Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ББК 84 Қаз 7-44 13 страница




лықсыта арындайды. азан-қазан үн шығарып, осы үн: бейне үйірін іздеп сандалған айғырды, не болмаса бауыздалған малдың қорқырауын, мың-миллион арыстанның қан-жоса қырқысқан кейпін еске салатын. Көлденең қараған көзге оның бұл көпірме көрінісі, мәз-мейрам тірлігі мен асқақ асаулығы аса қызығарлық, тандай қақтырар тамаша еді. Емін-еркін қылығы өн бойына жарасып, үнемі бір осындай шам шақырған шатақ күйде көргің кеп, жуас, момақан қалпын көзге елестетудің өзі өте сұмдық секілді; жынын алған бақсыдай сүмірейіп жатса, қандай қорқынышты. ағарыстың жағалауы ұлыжіңгір базар, қайшы алысқан өмір: жаз жайлауға көшіп, жаппай қоныстап сән-салтанаты тасыған ел. Бұл еддің сән-салтанаты бейне мынау өзеннің өзіндей әмбебабында тұрған шағытын қыстай суық сорып жүдеген жұрт алғашқы шуақ, алғашқы кек, алғашқы күркіреген өзенге алақанын жая табынып, жаратқан иесіне тасаттық арнап жалбарынады. Көштің алды ағарысқа жетіп, төрт түлік бірдей суға бас қойғанда тауысып-ақ кетердей құныға ішісіп еді, тентек телегейдің мұрты да қисайған жоқ, қайта жомарттығын масылдағандай су кешіп тұрған құлын- тайдың тілерсегін дірілдетіп арс-арс қауып қалады... алты қанат, тоғыз қанат ақ отаулар тігіліп, әр тұстан жер ошақ қазылып, мал сойылғанда, күн тас төбеге көтерілді. Қанға таласқан ит ырылдасты, бірақ иттердің ырылдаған даусын өзен күркілі естіртпейді, тісі ғана ақсияды. Өзеннің күркілі улап- шулап қонып жатқан елдің, алакөз боп шабысқан айғырдың үнін де өшірген, тек өзі ғана өктем алып құлақ тұндырмақ. Өстіп қағанағы қарқ, жайлауға қонысып жүрген қазақтардың бір тобы шу ете түсіп өзенге тұра ұмтылды. мынадай жағдай болып еді: есік пен төрдей тұрықты мама биенің қара қасқа құлыны ойнақтап жүріп өзенге күмп беріп түсіп кетті; ағысы перен ағарыс көмейіне ілінген жас құлынды тұяқсерпуге шамасын келтірмей, жұла жөнелді. Бірталайға дейін ербенде- тіп батырмай апарды да, зым-зия жұтып қойды. Құлынынан айрылған мама бие оқыранып, суды жағалай ілгерілі-кейін шапқылап, таң атқанша кісінеп жүрді. Желіні де шертіп, сыздап, жанын шығарды. Бұл оқиға қуаныш құндағына бөленген жұртқа пәлендей әсер еткен жоқ, былтыр арыстай екі азаматты


жұтқанда да, шіміркеніп «қанды су» атамаған. Бағана қара қасқа құлын аққанда, үркердей ошарылған жұрттың жартысы:

«Обал болды-ау», – деп ішін тартқан, жарым-жартысы: «Құлын аққан қандай қызық, тағы бірін байқап көрер ме еді», – десіп, мәз болған. Осы күні кешке жұрт көпке дейін дабырлап ұйқтаған жоқ: әлде бүгінгі қоналқының ыстық-суығы басылмағаны ма; әлде қас қарая қазанға түскен етті үркер ауа жеді ме, мүмкін, көктем жарықтықтың көңіл құртын оятқаны, кәрі-жас дегізбей ырықтан тыс іңгә-іңгә сезіммен улағаны шығар-ау. Жастар жағы күркіреген өзеннің жағасына алтыбақан құрып, от жағып, кеше ғана құлазып жатқан өңірді сауық-сайранға бөледі. Таң аппақ атқанша, жүрек шымырлатар неше сықылды әндер айтылып, сай-сүйегінді сырқыратар әуенді ағарыстың шуылы анық естіртпей, үзіп-жұлып ала қашып еміс-еміс жеткізіп тастайды. Шаршы топтан оқшауланып шыққан қыз бен жігіт мәңгі масаң ағарыстың жағалауын құлдап келеді. Сонсоң жігіттің шапанын жайып, үстіне отырды. Екеуі бірдей өр серпіп жатқан өзенге телміріп кеп отырған. Тегі, қиялдап, мынау түннің өздері үшін ең алғашқы, әрі ең ақырғы түн екенін, күні ертең осынау салтанатты жастық дәурен ыстық-ыстық сүйістерінің қай-қайсысы да адыра қаларын, күні ертең жалқы сәт те көрмеген әлдекімнің жетегінде, мынау зар замандағы байлықұстем құрған ыртың-жыртың дәстүрдің бодауында кете барарын бағамдап, бағамдаған сайын өзгеше құштарлық, алапат сезіммен қауышты-ай... олардың бір ауыз, жарым ауыз күбір-сыбырын алпарысқан өзен ұрлап, бұған дейінгі кір шалып, дақ түспеген ар-намыстарын қысқа жіптей күрмеуге келмейтін уақыт ес жиғызып, есеп алдырмайтын қытықшыл мезгіл тонады ғой. Тасыған қан құйын-перен адағайлап, дәл мынау жайын ауыз өзендей дызылдап, екі бейбақты сұлатып-ақ тастады. Олар ессіз жатыр, олар егіз жатыр, ойсыз жатыр... Білесіз бе, егер адам қаны мықтап тасыса, жынды етер, түбі жақсылық емес, әлгі адамды қор етер. Ендеше, ағарыс пен жайрап жатқан қыз-жігіттің қазіргі халінде ешқандай айырмашылық жоқ, осы сәттік тасқындар еді. Бірақ кінә тағып, айыпқа бұйыра алмайсың – табиғат заңы... Әлден уақытта екі жас бас көтеріп, өз-өздеріне келіп, екеуі де теріс қарап апыл-


ғұпыл жиналды. Сосын оқшаулау, тізелерін құшақтаған күйі үнсіз отырды. Үнсіз отыра алмады: жігіт айтты: көкжиек жақындап, аспан биіктеп кеткен екен, шық та қалың түсіпті, ертең күн ашық, әрі ыстық болады. Қыз айтты: оны қайдан білдің? Жігіт жауап берді: – жылқышылардан... Екі жас көктем таңын ұйқылы-ояу далада қарсы алды. маусым аяқталып қалса да, түн салқын, ал өзен жағасы сызды, қырға шалқыған суық желі бар-тын. Десек те, осының бәрі: екі ернеуін жұлып жеп, күшкүрескен ағарыс, түннің ызғары мен жердің сызы, –тіпті қай-қайсысы да алаң ете алған жоқ ғашықтарды. Сіз білесіз бе, таң рауанын қарсы алу қандай таңғажайып десеңізші: меңдеген ұйқы, шаршау, жаурау иін тіресе екі бетіңізге жиналады, сіздің екі бетіңіз анау атар таңдай ағарыңқы, әрі қаны тамып тұрған дидарыңыз сұп-сұр болып жүдеп салады; жаныңыздағы сүйгеніңіз сіздің бар ырқыңызға көшіп, тізесінде жатқан басыңызды аздап салқындау алақанымен сипап, дымқыл тартқан шашыңызды сүп-сүйір саусақтарымен салалайды; сүп- сүйір саусақтан ыстық, сүп-сүйкімді саусақтан қымбат нәрсе сіз үшін жоқ, өйткені сіз осы жасыңызға дейін, осы жасыңыздан кейін де дәл осындай інжіл, ертек сынды түнді басыңыздан өткеріп, дәл осы іспетті арайлы танды екі көзіңіз төрт болып атырмақ емессіз; иә, талай түндер болып, талай таңдар атар, өйткенмен ғашығыңызбен қарсы алған сахардай ардақты күндер мәңгі бақида бір-ақ рет еншіңізге тимек. Құдай-ау, мынау көктем кімді жарылқамаған; мынау көктем жан- жануардың өлерде көрген әрі келте, әрі шолақ ізгі шағы ғой; ей, әлем, жасарып қал, жасанып қал; ей, асау ағарыс, сенің бүйтіп мамыражай баз кешуің қандай тәкаппар әм салтанатты болса, сондай қысқа екенін білесің бе; ау, ағарысты жағалай жайлаған, жамиғат сенің де тотыдайын таранып, сұңқардайын сыланған шағың осы болар; көктем лайымдық па екен, көктем жарықтық ұшықсыз ғой; ғұмыр бойы масайрап өтер мамырстан өмір қайда?!. Таң сыбызғылап, шығыс көкжиек бірсін-бірсін сөгіле бастағанда, шөлдеген қойдың терісіндей боп аспан айқындала бастайды. ажарлана бастаған аспандағы түні бойы сықсыңдаған жұлдыздар майдай еріп, тым-тырақай тозар... ағарыстың есе алатын өжетекірек шағы осы – таң атар шақ.


Бүкіл дүние ұйқыға беріліп, бөтен дыбыс сап болғанда, тек өзі ғана арқырап, аспанға шапшып айызы қанар. Бағанағы кәдір түнін күзеткен қыз бен жігіт анау ағарыңқы аспанға, анау мамырлап жатқан елге, анау шырылдай бастаған боз-торғайға ақырғы рет қарады, ақырғы рет бірін-бірі құшақтаған күйі ағыл-тегіл жылады, ақырғы рет көкіректі кере еркін тыныс алды... сосын жұбын жазбаған қалпы ағарыстың ақ бас толқындарына секіріп еді... Сіз қаншама мынау көктемнің сан алуан сиқырға толы тотынама уағы шетсіз де шексіз болуын мінәжат оқып тілейсіз-ау; бірақ сол қасиеті мол құрғырдың қайсыбірі де қамшының сабындай шолақ-ау; биылғы көктемді қаншалық кербез керім еді десек те, уағы біткен соң, хош- хошын айтып, ендігі есені шыжыған жазға бермек... ағарыс үшін бұл өңірдің жазы таңсық емес, көктемгі желігі әлі де басылған жоқ. Үлкен бір мерекенің басталары қандай қызық (ол – көктем), жаз – сол мерекенің қызды-қызды болып, әрі осы қызық қайталана-қайталана мәнсіздене бастағаны секілді. мезгіл шілдеден саршатамызға ойысқанда, әлгі қаперсіз тірлік, мұңсыз, қамсыз күндер тіпті жалықтырып, мезі ете бастаған. аса шаршастың табы елден, жерден ғана емес, ағарыстан да сезілетін. ағарыс әбден ыстып, тап баяғыдағы сауық-сайранын аңсағандай ойлы күйге көшкен. аққұла түсі тазарып лықсып, шанағынан іркілдеп асып-төгіліп жатар жайсаң суы қайтып арналана, пәтуасыз жындылықтан түсер пайданың жоқтығына арлана бастаған-ды. ағарыстың арла- нуы – арының барлығын танытты. Тамыз аяқтала өзен мүлдем өзгерді. мөлдірлігі сонша – түбіндегі тасын санап, жап-жасыл жалбызын жұлып алуға болушы еді. Бірақ суы әлі де мол, бұрынғы дәулеттің жұрнақтары адаланған жоқ. ағарысты қаумалай қонған ел жаздайғы торқалы шақтың етек-жеңін жинақтап, әмбесінде кілең қарын қампайту, кілең жыртақай дырду, қымызға масайып, қыз аңду ерқашты етті білем: көлеңкелеп үйдің тасасы, өренің астынан шықпай отыр; үйір- үйір жылқы, табын-табын сиыр үйездей, ағарыстан ұзамай жүзіп жүр. Жүзіп жүргендердің ішінде бала-шаға, анау қоғаның далдасында қыз-келіншектер бартын. Сымпылдай ұшқан үйрек, қаңқылдаған қаз мамырлай жүзіп, қиқуға қиқу қосып,


өзен бойын сырлы да сыбызғы думанға айналдырған. Биылғы жаз ағарыс бойында ала-бөтен берекелі өтті. Жер күйісі жақсы, оты мол, төрт түлік төңкеріле семірді. Ел ессіз қуанышта еді. алты сан алаштың басын қосып былтыр өлген ырысбайдың асын өткерді, келін түсіріп, қыз ұзатты; күнде бәйге, күнде көкпар, күнде күрес, күнде айтыс, әйтсе де күнде тартыс. Бірақ қандай болмасын қуаныштың шегі, тірелер тосқауылы бар-ау: қандай болмасын жаздың ұласар күзі, қайтар қазы бар-ау; қандай болмасын ғұмырдың үзілер шағы, һәм қандай да ағаштың сарғайып, өзеннің тартылары рас-ау. Тамыз аяқталып, қыркүйек туғанда, елден де, жерден де мең-зең сандалысты байқауға болар, сәуірде басталып, жаздай дырдумен өткен қызықтан әбден шалдығып еді. Тіпті, елдің алды жұрт ауыстырып, жылыстап, күземдеріне беттескен. Күз күземдеріне беттескен қазақтар әлі ырық бермей, одыраң-одыраң мінезде жүр. Сөйткенмен ұзамай қоңыр күз туып, қылышын сүйретіп қыс келерін іштей сезеді ғой, қымызға қызған сауықты бөкін- шүкін шаруаға айырбастау сыңайлы... ағарыс жағасынан ел көшіп кеткен соң, қоңылтақсып, қаңырап-ақ қалған. Көктемде иемденіп алған кең арна күз жақындаған сайын, қуықтанып, кеше ғана тасқын жүріп өткен жер ырсиып-ырсиып тас қауып жатыр. Селдің осылып қалған сілемі қаңсыған салындыға, өлген малдың қаңқасына толы. Тегі, ағарыс ұшан-теңіз жер иемденем деп, бір күнгі базарына, туасы, сағасына зар болып қалғандай. Кешелер ғана өз қуатымен жаулап алған кең арнаны мәңгілікке шемендей қатып-семіп жабысар қара тасқа сыйға тартқан. Осы дәу қара тастарды ағызып әкелерде, өзі суалып, аталы арнаны солар – қара тастар басып қаларын мұғдарлаған жоқ, мұғдарлайтын ой-өре, жетелі жетекші де жоқ... ағарыс бұрынғыдай күркіремеді. Күз тұзағы мойнына ілінгенде, шынымен-ақ жуасып еді.

Жуасымай қайтсін, бастау алар бұлақтардың танабы кеуіп,

әуелі бар сенген үш саладан да қайыр кетті: үш сала өз күнін өзі көріп нейбетке қалды; нөсердің бір тамбағанына неше күн, қар суы әлдеқашан бу болып ұшып кеткен. Қазан айы туғанда, ағарыс сыбырлап ақты: ойлана бастады, ес кіре бастады. Түн баласында сонау артта қалған дырдулы шағын аңсағандай, сол


дырдулы шағы ойлап қараса босқа өткенін сезгендей, енді қайтып келер-келмесі екіталай күндері бұлбұлдай ұшып, өн бойындағы бар базары тарқаған. Ерлігін де, серілігін де қайтар құс қанатына іліп алып барады, қайтқан құстың келер көктем- де тағы да оралары хақ, әттең, ағарыстың бақ-дәулетін жоғалт- пай ала келсе ғой; мүмкін, ағарыстың ең ақырғы тасуы биыл шығар, мүмкін, ағарыс келер жазға ілікпей қаңсып қалар. Күркіреп жатар өзеннен, асқаралы ағыстан гөрі, абзал ақылға тән салиқалылық аңғарылатын. Ол енді сақ-сақ күлмей, іштей тынып, күрсінер, дымқос қариядай күрк-күрк жөтелер. Байқап қарасаңыз, ағарыс пен заманы озған қарттан әлденендей ұқсастық табар едіңіз. Күн ұясына қонса болды, күн бұлттанса болды, белі сырқырап, дімкәстанар, сосын таң атқанша қақы- рынып-түкірініп жөтелер, шал өлім құрығы тақаған сайын, баяғысын есіне алып, жастық салтанатын, қыз аңдыған, күреске түсіп атын бәйгеге қосқан қызығы біртіндеп шыжыққа айналарын ойлап, еңкілдеп тұрып жылар еді; түн бойы кірпігі айқаспай аунақшып күрсінер, күрсінер де түңілер... Бүгін күн айнадай ашық, ымырт үйірілгенше теңгедей бұлт жоқ еді. Толайым табиғат жым-жырт: сыбдырсыз, айқай-сүреңсіз; ағарыстың беті қарауытып, тып-тынық болып, қыл аяғы шол- пылдап тыныш таппайтын ақ шабақтарға дейін қырылып қалғандай. Түн қоюланған сайын, осы өлі тыныштық баса- көктеп, бүкіл өңірді ендеп алды. Өзен талып жатыр... аспан аласа, көкжиек алыс... Ең қызығы: ала жаздай ағарыстың жың- ғылға бай аңғарын бір үйір құндыз мекендейтін. Еш аламанға көрінбей ертеңді-кеш судың астында жүретін құндыз тыш- қандардың ішіндегі ең қасиеттісі еді. мекен өрісі су болса да, таза суды ластамай, жағаға шығып бір жерге саңғытатын. Сол құндыз бүгінгі тымырсық түнді жамылып басқа жаққа ауып кетті. Бірінің артынан бірі қаздай тізіліп, шұбап бара жатқан тышқандарды көрсеңіз, «құндыздай шұбаған» деген мәтел есіңізге оралар. Әйтеуір, бүгінгі түннен сескеніп бірі қалмай басқа өзенге ауып кетті. Бүгінгі түні ағарыстың жағасы қаншалықты тыныш болғанымен, үркер көтеріле шаң-шұң айқасқа толды, оң жағасы мен сол жағасынан бір-біріне тебіте келген жер қайысқан қол таң атқанша шайқасты. Таң атқанша,


ағарыс ат тұяғының астында қан боп ақты, көздің жасы боп ақты. Үркер ауа, сап болған соғыс ағарыстың беймезгіл ұйқы- сын қызғанғандай, талай азаматтың басын тереңіне тастап кетті. Өзен адамдардың қанын жуып әуре болды... Ертеңінде ағарыстың жағасында мың-сан өлік жайрап жатқан, мың-сан өлікті олжалап мыңдаған құзғындар жүрді ұшып-қонып. Күні бойы бүлк-бүлк ағып, қызыл іңірде қайғылы күйге көшкен өзен тағы да бойы суып, талықсып толған. Беті шымырлап, запыран жұтты. ағарыс адам мінездес еді: біз қанша жұтсақ та және онсыз күніміз қараң екенін білсек те, ауаның қадірін білмейміз, сол іспетті пенде өзіне тегін берілер өмірді де рә- суалап, әбден қыл шылбыр мойнына түскенде, тәубеге келер болар. Егер біреуді тоссаң, уақыттан ұзақ не бар. Егер бір жақсы ісің бітпей қалса, уақыттан қысқа не бар. ағарыс осының бәрін уаз кешті, дәмін татты. Енді ол ащы-тұщының не екенін зерделей бастаған... Үркер жамбасқа келгенде, ай шығып еді, өлі күйде жатқан қара барқын беті айнадай жарқырап салды. ай көтерілген сайын, ажары ашылып, толықсыды... өз сұлу- лығына тұңғыш рет таң-тамаша қалып, әрі сол сұлулықты жаңа ғана байқаған. апыр-ау, өзенге ойлы, мұңды келбет қандай жарасымды. ай нұрымен шағылысқан майда толқындар көлкілдеп, өзгеше өңделген-ді. Қыстауда қалған жетім шүрегей сызып жүзе жөнелгенде, артынан үшкілденіп қос сызық ерді. Кынарындағы жығылмай сіресіп тұрған тоғайдың сүлдесі бетінде көріністеніп, тіпті жарықтық айдың суретіне шейін кеудесіне қонақтаған. Әйтсе де өзен мұңлы... Үлкен қауіп күткендей қасіретті. Бетіне ай сәулесі түскенде, мені де елеп- ескерер дүние бар-ау дегендей ақырғы рет жымиған. Сонсоң мәңгі тыныштықтың құшағында тұншықты. Тұншығып жатып алай-дүлей дауылды аңсағаны: айқай-сүреңге еті үйреніп қалған құлқы талықсыған тыныштықты талақ еткісі келгені болар, ат жалындағы итіс-тартыс қырқысар дәуренін аңсағаны болар; сол алыс-жұлыс тасқынның опасыз екенін түсінбегені болар. адамның өзі табиғатқа тартқан-ау. Біздің аңдаусыз аттар қадамымыз қаншама мол; түсіне, біле тұрып қасақана істер жаулығымыз қаншама; бір күндік тоқтыққа мәз болар тойымпаздығымыз қаншама. адамдар өмірдің келтелігін біле-


ді, мүмкін, білгендіктен де еш нәрсені бас қатырып ойламай, әмбе күні ертең не боларын болжамай тәуекелмен ғұмыр кешер. Тәуекел түбі желқайық... ол қайықты айдар жел жоқ болса ше, ескексіз қаңғып, қайраңдап қалмай ма... ағарыс іштей суалды, арнасындағы суды орынсыз жайып, рәсуалап алды. Оған арнасын ауқымдамай, түбін терендету керек еді, терең су әрқашан да үнсіз ағады, терең өзен әманда суалып, кенезесі кеппейді. Табаны заңғар өзенді жауын да, дауыл да баса- көктемек емес. Тайыз судың тасуы мәз, қайтуы тез. Екі күннен бері тымық жатқан өзен үлкен жауын боларын сездірген. Таң шелдене, әуені күздің сұр бұлты торлап, түстіктен жел есіп тұрады. аспан кіші бесінге дейін қоқай жасап, түнерді, сонсоң ақжауын біртіндеп бастап ұзақ шабар сыңайын аңдатты. Күзгі нөсер әрқашан да ұсақ болады ғой, шіркейдей қаптаған тамшы ағарыстың бетін тескілеп, сау-тамтығын қалдырмастан шоқылады-ай. Өзен бұған жөне кәндікті. Суы молаяды ғой, күзгі лайсаңның қаншалықты баянсыз екенін ертеден білетін көнігі ағарыс мән бере қойған жоқ, аз күндік алдамшы тірлік деп білді; аздап тасығансымақ болғаны рас, бірақ қуанған жоқ, қуанғанда – еліріп-есіргенде жеткен мұраты қайсы. Олай болса, дүние, не деген қатал едің, не деген қатал едің... Нөсер таң атқанша сіркіреді. Таң атқанша сіркіреген нөсер суы күзгі даланы ылжыратып, қамырдай илеп жатты. Қаңсыған жылға- лар мен көлшіктер суға толып, қыл аяғы өткелдің тұсынан басталатын жалғыз аяқ сүрлеуді қуалай бұрқырап бұлақ ақты. Ойдағы-қырдағы судың бәрі жамырап ағарыста табысты. алты айрығынан тер сорғалап, күні ертең мұз боп қатар алдында ақырғы рет жіпсіген дала ағыл-тегіл жылаған да; ертең-ақ салаң етіп келер кесепаты мол ызғар шашқан зауалды сезген де. Сай-саладан тоғылып, құйылып жатқан нөсер суы ағарыстың бұрынғы дәуренін қайтып бере алған жоқ: қайта осының бәрі бір сәттік жады өмір, тыныш күйді көптен көксеп, енді қолым жете ме дегенде, беймезгіл мазаланған, енді көз шырымын алам ба дегенде, жасаған иттігі деп білмек. Қанша мөңкігенімен, сонау көрген түстей бұлыңытып артта қалған заманы әсте қайта айналып келмейтінін, тек сол қырмызы заманы былайғы ғұмырының әсем ән, мұңлы жырындай


сыңсып қана өтерін, ал өзі дүлей қыстың шеңгелінде ыңырсып, бас көтеріп алшаңқаға алмай өлерін ағарыс енді ғана топ- шылапты. ақ жауын бәрібір көктем селі емес... сіркіреген ақжауын толастағанда, өзекті қуалай буылтық-буылтық бу көтеріліп, шудадайын шұбатылып жатқан. Шудадай шұбалан- ған тұман өзеннен туындап, қыбырлап қырға беттеді; жер бауырлай сусыған тұманның қазіргі сыңайы мәңгі бақи балалай беретіндейтін, ағарыс бұл қоқайды да асқан төзімділікпен қарсы алды. азанда пайда болған ақ түнек буды әуеден құлаған жетім тамшылар тесіп өтіп тұр. Өзен амалсыз тасып жатыр, өзен еріксіз есіріп абақтыға қамалған азаматтың лажсыз ыңылындай ышқынды ұн шығарды... құн көтеріле, тұман сейіліп, ағарыс ерекше жалаңаштанды. Жауыннан сорғып, бусана сұлаған сахара дал-дұл: ойпаңына су толған, қырына қақ қатқан. Күннің көзі шыққанда, ағарыс бұрынды-соңды болмаған көркем көрініске шомды. Бір ғажабы, күрестен соңғы ұрыс даласы әрі қасіретті, әрі кереметтей тылсым да мұңлы бейнеде болушы еді-ау, бірақ қаншама өлік сасығанымен, сол майдан даласынан ертең туар игі нышан байқалатын. ағарыс сондай кейіпте. Төсінде қазбауыр бұлт жүзген аспан, жаға- лауындағы арса-арса ағаштар өзенге ауысып және күннің қызғылт нұры ойнап, айтып жеткізгісіз масайраған сұлулыққа бүтін дүние тәнті болған. айналайын табиғат қызық қой, бірнеше күннен бермен мауыққандай, маужырағандай сар- кідірленіп, кебір тартқан өңірді бір-ақ күнде әлегін аспаннан келтіріп, есінен шатастырды-ай... ағарыс ауыр соққыға душар- ланғандай едәуір талаурап жатты, күн шыққан соң ғана, қыбыр-жыбыр тірлікке көшті... ағарыс ақырғы рет жасанды – тәңірге сиынды: «Ей, дала, сен абзал ана болсаң, мен сүт боп ағар анарың едім; ей, дала, сен абзал ару болсаң, мен қолаң шашыңа таққан алтын шашбау едім; ей, дала, сен еңіреген ел болсаң, мен көз жасың едім; сен ақтаңдақ шөл болсаң, мен таңдай жібітер сусын едім. Тісім барда тас шайнағаным рас, әттең, сол тасқа күндердің күнінде қақаларымды білмедім-ау, әйтпесе шайнамай қылғыр едім, не қуатым жеткенше бытыр- бытыр үгер едім. Жұлдызым оңынан туып тұрған көктемде жолыма тосқауыл болғандардың толайымын екпініммен тал-



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.