|
|||
Есеп берудің құрамы. Қаржылық есеп беруге қойылатын2. Есеп берудің құрамы. Қаржылық есеп беруге қойылатын негізгі талаптар Заңды тұлға болып табылатын кәсіпорын мекеме филиалдардың, өкілдіктердің, бөлімдердің және дербес балансқа бөлінген басқа да құрылымдық бөлімшелердің өндірісі мен шаруашылығындағы мүліктердің қоса алғанда, мүлік пен олардың қалыптасу көздерінің құрамын көрсететін өаржылық есеп беруді жүзеге асырады. Өаржылық есеп беру Қ.Р. Қаржы министрлігінде әзірленетін және бекітілетін типтік нысандар бойынша жасалады. Атап айтқанда, шаруашылық субъектілері қаржылық есеп беру құрамында мыналар: кәсіпорын балансын, кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп беруді, ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беруді тапсыруға міндетті. Шаруашылық субъетілерінің бастамасы бойынша немесе әріптестермен келісім бойынша қаржылық есеп беру басқа да есептік деректермен және түсіндерме жазбалармен толықтырылуы мүмкін. Барлық кәсіпорындар, мекемелер үшін есеп беру жылы болып 1 қантар мен 31 желтоқсан аралығындағы мерзім саналады. Жанадан құрылған кәсіпорындар, мекемелер үшін есеп беру жылы болып, олар заңды тұлға құұығын алған күннен бастап 31 желтоқсанда қоса алғанда дейінгі кезең, ал 1 қаітардан кейін құрылған кәсіпорындар үшін келесі жылдың 31 желтоқсанын қоса алғандағы мерзім саналады. Қаржылық есеп беруді толтыруға қойылатын талаптар: көрсеткіштердің қарапайымдылығы мен түсініктілігі, деректердің шынайлығы, жинақтамалы және талдамалы есеп деректерінің сәйкестігі, есептік көрсеткіштердің жоспарлы көрсеткіштермен салыстырмалығы, есепті көрсеткіштердің өткен жылдың осындай мерзімдегі есепті көрсеткіштермен салыстырмалылығы. Қаржылық есеп берудің жасалу дұрысталығына кәсіпорынның басшысы және бас бухгалтер, сондай-ақ жоспар жасау қызметінің басшысы жауап береді. Қаржылық есеп беру мерзім сайын әзірленеді және тапсырылыды және пайданушылардың кең ауқымының ақпараттарды тұтыну мұқтаждығын қанағаттандырады. Кейбір пайданушылардың өкілеттігі болса, қаржылық есеп беруде көрсетілгендерге қосымша ақпараттарды талап ете алады. Қаржылық есеп беру қаржылық есептеменің бір бөлігі болып табылады және бухгалтерлік есептің стандарттарымен анықталады. Қаржылық есептемеге түсіндірме жазбалар, қосымша кестелер және осы есеп беруге негізделген немесе олардан алынған ақпараттар енеді және оны мен бірге оқылатын болады. 3. Қаржылық есеп беру және оны тапсырудың мерзімі Шаруашылық субъектілері тоқсандық және жылдық қаржылық есептемені құрылтай құжаттарына сәйкес меншік иелеріне, мемлекеттік салық инспекциясына мемлекеттік басқарудың басқа органдарына, несие беруші банктерге және басқа шаруашылық субъектермен келісімдердің негізінде басқа да мүдделі ұйымдарға тапсырады. Шаруашылық субъектілері тоқсандық есептемені тоқсан аяқталғаннан кейін 30 күннің ішінде, ал жылдық қаржы есептемесін жыл аяұталғаннан кейін 90 күннің ішінде тапсыруға міндетті. Яғни, Қ.Р. 28-ші ақпан 2007 жылғы №235-111 «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік» ҚР заңына сәйкес ұйымдар жылдық қаржылықесептілікті келесі жылдың 30 сәуірінен кешіктермей өткізілуі тиіс. Бюджеттік мекемелер айлық, жылдық және тоқсандық қаржылық есептемені жоғары тұрған ұйымдарға олар белгіленген мерзімдерге тапсырады. Қаржылық есептемені пайдаланушылар қатарына нақты және қазіргі әлеуетті инвесторлар, кредиторлар, жеткізушілер, қызметкерлер, сондай-ақ министрліктер, ведомсволар және жұртшылық жатады. Кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің жылдық қаржылық есебі мүдделі пайдаланушылар, сатып алушылар, жеткізушілер, инвесторлар, биржалар, банктер және басқалар үшін баспасқзде ашық жарияланады. Есепті жыл аяқталғаннан кейін ашық түрдегі акционерлік қоғамдар, банктер, сақтандыру компаниялары жылдық қаржылық есептемені газеттерде, журналдар және жекелеген кітапшаларда жариялауға міндетті. Жарияланатын қаржылық есептеме міндетті аудиторлық тексеріске түсіп, оның дұрыстығын тәуелсіз аудитор растауы тиіс. Қаржылық есеп беру мен бухгалтерлік есепке аудиторлық тексерулер Қ.Р. заңдарында көзделген жағдайларда, сондай-ақ әкімшіліктің немесе шаруашылық етуші объектінің құрылтайшыларының төрттен бірінің бастаиасы бойынша жүргізіледі.
|
|||
|