Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





аржылық есеп берудің баптарын бағалау



4. Қаржылық есеп берудің баптарын бағалау

“Материалдық емес активтер” бабы бойынша шаруашылық қызметте ұзақ уақыт бойы пайдаланылатын және кіріс келтіретін материалдық емес объектілерге кәсіпорынның жұмсаған шығындары көрсетіледі. Материалдық емес активтерді кәсіпорынның құрылтайшылары жарғылық капиталға салым есебіне енгізуі, сондай-ақ кәсіпорын өз қызметінің барында сатып алуы мүмкін. Бап бойынша бастапқы бағалау кезіндегі материалдық емес активтердің құны, есептелген тозудың сомасы жекелей келтіріледі және қалдық құны көрсетіледі. Материалдық емес активтер баланс валютасына қалдық құнымен енгізіледі. Материалдық емес активтердің тозуы өнімнің өзіндік құныны олардың бастапқы құны мен ұтымды пайдалану мерзіміне қарай кәсіпорын есептеген нормалар бойынша, бірақ кәсіпорын қызметінің мерзімімен аспайтындай болып жатқызылады.

Ұтымды пайдаоану мерзімін анықтау мүмкін болмайтын материалдық емес активтер бойынша тозу нормасы он жыл мерзімге есептеліп, бірақ кәсіпорын қызметінің мерзімінен аспайтындай болып белгіленеді.

Баланстың “Материалдық емес активтер” деген бабын қалдық құнымен толтыру үшін 2700 “Материалдық емес активтер”, 2710 “Гудвлл”, 2730 - “Басқалар” және 2740 - “Материалдық емес активтердің амортизациясы” деген жинақтамалы шоттардың ақпараттарын қолдану қажет.

“Негізгі құралдар” бабы бойынша қолданыстағы, консервациядағы немепе қордағы негізгі құралдар бойынша мәліметтер кқрсетіледі. Бұл бап бойынша заңдарға сәйкес кәсіпорынның меншігіне сатып алынған жер учаскелерінің құны да көрсетіледі. Аталған бап бойынша негізгі құралдардың бастапқы құны, тозуы және қалдық құны жеке-жеке көрініс табады. Негізгі құраодар баланс валютасына қалдық құнымен енгізіледі. Негізгі құралдардың түгендеу нәтижесі бойынша анықталған бастапқы құны мен қайта есептеу коэффиценттері негізгі құралдарды қайта бағалауға арналған алғашқы деректер болып тпбылады. Негізгі құралдар олардың бастапқы құнын тиісті коэффицентке көбейту жолымен қалпына келтіру құнына алмастырылады. Есеп беруде негізгі құралдардың тозуы жекелей көрсетіледі. Сонымен, баланстың “Негізгі құралдар” деген бабын толтыру үшін мынадай жинақтамалы шоттардың ақпараты қажет: 2411 - “Жер, 2412 - “үйлер мен ғимараттар”, 2414 - “Көлік құралдары”, 2930 - “Аяқталмаған құрылыс”, 2421 - “Үйлер мен ғимараттардың тозуы”, 2423 - “Машиналар мен жабдықтардың, беріліс құрылғыларының тозуы”, 2425 - “Көлік құралдарының тозуы”.

“Ұзақ мерзімді инвестициялар” бөлімі бойынша баланста кәсіпорынның ұзақ мерзімді инвестициялары, басқа кәсіпорындардың активтеріне Қ.Р. аумағында құрылған басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталына салымдар, сондай-ақ кәсіпорынның басқа кәсңпорындарға берген қарыздары көрініс табады. Баланстың “Ұзақ мерзімді инвестициялар” деген бабын толтыру үшін мынадай жинақтамалы шоттардың ақпараттары қолданылады: 1100 – “Қысқа мерзімді қаржы инвестициялар”, 2000 - “Ұзақ мерзімді инвестициялар”, 2210 - “Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларға инвестициялар”.

“Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек” бөлімінде есеп беретін адамдарға берешектер көрсетіледі.

Бұл бапты толтыру үшін 1210 -“Алуға арналған шоттар”, 1130 - “Алынған вексельдер”, 1220 - “Еншілес серіктестіктердің берешегі”, 1230 - “Тәуелді серіктестіктердің берешегі”, 1240 - “Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың берешегі” деген жинақтамалы шоттардың және 1280 - “Өзге де дебиторлық берешек” бөлімшесі шоттарының деректері пайдаланылады.

Есеп берудің “Тауарлы-материалдық қорлар” бабын толтырған кезде II бөлімдегі 1310 - “Тауарлар” деген шоттардың ақпараттары пайдаланады.

“Алдағы кезеңдердің шығыстары” бабын толтыру үшін 1620 - “Алдағы кезеңдердің шығыстары” деген бөлімшенің ақпараты пайдаланады.

Баланстың пассивіндегі “Бөлінбеген кіріс” бабы бойынша бөлінбеген пайданың қалдығы көрсетіледі. Бұл бап бойынша көрсеткіштер: 5400 - “Бөлінбеген кіріс”, 562 - “Есепті кезең кірісі”, 5410 - “Есепті кезең кірісі” жинақтамалы шоттарының деректері негізінде толтырылады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.