|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Кесте 1. Балалардың әлеуметтік-эмоциялық күй-жағдайын дамытуға бағытталған топтың түзету-дамыту бағдарламасы.Кесте 1. Балалардың әлеуметтік-эмоциялық күй-жағдайын дамытуға бағытталған топтың түзету-дамыту бағдарламасы.
Осы бағдарлам бойынша жүргізілетін сабақ төмендегі жоспар бойынша өтіледі: Сабақтың жалпы саны: 8, аптасына бір рет. Сабақты өткізу уақыты: 35 минут. Бала саны: 6-8 адам. Ойын үстінде балалармен жүргізілген бағдарлама әдісінен көрініс. 1. Болат Р. 12 жаста ата-анасы толық отбасынан шыққан. Диагностика нәтижесінде балада агрессивтілік мінез байқалады. Ойын үстінде балалармен қарым-қатынасында балада агрессиялы әрекеттің мынадай критериялары байқалады: Қорғаныс агрессиясы - өздігінен балаларға тиіспейді, қоршаған ортадан өзіне қауіп төнгенде, өзін қорғау үшін агрессиялы әрекетке жүгінеді. Осындай жағдайларда – физиологиялық тікелей агрессияны қолданады: қолына түскен затты (тас,ойыншық, кубик т.б.) лақтырып тікелей төбелеске барады. Баланың мұндай агрессиялы әрекеті отбасы факторларымен байланысты болуы мүмкін, деген себеппен «Отбасы суреті» әдістемесінен диагностика алынды. Баламен әңгімелесе отырып диагностиканы талдау нәтижесінде: отбасы мүшелері бір-бірімен өте салқын қарым-қатынаста екені, бала өзін отбасы мүшелерімен бірге қабылдай алмайтындығы байқалады, ата-анасы авторитарлық тактикаға көп жүгінетіндігі, агрессивтілігі байқалып тұр. Осындай тұжырымдардың салдарынан, балада пассивті агрессия қалыптасқанын байқадық. Балаға кері әсерді жеңілдетуге бағышталған арт терапиясын, ойындар мен психожаттығулардан жүйеленіп құрылған түзету-дамыту сабақтарының нәтижесінде, онда агрессивтілік әрекетінің азайғаны, құрбы-құрдастарымен қарым-қатынастың жақсарғаны көрінді. 2. Әділ Б. 13 жаста. Ата-анасы толық отбасынан шыққан. «Кездеспейтін жануар», «Социометрия» әдістерін қолдану арқылы диагностика жасау нәтижесінде: балада агрессивтілік әрекет басым екені анықталды. Баланың лидерлік қабілеті жоғары, эгоистік тәрбие салдарынан агрессивтілік мінез қалыптасқан. Айналасындағы құрбыларына өзінің дегенін жасатамын деген мақсатта әрдайым жанжалдасып қалады. Ешкімге қосылмай өзі оқшау ойнайды. Тікелей және жанама физиологиялық агрессия көп байқалады. Біреудің ойнап отырған ойыншығын алып қою, салған суретін жырту болмаса олармен тікелей төбелеске шығу, ұрып тастау сияқты әрекеттері басым. Түзету-дамыту сабақтарында агрессияны затқа ауыстыра отырып кері әсерден жеңілдеу салдарынан, ата-анасымен әрдайым кеңес жүргізу нәтижесінде балада агрессиялы әрекет азайып, таным процестерінің артқаны байқалды. 3. Марат Ә. 12 жаста. Анасының тәрбиесіндегі жалғыз бала, әкесі жоқ. «Кездеспейтін жануар», «Автопортрет» әдістемесі бойынша алынған. Диагностика нәтижесінде балада: Вербальды агрессияның басым екені байқалды. Құрбы-құрдастарымен бірлесе ойнай отырып әрдайым – біреуді мазақ ету, ұрсуға, біреудің жөнін түзеуге бейім екені байқалды. «Отбасы суреті» әдістемесін өңдеу нәтижесінде, баланың анасының алдында қандай да бір қорқынышы бар екені көрінеді, балаға жылулық жетіспейтіндігі байқалады. Түзету-дамыту сабақтарының нәтижесінде баланың құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасы жақсарып, агрессивтіліктің азайғаны байқалады. 4. Самат А. 11 жаста. Ата-анасы толық отбасынан шыққан, бірақ әжесінің тәрбиесінде болған. Топта балалармен қарым-қатынасы өте нашар, көп ойнамайды бір өзі оқшау отырады, көпшілікке араласуы өте төмен. Кей кездерде балалар ызасын келтіргенде бірден көтеріліп төбелесіп кетеді (мұндай жағдай өте сирек кездеседі). «Автопортрет», «Кездеспейтін жануар» әдістемелерін қолданып диагностикалау нәтижесінде: балада пассивті агрессия байқалуы. Бала әр жағдайда – физиологиялық тікелей агрессияны қолданады, көп сөйлемейді бірден төбелесті бастайды. Түзету-дамыту сабақ барысында балаға арт терапиясы және құм терапиясы ұнайды. Оның шығармашылық қабілеті артып, суретті жақсы салатын қаблеті бар екені көрінді. Сондай-ақ коррекция нәтижесінде құрдастарымен араласа, бөлісе ойнай бастады. 5. Асем И.12 жасар. Асырап отырған ата-анасы, қызды 3 жасында балалар үйінен асырап алған. Қыз ренжіскен құрбы-құрдастарын қуып тістейді, бір жайында тыныш отыра алмайды, әрдайым біреумен ұрысып, жанжалдасып жүреді. Диагностика нәтижесінде: қызда агрессивтілік әрекеттің басымдылығы байқалады. Тікелей физиологиялық және тікелей вербальді агрессияны көп қолданады. Кей кездерде агрессияның қалған түрлері де бой көрсетіп отырады. Алынған «Отбасы суреті» тестін интерпретациялау нәтижесінде асырап алған ата-анасы арасында жылы қарым-қатынастың жоқтығы, тек агрессиялы қарым-қатынас байқалды. Түзету-дамыту сабағының нәтижесінде кызда балаларды тістеуі азайды, бірақ мүлдем қойған жоқ, оған біраз уақыт қажет. Сабақты жалғастыру нәтижесінде мүлдем қойып кетеді деген үміттеміз. Ата-анамен жақсы жұмыс жүргізу нәтижесінде жұмыс жемісі артқаны байқалды. Педагогтармен және агрессиялы балалардың ата-аналарымен жүргізілетін жұмыстар бағыты Отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері мынада: ата-ана тарапынан жылылық пен мейірімнің жетіспеушілігі, агрессияға көбірек жүгінуі, баламен немқұрайлы қарым-қатынас жасауы. А.Бондура мен Р.У.Уолтерсомның жасаған зерттеуінде: ата-ана тәрбиесінің тәжірибедегі ерекшелігіне айрықша назар аударсақ, олар әрдайым өздерінің дегенін талап ету нәтижесінде, агриссивті балалар өсіреді; агрессиялы әрекетті көтермелеуі, қатал жазаға қарсы көрсетілген агрессияны басып, іште ұстауға мәжбүр етуі. Осы зеррттеуде көрсетілген фрустрация қажеттілігі, ата-анаға тәуелді қарым-қатынас, балалардың қастандық ызасы мен сенімсіздігін өзге үлкендер мен құрдастарына таратылуы, онан әрі әлеуметтік процесс тереңдетіле түседі. Қорытындылай келе айтсақ баланы ата-ана тарапынан өз бетінше жіберіп, қадағалаудың жоқтығы, болмаса қатал жазалау тәсілдері баладағы агрессия деңгейінің артуына мүмкіндік жасайды. Агрессивтілік әрекет, тұлғаның ерекшелік сипаты болып қалыптасуы мүмкін. Агрессия қызғаныш, көреалмаушылық, жек көру, өкпелеу, қорқыныш, ыза, қапалық сезімдерімен тығыз байланысты, әсіресе бұл көріністер 5-6 жас кезінде эмоциялық күй-жағдайы бір қалыпты болмағандықтан жиі кездеседі. Баланың алғаш алған эмоциялық тәжірибесі ұзақ жылдарған берілуі мүмкіндігін атап айта кетуіміз аса қажет. 5-7 жастағы балалардың психикалық дамуының нормада болуы оның эмоциялық күй-жағдайына байланысты, оның құлшынысы мен күйзелуіне бағыштылығы мен жұмыс бағытын ұсынамыз (сурет 2)
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|