аса сақтықты керек ететін. Жертомар, жертас деген мейлінше көп, байқап отырмаса лемктен лемк қоймай сындырып кетеді. Бағана плугтың беседкасы сынып қалды. Содан бері автоматқа сым жалғап,


кабинадан басқарып отырған Нұрахмет. Одан басқа лаж жоқ еді. Таудың қия жолымен елу шақырымдағы ауылға барып келгенше, ақырғы боразданы бітіріп тастауға болатын. Осыны ескеріп істеген әдістері еді бұл.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.