Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





БӨЛІМ 6. ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІ МЕН ЕҢБЕК ҚОРҒАУҒА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР



БӨЛІМ 6. ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІ МЕН ЕҢБЕК ҚОРҒАУҒА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР

6.1. Еңбек қорғау

Еңбек қорғау – заңды актілердің, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық, емдеуді алдын алу жүйесі және қауіпсіздікті қамтамасыз ету шарасы. Еңбек қорғау өзіне техника қауіпсіздігін және өндірстік санитарияны қосады.

Техника қауіпсіздігі – ұйымдастыратын шаралардың жүйесі және техникалық жабдықтар, өндірістік зоналарда қауіпті әсерлерді болдыртпау. Техника қауіпсіздігінің бес түрлі инструкциясы бар:

- Кіріспе инструктажы (барлығы үшін, жұмыс өтеміне немесе білімділігіне қарамай).

- Жұмыс орында бірніші рет (жұмысқа алынғаннан бастап ).

- Қайталанатын (6 айда 1 рет жиі емес).

- Жоспарланбаған (еңбек қорғау ережесінің өзгеруінде).

- Жылжымалы ( жұмысшылармен өндіріс алдында жүргізіледі, бұл кезде ,,Рұқсаттама ” наряды толтырылады).

1990 жылы 8 ақпанда шыққан еңбек қорғау инструкциясына сәйкес ДК-де жұмыс істегендегі қауіпсіздік ережесі қажет:

- есептелу техникасының инструкциясы иондалған сәулелерден сенімді қорғауды қамтамасыздандыру қажет. Дисплейдің рентгендік сәулелері 100 мкР/ч экраннан 5 см арақашықтықтан аспауы қажет және корпусының әрбір жағындағы электростатикалық кернеуі 15 кВ/м аспауы қажет;

- кабинеттің іші жарық, жылы болу керек. Едендері түзу және сырғанақ болмауы керек және тазалауға қолайлы мүмкіндік береді;

- радиаторлар мен жылу құбырларының жүйесі диэлектрикалық шектермен жабдықталған;

- электрожабдықтау корпусына жанасу мүмкін болғандықтан оған қауіпсіз жұмыс істеу құрылғысын орнату қажет.

- аппараттың өздігінен сөнуінен пайда болған ерекше дыбыс кезінде және жанған иіс шыққан уақытта жұмысты тоқтату керек және кабинеттегі электрожабдықталған кернеуіндегі авариялық кнопканы басу керек;

- өрт болған жағдайда кабинеттің электропитаниясын сөндіру қажет, оқу-шыларды қауіпсіздік жерге көшіру керек және өртті сөндіру керек;

- ток соққан уақытта тез арада ток көзін өшіру қажет;

- жапа шеккен адамның тынысы тарылып жүрек соғу тоқтаған уақытта тез арада жүрекке массаж жасау керек. Жедел жәрдем бригадасын шақыру қажет. Жүрекке массаж жүрек соғуының қалпына келуіне әсер етеді және тынысалуына [30];

- адамның терісі күйген жағдайда оған стерильденген повязканы салу қажет және жапа шегушіні тез арада дәрігерге жіберу қажет. Күйген жерін зеленка немесе марганцовкамен сүрту қажет.

ДК изоляция шарттары бұзылмағандығы жөнінде және корпустардың беріктігіне, электроқамтамасыз проводтарын, электророзеткаларды, жерлеу құрылғыларды қарап шығу қажет. Жұмыс уақытындағы қауыпсіздік үшін уақытында профилактикалық байқау жүргізу қажет және есептеу техникасының құралдарына ремонт жасау қажет. Есептеу техникасына ремонт жүргізілген кезде екі адамнан кем болмауы керек.

Адам әрқашан да қоршаған ортамен жылы қарым қатынаста болады. Еңбекті қорғау лайықты заң шығарушылар және басқа нормативті актілер әлеуметті экономикалық жүйесін, ұйымдастырушылықты, техникалықты, гигиеналық және емді-профилактикалық шаралар мен құралдарды, қауіпсіздікті қамтамасыз ететін, денсаулықты сақтау мен жұмыс істеу процессінде адамның жұмысқа қабілеттілігін өзімен ұсынады.

Еңбекті қорғау кәсіпорынмен, мекемелермен, кооперативтермен, фермерлік (шаруалармен) шаруашылықпен және тағы басқа түрлі меншік форма шаруашылықпен, оның ішінде жеке жалдаушылармен; кооператив мүшелермен; өндірістік тәжірибе мен өндірістік оқудан өтетін жоғарғы оқу мекемелердегі және жалпы білім беру оқушылармен, әскери қызметке байланысты емес жұмысқа тартылған әскери қызметкерлер, мүшемен анықталған кәсіпорында жұмыс істеп жүрген сот үкімімен жаза жүрген беттер және тағы басқа қоғам мен мемлекет назарында ұйымдастырылған түрлі жұмыс қызметінде қатысушылар жұмыстық қатынаста тұратын барлық жұмыскерлердің құқығы бар.

Қазақстан Республикасының еңбекті қорғау бойынша заң шығарушы қазіргі Заң және басқа заң шығарушылық пен қауіпсіздік пен жұмыс гигиенасы мен өндірістік аумағынан тұрады.

Дербес компьютермен жұмыс зерделі, эмоционалды, көрмелі және әрдайым статикалық жүктелген қолданушы сынайтын соған барлығына қатысты компьютермен жұмыс істеуге байланысты. Типтік инструкция еңбек қорғау Мемлекеттік инспекциясының келісімі бойынша келесі қауіпсіздік талаптарды сақтауы тиіс:

- компьютер орналастырылған жері жарық, құрғақ, жылы болуы керек. Еденнің қапталуы поливинилхлоридті, екі қабатты, антистатикалық, ал есіктің өңделуі және жиһаздар поливинилхлоридті антистатикалық материалдан тұруы керек;

- компьютердің конструкциясы ионизациялау және ионизацияланбаған сәулелерден сенімді қорғаулы қамтамасыздандырылған болуы тиіс. Дисплейден және корпустың әр жағынан шығатын рентген сәулелері экраннан 5 см қашықтықтағы 100 мкР/ч-ден аспауы керек, электростатикалық аумақтың кернеулігі 15 кВ/м-ден аспауы тиіс;

- радиаторлар мен жылулық суөткізушілік жүйенің трубопроводтары диэлектрикалық (ағаш және т.б.) қоршаулармен жабдықталуы тиіс;

ДК-мен жұмыс істегенде кернеу бойынша болатын электрожабдықталған корпустарға жанасу мүмкіндігі болуы тиіс. Қорғау жерлеу құрылғысы болйы тиіс. Қорғау жерлеуіне адамның жанасуына жол беретін электрожабдықтаудың металдық бөлшектері жатады. Жерленген құрылғы жеке жерленген өткізгіш болып келетін жерленген магистральге қосулы болуы тиіс.

Бірнеше жерленген өткізгіштерді тура қосуға тыйым салынады. Жылына бір рет қолданылмаған рентген сәулелерін, жұмыс істеу орынның электрос-татикалық аумақтың кернеулігін, жерлеу контурлардың кедергісін және электроөткізгіш изоляциясын өлшемін алу керек.

Жұмыс істеу бастаудан алдымен қауіпсіздіктің талаптары [22].

Күн сайын ДК-мен жұмыс істеуін бастау бұрын жұмыс орында ылғалды түрде жинау керек, видеотерминалдардың корпустарын және экрандарды сүрту керек.

Жұмыс істеуден бастау бұрын, қоректену көзі сөндірілген кезде, қоданушы изоляцияның бұзылмағанын және ЕТ корпус электроқоректену сымдарының, электророзеткалардың бүтін болуына, сақтандырғыштың номиналды токқа сай келуі мен қатысты болуына, жерленген құрылғылардың зақымдалмағанына көзі жетуі керек.

ЕТ құрылғыларда корпус пен сымдардың изоляциясы бұзылғандығы болса, және қоректену көзін қосқан кезде индикацияның жөнге келмейтін болса эксплуатациялауға тыйым салынады.

Электроқоректену сымдары үстелден ілінулі немесе үстелдің астында ілнулі болмауы тиіс, сымдарды немесе электророзеткаларды кездейсоқ жағдаймен аяқпен тиу мүмкіндігі болмауы тиіс.

ЕТ кабинетіндегі температураның оптималды параметрі 19-21°С, 18-22°С мүмкін. Ауаның алмасуын автономды кондиционерлермен құрастырылған болуы мүмкін. Жұмыс бетінің және класс тақтасының минималды жарықталғандығы 300-500 лк. Люминесценттік шырақтар қатар бойынша қосылады, ал дақтар қолданушының көру алаңына түспеуі керек. Төбелер мен қабырғалар дыбысжұту материалдармен қапталған болуы тиіс.

Жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік талаптар. Есептеу техника құрылғыларды жөндеуді және профилактикалық байқауды дер кезінде өткізу керек. Монтаждық жұмыстарды жерленген бізгек дәнекерлегішпен өткізу және кернеулігі 36 В-тан аспауы керек.

Есептеу техниканы жөндеу кезінде екі адамнан кем болмауы тиіс.

Өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулар.

Есептеу техника құрылғылармен, байланыстыратын сымдардың, электро қондырғы бұйымдардың дұрыс емес қолданылуы электрикалық ток өртін әкелуі мүмкін және аппараттың күюіне әкеп соғады.

Күдікті дыбыс пайда болса, аппаратты өз бетімен сөндіру және күйік иіс пайда болса, жұмысты тез аяқтау керек және кабинет электроқондырғы кернеуінің аппаттық батырмасын басу керек.

Өрт пайда болған кезде кабинеттің электроқоректегішін сөндіру керек, студенттерді немесе оқушыларды эвакуациялау қажет және өрт сөндіруіне шара қолдану.

Электротокпен зақымданған кезде ток көзін тез сөндіру керек. Зақымданған адамның дем алуы және жүрегі тоқталған кезде лезде жүрекке түзусіз уқалау мен жасанды дем істеу керек. Жедел көмек бригадасын шақыру керек. Жүрекке түзусіз уқалауды және жасанды демді жүректің және демнің толық жұмыс қалпына келгенінше немесе медициналық қызметкерлердің келуіне дейін істеу керек.

Тері зақымдалған кезде стерилденген таңғышты салып зақымданған адамды дәрігерге жіберу керек. Зақымдалған тер бетінің айналасын зеленкамен немесе қызғылт марганцовка ерітіндісімен өңдеу керек.

Жұмыс аяқтау қауіпсіздігінің талаптары.

Жұмысты аяқтаған кезде, қоданушы есептеу техниканың құрылғылары сөндірулі екеніне көз жеткізуі тиіс.

Содан кейін ғана оларды чехолдармен жауып, жұмыс орнын токтан сөндіру керек.

Қоршаған ортаны қорғау әркімнің міндеті. Әсіресе оған мысал ретінде орман ағаштарын қастерлеу, көмір-қышқыл газдардың аз шығуын қадағалау жатады. Сонымен қатар өзен-көлдерге қалған-құтқан қалдықтарды лақтырмай керек. Осы және тағы басқа қауіпсіздік ережелерін бұзу қатты жазаланады.

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.