|
|||
ауіпсіздік ережесі6.3. Қауіпсіздік ережесі Жұмысшының жұмыс уақыты кезіндегі міндеттері: - Берілген жұмысты орындау. Олар арнайы белгіленген міндеттермен тапсырылған жұмысты орындау керек. - Тәулікте жұмыс уақыты кезінде жұмыс орнын ұқыпты және таза ұстау. - Құрылғылар мен дербес компьютерлер жабдықталған желдету тесіктерін ашық ұстау. - Жылу беруді төмендететін бөтен заттармен жабдықтарды жаппау. - Біраз уақытта жұмысты орындауды тоқтату керек болса, барлық активті тапсырмаларды жабу. - Текстік информациямен жұмыс істеу кезінде ақ фондағы қара символдың физиологиялық режимін таңдау керек. - Көз бен экран арасындағы ара қашықтықты ұстау, ол 60-70 см болу керек, символдар мен алфавитті-цифрлік белгілердің өлшемін ескеру қажет, 50 см-ден жақын болмау керек. Дербес компьютермен жұмыс істеуде мыналар рұқсат етілмейді: - Жүйелік блоктың артқы панеліне жақындауға; - Тоққа қосылып тұрған кезде, перифериялық құрылғылардың интерфейстік кабельдерінің разъемдарын ауыстыруға; - Монитордың, жүйелік блоктың, пернетақтаның, принтердің үстіне ылғал түсуін болдырмау; - Өз бетімен құрылғыларды ашуға, жөндеуге болмайды. - Жұмысшы дербес компьютерді қосуда келесі тәртіптерді сақтау керек: - Перефириялық құрылғыларды (принтер, монитор, сканер және тағы басқа) қосу; - Үздіксіз қоректену бұлағын (UPS) қосу; - Жүйелік блокты өшіру. - Дербес компьютермен жұмыс істегенде мыналар рұқсат етілмейді: - Қараусыз қосылған электр құрылғыларды қалдыру; - Дербес компьютермен жұмыс істеуге құқығы жоқ адамдарға беру; - Қорғаныс материалдарын шешуге; - Өшіруге арналған сымдарды қозғауға; - Компьютерді ауыстыру кезінде қосқышты саусақпен ұстауға; - Қосылу кабельдерін тартуға, айналдыруға, майыстыруға; - Кабельге басқа заттарды қоюға; - Ыстық және жылы заттардың кабельдерге тиюін болдырмау.
|
|||
|