Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ББК 84 Қаз 7-44 26 страница



Бұрылыстардан өтіп, жазыққа түскенде Нұрахмет ойға бататын.

... ала жаздай осы Шабанбай жайлауында трактор шөп машинасымен шөп шапты. Шабанбайдың жайсаң шабындығы, асау бұлақтары, аспанмен таласқан құзар шыңдары, осынау ит тұмсығы өтпейтін қалың орманы Нұрахметтің балаң қиялшыл көңілін қиян-қияға жетелеп, туған жерге деген сүйіспеншілік сезімін арттырған-ды. Демалыс бітіп, оқу басталғанда қимай аттанғандай еді. Ұшқыш болсам деген арманы үнемі бір биікті аңсататын оған. астық пысып, он бес күндік практикалық жұмысқа келгенде де қимасы – Шабанбайға, Тасшоқыға қарағыштай берді. Енді бір барсам, күзгі келбетін көріп, көгілдір шоқыларына шықсам деген өзгеше бір сағыныш билеп жүрген. Нұрахметтің бұл тілегі де орындалды.

– Шабанбайға тың игеруге трактор шықпақ. Соған көмекші

керек. Қазір адам күші аз, көбі қырманда. Қане, қайсың барасың? Бұл өзі жазда трактордан емтихан тапсырғанда үлкен көмек көрсететіндей білім береді, – деген жетекші Қасымжомарт Жарқынбаевтың сөзін:

– мұғалім, мен барамын! мені жіберіңіз, – деп, алақайлай қарсы алды Нұрахмет.

міне содан бері бір апта уақыт өтті. Жердің ақыры бүгін түнде бітпек. Нұрахмет өстіп ой үйіріміне сүңгіп отырғанда трактор сылқ ете түсті де, ытқып жөнелді алға. Нұрахметтің оң қолы кеудесінен айырылып қалғандай болды да, сым темір ораған алақаны дыз ете қалды.

– Тоқтат аға! Тоқ... – деген ащы дауыстан Кәдірхан кілт тормоз берді де жалт бұрылды. Плуг тіркеуден ағытылып қалған екен. автоматқа байлаған сымтемір Нұрахметтің қолын сірестіре тартып, жарты кеудесін трактордың артқы терезесінен тысқа шығарып жіберіпті. Кәдірхан дереу тракторды шегіндіре қойды. Сымтемір босап сала берді. Нұрахмет:


– Жанымды шығарып барады! – деп, саусағына оралған сымтемірді жұлғылап жатыр. Соның арасынша қан сел боп ақты. Сымтемір көп әуреден, қатты қиналыстан кейін ғана әрең алынды. Үш саусағын қиып кеткен екен.

Кәдірхан күн шыға Нұрахметті Катонға да жеткізді, жанармай да таусылды.

Үш саусағынан айрылған Нұрахмет қатты толқыды. ала құйын көңілін кластас достары кеп жұбатып кетеді. Жатса да, тұрса да ойлайтыны: «Шынымен-ақ кем болып қалғаным ба? Қас қылғандай оң саусақтарымды кескенін қарашы, жазуды қайтып жазам? Қош, бала көңілімнің қиялы – самолет! Қош, гармоным! Япырау, шынымен-ақ гармоныммен, сүйікті гармоныммен қош айтысқаным ба? Жалғыз саусақпен тарта алам ба?

Өстіп қатты уайыммен, толқып шықты ауруханадан Нұрахмет.

 

* * *

Кеш. ауылдың күзгі салқын кеші. Әр жерде ала-шабыр қар ағараңдап, қыстың елшісімен дегендей қоқан-лоқы жасап жатыр. ауыл клубында бүгін үлкен жиын. Ұлы мереке – Октябрь мүшелігіне арналған кеш өтіп жатыр. Екі жүз орынды клуб ине шаншар жер жоқ, шат көңілді ауыл тұрғындарын нығап алыпты. Екі жақтауын қызыл пүліш шымылдық көмкерген сахна ортасында президиум столы. Ол да қызыл пүлішпен жабылған. Стол басында қаз-қатар отырған ел таңдаулылары, еңбек озаттары. Олардың ең жасы төртбақ, кең маңдайлы, қара торы, он алтыдан жаңа ғана асқан бала жігіт. Ұялы көзін залға мағынамен тастайды. Бұл – Нұрахмет болатын. ауруханадан шыққанда жүзін уайым кірбіңі торлаған еді. Қазір оның табы да жоқ, гүл-гүл жайнайды. мерекеге арналған баяндама бітіп, орақ науқанында өрен де, ерен еңбегімен үздік шыққан механизаторларды наградтады. Облыстық советтің депутаты Зәбила алпысова:

– мемлекетке астық тапсыру, тың игеру жұмысында сүбе- лі үлес қосқан Нұрахмет Шабатаев «Тыңның оныншы орағына қатысушы» значогымен наградталды, – дегенде Нұрахметтің


бетінде қан ойнап, қысылып қалды. Клуб ішін шатыр-шұтыр соғылған алақан даусы аса бір ризалықтан туған үн кернеді.

мерекелік концерт артынан жастар биге қалысты. Клуб ішін ерекше шабытпен тартылған музыка әуені, ұршықша иіріліп, шыр көбелек айналған жігіттер мен қыздар шаттық думанына айналдырды. аса бір әсем үн, өзгеше шеберлікпен гармон ойнап отырған – Нұрахмет еді. Оның гармонь түймесінде көз ілеспей жорғалаған жалғыз саусағы ғажап шеберлікпен музыка тілін дәл басып, өз икеміне біржола көндіріпті. Құлаштай созып, құйқылжытқанда ауылдың мақпал түнін қақ жарып, аспан төрінде қалықтап, жұлдызбен тілдескендей. Жалғыз саусаққа қуат берген жастықтың оты құдіретті музыка үніне ілестіріп, Нұрахметті де аспан төріне алып кеткендей.

Нұрахметті шексіз бақытқа бөлеген де, гармонды жалғыз саусаққа бағындырған да, арманын арманмен жалғап, ертеңге – нұрлы болашағына имендірмей қадам бастырған да жастықтың оты, сол оттың қамқор көрігі – өскелең өмір, өрім достары еді.

 

1969 ж.


ЖЫЛҚЫ ТУРАЛЫ ЭЛЕГИЯ

Венгер мәдениетінің Қазақстандағы күндері қарсаңында

 

Аударма

Чоори – венгердің көрнекті ақыны, əрі публицисі. Ол 1930 жылы шаруа семьясында туған. Алғашқы өлеңдер жинағы жиырма бір жасында жарық көрді. Чоори өзінің талантын проза саласында да сынап жүр. Өскен, өркейген Венгер елі мен жері хақында тебірене жазады. Біз бүгін жазушының көлемді лирикалық очеркінен үзінді жариялап отырмыз.

* * *

Қайда екен, қайда, әткеншектегі ағаш аттар: аққұла, торы, ақбоз, сүмбіл аттар?! Қане, кім айтар, қандай ғана тебінде айналды? лаци, сен бұдан бірнеше апта бұрын: жәрмеңкенің нақ ортасындағы ерттеулі тұрған аттар қайтадан қимылға көшеді, сен соған мінесің де, қайыс тізгінді шаужайға алып, құмардан шыға шабарсың, – деп мылжыңдаған сөздеріңнің дәм-тұзы жоқ екен-ау, көрсетші кәне, ағаш аттардың шынылы көзі түнді жара жылтылдап қайда, қай қоймада қамаулы? Жәрмеңкеден бұрқыраған тозаң мен жолдан ұшқан шаң көміп, тар қапаста жатқан шығар қор болып? Әлде сол бір аяулы ағаш аттардың басын қиып түсті ме? Әлде, олардың ойнақшып тұрған ағаш тұяқтары отқа күйіп қалды ма? мүмкін... мүмкін сол аттар күлге айналып кеткен шығар? мүмкін одан ұшқан көк түтіннің иіс-қоңысы сейіліп кеткен де шығар-ау?

мен кенеттен, тұяқтан шыққан ашқылтым, ыстың  иісін

сезгендей болам. Жәрмеңкенің қайшалысқан тірлігі ортасында


дүкеннің есігін айқара ашып, қыңыр мойын, қушық төс ұсташы С. ағай атылып шығар еді. Теріден тіккен алжапқышы бар С. мерекедегідей әбігерге, улап-шулаған жұртқа, тіпті, бұдан 20 жыл бұрын алып кеткен өз өліміне де алаңдамастан, әкемнің қаз мойын атын тағалап еді-ау көзімше. Иә, бірде ағайымыздың үйіне жол тартып бара жатқанда ол шегелеген тағаның ұшып кеткенін де білем. Бәрі де артта қалып барады...

Қандай ғана ғажап күш жасай алады: бағзыда-ақ өліп қалған ұсташының жойқын жұдырықты қолы мен алтыбатпан балғасынан туған айқай-шу әрі ашу-ызаға, кекті кесапатқа толы гүрсіл-гүрсіл үндерді, от өрген күндерді? Иә, иә... оның құдыретті үнін монтаны қоңыздың құлақ қажаған ызыңы басты. Егер мұрныма отқа күйген тағаның ашқылтым иісі келіп жатса, қандай ғана пенде менің сезімімді, ауыл қыздарының шашынан мүңкіген әтірменен арбап алмақ.

Кім айтып бере алады, әткеншек ағаш аттар қайда ғана құрып кетті? Қайда қазір, алқызыл жалды әкемнің аты? Қайда қазір, арқыраған даусы елең-алаңнан ұйқыңды шайдай ашып, тозақты батпақта мықшиып жатқан арбаны сүйреп шығаратын аруақты жылқылар? менің осы іспетті тәтті елестерімді қар бүркеген дала тұмшалап тастайтын. менің осы секілді арғымақ қиялдарым өз-өзінен мұңданып, сол қыстың ақпан күні шуағы астында жарқырап жатқан қысқы далаға шапқылап кетіп қалатын.

Қайда екен, қайда, шанаға шегілген ақмаңдай арғымақтар? апыр-ау, әр үйдің қақпасынан тұра ұмтылған месер балалар- дың атқылаған қарлары, сауырына тиіп, лағылдай ағып, бірте- бірте ери, сорғып ұшып жататын еді ғой.

менің көшелерімнен, менің шанаммен, менің ақтаңдақ жолыммен әлі де... әлі де ағызып өтер сол аттар. Бұл елес. Достар-ау, егер «ал!» деген сөзді естісеңіздер сендерді де осын- дай дел-сал хал басады емес пе. Сезбейсіңдер ме, білмей- сіңдер ме, қанша мыжғыласақ та ана тілдің мысқалы күндер- дің күні қайтадан жаңғырып, салтанат құратын. О, мен сол мезетте: жер, жел, су, нан, құдай, түн ... секілді сөздерді естігендей болам.


мен ешқашан да орындалмаған балалық шақтың балаң қиялдарын есіме ауық-ауық ала беремін. Ол арман-қиялдардың ішінде жылқы да бар еді. мен өзімнің ерігімде атым болуын өне бойы көксеп жүрдім. Иә, сонда мен туыстарымның емес, тек қана өзімнің арғымағым болуын тіледім. Тіпті, осы қиял, осы үміт ересек тартқанда да бәсеңдемей, қайта қаулай түсіп, астымдағы арғымаққа қос қанат біткендей болып көк зеңгір аспанда ұшып жүргендей сезінетінмін. ал, мен үшін аспан жақындап, ат алыстай берді. мен үшін ат мінудің өзі бостандықтай елестейтін. мен үшін шексіздік төрт аяқтан қарсыма-қарсы шауып келе жатқандай-тын. Дәмелі көңіл көгеріп барады.. Көксеген көңіл сарғайып барады.

Бұл не?

Түн түнегі тұтқиылдан келді; түн сонымен қатар нөсер селіне ұласты. Көзге көрінбейтін тас қараңғы. Жермен тұтасқан аспанның әйтеуір бір шетінен қуыршақ театрындағы таяқшаға байланған алқызыл сайтандар іспетті найзағай секектейді. Бірақ «сайтандар» түн қараңғылығын сейілт- пей қайта қоюлата түскендей. Сол түннен бермен отыз жыл уақыт өткен екен. мен әкемді көріп отырмын, әне арбаға мініп, көрші ауылдан қайтып келеді. арбасына тиеген шырын құятын дәу күбісі бар. Жауын тағатсыз сорғалап, күбіні де, жолды да суға малшыған. Барған сайын ылжыраған жолға аттың тұяғы кірш-кірш кіреді. Жо-жоқ, селді түн аттың тұяғына тұсау бола алмақ емес, әне қасқая тартып барады.

мынадай топан су қаптаған түнде – қақыраған қапасты

жойқын түнде адаспауға бола ма? Әкемді састырған алда еріксізден-еріксіз басып өтетін екі бірдей көпір еді. Не істеу керек? Нөсердің толастауын күтіп, таң атқанша тұра берудің жөні жоқ. Сайып келгенде жауынның бәсең тартуына кімнің көзі жетіпті. Бәрі-бір үмітсіз дүние. мұндай жағдайда көзді жұмып, көлге секірер батылдық қана жол таба алмақ. Әкем атын шаужайлап еді, үлкен сенімді сезді ме, көпір тақтайларын аса сақтықпен басып ілгері тартты. Әрбір он-он бес метр сайын бейне бір құм үстімен зілдей ауыр жүк тартып барардай аялдайды. Сақтық, байқампаздық бәрі-бәрі тоғыса


келе түн қойнында сүңгіп жатқан көпірдің қай маңда екенін тұспалдатады. аттың түйсігіндегі бұдан бұрын сан рет өткен шағы және тақтайға деген тұяқтың дыбысы әлі де көмескі тарта қойған жоқ. Ол осы көпірмен өне бойы өтіп жүргенін біледі.

аттың қуатына тәңірдей табынған тек менің әкем ғана ма? Кім біледі, мынау итіс-тартыс дүниеде адамзаттың жылқы деген жануарға қанша рет сенім жүгін артарын. Бүкіл тарих жылқымен бірге өсіп, бірге қайнасқан. Құлағыңды түр де қара: ерте дүниелік халықтың бәрі-бәрі де аттың жалында тіршілік еткен. Қаңбақтай көше қонып жүрген корольдар аттың арқасы болмаса қайтер еді? Қауқары жоқ корольдар желдің өтінде, даланың төсінде қаңғып, ажалынан бұрын жер жастамас па? миллион–миллиард жылқының тұяқтары-ай! Сені алып жүрген не? Күш пе? рух па? адам жылқы мінезді дейтіні тегі рас. Сондығы болар, ер басына күн туып, қысыл-таяң шақ таянғанда иесін иенге тастамай ажал аранынан ала қашқаны. Қияметте тұрған сәтінде ричард-III жау қолынан  құтқарғанда

«Жарты патшалығым – аттың садақасы!» деп мінәжат  тұтуын

Шекспирдің егіле жазғаны есімізде болар? мен әсіресе, сурет, өнеріндегі символизмді жақтырмаймын. Бірақ Янош Торнли салған бір кездегі венгрлердің өз тағдыры іспетті, өлмелі атты көрген сайын өз бойымдағы екі ұдай пікір, екі ұдай сезіміне мәңгі-бақи көмескіленбейтін жылқы бейнесін мүсіндеді.

Қай-қайда қарасаңыз да жылқыны кезіктіресіз. Сіз жылқы- ларды кең төскей жайлаулардан да, кең алқапты егіндіктен де, ұрыс майданынан да көресіз. Көрген сайын оған деген махаббат оты лаулай түседі.

Осыдан үш жыл бұрын ауыл шаруашылығы кооперативі- нің бірінде уақытша керексіз деп тапқан да, бар жылқыны жинап-теріп Дунай өзеніндегі, шағын аралға өткізіп жіберген. Жаз айында шөп-шаламды талшық етіп, күз түсе ашығып қалған соң сабан жабылған қораға қуып әкеледі. Іші бұраудай жылқы шатырдағы сабанды жейді. айтып-айтпай не керек, әбден арықтаған аттардың қу сүйегі көктемге әрең ілінеді. Көбі қырылады.

мен сонда ашу-ызадан ішім қайнаса да, қолымнан еш нәрсе


келмейтініне, дәрменсіздігіме налыдым. Не болып жатыр бұл пәниде? Осынау сорлатып жатқан соғысы жоқ мамырсыған күнде басқа ұрып бақандайтындай не жазығы бар? Талан- тараждық? Салқынқандылық? Қайғы ма? Жер жетпей ме?

артық сән-салтанатқа менің жаным қас, әйткенмен, атыңнан айналдым, жылқы түлігімен адамша қоштасуымыз керек қой. мал ашуы-жан ашуы емес пе! Біздің жылқы түлігін қырып-жоймай дұрыс қоштасуымыз өз-өзімізді сыйлап бағалағандығымыз дер едім. меніңше, уа, жамиғат, сіздердің қазіргіше «қоштасуларыңыз» ақылға қонымды емес. ал мен болсам жылқылар үшін, мәңгі есте қалу үшін жұмыр жерді шырқ айналдыратын мерекелі күн белгілер едім. Қазіргі қылығымыз қоштасу да, мереке де емес. Құдай-ау, жұмған аузымыз ашылмай отыр ғой. мүмкін былай дейтін шығармыз: біз жаңа дәуірдің, жаңа мезгілдің алапат күшіне сеніп отырмыз, мұқтаж емеспіз жылқы күшіне. апыр-ай, соншалық өткенін ұмытқан қатыгез бе едік. Ойбай-ау, күні кеше ғана табынғанымыз төрт аяқты арғымақ емес пе?!

ақындар жылап отырып жыр жазса, суретшілер оның Ұлы

сүлдесін біздің ғасырдың маңдайына ойып салуы керек, әмбе сол жыр мен суреттен түн түнек арасынан адамдарды арқасына салып алып, қап-қара жалы сусылдай зулап келе жатқан жылқының бар болмысын, бар қайғысын сезетін болайық.

 

1969 ж.


ЖҰЛДЫЗ ЖАУҒАН ТҮНДЕР-АЙ...

Как я буду лежать в могиле один, Так и сущности я и живу одиноко.

А.П.Чехов.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.