Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ББК 84 Қаз 7-44 4 страница



– Әй, аман жоқ, саулық жоқ, аш қасқырдай бұғыға атылға- ның не? «Қартайсаң да балалығың қалмапты-ау, пәтшағар. аталақтама тәйірі, тағы емес пе, байырқаласын, – деді әкем әзілдей. матвей енді ғана бізді байқап, тісін ақсита күлді де, ең әуелі әкеме қолын ұсынды. Әкем матвей ұсынған қолды алған жоқ, жай есендесті де: – кержақ, сенің қолың әмәнда қан сасиды, – деді теріс айналып.

– Қан хайуандікі ғой, тамыр, – деді матвей мәз қалпында.

– Сен шал да талай малды бауыздап, обалына қалдың емес пе. Қаннан қанның өзгешелігі қайсы... Соғыста бес жыл кешкен қанды ұмытайын деген екенсің.

– Бәрекелді, ендеше адам бауыздауың ғана қалған шығар. Сен қудан оны да күтуге болар, бәтір, – әкем осы сөзді ешбір зілсіз қалжыңға шаптыра айтты, бірақ матвей кейіп қалған секілді, жүрегіндегі бұрқ еткен ашудың қыжылын әрең- әрең басып, тағы да тісін ақсита күлгенсымақ болды. Сосын кербұғыға жақындай беріп:

– Іліп-шалуынды қоймайсың-ау, тамыр. Елу жыл бір жердің суын ішіп, бір жердің дәмін татып ғұмыр кешсек те, аңдысуымыз бен арбасуымыз қашан қалар екен, – деді таза қазақ тілінде. Әкем кеңкілдеп күлді.

– Ой, матвей-ай, өзің де баласың-ау, жоқтан өзгеге бұртия қаласың. Өзің айтқандайын елу жыл осы алтайдан от оттап, су ішсең де қазақта қалжың дегеннің болатынын ұқпай-ақ келе- сің, бәтір, – деп, өзі де кербұғыға қарай жүре берді.


– мүйізін осы жерде кесіп алмасақ, бұғыханаға апара алмаймыз, – деді Қаршыға.

– Ие, ие, осы қарағайға таңып қойып, кеспесек апара алмаспыз, мен қолараны ала келдім, – деді матвей, сосын әкем үшеуі үш жақтап жүріп кербұғыны қарағайға тас қылып шандып байлады. Хайуан қанша жұлқынғанымен, қаңды қақпаннан құтылмайтын еді. матвей қоларасын қанжығасынан шешіп алып, жалақтатып бұғыға тақады. араны көрген бұғы ақырғы рет тағы бір тулады, бірақ бас сүйегінен бастап бүкіл кеудесінен, белі мен бөксесінен қарағайға қайыстырып байланған, қимылдаған сайын арқан қия түседі. арбиған аша мүйіздің түбінен дырылдатып кескенде, мүйізім жоқ менің төбе құйқам шымырлап кетті. Қазан қырса шиқылына шыдай алмай қарадай қашатын мен бұғының мүйізін кесуден қатыгездік жоқ болып сезілді. Екі құлағымды басып, сонадай жерге қашандай барып тұрдым. матвей үйреншікті харекетіне өзгеше шабыт- пен кірісті.

Кербұғының мүйізінен қан шапшығанда көзімді баса қойдым. Бірақ бәрі бір судай аққан қып-қызыл қанды көрдім. Көзімді қайта аштым, бәрі бір жанар тау боп атылып жатқан қып-қызыл қанды көрдім. Өне бойым мұздап, арқамнан сұп- суық тер шықты. матвейдің жүзі бал-бұл жайнап, әкем мен Қаршығаға әлденені айтады. мен еш нәрсе естіп отырғаным жоқ. аспан да, көк шөп те, матвейдің қолындағы ара да қып-қызыл. матвей бірдеңе деп мені шақырды, тағы да қол бұлғап шақырды... мен не дегенін естіп, неге шақырғанын білмесем де бір басып, екі басып жақындадым. Құлағым тарс етіп ашылып кеткендей болды. Ең әуелі естігенім: матвейдің тау-тасты жаңғырықтырған еркін де рақатты әрі дарақы зор күлкісі болды. Күлкісі мұндай қатты болар ма, мұқым алтай жаңғырығып қарқ-қарқ күліп тұр.

мен мынаны көрдім: матвейдің саусақ-саусағының ара- сынан шыпылдап қан шығады; ең сұмдығы – кербұғының мүйізінен атқылаған қан әкемнің өңіріне, етігінің қоншына тиіп былғаған, ал Қаршыға мәз болып, ол да күліп тұр; оның да ақ көйлегі қан-қан; жаңа ғана қаулап өскен жап-жасыл тау шалғынына қан шашыраған; тіпті жаңа ғана гүл ата бастаған


жалқы тал көкек гүліне де қан тиіпті; кербұғының бүкіл басы қан, ал көзінен, жаудыраған тұнық қара көзінен – аналықтың көзі іспетті өте әдемі жанарынан жас ағып тұр; және мен осынау жасқа толған аяулы да ардақты көздің аясынан өзімді, әкемді, Қаршығаны көрдім; үшеуіміздің де сүлдеміз жанарға түсіп, әмбе осынау жанардағы көріністенген орман, тоғай, тау- тас, мөлдір аспан кербұғы көзін жұмып қалса, мәңгіге ғайып болатындай қорқыныш биледі бойымды; мүмкін кербұғы біздің көз жанарымыздан өз бейнесін көрген шығар; мүмкін ештеңе көре алмай қор болып тұрған шығар. матвей маған шапшыған қанды көрсетіп: – Ұртта, бала, Сарқынды атаң секілді жүз жасайсың, – деді. мен басымды шайқадым, сонсоң, өзі сорғалаған қаннан ұрттап-ұрттап алды да, тісін ақсита күліп бізге қарады.

– Жылы екен, – деді, – жып-жылы екен, Сарқынды ішсе құдай біледі орнынан қарғып тұрып кетер еді...

– Әй, сойқан-ай, – деді әкем; – алпыстан асқанша ыңқ етіп ауырмай, қатыныңа он бес бала таптырып жүргенің осы жып- жылы, қып-қызыл қанның қуаты-ау.

– Баяғыда ауырғаныңда саған да іш дедім, тамыр, өмірден періште болып өтетіндей міз бақпадың, мына балалар болса жарайды, соғыстың сойқанын көрген саған қаннан сескенетін не жорық. Бұғы мүйізінің қаны – мың да бір ем мың да бір ауруға. мұны тапқан ішеді, – деді аузын, өңірін жауып кеткен қауға сақалын сүртіп тұрып. мүйізін кесіп алып, арқанды ағытқанда, Кербұғы атылып шықты да, танауын шүйіріп бізге одырая қарады, сосын басын кекжитіп мүйізін арқасына сала ойқастай жөнелмекке оқталды да, мүйізі жоқ мұқыр екені есіне түскендей, жер иіскелей желе жөнелді. Бойындағы бар асыл, бар байлығынан айрылған пұшайман бұғының обал-сауабы бізде қалды. Бағанағыдай емес, алтай жүдеу, құйрық-жалы күзелген байталдай-ды. Бағанағыдай емес көксеңгір аспанда шарбы бұлттар бар, қиып құрылысқа тартып әкеткен қарағайдың түбірі де үңірейіп-саңырайып молайып кеткен секілді. менің шарқ ұрып жыр, туған жерден сыбызғылы сыр іздеген көтеріңкі көңілім де пәс, тауы шағылып, тауаны қайтқандай, күйкі. Бәрі де баяғыдай емес, өзгеше, бөтен, бірте-бірте адам да өз жер, өз


елін танымай кетер ме. ыртың-жыртың өзгере берсе, өзгерте берсе туған жерде қадір-қасиет қалар ма. Баяғы күй, баяғы тамылжыған табиғат, қырмызы гүлдер мен қолдан жем беретін аң, құсы таусылуға айналған ба. Біз сатының ішінде қамауда жүрген теңбіл терілі марал мен бұғыдан өзге емін-еркіндікте жүрген аң, ұшқан құс көре алмадық. Тіпті марал екеш марал да бізді кісі екен деп менсінген жоқ, өз жайында жайылып жүр. Жер жарықтық әбден титықтап шаршаған – біз, адамдар, шаршатқан секілдіміз. аса қажыспен мұңая мелшиеді. Өзі тудырып, өзі өсірген шолжаң баланың орынсыз тентектігі мазасын алып, қажытқандай. мен өзімді де, әкем мен Қаршығаны да, әсіресе... әсіресе айналайын алтайымды аядым.

Төртеуміз бұғыханаға қарай құлдап бара жаттық... Қара- ғайдың түбінде қан аңдыған қарғалар мен менің түз тағысына деген аяулы сезімім, қайтқан көңілім қалды...

ымырт жабылып, қас қарая аналықтың үйіне қайтып оралдық. ай әлі туған жоқ еді. адырлы асу, алпамса таулар қара барқын тартып, жаңа басталған жаздың уыз шағына масайып жатқандай. алтайдың түнгі келбеті аса қорқынышты да, омырауын еміп өскен сыралғы жұрты болмаса, сырттан келген жолаушы түн баласында қарға адым ұзай алмас еді үйден. Бірақ алтайдың арамза мінезі жоқ, айбары ғана бар тәкаппар өлке. Бойындағы асылын бұлдаған да емес, жақсы мен жаманға қойнын тең ашып, тереңнен толғай тебіреніп кеп жатқаны. Бір кезде қойнауы толған жусаған қой, үйездеген жылқы еді. Бертін келе марал деген «мал» пайда болды. марал деген мал қайдан ғана қаптап кеткенін, тұяғымен арқа қышуын қандырар қыл құйрықтардың қайда ғана зым-зия болғанын біле бермейді. алтайдың білетіні бұрынғыдай емес, төскейінің, тілім-тілімі шығып, дүрілдеген бәлелердің жанын жаралап, бақты маңдайын тыртықтап жүргені. Оның білетіні бәлкім бұл да емес, бойындагы киімін екі аяқтылардың дал-дұлын шығарып жыртқаны, немесе қоп-қою шашының - орманының таз тақырлана оталып бара жатқаны шығар. мейлі, дейтін кейде алтай, мейлі өздеріне жақса істей берсін, күндердің күні менің бүгінгі көркіме зар болар. Егер алтайға бара қалсаңыз, жеті қарақшы жанбасқа келе далаға шығыңыз, далаға шығыңыз


да, түн тылсымына құлақ түріңіз. Сонда сіздің құлағыңызға (егер керең болмасаң) өксіген бір үн шалынады, ол үн алыстан немесе түпсіз тұңғиықтан талып, шалдығып қана жетеді; ол үн үш рет қайталанады – үш қайтара айтқан сәлеміндей; ол үн сіздің жүрегіңіздің басын алған май болса, сылып түсіріп, қаныңызды қарадай қарайтады, сонсоң, ұйқылы-ояу мәңгірген жүйке тамырларыңыз бен сары су алған сіңіріңізді дерттен құлан-таза айықтырады; ол өксіген үн өз сұлулығы, өз байлығы өзіне жау болып шапқан алтайдың өкініші, бүгінін ғана ойлайтын кейбір шолақ ақыл адамдарға деген өкпесі болар, әлде сонау сақ, маңғол, жоңғарлар мен күні кешегі ақтардың сойқан соғысы тағы да, құдай-ау, тағы да қайталанбаса екен деп тілеген жалбарынуы ма; мүмкін өз тәңірі – адамдар тек қана тыныштық тілеп, бір-біріңмен қырылыспасаңдаршы деп айтуға тілі жоқ жазғанның мақаудай ымдап, көз жасын төгіп қиналғаны шығар. Иә, алтайды асып, Шыңғысханның мың сан әскері өткен, әр төбенің басында қорымға айналып жатқан оба сол маңғол қолынан қаза болған адамдардың мүрдесі десек, құдай-ау қып-қызыл қан жауған замандардың адыра қалғаны, ал алып алтайдың ғасырдың өлі куәсіндей мелшигені бүгінге неге ой салмайды; иә, алтайды басып бір кезде Енесей қырғыздары өтті, қайтып өтті десеңізші: «Текті елден» теперіш көрген үркердей жұрттың үрке босуы, туған жерін сауғаға тастап, жұмақ жұрт іздеуі әншейін еріккені ме, жо-жоқ, тілім-тілімі шығып, тентіреп бара жатқан тозғынды елдің жан шошырлық аянышты сықпыты әлі есінде, сонда астына ат беріп, аузына асын тосқан тағы мынау пейлі дарқан айналайын алтай емес пе еді; айналайын алтай сонда енесейліктің кіндік жұртынан бездірген, тойымы жоқ алакөз пенделердің бір-біріне деген бақилық қастығы – сор соғыс екенін сезген...

Жетіқарақшы шөміштене сыртқа шықсаңыз, айналаңызды

күрегейлей қоршап жатқан асқаралы таулардың жылағанын естисіз. Ол – әмісе тыныштық тілегені. Бірақ ол үнді есту әркімнің маңдайына жазылған жоқ.

Түн баласында жылаған алтайдың барша халқына тыныштық тілегені – барша еркекке амандық тілегені, тарих- тың қыртыс-қыртыс парағында сан еркектің қайғысы, сан


еркектің көз жасы, сан еркектің махаббаты тұмшаланып жатқанын, не бір азулы азаматтардың бір жұтым суға зар болып, құнсыз құрып кеткенін білетін, әмбе өз қойнында сондай есіл ерлердің сүйегі қуарып қалғанын білетін, егер осы өңірде ғана шейіт болған ерлердің қанын жинаса, Әулиекөлдей су пайда болатынын білетін. Сан ғасырдың тілсіз куәсі алтай түн баласында үнін шығарса, мүмкін ол сол қанды қырғын соғыста қаза болған ерлердің рухын сыздатып, арқасына аяздай қарығаны, мұң-зары, өкініш арманы шығар. Тайпалы елден тайға мінген баладан басқа еркек кіндікті қалмай қырылып қалғанда, жер қайыстырған қалың әйел қара жамылып келіп жоқтағанын, жоқтап тұрып: «Уә тәңірім, екі аяғымды ал, екі көзімді суалт, бетімді тілгіле, шашымды жұл, бірақ ер азамат- тан айыра көрме», – деп зарлағанда, қара жер жарылардай болушы еді. Сонда кәрі алтай тіршіліктің өзі – ерлер екенін көкірегіне түйген, әрі осы қажырлы да қасіретті еркек деген жұртты аяған да. От пен суға түсіп, Отанды, ошағын қорғайтын, түн қатып, түсі қашып жүрсе де, елінің, жерінің, сүйген жары мен бесіктегі іңгәлаған баланың қамын ойлайтын, әттең, бірақ, сол елінің, жерінің, сүйген жарының өзіне деген ықыласынан жарықшақ саңылау таба беретін ерлердің жер құшып еңіреге- нін де көрді ғой бұл алтай. Сонда ойлайтын: тек ерлер ғана шын жылай алады; «өсіру де еліңнен, өшіру де еліңнен, көшіру де еліңнен», сонда ойлайтын әйелдер ерлерінің шын қадірін қара басып ылғи да кеш түсінер деп. Сонда ойлайтын арманда аттанған ерлерге арнап Сұлушоқыдай ескерткіш орнатар ма едім деп.

Тау ішінде жылтыраған отқа беттеп келе жатып мен ойла-

дым: егер Отанға оқыстан жау шапса, осы үшеуміз де жұбымыз- ды жазбай, қорғауға аттанар едік. Әрине, әкеме қорқынышты емес, фашистерді көрген, Қаршыға екеуміз қайтер едік? Тас түйін жауға аттанған біздің түсіміз суық, қабағымыз жауар бұлттай қатулы болмақ. анамыздың, апа-қарындас, сүйген қыздарымыздың  көз  жасын  алақанымызбен  сүртіп  тұрып:

«Жыламаңдар, жауды жеңіп аман-сау ораламыз», – деп не батыс- қа, не шығысқа жосыламыз-ай! артымызда орамалдары аға- раңдап әйелдер, топырағынан сүт аңқыған туған жер қалады.


Иә, сонда біз есен-сау оралатынымызды білсек те, сағынышты ерттеп мініп, осылайша түн жамылып жорытамыз-ай! мүмкін аттан түспей жортуылдап өту пешенемізге жазылғандықтан болар, мен кейде алыс жол, сұрапыл жүріс, жойқын ерлікті аңсайтынмын.

ақшоқының үстіне шығып алып: «Уа, әйел заты! Сендер ерлер алдында мәңгі борыштысыңдар, ол борыштың өтеуі – тек қана, бір ғана адал махаббат!» – деп жар салғым келді.

аналық ас дайындап қойған екен, мініп келген аттарды отқа жіберіп, үйге кіргенде, жас еттің иісі мұрынды жарған еді, буы бұрқыраған төре табақ ет алдымызға келгенде, бәріміз де сілекейімізді жұттық. Бағана, күндіз, бұғыханадан макарон көже ішкенбіз, күні бойғы солқылдақ жүріс, таудың ылдиы мен өрі соғып тастаса керек, жұмырымызда жүк қалмаған, ішімізде жылан бардай ашқарақтанып отырмыз. Қаршыға атасын жалғыз өзі көтеріп әкеліп, төр алдына отырғызды да, арқасына жастық тіреп, қолын шайдырды. Шал ұзын аппақ салалы саусақтарын құманнан аққан жылы сумен асықпай жуып, ықтияттап сүртті. Сосын аналық әкеліп берген сары мойын пышағын қынынан суырып, оны да сумен шайып сүртіп алды. Әкем тағы да қарттың қолындағы жез мойын мүйіз сап пышаққа қадала қарады. «мен бұл пышақты білемін». Шал бізге ләм деп үндеген жоқ, шал үндемеген соң, біз де тіл қышытпадық. Ac алдындағы жарасымды үнсіздік басты.

Шал ең әуелі бір кесіп, «бісмілдә» деп өз аузына салып, бір кесіп, Қаршығаға асатты, сонсоң ғана қолындағы пышағын әкеме ұсынды: – Ет кесіп бер балаларға, мендей емес қолыңның қаруы қайтпаған шығар, – деді де, өзі кейін сырылды.

– Қолыңды кесіп алма, пышақ өткір.

– Өткір екенін білемін, ақсақал, өткір екенін бұдан бұрын да білетінмін...

Әкем де қызық жасады. Шалдың қырсық қылығын қайталап, ең әуелі бісмілдә деп өзінің аузына бір жапырақ ет салды да, маған бір кесіп берді, сонсоң ғана лыпылдатып турай бастады. Шал ет жеген жоқ, табаққа телмірген қалпы әлі мелшиіп отыр. аналық әкеліп берген құрт қосқан шым-шым сорпаны сыңғыта ішті. Қаршыға екеуміз тураған етке жаудай тидік.


Ет желініп болғанша, ешқайсымыз сөз бастауға ықыласты бола қойған жоқ едік, аналықтың «жеңдер», «неге жемей отырсыңдар» деген бәйек сөзі ғана қоңыр отырыстың анда- санда сыңғыр ете қалар қоңырауы секілді. Шал күпісін қымтана түсіп, мүлгиді. мен еститінмін: осы Сарқынды шал өзінің бір ғасырлық ғұмырында тышқан мұрынын қанатып, мал бауыздамаған адам екен. Қан шыққан жерден қарада бой, қарда ізі қалмай, березеп боп безеді екен. Осыншалық алып, батыр адамның мал бауыздағанды қойып, ет кесіп жемеуі тәлімсігені ме, олай дейін десем, тағы да осы шал кеңірдегін орып жіберген қара қасқа құлыным көз алдыма келеді... қайдасың, қара қасқа құлыным менің! Осылай ойлайын десем, анау әкемнің қолындағы жез сағақ, мүйіз сапты кездіктің керегі не. мүмкін әкем айтатын «ердің белгісі – пышақ» деген ырым бойынша еркектік үшін, әлде намыс үшін тағына ма? Күпісінің жағасына иегін тығып, бүк түсіп мүлгіп отырар шалдың көргені мен түйгенін сол кездігімен жарып жіберсе, сөз жоқ, ағыл-тегіл көл жайсаң болар еді. апыр-ай, осыншалық жұмбақты боп неге жаратылды екен?

Ондық шамның керосіні таусылды ма, әлде білтесі нашар ма, бықсып, қоздап жанбай тұр, қолқаны қабар сасық түтіні фузырдың шал жақ қабырғасын қап-қара қып ыстап тастаған. аналық шынысын алып, білтесін тебен инемен тазалап еді, болымсыз от ұшқындады, әрі-бері сумаңдай жанған болды да, бәрібір қайта бықсыды. Шал жұмулы көзін сығырайтып, болар- болмас ашып еді, жетім шамның жасық жарығы көз жанарына шағылысты. Ендігі сәтте қабағын оқыс көтеріп, көзін бағжайта ашты да шамға қадалды. Қанталаған үлкен жанар жасаураған- дай болымсыз сәуленің өзіне от болып жанады-ай. Ең ғажабы, осынау жарқыраған жалынды мен әкемнің де, Қаршығаның да көзінен көре алмадым, енді ғана есіме түскендей, аналыққа жалт қарап едім, тек сол кісінің жанары да шаммен бірге жанып, боздап тұр екен. Қазір Сарқынды шал да, аналық та жанарын жауып қалса, анау түтіндеп тұрған, сонда да қоңыр үйге нұр шашқан шам жалп етіп сөніп қалатындай сезілді. мен тағы, тағы да ауыз әдебиетіндегі қаһармандарды есіме алдым. Енді олардың бар болғаны кітапта ғана өмір сүретінін, тірідей


тірлікте жолықтыра алмайтынымызды, өйткені олар енді қайтып тумайтынын, туса да құрлықта қалған балықтай біздің ортамызда ғұмыр кеше алмайтынын, өйткені біздің өз алпамыс, Ер Тарғын, Қамбар батырларымыз бен Құртқа, ақжүністей сұлуларымыз барын, әлгілер тарихи тұлға ретінде тек қана қиялымызда (әрине, бәріміздің емес) ғана жүретінін, аңсатып қана, армандатып қана баз кешкенін ұғамыз; сонсоң күнделікті күйбең шаруаның жетегінде жүріп ұмытып та кетерміз; ал олар мың жасайды, миллион жасайды, бірақ қайтадан әсте тумақ емес, мүмкін сондықтан да қайғылы да қасиетті асыл сүйек адамдар болған шығар. Неге екенін білмеймін, мен Сарқынды шал мен аналық шешейді аса аядым. мен өзімді тым әлжуаз санап көрген емес едім, қазір өзімді заңғарда, меңіреу таулардың ішіндегі, адасып қалған қасқа құлындай обал сезіндім. мен әдебиетте, сол ауыз әдебиетінде ғұмыр кешкен қаһармандар сияқты замандасымның алып бейнесін жасасам деп армандап отырмын. мен жер басып жүргендердің көбін аядым, өзін-өзі арыстанға балап, алдаумен, алданумен ғұмыр кешетіні үшін аяған шығармын; білемін, жер бетінде асыл адамдар көп, бірақ жер астында одан да мол-ay...

Үнсіздікті шал бұзды. Көзін ашып-жұмып отыра беруге дәті жетпеді білем, тамағын кенеп, қомданды да Қаршығаға қарап:

– Қуыс қурайды әперші, – деді.

Шалдың қуыс қурай деп отырғаны – сыбызғы. Осы өңірдегі ендігі қалған жалғыз сыбызғышы өзі болғаннан соң ба,

«ақсақал сыбызғы тартып беріңізші» деп қанша қолқаласаң да, еркінен тыс бәлденіп тартпайтын, тек көңіл күйі қош күндері ғана жалықтыра, ұзақ сарнайтын. Бұл кісінің мен білетін елуге тарта күйі бар. Ең ғажабы – сол, өз өнерін тірі жанға үйретпей, өзімен бірге арғы дүниеге алып барады...

Қаршыға әкеліп берген сыбызғы қурайдан істелген жоқ, шәнгіш ағашының өзегін алып, ішін жұқарта ыңғырулап, ыстап тастаған қарақоңыр қатқан сыбызғы. Бұл да Сарқынды шалмен бірге жасасып келеді. Әкем бір сөзінде айтып еді: «Сарқынды шалдың сыбызғысы әкесінен мирасқа қалыпты, бұлар ата- бабасымен сыбызғышы болған көрінеді», – деп. Заманалар куәгері кәрі сыбызғы Сарқынды ақсақалдың ерніне тигенде,


бебеулеп қоя берді. Шал қай күйді тартатынын айтқан жоқ, сол жақ үстіңгі ернін кере тісіне тіреді де, уілдете жөнелді. Сыбызғыдан ең әуелі қоңыр үн шығып, талайға дейін майда, алаңсыз, мамыра халден хабар беріп, өңештен болар-болмас гүжілдеп тұратын жуан үн сыбызғының өзінен шығатын әдемі әуенге қосылып, бейбіт те жомарт өмірдің жайсаң бейнесін алдымызға жайып салды. Осынау жанында жапырақ жарар сыбызғының сиқырлы музыкасы менің көз алдыма тау мінезінің күллісін: тәкаппар алтайдың түлеп түрленген жастық шағын елестетті: мен еститінмін, алтай тауы жермен жасты екен, бұдан мың жыл бұрын әбден қартайып барып, қайта жасарған екен, еңсесін қайта көтерген екен, содан бермен Шолпан туа сыбызғының үніндей сыңсыған өксікті үн шығарады, ол қайта жасарғанына өкінгені екен, ол үнді еститін – тек қана өмірде өз кіндігінен бала көрмеген әке мен ана, солар ғана – осы бір таңғажайып өкінішті дыбыстың куәгері; ал олар естісе де еш пендеге айтпауға тиіс екен. Өтірік-шынын қайдам, мен бір-ақ нәрсені білемін – Шолпан туа жаңғырығатын өксікті әкем естіген жоқ, өйткені мен бармын. ал әзірше мен де ести қойған жоқпын, Қаршыға да естімеуге тиіс. Тек Сарқынды шал еститін-міс.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.