Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





БӨЛІМ 4. ЭКСПЛУАТАЦИЯ «КӘСІПТІК ҚАЗАҚ ТІЛІ» ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ



БӨЛІМ 4. ЭКСПЛУАТАЦИЯ «КӘСІПТІК ҚАЗАҚ ТІЛІ» ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

4.1. Аппараттық жабдықтарға қойылатын талаптар

Берілген бағдарламалық өнім ДК-де өңделген және тестіленген. Бағдарламамен жұмыс жасау үшін келесі ақпараттық қамтамасызету керек:

- Windows операциялық жүйесі;

­ видео карта (64мб,128bit);

- жедел жад 32 Мб;

- процессор 166 Mmx;

- жүйелік блок;

- пернетақта;

- монитор;

- тышқан;

- баспа;

- CD-ROM бағдарламаны орнату үшін;

- MS Excel есеп беру үшін.

Берілген дипломдық жоба бағдарламасына осы айтылып кеткен талаптар минималды болып табылады. Егер бұдан да қуатты компьютер болса, бағдарламаны қолдану эффективтілігі жоғарылайды [31].

Қолданушыға нұсқау

Берілген дипломдық жұмыстың  басты мақсаты «Кәсіптік қазақ тілі» пәнінен әдістемелік нұсқау жүйесін құру.

Берілген бағдарламалық өніммен жұмыс жасау үшін осы бағдарламаны файлдан жіберу керек. Бағдарламаның жіберілу файлының есімі Kazak tili.exe.

Бағдарламаны жібергеннен кейін алдарынызда автоматтандырылған жүйенің арналымы туралы «Титулды бет» деп аталатын терезе пайда болады.

Бұл терезедегі батырманы шерту арқылы негізгі терезеге көшуге болады. Бұл терезеде «Кәсіптік қазақ тілі» пәнінен әдістемелік нұсқау жүйесінің негізгі навигациялық құрылымдары орналасқан. Олар:

- «Сабақ» Әдістемелік нұсқау жүйесінің негізгі құнды ақпараттық материалдары орналасқан. Мұнда арнайы берілген тізім арқылы қажетті бөлімді таңдаған кезде, арнайы ақпаратты көрсету облысында соған сәйкес html форматта ақпарат пайда болады;

- «Бейне» пайдаланушыға мұнда теориялық бөлімді бекітуге арналған практикалық материалдар қарауға болады, басқару элементтері теориялық бөлімдікіне сәйкес келеді ;

- «Грамматика» «Кәсіптік қазақ тілі» пәнінен әдістемелік нұсқау жүйесі тілінде берілген материалдарды дыбыстау.

- «Презентациялар» барлық ақпаратты аудио визуалды түрде бекіту мақсатында арнайы ppsx форматындағы файлдар орналасқан. Олар қажетті батырманы шерту арқылы іске қосылады;

- «Сөздік» Әдістемелік нұсқауда берілген термин сөздерге анықтама беру.

- «Тест» өтілген курс бойынша қолданушының өз білімін тексеруге арналған арнайы интерактивті тестілік бағдарламасы іске қосылады. Тестілік бағдарлама интуитивті түрде түсінікті қолдануға ыңғайлы;

- «Авторлар ұжымы» - әдістемелік нұсқау жүйесінің авторы және жетекшісі туралы мәлімет блогы орналасқан.

Оқулықты пайдалану қолайлы. Әр терезеде «Артқа» және «Шығу» батырмалары орналасқан.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.