Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Сурет 1. Агрессия түрлері.



Сурет 1. Агрессия түрлері.

 

Осы агрессияның барлық түрлерін бүкіл жастағы адам бойынан табуға болады, ал кей жағдайда бұл ерте жастан-ақ көрініс бере бастайды. Агрессиялы мінездің әртүрлі формасы мектеп жасына дейінгі жастағы балаларда да кездеседі. Психологияда вербальды және физиологиялық агрессияны бөліп қарастырады, бұлардың әр қайсысының тікелей және жанама түрі бар.

Оларға қысқаша мінездеме берейік:

1) Вербальды агрессия.

а) Жанама вербальды агрессия– құрбыларын айыптап, қорқытуға бағышталған. Бұл әртүрлі айыптау сөз, шағым түрінде кездеседі ("Маған Сауле тиісіп кетті", "Айбек төсегін жинамады", т.б.); көпшіліктің көңілін аудара, айқайлау ("Мазамды алмай, ары кет!", "Маған кедергі жасама", т.б.); агрессиялы фантазия түрінде ("Егер тыңдамасаң, полиция келіп, сені түрмеге отырғызады", "Мен сені қуып жетіп, тістеп, ұшаққа отырғызып, биік таудың үстіне апарып тастаймын, сол жерде жалғыз отырасың", т.б.)

ә) Тікелей вербальды агрессия– балағаттау, қорлаудың вербальды формасы. Балалар арасында бұрыннан келе жатқан тікелей вербальды агрессияның дәстүрлі түрі – ашуын келтіретін келекелер ("Торай", "Жора –ашқарақ", "Ұсқынсыз", "Сұмырай", т.б.)

2) Физиологиялық агрессия.

а) Жанама физиологиялық агрессия- өзгеге физиологиялық әрекет арқылы материалды залал келтіруге бағышталған. Бұл өзгенің іс-әрекетін затын бұзуы (басқа баланың құрастырып отырған конструкторын бұзу, салып отырған суретін жырту, т.б.); біреудің затын талқандау болмаса бұзу (бала біреудің ойнап отырған ойыншығын алып, еденге лақтырып, сындырып, оның иесінің көз жасы мен үрейін бақылау).

ә) Тікелей физиологиялық агрессия — өзгеге тікелей физиологиялық әрекет арқылы шабуылдап, жарақаттауға бағышталған. Бұл қорқыту түрінде (бала құрбыларына жұдырығын көрсетуі); физиологиялық тікелей шабуылы (балалар төбелесі, тістеу, тырнау, шашын жұлу, суық құрал ретінде таяқты, шаршыларды қолдануы).

Қорыта келе,  біз агрессия міселесін теориялық негіздерін жан-жақты қарастырып, нақты анықтамасын бердік, яғни, бұл адамның өзінің іс-әрекеті арқылы өзгеге қиянат келтіру ниеті.

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.