Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ББК 84 Қаз 7-44 14 страница




қан еткенім рас, әттең, сол пәрменім тағы бір... тағы бір жарқ етсе – ең алдымен сенің бабыңды табар едім, қарақұм. Қарақұм, сен өлшеусіз молсың, менің суымды жұтып, қорымды азайтып барасың; саған өкпем жоқ, тәңірім, беттен қақпай бетімен жіберген кенже ұлың едім, ұлы іске машықтанбай, мынау сартаптанған өңірді көк желекке бөлемей, ұлып қалдым. Жо- жоқ, мен кінәламаймын, е, дүние, десеңші, мұңсыз-қамсыз қарық боп өткен жылдар шынымен-ақ адыра болғаның-ау. Кешіріңдер мені, адамдар. Кең арна жасап, кербезденгенім дүниеқоңыздық емес, кең тыныс алайын дегенім шығар, күні ертең үрім-бұтағым көбейіп, дәулетім асып-тасып жатса, қымтырылмай есіліп ағайын дегенім шығар; арнамды кең- ейткеніммен терендете алмай, тебінгім шіріп арманда кеттім. арманым көп еді, орындалуы қайда? Ей, адамдар, менің қадірімді сендер де білмедіңдер: тасыдым – жындыға баладың, суалдым – көні кепкен көн тулаққа баладың, маған келіп жау жаралаған қанынды жудың, маған түн жамылып тағдырың ластаған арынды жудың, құлан жортпас қу мекиенде бір қасық суға зар болып өзегің өртенерде, қойнымды ашып қол ұшын берген тағы мен, жылағанды жұбатып, күн көре алмай бос- қаныңды кәусар суым мен жағадағы нуымды тосқан тағы мен, сендерде ес бар ма, бірің аяқ жағымнан су ішіп отырғанда, бірің бас жағымда сарып тұратұғынсың; сендерде ес бар ма, жандарың ашыса, бет-бетімен кеткен үш саланы қайта бұрып, тоған қазып, пышыраған бұлақты қақпайлап, арнама қайта қосар едің, суалар тек мен ғана ма, көрерсіңдер, талай орманың қуарып, талай көлің суалар, сонда ғана жер-анамның ырысын, жер-ананың күйісін шыншыл көңілмен сезіп, табынасың... шабыларсың... рас, сендерді қойып, өз қасиетімді өзім қадір- лемеппін. Егер қадірлесем, өткел бермес дария бүгіңде қызы- ласықтан аспайтын сарқырама болып қалмас қой, бойда бар қуатымды көделі іске сарп ете алмай баз кешіппін; иә, мен шын ашылып, ішімді толық танытқаным жоқ. Күміс таралғы- дай ай жүзіне шағылысқан дидарым сарсыған ұйыққа айнал- ды. Сыңсыған аққу, қаз емес, шыбын-шіркей үйірсектеді. мен налытқан сенген сала – Қайрақты мен Шабдар, өсер өрісім, құяр арнам жерігендей, басымнан бақ-дәулет ұшқан сәтте,


құйрығын теріске салды. Е-е... кінәмшіл де секемшіл тентек көңілді тел өскен үзеңгілестер-ай, сүрінгенде сүйеуші болуға жарамадындар. Бірақ өкпе-наз айтар қай екі туып бір қалғаным бар, ағайынның азары болса да, безері жоқ деген сез бекер де. адасқанның алды жөн, арты соқпақ... артында соқпақ қалған екен, күндердің күні, әйтеуір, бір судың ағары хақ, әйтеуір, бір бұлақтың іздеп табары хақ. Тапталған жол жоғалмайды. адасқан жұртқа жол сілтеп нүсқаушы болар. ағарыс аққан арнаның ақтандағы шығып қалмайды. Туған жердің еркінсіп аққан еркесі едім, ойнақтаған бота от басар деп табаламаңдар, адамзат; батыр – аңқау, ер – күдік, кеш, кеш... Бар нәрсе жоғал- майды, менің арқыраған арынды үнімді мынау талақ дала тағы да еститін болар, көріскенше, қош, қош... Ей, адамзат, өзен- көлдің тағдыры сенің қолында! Қош, қош...» – ағарыс ағыл- тегіл жылады-ай! Жыласын, жылағаны жақсы. Ой түскен шығар. Бірақ ағарыс сонда дауылды, қырымнан таяған қиқуды аңсаған. Ұлы дауылды аңсаған өзен қаққа айнала бастаған жылымшы суын мұз құрсаудың астында қаладыға жорымады.

Ол ойлады: қарлы жаңбырлатып жел тұрғанда, қысылған қызыл сулар қаптап, тоғаямын, әрі арнамды жаңартамын, не мүлде көк тайғақ болып қатармын – екінің бірі. Қарашаның өліарасында ағарыстың тілеуін құдай берді. Бұл өңірде бұрынды-сонды болмаған ақ түтек дауыл тұрып, жер-көк қойындасып алды. Дауыл перен болды. Перен болғандығы сонша – ағарыс екі-ақ күнде көзі жылтырап, күпсе қардың ас- тында қалды. ат құлағы көрінбейтін қыр бораны елдің де, жердің де мазасын әбден кетірді-ай. азғана ықтасын, суаттарға таласып, бір-бірімен итше ырылдасқан ағайын, ықтаған қой, шұрқыраған жылқының соңында қаншасы қырылды. мал үшін қырылды. Тіпті қыстың қысталаңына шыдай алмай, өзге ел, өзге жұрты паналап кеткендер ересен мол еді. Қапылы отырған, бес қаруы сайлар мен төрт құбыласы теңдер қар бораны түгіл, қан бораны болса да ырқ еткен жоқ. Ертеден аңсаған дүлей дауыл ағарыстың төбесін көкке жеткізбегені рас. Өр көкірек, өзімшіл өзеннің қисапсыз үміт-мақсұттары садаға кетті. алғашқы сыпыра бір ай оқап қардың астында үн-түнсіз жылып ақты, жылап ақты. Күн қанша суық болса да, беріштеніп


қатқан жоқ-тын. Құтырынған жел қыраттағы бар қарды айдап әкеп өзеннің сайлауына нығарлап тастаған. Қалындығы бір метрдей қасаттың астында жатқан ағарыс сонда да болымсыз үмітін үзе қоймады. ақ қардың әр тұсынан бір жарқ етіп, жеп- жеңіл тыныс алады, тыныс алған сайын, жеп-жеңіл бу шығатын. Шымбайына батырып екі өкпесін қысатындай алапат үскіріктің сыңайы танылмаған соң, аздап сергектенген. Тура бір ай өтіп қаңтардың сарышұнақ шыңылтыр аязы басталғаңда, өзгеше қысылды, күні кешегі қасат қардың асты-үстінен су андыздап, жентектелген көк соқтаға айналдыр-ды. ағарыс тағы да бір рет шанағынан асып еді, бірақ бұл реттегі лайсаңның бөлекшелігі: өзен арнасында таза екпінді ағыс пайда болған жоқ, қар мен мұз араласқан қысынды сулар ғана пірін шақырып нешеме шапшиын деп әрекеттенді, ылжыраған қар тізгін бермеген. Өзен дым шалған шекерге айналып жатты... Күннен күнге қатая түскен суық ағарыстың мынау жылбысқы пошымын көп көргендей шым-шымдап жұқалаң мұз қатырып сірестіре бастады. Енді өзен толық көк тайғақ мұзбен құрсанды. Шор боп қатып қалған мұздың сүмбелерінен көпке дейін көздің жасындай тамшы ағып, кешікпей әлгі тамшының өзі саусақ іспетті саусыған мүзға айналған. Дегенмен, тегістеліп, жыптырлана қатқан жоқ еді. Иін тіресе қожырқайланып, алыстан болжағанда: найза, садақ ұстаған батырға, жұт болып жаппай қырылып, ақ қар, көк мұздың астында тырапай асқан малжанға ұқсайтын. Өзен мәңгілікке көз жұмып өлгендей еді, тағдырдың -табиғаттың ырқына біржола көнгендей еді. Қапияда келер алапат сойқанды сағына сыздаған жүрек шайлығып, әмбе сол ыстық қанды асау жүрек тоқтағандай да еді. Енді қайтсін, ауыстырып ала қоятын жүрек қайда... деміккенде демеу болар өзен-көлдер, кеше ғана сусындаған адамдар қайда. Тілеп алған аурудың дауасы болмаса керек, болмас керек... Қанша өкінгенімен, қанша өксігенімен келер пайда не, қайта жылап-сықтаған сайын, мұз болып қата бермексің. алыстан андасаң, ағарыстың қазіргі сықпыты көз сүйсінерлік әсем, ашық аспаннан қызусыз нұр төккен күн жарықтықтың сәулесі көк жалтыр мұзда ойнап, көз қарықтырады. Егер түн баласында ай туса да, қара барқылданған қараңғылықты жап-


жарық етіп, ұзыннан-ұзақ көсіліп жатар еді. Әсіресе, ай жүзі мұзда шағылысқанда, алыстап кеткен қиялынды сәулелендіріп, бықси бастаған арман отынды тұтатар; айдың ақ дидарын көрер айнасы іспетті ағарыс қош-қошпен сыңсыта ұзатып жіберген салтанатты шақтарын сағына ма, түні бойы сарт- сұрт үн шығаратын. Сарт-сұрт айырылып жатқан мұз – сарт- сұрт үзіліп жатқан бұғау дыбысына оқшасар... Сіреу болған өзен бар жақсылықты Күннен ғана күтті! ал Күн болса қор болған пендесін уақсыз-уақ жарылқай алмады. Тек анда-санда жансыз сәулесін шашып, «шыда, шыда, жарқыным» деп хабар жіберетін. Тоңазыған көңілге бұл да медеу. Біз осы көп ұшпаққа қанаттанбай-ақұшқымыз келеді, көп нәрсеге орынсыз, ретсіз асығамыз, біле білсек ненің болса өз кезегі, өз сәті болады екен. Толғақ шағы тумаса, шабан үйрек бұрын ұшадының кебін киесің, болмысынан тыс ебелектеудің бәрі жарға жығар жалған, бәрі бекер; ағарысқа ақыл берген күн мезгіл-мезгіл жылынып қалған сайын, осыны сабақ еткендей еді. Бұл жазиралы далада көк құрсау мұздың әсте жылдар бойына жасана да, жата да ал- майтындығы бесенеден белгілі, ағарыс осыны түйді. ағарыс көп зарықтырмай көктем келерін, ал көктем келсе, баяғы дәуреніне, баяғы әуеніне қайта басарын, сөйтіп, мынау мұз тұтқынды пәрше-пәршесін шығарып, еңіске айдарып, сөйтіп, мүлдем құрдымға кетерін, ал өзі ақмаңдай даланың қожасы боларын сезді, сол даланы жарылқарын сезді. мейлі, не ерте, не кеш келсін - көктем оралмай қоймайды. Көктемнің оралғаны

– ырыс-бақтың қой болып қозылап, жылқы болып кісінері,

аққу, қаз боп сұңқылдары, қырда айтылған әндей тамылжып төгілері, жан-жануар, құрт-құмырсқаның масайрауы. Көктем, айналайын көктем-ай, зарықтырмай – зар жұттырмай келсең еді; айналайын көктем-ау, тек сен ғана ағарысты мұз тұтқыннан құтқара аласың... Сонда ағарыс ағыл-тегіл жылап – қуаныштан жылап, саласымен табысады, салқар бір көк жойқын теңізге еңіреп барып қосыла-ды... Жосылған жорықтың шафхат шағында арна жолындағы - арман жолындағы қоқыр-соқырды, иіс-қоңысты, шаң-тозанды, әм дала жүзін сан сұмдықтан, сан уайым-қайғыдан құлантаза сергітер... Сонда ол: жасасын, өзен-көлдер, жасасын, орман-тоғайлар, жасасын, табиғаттың


тел ұлдары деп жар салып, мың бүктелер, кешегі тайғақ тағдырына сақ-сақ күлер. Сонда ол, сонда ол... сонда ол... Иә, көктем туды... ағарыс тасыды... Қызық тасыды... Бұрынғыша құбылаға құлдамай, баба арнасын талақ тастап, жаңа жол, жаңа бағытта, жаңа арна жасап ақты. Құдай-ау, өзен теріс ақты, не ғажап, жер өсті ме, әлде бір тылсым құдіретті күш бұрып жіберді ме, ешкімнің миы жетіп, байыбына бара алмады. Бірақ осы өңірдің елі осы көктемнен бастап, ағарысты «Терісаққан» атады... Терісаққан Есілге құяды... Есіл неге құяды?.. Әттең, Терісаққанға Есіл құйса ғой...

Ей, адамдар, өзен-өмірімізді ардақтайық!


 

 

ҰЙҚЫМ КЕЛМЕЙДІ

Көзімнің алды тұманданып кетті. Көзімнің алды тұманда- нып кеткен жоқ. Өн бойымнан жылан жорғалап өткендей болған соң, ес танды халде, таз-тақырланып жатқан далада өз-өзімнен қуыстанып, өз-өзімнен шошынғаным шығар. Таз-тақырланып, жоны шыт-шыт жосылып кеткен даланың, өрмекшінің торындай шимай-шатпақтанып жарылып кеткен даланың дел-сал кеші еді. мен ғанамын... Жок, мен ғана емес, қыбыр-қыбыр басып адамдар жүр. Әне, байғыз шақырғандай болды... Бәрібір мен ғанамын. Қанша жол жүрдім, білмеймін. мүмкін сіз санап берерсіз, қолыңыздан келмейді. мынау екі кештің арасында сандалбай жүріс, мынау әлем-тапырық екі дүниенің арасында (жер мен көк қой) жөн-жосықсыз жүріс; әлде сіз жол нұсқайтын, жөн нұсқайтын бағыт-бағдаршы боларсыз; әй, қолыңыздан келмес; өйткені сіз де адасып жүрсіз, өйткені олар да көр білте соқпаққа түсіп, көр тамды сүзіп жүр. адассақ – адасайық, бірақ алжаспайық, алға тартайық. адамдар адасу арқылы бір-бірін тауып, бір-біріне сүйеуші болады да. Көзімнің алды тұманданғаны рас екен. Уқалап едім: маздаған мақпал кешке, ал қызыл шапаққа бөгіп, маңқайып жатар далаға тап болдым. адасып жүргендер тым мол екен. Бір қыз, бір жігіттен адасып жүр. Өздері қандай ғажап кейіпте: үстерінде аппақ көйлек, ақ көйлектің етегі тотықұстың құйрығы іспеттес шұбатылып жатыр; ақ көйлектің өңірі алтынмен оқаланған, жалт-жұлт жарқырап көз қарықтырды. ғажабы сол, тұман сейіліп, тұман көк нұрлы шұғылаға бөленсе де, адасқандар бір-бірін іздеп таба алмады. Көздерін сүзіп, ауаны қармалаған күйі албаты лағып жүр. маған мына кейуана кейіптегі қалқып жүрген адамдар өмір бақида жолығысып, қол ұстасып қатар сапар шеге алмайтындай, әмбе олар бір-бірін құдайдай құлап жақсы көріп ынтыққан сайын, жалқы сәт жүздесіп бетпе-бет


келіп қауыша алмайтындай, өйткені бұлар ғашық жаратылған жандар, өйткені бұлар тақау келіп табысса болды тәжікелесіп, бұған дейінгі, бұдан сандаған жылдар кейінгі кіршіксіз де кірбеңсіз аптапты сезім, таза жүректеріне қылау түсіріп алатындай; ал қылау түсіріп алса, махаббаттың таң-тамаша сапарына шығып, түсінде немесе қиялында ғана ұшырасып ғұмырлық мәйек алатын інжіл сыңарды іздеу бақытына ие болмайды-ау, – деп ойладым. менің көп ойлауға мұршам келмеді. Себебі мен де әлдекімді іздеп жүрдім. Бағанадан бер- мен қара басқандай қаңғылестеніп жүріп, көзімнен кеткен, көңілімнен көмескіленбеген сыңарымды іздеп, шарқ ұрып, сандалып бара жатқан жолымнан тая соғып та кетіппін. Тағы да әукесі салбырап қою тұман басты. Қою тұман бәрі-бәрімізді жұтып қойды, тек оқта-текте төрткіл дүниенің әр тұсынан сыңсып жылаған, немесе сақ-сақ күлген мұңдықты һәм дарақы дауыстар естіліп, осы дауыс неғұрлым жақыннан шыққан сайын, қаттырақ жаңғырыққан сайын миыңды қашайды, екі шықшытыңыздан қысып, құлында-құлыныңызды шығарар; міне сіз (мен де) көр соқыр күйде екі алақаныңызбен тілім-тілім болып кеткен екі бетіңізді бастыңыз, сосын бар пәрменіңізбен қатты жүгірдіңіз; етпетіңізден құладыңыз; әлгі шыңылтыр ащы айқай-сүреңдер сап болған; құлағыңыз тас бітіп қалғандай; миыңыз да солқылдамайды; дүние тұл; бәрі жым-жылас құрып, сіз ғана жер-жаһанның қожалығына қалған секілдісіз; өйткені сіз жан тәсілімін бергенсіз; енді сіз мәңгі тыныш та, тымырсық сапарға аттандыңыз; мен де – мен де аттандым; байқайсыз ба, бағанадан бір-бірін таба алмай сарсаңда жүрген жәмиғат жамыраған қозыдай, екі-екіден – жігіт қыздан қол ұстасып жырлап келеді; олардың қан-сөлсіз сұп-сүр жүзі, анау қараңғыда көктеген шөптей селкем-селкем сап-сары шаштары, арбиған арық қолдар мен сіңіртік сирақтар, көлгіреген аппақ кебіндері, немесе сүп-сүйір кебістері – сұмдық қорқынышты әсер қалдырғанымен, жұптарын жазбастан шексіздікке қарай қасқая тартып бара жатқанын көріп, ішіңізді болымсыз бір тіршілік сәулесі кезеді. Сіз тіріле бастағандай сезінесіз өзіңізді. Бірақ сіз өлгенсіз...


мен де бағанағы құлаған жерімнен тұрдым да өз сыңарыма ұмтылдым. Біз енді о дүниеде жүрген секілдіміз. міне, енді бірте-бірте жақындап келеміз, қолымызды создық, сипаладым, бірақ аймалағаным жоқ, тым-тым суық екен. Біз қатар тұрмыз. Оның әлпетіне қаншама тесіле қарасам да айшықты дидарын болжай алмадым. Белгісіз беймәлім бас. Таныс дене: аршын төс, қыпша бел, оқтаудай аяқ. Бұл кім? Құдай-ау, Әлима ғой, Жазира ғой, роза ғой, Кәмила мен Дәмила ғой, жоқ олардың бірі де емес. мұның аяқ жағы Дариға, кеудесі – Бақыт, басы бәлкім Үміттікі болар. Иә, дәл солай. Таптым... Дариғаның балтыры-ай десеңші, Бақыттың жүрегі-ай десеңші, Үміттің келбеті-ай десеңші. Ей, жаратқан ием, көктен тілегенімді

– көптен тілегенімді жерден тауыппын, құдай тілеуімді берді! мен осыған үйленемін... бұл менің өмірлік жарым болады, біз қазір қол ұстасамыз, сосын мәңгі тұнжыр, мәңгі шексіз беймезгіл шақтағы, беймезгіл дүниеге аттанамыз. Біз жаяу, жалаң аяқ, жалаң бас дәл осы сықпытымызбен сыңсып ән салып аттанамыз. Біз бұл ғаламда жан-жануар, адамзаттың ешқайсысынан именбей... бізге тайпалған маңмаңгердің де, сән- салтанатты киімнің де қажеті жоқ. Жүрші жаным... үйбай-ау аты қалай еді?. Үшеуіне ортақ есім табу керек. Жүрші жаным... кім десем екен? Әншейін басқы бір-бір қарпін ала салсам етті. Иә, сөйтейін. Жүрші жаны... БДҮ кең даланы кезейік, жүрші жарым БДҮ мынау ақбоз дүниеден безейік. Жүрші! мен бағанадан бері қаққан қазықтай калшиып тұрған қызды икемдей бергенімде аспанның ала төсін тілгілеп, сусылдай ұшып қос қанаты бар жас бала келді де, алқымымнан ала түсті. Темірдей тегеурінді қол бөбежікті мытып қалғанында шыбын жаным шырқырап, бүркіт бүрген түлкідей туладым-ай. Ояна келсем алқымымды орай құшақтап жатқан әйелімнің қолы екен. «Әкетші әрі» деп жұлып тастап, төсектен қарғып тұрып кеттім. Ол «не көрінді» деп күбірлеген күйі іргеге аунай жатты.

мен көпке дейін ұйықтай алмадым. Басым зеңіп, тамағым кайта-қайта кеберси береді, ернім қайта-қайта тобарси береді. мынау үйге бұдан үш-ақ күн бұрын көшіп кіріп едік. алғашын- да кең секілді еді, тордағы арыстандай арпалысып ілгерінді- кейін адымдағанымда үйшіктей-ақ болып сезілді. адамның


түсіне қайдағы-жайдағы кіре береді екен-ау. Дегенмен де осы түстің өзі уақыт уысында кеткен, өткеніңді еске түсіріп, сартап сағыныштарыңның сарғайған беттерін парақтайды екен. Бұдан сандаған жылдар бұрынғы ойын-күлкілерің, сүрініс- түңілістердің санаңда қайтадан сәуле беріп, тіпті ертең атар таңнан да хабар-ошар жеткізіп қоя ма деймін. мен оларды – әлгі үш қызды ұмытқаным қашан. Тым болмағанда өлі-тірісін білсем жарайды-ау. Егер сені кім есіне алса, сол түсіңе кіреді деуші еді, бәлкім мен қатыбастанғаныммен солар: «Осындай бір жігіт болған», – деп ойлады ма? Жоқ, ойлайтын реті жоқ. Үйлі-баранды, балалы-шағалы болған. Шынында да не күйде олар? Өздері жер басып тірі жүр ме? мүмкін кішкентайлы болған шығар, мүмкін тұрмысқа шықпаған шығар. Әлде, ерімен кермалдасып айырылысып кетті ме, әлде күйеуі қыз кезіңде «сонымен жүріпсің» деп архивті ақтарып тарихты жаңғыртып отыр ма? архив – альбом ғой. Жо-жоқ менің суретімді әлдеқашан жыртып отқа жаққан. мен олар үшін опасызбын. мүмкін... бәрі мүмкін. Қайдасыңдар, қарақтарым. мен сендерді сағындым, сендерге кінә қойып, сырттарыңнан әсте де ғайбат сөз айтпаймын, өйткені мен қай-қайсыңды да шын жақсы көрдім ғой. ал жақсы көру махаббат па екен? Сендермен бірге болып, Қап тауын асып кетсем – не арман. Білем, көп қателіктер жібердік, бірақ сол қателікті жасаудың өзі таптырмас бақыт секілді еді ғой; сол қателіктің өзі бір сәттік тәтті әрі ұмытылмас нұрды саумал саудыратын; сол қателіктердің қай-қайсысы да айлы кештерде, абат бақтарда, керілген кер далада – кең далада жасалатын; ал ең сұмдығы

– ең сұмдық емесі – жеті қараңғы түн құшағында басталады-

ай. Естеріңде шығар, осынау «күнәні» көптен сағынып, зарыға күтіп жүріп, қол жеткен соң, айықпас ауруға душар болар едік, өз-өзімізді кінәлап өмір бойы өкінеріміз және бар; осының бәрі-бәрі жастықтың асыл айдынында туындайтын.

Түсімде мені қылқындырған сәбиді танитын секілдімін. Көрген, қолыма алып әлдилеген балпанақтай бала. Бірақ оны қайдан, кімнің үйінен жолықтырғанымды есіме түсіре алмай дал болдым. апыр-ау, мен оны қайдан көрдім!


(Әйелім алаңсыз, тәтті ұйқы құшағында жалғыз жатыр. Жүзінде әлденендей шаршау бар, жүзіндегі жұқалаң мұңды лыпып келген үміттің таусылмай тасып тұрар қаны айдап әкетеді).

Егер қожайыным энергия көп кетіп қалады деп ұрыспаса, дәл осылай қу тіземді құшақтап отыра берер түрім бар. Жүрегім өрекпіп, әлде не, тіпті өлең жазғым келді... Бәрі де кешегідей. Жылдар жылжыған сайын, уақыт ұрлап, қарт- тықтың қан сидірер қасіреті иектеген сайын, немесе басың ауырып, балтырың сыздағанда, немесе қуарған қу бас атанып, жалғыздықтың жапасын шеккенде таусап талшық етерің, ме- деу ғып мекіренерің – сонау көз ұшында қалған бозбала әм жігіт шағыңдағы жасаған қызығың болар. Сонда сен, мүмкін өмірдің құз-қиясынан, өлімнен де сескенбейсің... Жүрегім сыздағандай болды. Еріксіз қаламға жармастым. Кеше сатып әкелген балауыз шырақты жағып, қожайынның жарығын өшірдім. Қыздар, мен сендерге ағымнан жарылып, осынау жолдар арқылы ескерткіш орнатқым келеді.

(Әйелім ұйқысырады. мүмкін оның түсіне де алғаш рет танысқан бозбала немесе сәби кіріп жүрген болар).

 

БаҚыТ:

Сол сәби мені кешірер ме екен.

 

Бір жылда бірақ рет келер демалыста аңсарым ауа, асыға күтер едім. асыға күтетінім, қол-аяқты жазып аунап-қунауға әуестігім, еңсені езген ауыр еңбектен қашқаным емес, ауыл атты анамның ыстық та дарқан құшағын сағынғаным шығар.

маған ауыл – тіршіліктің дәмін сездіретін, мынау мазаң өмірге келгенімді, ал келген екенмін не себептен ғұмыр кешіп, не үшін тыраштанып жүргенімді аңғартар. ауылым – анадай ардағым, ауадай қажетім. ауылым – Отаным. мен мұнда күздің сылбыраң лайсаңында, күздің көрдей қараңғы түні еңсеріліп, атар таңнан хабар сезілгенде, әкем адамды адам жеген сойқан соғыста қан кешіп жүргенде, елден де, жерден де жетімсіреген бір жадау күй аңғарылып, атты кісіні аударып түсірер ызғарлы жел ескенде туыппын. Сонда менің шешем қалжаға күлге



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.