Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Дәріс-8. Қаржылық есеп беру негіздері.



Дәріс-8. Қаржылық есеп беру негіздері.

8.1. Қаржылық есеп берудің маңызы

8.2. Есеп берудің құрамы. Қаржылық есеп беруге қойылатын негізгі талаптар

8.3. Қаржылық есеп беру және оны тапсырудың мерзімі 

8.4. Қаржылық есеп берудің баптарын бағалау

8.5. Пайда және зиян жайлы есеп беру       

8.6. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру

Қаржылық есеп берудің маңызы

Қаржылық есеп беру– бұл кәсіпорынның есепті кезеңдегі қаржы-шаруашылық қызметіне сипаттама беретін белгілі нысандарға топтастырылған көрсеткіштер жүйесі. Қ.Р. Ұлттық Комиссиясының 1996 жылғы 12 қарашадағы №2 қаулысына сәйкес барлық кәсіпорындар меншік нысаны мен қызмет түріне қарамастан Бухгалтерлік есептің Қазақстандық стандартына көшті. Шаруашылық жағдайларының өзгеруіне байланысты кәсіпорынның есеп беру нысандары жетілу жағына өзгереді. Атап айтқанда, есеп беру Халықаралық бухгалтерлік стандарттардың талабына сай келе бастады. Кәсіпорынның, мекеменің қаржылық есеп беруі – есеп процесінің соңғы сатысы болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық есеп беруінде кәсіпорынның мүлік және қаржы жағдайына сипаттама беретін жиынтық деректер, кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтижелері көрсетіледі.

Нарықтық қатынастардың қалыптасуы жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қізметін қаржыландыруды шектеу барынша кұшейтіледі. Соңан байланысты шынайы және объективті қапжылық есеп берудің маңызы арта түседі, өйткені оның көрсеткіштеріне жасаған талдау кәсіпорынның шын мәніндегі мүліктік және қаржылық жағдайын анықтауға мүмкіндік береді.

 Кәсіпорынның қаржы жағдайы – ресустардың қолда барын, орналастыруын және пайдалануын, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын, баланстыі өтемділігін көрсететін көрсеткіштер жүйесімен сипатталатын кешенді түсінік. Есеп беру кәсіпорын мүліктерінің жалпы құнын, шашыратылған құралдардың (яғни негізгі және өзге де айналымнан тыс) құнын, ұтқыр (айналым) құралдардың, материалдық айналым құралдарының құнын, кәсіпорынның меншікті қаражаттарының, қарыз қаражаттарының мөлшерін анықтауға мүмліндік береді.

Қаржылық есеп берудің деректері бойынша қорлар мен шығындарды қалыптастыруға арналған қаражат көздерінің артылықшылығы немесе кемшілігін анықтайды. Бұл орайда кәсіпорынның меншікті, несиелік және өзге қарыз көздерімен қамтамасыз етілгендігін анықтауға мүмкіндік туады. Қаржылық есеп беру кәсіпорынның несиеге қабілеттілігін, яғни оның міндеттемелер бойынша толықтай және өз уақытында есептесе алатындығын бағалауға мүмкіндік береді. Баланстың өтімділігі кәсіпорын өз активтерімен міндеттемелерді жабу дәрежесімен анықталады. Қаржылық есеп беру мынадай активтерді:неғұрлым өтімді активтерді, жылдам салынатын активтерді анықтауға мүмкіндік береді. Екінші жағынан, қаржылық есеп берудің деректері бойынша кәсіпорынның мынадай пассивтерін: неғұрлым жедел пассивтерді, қысқа мерзімді пассивтер, үзаұ мерзімді пассивтерді және түрақты пассивтерді анықтауға болады. Мүның өзі нарық жағдайында, бәсекелес кәсіпорындардың ортасында жұмыс жасайтын кәсіпорындар үшін өте маңызды.

Қазіргі нарықтық қатынастар жағдайында есеп беру көрсеткіштерінің рөлі басқару шешімдерін қабылдау, кәсіпорынның нарықтағы жағдайын анықтау кезінде өте маңызды болмақ.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.