|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
кесте. 2005 жылғы желтоқсандағы жағдай бойынша ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру ⇐ ПредыдущаяСтр 5 из 5 5- кесте. 2005 жылғы желтоқсандағы жағдай бойынша ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру
- Негізгі қызметтен түскен ақша түсімдері; - инвестициялық қызметтен түскен ақша түсімдері; - қаржыландыру жөніндегі қызмет. Операциядан түсетін ақша түсімдері негізінен кәсіпорынның табыс келтіретін негізгі қызметінің барысында пайда болады. Негізгі қызмет жөнінде мысал болып табылатындар: - тауар сатудан және қызмет көрсетуден түскен ақша түсімдері; - сыйақылардың, комиссия ақысының және басқа табыстардың ақшалай түсімдері; - тауарлар мен қызметтер үшін жеткізушілерге төленген ақша төлемдері; - қызметкерлерге ақша төлемдері; - ақша төлемдері немесе табыс салығын өтеу, егер олар қаржыландыру жөніндегі қызметпен және инвестициялық қызмет пен байланыссыз болса; - шарттар бойынша ақша түсімдері немесе төлемдер. Инвестициялық қызмет – бұл ұзақ мерзімді активтердің және ақша эквиваленттеріне қатысы жоқ басқа инвестициялардың сатып алынуы немесе шығарылуы. Инвестициялық қызметтің нәтижесінде туындаған ақша түсімдеріне мыналар мысал болып табылады: - негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді және өзге де ұзақ мерзімді активтерді сатып алу, сату кезіндегі ақша төлемдері немесе түсімдері; -меншікті капиталды немесе басқа кәсіпорындардың қарыз міндеттемелерін, сондай-ақ бірлескен кәсіпорындардағы қатысу үлесін сатып алу кезіндегі ақша төлемдері немесе түсімдері; - басқа кәсіпорындарға аванстық төлемдер және берілетін қарыз; - басқа кәсіпорындарға ұсынылған аванстық төлемдерді өтеуден алынған ақша түсімдері. Қаржыландыру жөніндегі қызмет – бұл нәтижесі меншікті капитал мен қарыз қаражаттарының мөлшері мен құрамындағы өзгеріс болып табылатын қызмет. Қаржыландыру жөніндегі қызметке мыналар мысал болып табылады: - акциялар немесе меншікті капиталдың басқа элементін шығарудан түскен ақша түсімдері; - акция сатып алған кездегі немесе меншікті акциялардың төлемін төлеп алған кездегі акционерлерге ақша төлемдері; - қамтамасыз етілмеген қарыз міндеттемелерін, займдарды, вексельдерді, облигацияларды, басқа да қысқа мерзімді жіне ұзақ мерзімді займдарды шығарудан түскен ақша түсімдері; - алынған займдарды өтеу есебіне ақша төлемдері; - қаржыландыратын жолмен, яғни ұзақ мерзімді жалмен байланысты ақша төлемдері мен түсімдері. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру екі әдіспен жасалады: тікелей әдіс және жанама әдіс. Тікелей әдіске басымдылық беріледі, өйткені ол болашақ ақша түсімдерін бағалауда тиімді болатын ақпаратпен қамтамасыз етеді, ал оны жанама әдіс бере алмайды. Тікелей әдісті қолданған кезде ақша қаражаттарының барлық түрдегі түсімдері мен олардың төлемдері туралы ақпарат екі тәсілмен алынуы мүмкін: - біріншіден, журналдар, қосымша ведомостар бойынша кәсіпорынның есептік жазуларынан; - екіншіден, сату көлемін, сатылған өнімнің өзіндік құнын және есептік кезең ішінде тауарлы- материалдық қорларды, дебиторлық және кредиторлық берешектердегі өзгерістерді ескеріп, шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есеп берудегі басқа баптарды түзету жолымен; - басқа да ақшалай емес баптардан; - инветициялық қызметтен немесе қаржыландыру жөніндегі қызметтен болған ақша қаражаты қозғалыстарының нәтижесінде ақша әсері туындайтын басқа баптардан. Жанама әдіс бойынша операциялық қызметтен алынған ақша қаражаттарының таза түсімі таза пайданы немесе зиянды түзету жолымен анықталады. Мұндағы ескерілетіндер: - есепті кезең ішінде тауарлыматериалдық қорлардағы және операциялық қызметтен алынған дебиторлық және кредиторлық берешектерде болған өзгерістер; - тозу, амортизация, резервтер, салықтар, бөлінбеген пайда сияқты ақшалай емес баптар; - инветициялық қызметтен, сонндайақ қаржыландыру жөніндегі өызметтен алынған ақша қаражаттарының қозғалысы нәтижесінде ақша әсері туындайтын өзге де баптар. Түсіндірме жазбада кәсіпорындағы ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттерінің маңызды сомалары ашылып көрсетіледі. Кәсіпкерліктің қалауы бойынша өтімділіктің қаржы жағдайын анықтау үшін пайдаланушыларға қажеттеі болып табылатын қосымша ақпарат алынып көрсетіледі.
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|