Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Пайда және зиян жайлы есеп беру



5. Пайда және зиян жайлы есеп беру

Пайда және зиян жайлы есеп беру Қ.Р. бухгалтерлік есептің №3 стандартында ашылып көрсетіледі. Бұл стандарт бағалау, әдісі есеп саясаты өзгерген кезде және елеулі қателіктер анықталғанда және түзетілгенде қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есеп беру мен олардың қаржы есептемелеріндегі баптардың жіктелімін белгілейді.

Пайда және зиян жайлы есеп беруде мынадай баптар ашылып көрсетіледі:

- негізгі қызметтен (өнімдерді, жұмыстарды, қызметтерді сатудан) алынған табыс;

- сатылған өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құны;

- жалпы кіріс;

- кезең шығындары. Оған енетіндер: жалпы және әкімшілік шығындары, пайыздары төлеу шығындары, сату жөнңндегі шығындар;

- негізгі қызметтен алынған кіріс немесе зиян;   

 - салық салуға дейінгі әдеттегі қызметтен алынған кіріс немесе зиян;

- табыс салығы;

- салық салудан кейінгі әдеттегі қызметтен алынған кіріс немесе зиян;

- төтенше жағдайлардан алынған кіріс немесе зиян;

- таза кіріс немесе зиян (4 -кесте).

4- кесте. Пайда және зиян жайлы есеп

(ЖАҚ «KEGOC» 2005 жылдың жарты жылына)

Көрсеткіштер атауы Коды Алдыңғы мерзім Есепті мерзім
Дайын өнімді сатудан түскен кіріс (жұмыс, тауарларды)
Сатылған дайын өнімнің өзіндік құны (жұмыс, қызмет, тауарларды)
Жалпы кіріс
Барлық мерзім шығыны, оның ішінде: сатуға байланысты шығындар жалпы және әкімшілік шығындар сыйақы шығындары
Негізгі қызметтен түскен кіріс (зиян)
Негізгі емес қызметтен түскен кіріс (зиян)
Салық салынғанға дейінгі негізгі қызметтен түскен кіріс (зиян)
Корпоративті табыс салығы шығыны
Салық салығынан кейінгі негізгі қызметтен түскен кіріс
Төтенше жағдайлардан түскен кіріс (зиян)
Таза кіріс (зиян)

 

     Осы баптардың барлығының сомасының өзгерісі түсіндірме жазбада ашылып көрсетілуі тиіс.

     Стандарт төтенше жағдай деп аталып жүргендерге түсінік береді. Бұл – кәсіпорынның әдеттегі қызметінен ерекшеленетін оқиға немесе операция. Яғни олар жиі қайталанбайды немесе тұрақты болып отырмайды. Төтенше жағдайда кірістің немесе зиянның мәні мен сомасын түсіндірме жазуларда бөлек ашып көрсету керек.

    Стандарт , сондай – ақ тоқтатылған операцияға анықтама береді. Бұны тоқтатылған операциялар бойынша кәсіпорын: филиалының сатылуымен немесе таратылуымен түсіндіруге болады.

    Түсіндірме жазбада мыналар ашылып көрсетілуі тиіс: тоқтатылған операцияның мәні, тоқтатылған операцияның сомасы мен географиялық ауданы, операцияның нақты тоқтатылған күні, операцияны тоқтатудың әдісі (сату немесе тарату және олардың себебі), тоқтатылған операциядан алынған кіріс немесе зиян, өнімдерді сатудан немесе есепті кезеңдегі кәсіпорынның әдеттегі қызметінен алынған кіріс немесе зиян.

    Стандарт бағалауды өзгертудің әдістерін және олардың кіріске немесе зиянға әсерін қарастырады. Есептік бағалаудағы өзгерістердің нәтижесі таза кірісті немесе зиянды анықтаған кезде мыналарға қосылады:

    - есепті кезеңге, егер өзгеріс осы кезеңге ғана әсер етсе;

   - өзгеріс болған есепті кезеңге және келесі есепті кезеңге, егер өзгеріс оларға да әсер етсе.

Кірістер мен зиянға әсер ететін есептік бағалаудағы өзгерістердің мәні мен көлемі де түсіндірме жазуларда көрсетілуге тиіс. Сонымен қоса стандартта елеулі қателіктер мен олардың шаруашылық қызметіне әсері қарастырылады. Елеулі қателік дегеніміз есепті кезеңде анықталған, маңыздылығы соншалық, тіпті бұрынғы жылдардың қателіктері. Бұрынғы жылдардың қаржылық есептемесін жасау кезінде жіберілген қателікке жасалған түзетудің сомасы есепті кезеңнің кірісіне немесе зиянына екі әдіспен қосылады:

     - бөлінбеген кірістің бастапқы сальдосын өзгерту жолымен;

     - есепті кезеңнің таза кірісіне немесе зиянға енгізу жолымен, бұл   орайда түсіндірме жазбаларда мыналарды ашу керек: елеулі қателіктің сипаты, есепті кезең және әрбір бұрынғы кезең үшін түзету сомалары, қайта есептелген салыстырмалы деректер немесе себептер, есеп саясатындағы өзгерістер.

    Қателіктің бұрынғы жылдардың кірісіне немесе зиянына қалай әсер еткенін кқрсету үшін қосымша ақпарат кесте түрінде тапсырылуы мүмкін.

    Есеп саясатын Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есеп жөніндегі департаментінің талабы бойынша немесе егер мұндай өзгерту неғұрлым дұрыс ақпарат алуға мүмкіндік жасайтын болса, кәсіпорынның өзі өзгертуі мүмкін. Есеп саясатын өзгерту нәтижесінде туындаған түзету сомасы бөлінбеген кірістің бастапқы сальдосын өзгерту жолымен есеп беруде көрсетіледі және есепті кезеңнің таза кірісін немесе зиянын анықтаған кезде ескеріледі. Егер есеп саясатындағы өзгерістер есепті кезеңге, алдыңғы кезеңге және кезекті есепті кезеңдерге елеулі түрде әсер ететін болса, онда түсіндірме жазуларда есеп саясатының өзгеру себебі, есепті кезең және әрбір бұрынғы кезеңдер үшін түзету сомасы, таза кірісті немесе зиянды анықтаған кезде ескерілген түзету сомасы, қайта есептелген салыстырмалы деректер немесе олардың қайта есептеудің мүмкін болмау себептері ашылып көрсетіледі.

 8.6. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру

  Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру – бұл ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттерінің (баламаларының) келіп құйылуы мен шығысталуы. Ақша эквиваленттеріне қысқа мерзімді қаржы инвестициялары (мерзімі бір жылдан кем ) және облигация, қазынашылық векселі және т.б. сияқты өтімді бағалы қағаздар жатады. Ақша түсімдері туралы ақпарат, біріншіден, кәсіпорынның ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттерін табу қабілеті, сондай-ақ ақша түсімдерін пайдаланудағы кәсіпорынның мұқтажын бағалауға көмектеседі. Екіншіден, кәсіпорынның таза активтеріндегі өзгерісті, оның қаржы құрылымын, сондай-ақ өтімділік пен төлем қабілетін бағалауға көмектеседі. Үшіншіден, әр түрлі кәсіпорындағы операциялық қызмет туралы есеп берулерді салыстыруға мүмкіндік береді.

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беруде 3 түрге бөлінетін ақша түсімдері көрсетіледі (5 кесте).



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.