|
|||
І Бөлім Агрессияның психологиялык теориялық негізіІ Бөлім Агрессияның психологиялык теориялық негізі 1.1 Табиғи агрессия және оның қазіргі кездегі психологиялық көзқарастары Психология ғылымында психикалық құбылыстарының ішіндегі көп зерттелінген құбылыс эмоциялық құбылыс болып табылады. Дегенмен эмоцияның жан-жақты қырларының ерекшеліктерін әрбір жеке адам түрліше өткізетін болғандықтан психологтар арасында бұл мәселе үнемі шешімі шексіз болып қала береді. Эмоциялық тұрақсыздықтың бір көрінісі – агрессивтілік адамның жеке тұлғалық қасиет ретінде де, эмоциялық жан күйзелісі ретінде де зерттелінеді. Сондықтан бұл мәселені зерттеу бірнеше бағыттан тұрады. Психоаналитикалық бағыт – бұл тұжырымның негізін қалаушы З. Фрейд. Фрейд пікірінше, психикалық өмір ашық сана, астар сана және бейсаналық деңгейде өтіп жатады. Бейсана аймағы мұзтаудың су асты бөлігі сияқты басқа сана түрлеріне қарағанда көлемді де салмақты келіп, өз ішіне адамның барша әрекет-қылығындағы инстинкттер мен табиғи қозғаушы күштерді қамтиды [17]. Психоаналитикалық теорияда адам инстинкттерінің екі негізгі тобы ажыратылады: эротикалық (немесе өмірлік) және қиратушы (өлім) инстинктері. Өмірлік инстинкттер энергиясы «либидо» деп аталады. Бұл инстинкттер өз ішіне аштық, шөліркеу, жыныстық қатынасты (секс) алып, тек өкілінің сақталуы мен тіршілігін қамтамасыз етеді. Өлім инстинкттері – қиратқыш күштер тек өкілінің ішкі жан дүниесіне (мазохизм не өзіне қол салу), сондай-ақ сырттай болмысына (өшпенділік және агрессия) бағдарланады. Осыған байланысты ол адам тұлғасы құрылымының үш деңгейлі бірліктерін анықтады: «ОЛ» (Ид-Оно) –- психиканың бейсаналық бөлігі, биологиялық тума инстинктті құмарлықтардың (агрессивті және сексуалды) бұрқанысты ошағы. «ОЛ» «либидо» деп аталатын сексуалды энергиямен қаныққан. Адам – тұйықталған энергетикалық жүйе, әр адам бойындағы күш-қуат – тұрақты шама. Бейсаналылығынан әрі ақыл өлшеміне келмейтіндігінен (иррационал) «ОЛ» қанағат алу (рахаттану) принципіне бағынады, яғни адам өмірінің басты мұраты – рахат және бақыт осы инстинкттен. «МЕН»(Эго-Я) – инстинкті «Ол» талаптарын үздіксіз шынайылылық (реальность) принципі негізінде орындап баруға ұмтылады. «МЕН» адам бойында бейсана және ашық сана күйінде бірдей орын иелейді. «МЕН» деңгейі инстинктті «ОЛ» - мен ұдайы тайталаста болып, адамның сексуалды құмарлықтарын басып отырады. «МЕН» үш ықпал әсеріне: «ОЛ», «ЖОҒАРЫ МЕН» және өз талаптарына бағындыруды көздеген қоғамға – тәуелді келеді. «МЕН» аталғандар арасында үйлесімділік орнатуға ат салысады, бірақ рахаттану принципін басты мақсат тұтпай, болмыс шындығымен жүргенді қалайды. «ЖОҒАРЫ МЕН» (Супер – эго, сверх - я) – ата-аналар және қоғамдық мораль ықпалдарының иесі. Бұл құрылым бала өмірінің барысында қалыптасып, сол бала жынысына тектес ересек туысқан болмысына ұқсап дамиды. ¦Ұқсау не сәйкестену (идентификация) желісінде ер балаларда «Эдип комплексі», ал қыз балаларда «Электра комплексі» қалыптасады. Бұл комплекс түрлері баланың сәйкестену нысанына (әке не ананың біреуіне) болған екі ұшты, бірі–біріне қайшы толғаныс (жақсы көру мен жек көру) сезімдерінен құралады. Тұлға «Мені» сыртқы дүниені анықтайды. «Ол» (эго) және Жоғары МЕН (супер эго) көбіне өзара сиыспайтын талаптар қояды. Мұндай жағдайларда «МЕН» күшті ықпалдарға тап болып, оны «үрей» билейді. «Мен» осы үрейге қарсы ерекше тосқауылдар – психологиялық қорғаныс тетіктерін іске қосады. Ұзақ жүздеген жылдар бойы, оның теориясы қызу да қатаң тартысқа айналған. Фрейд еңбегінің арқасында агрессия және агрессивтілік моральдық тақырыптың ой тартысы, ғылыми сараптаманың негізгі объектісіне айналды. Фрейдтің бастапқы жұмыстарының тұжырымы бойынша бүкіл адамзат әрекеті бұл тікелей болмаса жанама «эростың» ағыны, өмір инстинкті, өмірдің сақталып – мықтылануына бағытталған энергия көзі. Агрессия бұл тұрақты емес, алайда қашып құтыла алмайтын өмірдің бір бөлігі. Бері келе заманға сай көптеген оқулықтарда көрсетілгендей агрессияның деректемесінің тәртібін психоаналитикалық анықтамада - «Танатос» деп көрсетеді. Танатос - өлім мен талқандалуға деген инстинкті қызығушылық, ұмтылыс. Фрейдтің ұғымы бойынша танатос бұл өлімге ұмтылыс, танатостың энергиясы жарық өмірдің аяқталып, талқандалуына бағытталған. Үлкен қарама қайшылықтың бір бағыты өмірдің сақталуы мен талқандалуы, ал басқа механизмдер қызмет етуі танатос энергиясының мақсаты, бағытталуы, өзімнен бой алып, өзіме бағыттау. Фрейдтің тұжырымы бойынша бүкіл адамзат әрекеті эрос пен танатостың арасындағы өзара қарым-қатынасы мен тартыс күшінің нәтижесі. Осылай танатос жанама себепкер болу арқылы агрессия сыртқа шығарылып, өзге біреуге бағытталады.
Агрессия, өзгеге бағытталу: Инстинкт пен әлеуметтік норманың бір-біріне қайшылығы, қимылдың шектелуінен ішкі жағдайдың туу салдарынан агрессияның, яғни зорлықтың пайда болуы. Адам зорлықты өзіне, өзгеге және қоршаған сыртқы ортаға қатысты жасайды. Өмірге құштарлық және өлімге ұмтылуы, осы қарама-қайшылықтың түсінігі махаббат пен өшпенділіктің бірдей теңдігін көрсетеді. Өлімге ұмтылу зорлық-зомбылықты әкелсе, ал махаббат агрессивтілікті (сексуалдық) тудырады. Фрейдтің агрессияны табиғи қайнар деп қарастыруы писсимистілік. Бұл әрекет тек туа бітіп қоймай, танатостың энергиясы іштен шықпай қалуы индивидтің өзін-өзі талқандалуына әкеліп соқтырады. Агрессияның сыртқа эмоция арқылы көрінуі, талқандаушы энергияның азайып, жеңілдеуін ыңғайлы тәсілмен сыртқа шығарылуы көңілге үміт ұялатады. Осылай әрдәйым шығарылуы агрессивті мінез-құлықты, қызбалылықты, кекшілдікті, сарказм мен өсекке жақындылықты бойына сіңдіруі мүмкін. Этиологиялык көзқарас: К.Лоренц агрессияны бұл ұзақ эволюциялық даму деп қарастырады. Лоренцтың ойы бойынша агрессия – бұл біткен инстинкт, өмір сүру үшін күресу, бүкіл адамдарға және жануарларға тән қасиет. Адам бұл өзінің әрекеті табиғатқа тиесілі екенін түсінуі қажет. Агрессияны зерттей келе ол оны жануарлармен ортақ табиғи заңдылық деп қарастырады [18]. Агрессия генетикалы фонды жақсартуға көмектеседі, яғни күшті энергиясы мол индивидтер өзінің ұрпағын сақтап қала алады. Күшті жануарлар өз ұрпағын сақтап қалуға күші жетеді. Агрессивтілік бірлесе жасалған функцияның бірі. Осы мезетте жиналған энергияның саны, өң бойынан агрессияның сыртқы шығуына әкеледі. Басқа тіршілік иелеріне карағанда адамдарда бір-біріне деген зорлық зомбылығы көбірек. К.Лоренцтің ойы бойынша бүкіл тіршілік иелерінде туа біткен инстинкті тартыстан басқа, ол өзінің ұмтылысын үстем ұстайтын мүмкіндікке ие және бұл мүмкіндік өзінің құрбанына қиянат әкелетін әрекетке тиесілі. К.Лоренц осылай тұжырымдай келе агрессияны құтыла алмайтын туа біткен күш деп қарастырады. Сондай ақ оның айтуы бойынша агрессияны жеңілдетіп, кейбір әрекеттерді бақылауға алуға болады. Оның жорамалы бойынша адам әртүрлі әрекеттер жасау арқылы, біреуге қиянат келтірмейтін жағдайлар, агрессия энергиясының қауіпті деңгейге дейін жинақталуын жеңілдетеді. Лоренцтің тұжырымы бойынша – достық жылы қарым-қатынас махаббат ашық агрессияның ушығуын жауып жеңілдетуі мүмкін. Аңшылық гипотеза: Адри - Голливуд сценаристі, «әуесқой археолог», бірнеше кітаптар жазған. Адридің тұжырымдауы бойынша, іріктеп алу нәтижесінде аңшылықтың жаңа түрі пайда болуы: «Біз аштықта болмас үшін – шабуылдадық. Біз қауіпке лайықты қарсы тұрмасақ онда біз тіршілік етуді тоқтатар едік. Біз аңшылыққа анатомиялық және физиологиялық жағынан икемделгенміз». Бұл табиғи аңшылық адамзат агрессиясының негізін құрайды. Адридің тұжырымдауы бойынша осы аңшылық инстинкт адам миының дамуы – қару-жарақтың шығуы, адамды бір-біріне шабуылдайтын тіршілік иесін құрайды [19]. Э.Фроммның агрессияга көзқарасы: Агрессия – бұл өлімге, қайғыға ұмтылыс. Э.Фромм зорлықтың бірнеше формасын көрсетеді: ойын арқылы зорлық, біреуден кек алу үшін, сеніміне жай түскендей болған кезде, біреу-біреуді өз билігіне жүгіндіруі, оны қорғансыз объектіге айналдыру, оған ойына келгенін жасау, балағаттап, қорлау негізгі мақсат-қайғыруға мәжбүр ету. Адам өзі жаңа нәрсені біліп, шығара алмаған кезде, ол өз күшін талқандауға жұмсайды. Яғни адам, дегені болмаған кезде зорлыққа, агрессияға жол береді. Адам бойындағы қайрымдылыққа, махаббатқа, сенімге көңілі қалған жағдайда, талқандауға кіріседі. Көңілі қалу өмірді жек көруге әкеліп соқтырады. Зорлық-зомбылық бір индивидке және топқа қатысты болуы мүмкін. Зорлық-зомбылық талқандауға бағытталса, ал өмірді қорғауға бағытталған – агрессия бұл басқаша түсінік. Реактивті зорлық-зомбылық өзінің бостандығын, мәртебесін қорғауға бағытталған, мұның негізгі мақсаты құрып – қалыптастыру болып саналады. Сөйтіп Э.Фроммның белгілеуінше фрустрациялық қажеттілік пен құмарлық көпшілік арасында әдеттегі құбылыс, агрессия мен зорлық әрдайым көрініп отырады деп атап көрсетті [20]. Фромм зорлық пен агрессия проблемасын адамның әлеуметтік мінез-құлқы сұрағымен байланыстырды. Көпшілік топ өз индивидінің нақты ерекшеліктерін, сондай-ақ зорлыққа қатынасын мақсатты бағыттап қалыптастырады. К.Ю. Юнгтің агрессияга көзқарасы: агрессия, зорлық-зомбылық санадағы санасыз адам психикасындағы қимыл әрекет деп түсіндіреді. Индивидтің дау-дамайы оның қорлықтан құтылмайтын түнек бөлігі, рухани талқандалуы, жеңуі, жаңаруы [21]. Агрессивтілікті эмоцияның көріну әрекеті, яғни сырттан немесе іштен келген тітіркендіргіштерге жауап реакциясының әрекет ретінде көрсетуіне орай бірнеше теориялар бар. Олай болса, соларға тоқталып кетейік. Әрекетке тиесілі бағыт:агрессия және фрустрация. Бұл жерде агрессиялық әрекет эволюциялық процеске емес, жағдайға байланысты қарастырылған. Адамзат бойындағы агрессияның бұл бағытының негізін қалаушы Дж. Доллард. Оның көзқарасы бойынша агрессия – бұл адам бойындағы автоматталынған құмарлық емес, фрустрация әсері қажеттілігін қанағаттандыру үшін кездескен кедергілерді жеңу, ләззат алу мен эмоциялық тепе-теңдік. Бұл теорияның нақты түсінігі агрессия бұл фрустрация көрінісі, ал фрустрация әр уақытта агрессияны өзіне ілестіреді. Агрессия – фрустрация бұл төрт негізгі түсініктің шоғырлануы: агрессия, фрустрация, тежелу, орнын баса тұруы [22]. Агрессия – бұл өзінің іс-әрекеті арқылы өзгеге қиянат келтіру ниеті. Фрустрация - көзделген реакцияны орындалуында кедергілердің туындауы. Фрустрация деңгейі кедергінің маңызы мен бағытталған әрекетінің саны және осы көріністің мотивациялық күшіне байланысты. Мақсатқа жету және мақсатты бағытталған әрекеттің санынан кейін фрустрация басталады. Тежелу – бұл тенденция күтіп отырған жағымсыз зардапты шектейтін болмаса алдын орайтын әрекет. Агрессиядағы қондырылған тежелу акті кез келген болатын шабуылдың күшімен тікелей тепе-теңдігінде. Агрессиядағы тежелу акті қосымша фрустрация болып табылады, осы тежелудің қателесуінің қабылдануы, агрессияның басқа формаларының оянуының артуы, агрессияны адамға қарсы қояды. Орнын баса тұру – бұл бөгде біреуге қарсы бағытталған, агрессивті әрекетке қатысу құлшынысы, бұл фрустрацияның шығуы, оның негізгі түбіне қатысты емес. Фрустрация теориясы үш маңызды түзету құрылымынан тұрады: а) Фрустрация міндетті түрде агрессивті әрекеттен тарамайды, ол оған дайындық құрайды. ә) Агрессия дайын тұрған күйде ыңғайлы жағдай тумаса ушықпайды. б) Фрустрациялық жағдайдан индивид агрессия әрекеті арқылы шығатын болса, онда ол әрдайым осы іспеттес әрекеттері, дағдыға айналып отырады . Сонымен қатар, үш себебін бөліп көрсетті: 1. Мақсатқа жетуге қажетті нәрселер болмауы болмаса қажетін қанағаттандырудан айрылу «ішкі айрылу» және «сыртқы айрылу» болып бөлінеді. «Сыртқы айрылу» - фрустратор адамның өзіне байланысты емес; «ішкі айрылу» - фрустратор адамның өзіне байланысты. 2. Затты болмаса қандайда бір объектіні жоғалту, ертеректегі қанағаттың қажеттілігі. 3. Дау-дамай бір уақыттағы бір-біріне үйлеспейтін жағдай, тұрақсыз күй немесе қатынас. Агрессия фрустрациялы жағдайдан шығудың бір жолы болып қарастырылады [23]. Әлеуметтік оқыту теориясы – бұл адамзаттың үлгіге қарап бағдарлануынан үйренуі. Бұл жерде үлгі тұлғааралық қарым-қатынастың құралы ретінде, яғни адам әрекетінің құрлымы, өзгерісі, қатынасы осыған байланысты. Сондықтанда бұл жерде әлеуметтік қатынастың бастапқы әсерін анықтап, үйренуі – бұл ата-ананың бала тәрбиесіндегі агрессиялы қатынасы. Дәлел бойынша ата-ана әрекеті агрессияны ілгері басуының негізгі себебі, агрессивті ата-ана, агрессивті бала тәрбиелейді. Мұндай теорияның негізін қалау шы А. Бандура. Ол агрессивтілік әрекетке үш жағдай енгізді: - осы іспеттес әрекеттердің дағдылануы; - олардың әрекетін итермелейтін факторлар; - оларды нақтылайтын жағдай [24]. Аталған теорияның түсіндіруі бойынша адам агрессивтілік әрекетті көп қолданған жағдайда, ол оның әрбір іс-әрекетінің бір бөлігі болып қалады. Агрессивтілік әрекеттің маңыздылығы мен табыстылығы артқан сайын жетістікке жетуі, агрессияның бой көрсетуінде оның мотивация күшінің едәуір көтерілуі, әрдайым табыссыздықтың қайталануы – тенденция күшінің тежелуіне әкеледі. Бұл теорияның басқа негізгі элементі әлеуметтік қорғаныс болып табылады. Қорғаныс түсінігі – бұл қандайда бір әрекеттің белгіленген реакциясы, яғни бөгде адамдардың сөзбен және сөзсіз қатынасты бақылауда ұстауы. Бұл мақтау немесе сөгіс, кекету болмаса күлу, достық немесе қастандық ишарасы болуы мүмкін. Қорғанысты екі формаға бөледі: - жағымды қорғаныс – реакцияның соңынан ілесетін қандайда бір стимул оны ушықтырып немесе сол деңгейде ұстап тұрады. - жағымсыз қорғаныс – бұл өткізу салдарынан реакцияны ушықтыратын стимул. Қорғаныстың түрлері өте көп, мысалы: жазалау және көтермелеу. Қорғаныстың төрт түрін қолданады: 1. Егер бала реакциясының соңынан жағымды қорғаныс түрін қолдансақ – онда жағымды көтермелеу қортындысы. 2. Егер жағымды қорғаныс баланың осы болмаса басқа реакциясынан кейін өткізіліп алынып тасталатын болса – онда жағымсыз жазалаудың қорытындысы; 3. Егер реакцияның соңынан – жағымсыз қорғаныс ілессе – онда жағымды жазалаудың қорытындысы; 4. Егер жағымсыз қорғаныс заты реакциядан кейін өткізіліп алынып тасталса – онда жағымсыз көтермелеудің қортындысы. Бала агрессияны көрсетуде әрдайым қолдау тауып отырса, онда оның агрессиясы әртүрлі жағдайда өсіп отырады. Жасалған агрессияға қолдау тауып отыруы, біртіндеп дағдыға айналады, осының салдарынан агрессиялы тұлға қалыптасады. С.Н. Ениколоповтың түсінігі бойынша агрессияның үш негізгі функциясы бар: 1. Агрессия өзінің «мен» тұжырымын қорғаудың басты құралы. Мұндай агрессияның бой көрсетуі, адамның «мен» тұжырымын қаншалықты түсінетініне байланысты, мұндай адам бірінші танысқанды-ақ өзін нақтылау үшін агрессивтілі болып көрінуі мүмкін; 2. Агрессия – психологиялық ішкі қысымның сыртқа шығуын іздену, яғни «Текені босату»; 3. Өз мақсатына жету: «жолымдағының бәрін соға, итере мына есіктен құтылып шыққым келеді». Агрессияны жан-жақты түсіне білу қажет: ол өсек айту, біреуге жеткізу, ауыр келеке болуы мүмкін. Агрессия адамның өзіне де бағышталуы мүмкін. Аутоагрессия – бұл өзіне әртүрлі қиянат жасау: денені кеспелеп жырып тастау, сурет салу, өзін кінәлау болмаса қандайда бір әрекеттің өзін-өзі талқандауға бағышталуы. Қазіргі уақытта мұндай мәселемен психосоматикалық ауру актуалды орын алуда [25]. Д.Зильманның тұжырымы бойынша кейбір жеке жағдайларда агрессияның құлшынысы жоғары болған жағдайда, оны бақылауға алу мүмкін емес [26]. Гуманистік психологияны басқа ғылыми ағымдардан ерекшелейтін принциптер төмендегідей: - адамды біртұтас дүние ретінде қарастыру; - адамға деген қамқорлық негізі – психотерапиялық жәрдем; - адам болмысы бастауының субъективтігі; - тұлға түсініктері мен құндылықтарының басымдылығы; - тұлға бойындағы ұнамды қасиет – сапаларды ұлағаттау, олардың өзінше іске қосылуы мен қалыптасуын зерттеу; - тұлғаның өткен өміріне байланысты себептік жағдаяттарға байыппен қатынас жасау; - сырқат адамдарда болып қалатын жекеленген деректерді емес, қалыпты немесе данагөй тұлғаларды зерттеуге бағытталған әдістер мен тәсілдерді икемділікпен пайдалану [27]. Тұлғаның рөлдік теориясы адам әрекет-қылығын екі түсінік негізінде сипаттайды: «әлеуметтік мәртебе», «әлеуметтік рөл». Бұл теорияның негізгі тұжырымдарын берген ғалымдар Т.Парсонс, Р.Мертон және т.б [28]. Әлеуметтік мәртебе (статус) – бұл тек өкілінің қоғамдық құқықтары мен міндеттері жүйесіндегі басқа да көптеген амал-әрекеттерімен байланысқан негізгі де нақты дәрежелік бағыт-бағдары. Әр адамның әлеуметтік мәртебесі оның ішкі жандүниелік ұстанымдары мен құндылықтарынан, сондай-ақ сырттай кейпінен (киім киісінен, мінез-құлығынан, жүріс-тұрысынан, сөз саптау мәнерінен және т.б.) көрінеді. Әлеуметтік мәртебе өзінің жоғары деңгейінде болса – ол мақтаныш, ол тұлға қанағатының белгісі, ал егер ол төмен дәрежеде көрінсе, жек көрушілік, тіпті жеркеніш күйзелістерін туындатады. Қай деңгейде болмасын, адамның әлеуметтік бағдар – бағытының ауысуы тұлғалық қасиет-сапалардың өзгеруіне себепші болады да, оның «Мен» құрылымына ерекшеленген сипат ендіреді, өзіндік санасы мен өзіндік бағамын жаңа арнаға салады. Адам араласқан әлеуметтік қатынастар жүйесі де жаңаланады, сырттай қатынастағы адамдар көзқарасы да ауысып, назарындағы тұлғадан күтетін тілек-ниеттері жүйесі өткендегі қалпынан шығады [29]. Әлеуметтік рөль – қоршаған орта адамдары қалау-күткеніне сәйкес нақты тұлғаның мәртебесіне орайласқан әрекет-қылық үлгісі (моделі), яғни өзге адамдардың өз әрекеттерін нақты мәртебелі тұлғада бекіген құқықтар мен міндеттерге сәйкестендіріп, немесе оларды бұлжытпай қайталап, орындауы. Тұлғаның шығармашылық мүмкіндігі де осы әлеуметтік рөлді атқару барысында өз өрісін тауып, іске асып жатады. Субъект ретіндегі адамның өз әлеуметтік рөлін атқаруы оның қызығулары мен қажеттеріне сай болған білім, дағды және ептіліктерінен көрінеді. Рөлдік әрекет-қылық – әрдайым әлеуметтік жүйе, сонымен бірге тек өкілінің субъектив құндылықты бағыт-бағдары, қызығулары мен қажеттеріне орай қойылатын шынайы рөлдік талаптар бірлігіне сәйкес іске асып отырады. Сондықтан, әр адамның түрлі әлеуметтік топтармен, олар арқылы бүкіл қоғаммен байланыстыратын өз әлеуметтік рөлін орындау әрекеті тікелей оның санасы, психикасы, даралығы және бірегей «Мені» тұрғысынан өңдеуден өтеді. Психофизиологиялық теорияларда тұлға типтерін ажыратудың басты белгісіне субъекттің психологиялық әрі физиологиялық ерекшеліктері алынады, әсіресе тек өкілінің жүйке жүйесі қасиеттеріне басымды назар аударылады. Осы тұрғыдан зерттеу жүргізген И.П.Павлов әрекет-қылықта көрініп, Гиппократтың төрт түрлі темперамент түріне сай келетін жоғары жүйке қызметінің төрт типін айырады –күшті, тепе-тең, қозғалмалы, қозу және тежелу сапаларына байланысты [30]. Дегенмен, аталған психофизиологиялық сапа – қасиеттер таза күйінде жеке-дара көрінбей, өзара араласа бірігіп, жүйкелік қасиеттердің көп санды түріне негіз береді. Психология ғылымында орын алған келесі бір теория – психиатрикалық типология атамасын алған. Бұл теория психикалық сырқаттану (патопсихология) белгілеріне негізделіп, дәрігерлік емдеу тәжірибелерінде пайдаланылады. Психикалық науқастар материалдарын талдау негізінде мінездік сырқаттардың төмендегідей түрлерін ажыратуға болады: Делқұлы - есуас (шизоидты) тип – сырттай дүниемен байланысы үзілген, ой-сана бірізділігі жоқ, әрекет-қылығы басқарымсыз, алда не істейтінін болжастыру мүмкін емес, басқалармен қатынасы тұйық, өте көңілшек, өз білгені ғана дұрыс, талаптары шындықтан алшақ, ойын өз логикасымен ғана түзеді, осыдан оның ой-санасы даралықты, кейде саналылардың түсіне де кірмейтін бірегей пікір айтып салуы бекер емес; бұлар тұйық, ашушаң, көпшіліктен бөлектенгенді қалайды. Құйылма мінезді (циклоидты) тип – әрекет-қылығы тұрақсыз ауыспалы, қуанышы мұңға, мұңы қапелімді жан күйзелісімен алмасуы қиын емес; құлшына іске кірісіп, демде қолын суытады. Мұндай жанкүйлік қалыптардың жылдам ауысуынан адам шаршайды, осыдан оның әрекет-қылығы қарама-қарсылықты, не боларын болжастыру мүмкін емес. Желікпе (гипертимді) тип - ұдайы, қай жағдайда да көңілді, бейғам, қойны дерексіз қуанышқа толы; жоғары белсенділікті, күш-қуаты толып-тасқан, алайда бұлардың бәрі көбіне жайсыз мақсаттарға бағыт алып кетеді (ішімділікке, нашақорлыққа, жыныстық байланыстар мен бұзақылыққа және т.б.). Мұндай адамдармен іскерлік қатынас жасау қиын, себебі бұлардың уәде, борыштығы кем, мүдделері үстірт, тұрақсыз, сынға шыдамсыз, «мүмкін» мен «мүмкін емес» арасын айыра бермейді. Мұңшыл (сензитивті) тип – әрдайым жабығың, өмір шуағын көре білмейді, төңіректегінің бәрі ол үшін мәнсіз, қатерлі, өкпелегіш, тез шаршайды, жақындары тарапынан жақсылық лебі бола қойса, жайдары күйге келіп, ал оңашада қайтадан баяғы қара уайымға шомады. Тартыншақ (психоастеник) тип – шектен тыс табансыз, үркек, қадамының бәрі ол үшін күмән, түгелдей қорқыныш құрсауында. Осылардың бәрінен қалайда қорғану үшін ырым сақтауға, өзінше салт, шаралар жасап әлекке түседі. Қояншық (эпилептоидты) тип – шектен тыс ашушаң, жұрт пікіріне төзімсіз, қарсы сөзге шыдамсыз, отбасының билеп төстеушісі, ұстамсыз, балағат сөзге, қол жұмсауға бейім, кейде не күйге түскенін өзі сезбей, бас билігінен айырылады. Шарбая (истероидты) тип – қандай да жолмен болмасын өзіне назар аудартуға бейімшіл, өз дегеніне жетуде жөн-жосық таңдамайды (қаруы - өтірік, жала, арсыздық және т.б.). Күдікшіл (параноидты) тип – қандай да идея, ой, сезім құрсауына маталып, ұдайы әсіре күйзелісте жүреді, қызғаншақтық, секемшілдік, кекшілдік сезімдеріне беріліп, қандай да идеяны орынсыз әсірелеумен қалған дүниені көре алмайды. Елікшіл (конформды) тип - өмірлік ұстанымы - «басқалар қандай болса, мен де сондай», өз бағыт-бағдарына ие бола алмай, нақты әлеуметтік топтың әрекет-қылық, пікір, көзқарас шарттарының матауында жүреді. А.Х.Маслоу тұлғаның бірі бірінен басым келетін сеп-түрткілік (мотивация) жобасын түзе отырып, адам әрекет-қылығын бағыттауда жоғары қажеттіктердің орындалуы төменгі қажеттіктердің іске асуына байланысты болатынын тұжырымдаған, яғни, қарапайымдап айтатын болсақ, қарны аш баладан жоғары ой-өріс күту орынсыз. Сонымен, А.Х.Маслоу пікірінше, мән-маңыздылық деңгейі біртіндеп жоғарылап баратын адам қажеттері төмендегідей: - физиологиялық (органикалық) қажеттіктер: аштық, шөл, жыныстық ниет және т.б.; - қорғаныс қажеттіктері: өзін қатерсіз сезіну, қорқыныштан, сәтсіздіктен және агрессиядан қорғау, құтылу; - қоршаған ортаға керекті болу және сүйіспеншілік, мейір қажеттігі: қауымға мүшелік, адамдар сапынан көріну, танымалдыққа жету және көпшіліктің қабылдауы; - сый-құрмет (ұлағатты болу) қажеттігі: таңдаған саладағы жоғары білімділік пен жеберлік, табыскер бола білу, қолдау-қуаттау көру, танымалдыққа ерісу, бедел; - таным қажеттіктері: білу, епті болу, түсіну, зерттей алу; - әсемдік (эстетикалық) қажеттері: жан-жақты үйлесім, симметрия, тәртіп-реттілік, сұлулық; - өз бойындағы мүмкіндіктерді аша білу қажеттігі: мақсат, қабілеттерді іске асыру, тұлғаның өзіндік дамуы. Сеп-түрткі (мотивация) – бұл ниеттелген қажеттікке орай ағзаның белгілі бағытта белсенділікке келуіне ықпал жасаушы нақты жүйке құрылымдарының (функционалды жүйенің) қозуы [31]. Әрекет – қылық сеп-түрткісі әрдайым эмоционалды келеді. Біздің ұмтылыс әрекеттеріміздің қай-қайсысы да көңіл шарпуынсыз болмайды. Бұл орайда кей эмоциялар алыс мұраттарға бағытталған стратегиялық қызметтерді орындап, біз көздеген кей нысандардың маңыздылығын, оған байланысты адамның қажетсіну деңгейін байқатады, ал өзге біреулері қажеттік нысанына жетуді қамтамасыз етуші жекеленген жағдайлар мен шарттардың мән – мағынасынан хабар береді. Адамның сеп – түрткілік қалпы келесі психологиялық категориялардан көрінеді: қызығулар, тілектер, ұмтылыстар, ниеттер, құштарлықтар, құмарлықтар, ұстанымдар. Қызығу – адамның тұрақты қажеттерімен байланысты көңіл-күйге толық сәйкестенген бағыт-бағдары. Қызығу тұрақты маңызға ие болған нысанға жоғары көңіл бөлуден көрінеді. Тілек – қажеттікті қамтамасыз етуге сай келген затпен байланысты сеп- түрткілік қалып. Тілек қандай да қажеттіктің пісіп жетілу кезеңін білдіріп, оның әрекет мақсаты және жоспарына сәйкес болуынан сезіледі. Үмтылыс –тілек нысанына болған көңілдің көтеріңкілікпен бағыт алуы. Құштарлық – белгілі нысанға болған тұрақты да шарпулы көңіл ұмтылысы. Мұндай аффектті жағдайдағы қажеттік өзге қажеттіктердің бәрінен басым келіп, адам тіршілігінің барша бағыт- бағдарына ықпал жасайды. Құштарлық адамның ерік және көңіл-күй ниеттерінің басын біріктіреді. Ол адам көздеген нысанның қоғамдық құндылығына орай ұнамды да ұнамсыз болуы ықтимал. Құмарлық – адамның қандай да нысандар тобына көзсіз әуестенуінен болатын психикалық қалып. Адам бойындағы құмарлық тума, табиғи негізді болуы да, сондай-ақ оның өмір барысында әлеуметтік жағдайлардың себебінен қалыптасуы да мүмкін. Ниет – белгілі мақсатты іске асыруға көзделіп, әрекет құралдары мен әдістері айқын саналы қабылданған шешім. Ниет ауқымында адамның әрекет жасауға деген талаптануы мен жоспарлау қызметі біріге орындалады. Үстаным – адамның белгілі жағдайларда әрекет-қылықтың үйреншікті әдістерін қолдануға дайын болу қалпы; бұл әрекет-қылықтың нейродинамикалық тұрғыдан шартталған тұрақты жобасы. ¦станым – адам мінез-құлығына біткен, өзгеріске келе бермейтін, аса тұрақтанған психикалық белгі. Екі түрлі ұстаным өз алдына көрініс беруі мүмкін: жалпы және жіктемелі (бекіген) . Жалпы ұстаным – қандай да құбылыстардың үлкен тобына байланысты көрініс берсе, жіктемелі ұстаным – дараланған нысандарға орай байқалады. Тұлға бойындағы психикалық бітістердің бәрі өзара байланысты, дегенмен өз дербестігіне ие, бір-біріне тәуелсіз. Әр адамдағы бітіс екінші біреудің не көпшіліктің таңған ойы емес, ол нақты адамда нақты көрінетін шынайы құбылыс (біреудің өкпешілдігі, екіншінің - даңғойлығы, үшінші біреудің – иман жүзділігі және т.б.). Тұлға бітістерін әрқилы негізде топтастыруға болады: - үстіртін бітістер – тұлғаның біртекті негізге ие болмаған әрі тұрақсыз, өзара сыбайлас келген бірнеше әрекет-қылықтық сипат-қасиеттері; - тұғырлы бастау бітістері – адамның әрекет-қылық қасиеттерінің тұрақтылығын аңдатып, кемелденген тұлғалық ой мен бой дәрежесін танытушы психологиялық жағдаяттар жиынтығы. Сонымен, тұлға бітісі – бұл адамның әрекет-қылығында көрініс беретін, сонымен бірге әрқилы жағдайлар мен мезеттерде біртекті әрекет-қимыл жасауға бейімдестіруші. Тұлғаның әлеуметтенуі және оның даму кезеңдері тұлға психикасының амуына әсер тигізетін факторларының бірі болып табылады. Тұлға әлеуметтенуі – бұл тұлғаның қоғамдық құндылықтар мен адамзаттық ұнамды әрекет-қылық әдістерін меңгеруі негізінде қауым тіршілігіне қажет қабілеттерді қалыптастыруы. Әлеуметтену үдерісінде адам әлеуметтік қалыптарды меңгереді, әлеуметтік рөлдерді пайдалану әдістері мен қоғамдық әрекет-қылық дағдыларын игереді. Тұлғаның әлеуметтенуі әлеуметтік шындықты тану негізінде қалыптасып барады. Тұлға әлеуметтенуінің негізгі көздері: - ерте балалық шақ тәжірибесі – психикалық қызметтер мен әрекет қылықтың қарапайым формаларының қалыптасуы; - әлеуметтік мекемелер – тәрбие, оқу, білім жүйелері; - қарым-қатынас және іс-әрекет үдерісіндегі адамдардың өзара ықпал- әсері. Әрқандай әлеуметтік роль өз ішіне көптеген мәдени қалыптар, ережелер және әрекет-қылық үлгілерін қамтиды. ¤мір барысында әрбір адам жасы мен қызмет бабының өсуіне орай бір емес, бірнеше әлеуметтік рөлдерді меңгеруіне тура келеді. Өз мазмұны бойынша әлеуметтену құбылысы – екі тарапты үдеріс. Бір жағынан, ол – қоғам тарапынан әлеуметтік тарихи тәжірибені, рәміздерді, құндылықтар мен қалыптарды келесі әулетке жеткізу болса, екінші жағынан, - оларды тек өкілінің игеруі, өз меншігіне өткізуі (интериоризациялауы). Бұл орайда интериоризациялау дегеніміз сырттай көріністі қоғамдық өмір үдерістерінің ішкі саналық үдерістерге өтіп, тиісті өзгерістерге келуі, яғни жалпылануы, сөздік (вербалды) формаға енуі, бұдан былайғы даму қабілетін иемденуі. Тұлға үшін әлеуметтену үдерісінің алғашқы кезеңдердегі басты мәні - өз әлеуметтік орнын іздеп, табуы. Бұл үдерістегі тек өкілі үшін өзекті мәселе: өз «Менін» тану; өз «Менінің» мән-мағынасын түсіну. Өз «Менін» тану мен оның мәнін түсіну тұлға дербестігінің орнығуы мен «Мен - бейнені» қалыптастыру үдерісінде әрқайсысы өз мағынасымен ажыралады. Өз «Менін» тану ерте балалық шақта өтеді: 2-ден 5-жасқа дейін тік жүруге және сөйлеуге үйренеді, ойы мен санасы дамиды, күрделі іс-әрекет (сурет салу, таным қабілеті, еңбектену) дағдылары қалыптасады, ең бастысы – орта және соңғы балалық шақта мектеп оқуымен айналысу. Өз «Менінің» мән-мағынасын түсіну – бұл тұлғаның құ
|
|||
|