Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ББК 84 Қаз 7-44 17 страница



− Жаман емес.

− Бұл құтыла салудың амалы ғой. ал, сіз де жаман емессіз, кандидат досыңыз да жаман емес, мен де... сонда кім жаман? ана тұрған бала ма? – деп әлгінде сөренің үстінен көрген суретті нұсқады. – Жо-жоқ, аттас зарядтар, тек сол бала ғана асыл адам!

− Ол кім, Қалқаш?

− Әуреленбеңіз, айтпаймын. Әркімнің бір жұмбақ сыры бар.

− Өзіңіз біліңіз.

− Сіздің осы қасарыспай, оп-оңай келісе салатыныңыз қинайды. «Варнаны» сыздықтата ішіп отырмыз. Бөлме іші ала көлеңкелене бастады. Басыңқырап қойған радиоқобдидан әлдебір симфонияның жеңіл де жүрекке жылы сазы естіледі.

− Кімнің симфониясы? Білесіз бе? – деді менің ойымды дөп басқан қыз. Сұрағы тағы да оқыс туды.

− Вагнер... жоқ, Шуберт...

− Әй, журналистер-ай, барабан секілді сырттарыңыз қампайып, даңғырлағандарыңыз болмаса, іштеріңіз қуыс-ау...


Гайнд дегенді естігендеріңіз бар ма? Әне, физик болсам да, мен білемін. мен музыканы өте жақсы көремін. музыка дегеніміз – жүректің қуанышы мен мұңы ғой. айтпақшы, мына аз сөйлеп, сақ отырған сыпайы сіз мұң деген-ді қалай түсінесіз?

− мұң ба?... мұң... Қуаныштың қарсы ұғымы-ау деймін.

– меніңше мұң қуаныштың серігі, қуаныштың жары десе де болады. мұң бізді ессіз күлкіден арылтады, тәубамызды есімізге түсіреді. ағат іс, ақымақ жүрістен сақтандырады. мен бұрын мұңның осыншалық құдыреті бар-ау деп ойлаған емеспін. Сіз білесіз бе, мен ерте есейдім ғой, Университетті де ерте бітірдім. Уақытымның көбін күлумен өткізетінмін, тек бертін ғана ес кірді ғой... Иә, бертін ғана...Қалқаш орнынан қарғып тұрды да, бөлмеге кіріп кетті, Не болғанын түсіне алмай, аң-таң болып мен отырмын. Қандай қызық қыз еді. Қоңыр үйде жалғыз қалдым. Әлгіндегі симфония сазы толастады да, жас композитордың творчестволық сипаттамасын бере бастады. Жер-көкке сыйғызбай мақтағанына қарағанда жаңағы классикалық шығарманы осы бес-алты әннің иесі жазған екен деп ойлап қаларсың. ымырттанған салқын тыныштық қай-қайдағы қиялыңды жым-жылас жұтып, әншейін ойсыз отырысқа шақырады. Дүниенің бәрін ұмытып, өз-өзіңмен оңаша мең-зең отыра берсең, шаршаған жүйкең жалқы сәт тыныс алады екен. Бұл Индия иогтарына ғана тән емес, екі аякты пенденің бәр-бәріне ортақ құбылыс болса керек. Қалқаш қайтып оралды.

− Кешіріңіз, аздап жылап алуға тура келді.

− Ондай жүрек қысылатын минуттар мен де де болады. Шынында да, өз-өзіңнен бұдан бұрын ешкашан естімеген, еш жерден көрмеген әлденені сағынасың, сарыла күтесің; бәрі бар, бәрі жетеді, бірақ бір нәрсе жетпейтіндей; ол не? Өмірбақи білмейсіз; көзіңің алды тұманданғандай буалдыр сағымға шомасыз да, мәңгі тыныш күйді аңсайсыз; бейне бір анаң алдына алып әлдилеп отырғандай, соншалық тәтті сезіммен бейуақ халді кешесіз; ешкімнің мазаламауын тілеп алыстан... тым-тым шыңыраудан талып жетер нәзік үнге жүрегіңізді тосасыз; ымырттанған қуанышты мұң қабыздап, іңір мезеттің жұмсақ шапағатына шомылдырып еркелетеді; дәл осы сәтте іштей жарылқанып, егілесіз, көзіңізден жас шығады.


− айта беріңіз, – деді екі жағын таянып ойланған қалпы. Терезенің шынысында әлгінде ғана батып кеткен күннің жалқыны жұкалаң жылтырайды. Бөлме барған сайын қара көлеңкелене түсті. Біз шам жаққан жоқпыз. Тағы да үнсіз отырдық.

− мен сізге хат оқытайын, – деді Қалқаш. – Сонсоң орнынан тұрып барып шам жақты да, альбомның арасын ақтарып жүріп үш-төрт хат тауып алды.

− менің көзімді ашқан жоғарғы оқу орны емес, осы хаттар. амал не, дүниедегі ең қимасымды кандидаттан гөрі осы хаттардың иесіне сыйлауым керек еді, тағдыр деген қызғаншақ екен, бұйыртпады. менің дос қыздарым айтады «Өзің сүйгенге бар асылыңды қи, сүйгенге ти»,–деп. Жо-жоқ, менің айтып отырғаным, ондай аргумент емес, мен ойлайтынмын, тұрмысқа шығу үшін сүю міндет емес деп. Қандай ақымақпын, осы хаттарды, кандидат осы үйге келген сайын, оқытып, екеуіміз қосылып мазақтап талай күлдік-ау. Қателікті мойындататын адам емес, уақыт екен.

− Әлінше әдемі жазуға талпынған қиқы-шойқы әріптер тізбегі мені өзіне суырып ала жөнелді.

Бірінші хат: «амандық хат! Қалқаш, аман-сау жүріп жатырсыз ба? алматыда қандай өзгеріс-жаңалықтар бар? Ол жақта күн жылы шығар? Бізде ақ боран. әрине, сіз білмейсіз, өйткені сіз жазды күні келдіңіз ғой.

Қалқаш! Сіз мені ұмытқан жоқсыз ба? Есіңізде ме, мен ат суғаруғабарғандаағайыңыздыңкішкентайбаласымен өзенгетас лақтырып ойнап жүрдіңіз ғой. Содан кейін бірнеше рет киноға бардыңыз. мен сізді ылғи да сыртыңыздан көріп, тілдесуге батылым жетпейтін. Сонсоң жеңгеңізден адресіңізді сұрап алдым да, хат жазуға бел байладым. Әрине бұл қылығымның ағат екенін де білемін. Бірақ үмітсіз шайтан деген.

Біздің жақта аяз буып тұр. Сіз шомылған өзен әлдеқашан қатып қалған. ауыл көңілсіз. анда-санда кино, мереке күндері концерт, артынан би болады. мен көп бара бермеймін, барсам да ылғи кабырғаға сүйеніп қарап тұрамын. Сізден жасырып керегі не, би білмеймін ғой. Сіз енді бір рет біздің ауылға келгенше үйреніп қояр едім. Өзім қазір совхоз қайда жұмсаса, сонда


барып, әр түрлі жұмыстың басын шалып жүрмін. Трактористің алты айлық курсына жібереміз деп еді, әлі хабар жоқ. Кейде жалғызсырайсың, жалығасың, сонсоң әйтеуір біреуге сыр айткың, хат жазғың келеді. Солдат досым болмаса, ешкіммен хат жазысып көргем жок. ал осы уақытқа дейін ешбір қызға сөз айтып, жүрмедім десем сенесіз бе? ауылдың кыздары көңілден шықпай ма, бір түрлі тартпайды.

Қалқаш, хат жазысып тұрайықшы. Сіз алматының, мен ауылдың жаңалығын айтып. Әзірше хош, сау болыңыз.

Хат жазып, хабар күтуші – танымайтын танысыңыз – Есен»

– Осы хатты алған күнгі күнделігімді окып берейін, – деді Қалқаш. Бұдан соң қоңыр дәптерінің елу шақты бетін ашып барып, өте майда жазылған сөздерді өзгеше толқыныспен оқи бастады.

«Бүгін мен өте көңілдімін, ауылдағы «ғашығымнан» хат алдым. Қан екеуміз ресторанда отырып оқып, рахаттанып тұрып күлдік-ау. Басы істемейтін даланың бозбаласы болу керек. Қан айтады: «мен де сүйемін, калай айтарымды білмей жүр едім, өзің хат жазыпсың», – деп жауап бер дейді. Сонсоң екеуміз бірігіп хат жолдадык. Кеудемді әйтеуір бір белгісіз қуаныш кернеп, қарадан-қарап күле бергім, анау самала шамды көшелерді кезе бергім келеді. Өйткені мен бүгін емтихандарды ойдағыдай толық тапсырып аспирантураға қабылдандым. Қан айтады: «Көктемге қарай қосыламыз. Папаң бізге орталықтан үш бөлмелі үй алып береді. Ол әне ұйықтап жатыр, көп ішіп еді, шаршаған шығар. менің ұйқым келер емес. Хат жазған

«ғашықтың» бет-бейнесі есімде жоқ, көз алдыма елестете алмадым».

– Үш-төрт жұмадан кейін екінші хаты келді, – деді Қалқаш күрсініп. Оны Кан екеуміз қосылып оқып шықтық.

Екі қолымыз алдымызға сыймай зерігіп жүргенде, үлкен ермек табылды. мынау келесі хаты:

Екінші хат: «амандық хабар! асқардың асуындай, өзеннің тасуындай, садақтың оғындай, сексеуілдің шоғындай ыстық сәлем жолдаушы – Есенің деп білерсің. Қалқаш, хатыңды алған күні таң атқанша көз ілмедім. Қуаныштан, бақыттан жүрегім


жарылып кетердей, өзімді қоярға жер таппаймын. Неге екенін білмеймін, көңіліме қанат біткендей, әлдеқайда алысқа ұша бергім, басым ауған жаққа қаңғылестеп жүре бергім келеді. Отырсам да, тұрсам да сенің елесің жанымнан бір елі қалған емес; көзімді ашсам да, жұмсам да Күркіременің жағасында жаныңда кішкентай қыз бар, арпалысқан толқындарға қарап, үнсіз ойланып тұрғаныңды көремін. Сонда көкірегім әлде бір күйдің көбігіне толып, қара жерге сенің атыңды ойып жаза бергім келеді. Бұрынғыдай емес киноға, ойын-сауыққа барғанды да қойдым. Қолыма қандай кітап түссе де оқи беремін, не болмаса ақ қағазға «Қалқаш, Қалқаш, Қалқаш» деп сенің есіміңді тізілтіп жаза беремін. Қалқашым менің, өзіңде қандай өзгеріс-жаңалық бар? Бос уакытыңды қалай өткізесің? Бізде айта қоярлық пәлендей ешнәрсе жоқ. Баяғы қалпы, аудандық мәдениет үйінің артистері концерт қойды. Оған да барған жоқпын. Жүмыстан шаршап келемін де, терезеден қарлы адырларға қарап отыра беремін. Сол аппақ дүниенің тозаңын аспанға шығарып, боз жорғаға жегілген ақ шанамен сені алматыдан алып қашсам деп армандаймын.

Қалқаш! Қуана бер, тракторшылар дайындайтын курсына оқуға жіберетін болды! Ендігі хатты сол жақтан күтерсің. Сағына жауап күтуші – Есенің».

– Өмір бұрынғыша ескі сарынмен ресторан, театрлар- дың табалдырығын тоздырумен өтіп жатты. Осыдан кейін ол жігітке қайтып хат жазған жоқпын, тіпті ондай адамның өмірде бар-жоғын ұмытып та кеткен секілдімін. Қанның диссертация корғайтын кезі де жақындап қалған. Дегенмен менің осынша- лық тынышты да тәтті өміріме үлкен өзгеріс енгізген әкемнің жұмыстан босауы болды. Өзің білесің, папам ірі қызметте еді ғой. ал етегіңді сүйіп, есегің болайын деп жүрген Канмен бірте-бірте ауыл алыстанып, түбегейілі ат құйрығын кесісіп тындык. Ол бір доктордың өзінен екі-үш жас үлкен қызына үйленді. Кешікпей білесің, соның арқасында кандидаттық диссертациясын корғап алды. ал мен болсам қалықтап ұшып бара жаткан құсқа от тиіп, құлап түскендей дел-сал қансыраған халді басымнан жалғыз кештім. акылдасар, сырласар ешбір ет бауыр жакын досым жоқ екенін сонда ғана білген едім.


Осы кезде Есеннің тағы бір хатын алдым. Ойынның өртке айналарын білдік пе?

Үшінші хат: «Қалқаш! Екі көзім төрт болып, сенің хабарыңды күткелі айдан асты. Почтаға күн сайын барамын. Шыныңды айтып жаз, мүмкін ауырып калған шығарсың. Қалада қайшыласқан машиналар көп деуші еді, қағып-соғып кеткен жоқ па? Бірақ сен маған мүлдем хат жазбай қойсаң да, жақсы көруімді тоқтатпас едім. Өзім қазір тракторшылар курсында окып жүрмін, сабағым жаман емес. Кейде жатып алып ойлаймын: аман-есен осы курсты тәмәмдап, қолыма правомды алған соң, совхоз ескі болса да трактор берсе, күндіз- түні тыным таппай жұмыс істеп, ақша жияр едім. Сосын алматыға сені іздеп барар едім. айтпақшы, Қалқаш, сен не істейсің? Оқисың ба, әлде жұмыстасың ба? мейлі, кім болсаң да... Егер бір нәрсе сатып алуға ақшаң жетпесе, ұялмай жазып жібер, жерден шұқысам да, тауып салайын. Бұл жақта көктем жаңа ғана шығып келеді. алматыда ағаш бүрлеп тұрған шығар. Түнде түсіме кірдің: Күркіременің суы тасып, үлкен-үлкен мұз сеңдер ағып бара жатыр екен деймін. Бір сеңнің үстінде сен, бір сеңнің үстінде мен қалқып келеміз. мен саған қанша жетейін, жақындайын деп тырмыссам да бәрі бекер болды. Біз осылай әр мұздың үстінде жеке-дара ағып бара жаттық... «Қалқаш, мен сені сағындым, жаным! Құдай-ау, бір көзімді басып тұрып бір көзіммен ғана көрер күн туар ма екен? Өзімді-өзім тұткындап, жападан-жалғыз сенделіп жүрген шақтарда ойыма оралған мынау жолдарды жолдап отырмын.

мен өзім бұл өмірге жылап келгем, айқайлап, несібемді сұрап келгем, арманның асау аты мүңкіп жықса, Кінәлап өз басымды жылап кетем. Сағынам кейбір кезде мұң шіркінді, ыстық деп кім ойлаған бұл шіркінді, Бастауы бақытымның болармысың, апырм-ау, көзге неге жас іркілді.

Жас керек бойдың сергіп өсеріне, Жас керек қайғы деген есеріңе,

Жас тілейді қуаныш-сынды құрбым-дағы,


Дес бермей ойсыз күлкі өсегіне.

Қалқашым-ау, Бейбіт күнде шайнасаң, тас та жақсы, Бейбіт күнде жыласаң, жас та жақсы.

Сен есіме түскен сайын, неге екенін білмеймін, бала кездегідей бажылдап емес, іштей егіліп ағыл-тегіл жылағым келетін. мүмкін бұл жоғы табылған жанның қуанышты көз жасы шығар. Неге екенін білмеймін, мен сені қайтадан мәңгіге жоғалтып алатын секілдімін. айтшы, Қалқаш, неге үндемейсің, әлде шатпақ хаттарымда ағат сөздер кетіп ренжітіп алдым ба? Жалықпай жауап күтуші – Есен».

– Ол осы жолғы хатында «Есенің» деп өз есімін жазбаған екен. Бұрынғыдай емес, оның хатына мән бере бастадым. Байқасам, еріккеннің ермегінен гөрі ақ көңілдің адал махаббатына ұқсайды. Бәрін де кеш білдім ғой, амал не? мен бәрібір жауап жаза алмадым. Канның опасыздығы, папамның құлдырауы бәрі-бәрі қосылып шақшадай басымды шарадай етті. ылғи үлде мен бүлдеге оранып өскен адам кішкентай қиындықтыңөзіне-ақкүртжүдейдібілем. Көктеммен қоштасып, жадырап жаз келді, жайқалып гүл шықты. Жазғы демалысқа босандық. Диссертацияның материалдарын жинап, жұқмысым басымнан асып жүрген. москва, ленинград, Новосибирскіге барып қайттым. алыс жолдан оралғанда, алдымнан шыққан тағы да хат болды. Бірақ бұл жолы Есен емес, оның жолдасы жазыпты.

Төртінші хат: «Сәлеметсіз бе, құрметті Қалқаш! Сіз әрине мені білмейсіз. мен Есеннің жолдасымын. Сізге ауыр болса да, қайғылы оқиғаны хабарлауға тура келді. Есеннен айрылдық... аяқ астынан болды. Трактор курсын бітірген соң «ДТ-54» деген ескі трактор алған. Күндіз түні көмекшісіз жалғыз өзі жүрді. Ол айтатын: «маған көп ақша керек, демалысымды пайдаланып, Қалқашқа барып қайтамын», –деп. амал не, арманын орындай алмай ерте кетті ғой арамыздан. Сіз білмейтін шығарсыз, біз шұңқыр қазбай жер бетіне сүрлем саламыз. Әбден жәншіп трактормен таптап, шыммен жауып тастаса, шірімей қысқа сақталады. Есен осындай тау болып үйілген жас шөпті таптап жүрген. Әбден биіктеген соң, жерге түсті. Дәл осы кезде бригадир келді де: «Тағы да таптамаса шіріп қалады, биыл


жауын-шашын көп», – деді. Есен барғысы келмей біраз тұрды да, қарғып шынжыр табанға шықты. Сонсоң маған көзі жасаурап соншалықты аяулы жүзбен қарады. Жүрегім суып, әлденеден сескене айғай салдым: «Есен, шықпа!» – бірақ бұл шақта «ДТ- ға» от беріп жарқабақтанған сүрлем үйіндісіне өрлей жөнелген. Орта беліне барғанда трактор ойда-жоқта шалқасынан құлады да, Есен... шелпек болып мыжылған кабинаның ішінде қалды. Біз екінші трактормен аударып алғанша пәленбай тонналық

«ДТ»-ның астында жатты. Оның қабірі сол жерде. мыжылмай аман қалған – Есеннің сізге соңғы жазған хаты ғана. Оны қоса жолдап отырмын. Әйтеуір, бәрі де бейне бір соғыстағыдай болды...»

«Қалқаш! менің бір арманым орындалды. астымда танкі- дей трактор. ағаларша айтсақ, майданға аттандым, әрине, еңбек майданына. Дәм тартса, күзді бетке ала алматыға жол түсетін түрі бар. Сенің хат жазуға қолың тимей-ақ қойды. мен үшін сенің алғаш та, акырғы рет жазған «сүйемін» деген сөзіңнің өзі мың хатқа пара-пар. адамдардың арасын жалғайтын хаттан әлдеқайда берік, әрі мәңгілік нәзік дүние бар, ол жүректің жүрекке жолдаған сәлемі, ол сәлем радио толқындары секілді ауамен тарайды, ауамен іздеп табады. Физикада оны бірдеме дейді, ұмытып қалыппын.

Қалқаш! Сен мені күт. Күзде барамын. Сәлеммен Есен».

– мен осы хаттан кейін бірден ауылға аттандым. Есеннің қырқын беріп жатыр екен. ағайым менің өтінішімді орындап тауға, қабірдің басына алып барды. Қалың қарағайлы беткейде бір үлкен, бір кішкене екі төмпешік бар екен. Бірінде сүрлем көмілген, екіншісі – Есеннің бейіті. Есеннің бейітіне қарағай діңгектен сайғақ орнатып «Есен Байбатырұлы. 1950–1971 жылдар» деп, қара маймен баттитып жазып қойыпты. Сонда ғана мен қаза тапқан бала жігіттен төрт жас үлкен екенімді білдім. Есеннің шешесі мені көрген соң, көрісіп көп жылады. ал мен болсам, өксімей, еңіремей, көз жасымды ағыл-тегіл моншақтата беремін. Дәл сондағыдай бұған дейін де, бұдан кейін де шын әрі ұзақ жылай алмайтын шығармын. мен сонда ғана бет әлпетін анықтап көрмеген, танымайтын Есенді сүйетінімді, ендігі қалған аз ба, көп пе ғұмырымда санамда


аялап, рухын риза етіп өтерімді білдім. мен сонда ғана анасынан Есеннің суретін алып, тұңғыш рет жүзін көрдім. Ол әне сөренің үстінде тұр, үлкейтіп қойғанмын.

Қалқаш көзінің жасын сүртіп, хаттарды мұқият орады да альбомның арасына салып қойды. алғашқыдай емес, әлдеқайда жуас. Жасырып керегі не, осы үйге келгенде сезімімді азғырып өткен аздап ұятсыз ойларым жым болған, қайта сол сезім жерге қаратып ұялтты. мен Қалқашты тым биіктен көріп отырмын. Біз тағы да шарап іштік. Қалқаш пианино ойнады.

– Келіңіз, – деді сонсоң мені қолымнан тартып. – Келіңіз, Есеннің билей алмаған биін билейік.

Біз музыкасыз теңселіп жүрміз.

– Қандай әдемі саз, тыңдаңызшы, құйқылжып тұрған жоқ па, – деді Қалқаш елегізіп.

Құлаққа ұрған танадай тыныштық еді... мен сонда қыздың жүрегінде сағыныштың, өкініштің, ашылған бірақ иесін ерте жоғалтқан махаббаттың әлдебір мұңлы әуенді сыңсыта айтып тұрғанын сездім. Өзімді де осы тақылетті күй тербеп ырғала- мын. Қалқаш басын менің иығыма сүйеп жеңіл тыныстайды.

– айтыңызшы, – деді баяу үнмен, – сіз біреуді сүйіп көрдіңіз


бе?


 

– Жоқ.

– Олай болса, бақытсыз екенсіз.

Біз билеп жүрміз. Әрқайсымыз өз жүрегімізден ескен әуенге


балқимыз.

– Әркімнің бір табынар, соған арнап мінәжат оқыр құдайы болуға керек. Ол сені жалыққанда, сол секілді басыңа іс түскенде тарыққан жаныңыздан табылар. Сіз ешкімді шын сүйіп көрмесеңіз, демек, ондай табынарыңыздың да болма- ғаны. Сондықтан да жалғызсырап, кім ертсе, соның жетегінде жүре бересіз. ал, менің құдайым бар, ол Есен, – деді Қалқаш. Тұрмысқа шығармын, шықпаспын, бәрібір оның бейнесі мендегі болмыстан жоғалмақ емес.

Біз билеп жүрміз. адамның сыры алтын сандық екен-ау, ал сол сандытың кілтін таба алмаймыз, таба алсақ та, ауыстырып, бірінікін екіншіге беріп қоя береміз. Сосын шатасамыз, мәңгі


адасамыз. Тағдыр осы қылығымыз үшін миығынан күліп мазақтайды, талқысына салып тәубаға келтіреді.

– мен төсек салайын, шыға тұрыңыз, – деді ол қолын боса- тып. мен қайтып оралғанда жалғыз кісілік төсегінде теріс қарап бүктүсіп жатыр екен. маған диванға салып қойыпты.

Бәрібір ұйықтай алмайсың. Ойлап қалмаңыздар, мендегі жеңіл сезімді бағанағы хаттар өлтірген. Өмірді, сол өмірді белшесінен кешіп жүрген адамдарды ойлаймын. Өмір дегені- міз тынбастан алға ұмтылу ғана ма? Жо-жоқ, өмір дегеніміз

– өткенді ауық-ауық еске алу да. Кешегі дегеніміз – ертеңгі. Біз көп нәрсені көргенде ғана еске аламыз, ал еске алған сайын, көруге құштарланбаймыз.

Біз тым-тым тоқкөңіл, мамыражаймыз. арамызда қаншама көп жақсы адамдар жүр. Қайтейік, байқай бермейміз, тіпті біле тұра менсінбей қоямыз. Бір-бірімізді тек өлген соң ғана жақсы көріп, батыл мақтай аламыз. айталық, еңбек пен адал махаббаттың Есеннен артық жауынгерін таба аламыз ба? ал Кан ше? Ол әзірше – икс, я икс қана...

Жігіттердің жалғыз жатқан қызға жорғалап келіп қалар мінезі болушы еді, ондай арамдыққа қимаймын сізді, – деді Қалқаш аунап түсіп.

– Жоқ, – дедім мен, – сенің жаныңда Есен жатыр емес пе...

– мен қателеспеген екенмін, сіз адалсыз, сондықтан да жолыңыз бола бермейтін шығар... ал ұйықтайық.

– ал ұйықтайық. менің түсіме ақшағыл шыңға «ДТ-54» тракторымен өрлеп бара жатқан Есен кірді...


 

 

ТАБИҒАТ – ӨМІР – АДАМ

1. алТаЙ

 

Егер сіз осынау таңғажайып өлкеге – табиғаттың арда төлі атақты алтайға бармасаңыз, барсаңыз да, оның: Күншығыстың бар асылын, бар байлығын, бар сұлулығын өн бойына дарыта жинақтаған асқар-асқар тауларын, асу-асу белдерін, ат омы- раулап жарып жүре алмайтын жасыл шалғын кеңжайлауын, кермарал кербез елігін, мамырлай жүзген аққу-қаздарын, татсаң таңдайда қалар балы мен ақ балтыр ару қайың, қайсар қарағайын

– ие, ие, осылардың қадір-қасиетін түсініп, сезіміңізді селк еткізе алмасаңыз, әсіресе, айналайын адамдарының құдіретті қолынан туындаған сұрапыл жанартаулар мен жаңғыртуларды зерделей алмасаңыз, онда тыңдаңыз.

– міне, сіз – алқызыл нұрымен ақ бас тау, бұйра бас орман- дарды аймалап, кең дүниені шапағымен шарапаттай масайра- ған Күн шығар сәтте ояндыңыз; мүмкін, сізді оятқан таң емес, әлгі бір таң бозынан сайраған бозторғай шығар, мүмкін, жаңа ғана дүркірей суаттан қайтқан марал дүбірі ме екен, әлде әупілдеген еліктің даусы шығар, әлде анау ақ таңдағы ақ толқынын аспанға лақтырған Бұқтырма сарыны не болмаса арқаңыздан өткен таңғы шықтың шым-шым сызы ма... әйтеуір, дәл осындай шапақты шақта оянғаныңыз үшін, табиғат жарықтықты адал жүрегіңізбен алқайсыз да, бір-біріне мінгесіп-ұштасқан мәңгі тәкаппар асқақ алтайдың алдында бас киіміңізді алып, тағзым етіп, «ассалау-мағалейкүм» деп есендесесіз. Сіздің бұл үніңізді алтайдың жақпар тастары мен құзар шындары іліп алып, кезек-кезек жаңғырықтыра қайталайды, қайталайды... Енді сіз аңғарды басына кешіріп, күркіреген Бұқтырманың кәусар суына жуынып, қып-қызыл



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.