Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Бухгалтерлік жинақтамалы шот топтамасының жұмыс шот жоспары



6. Бухгалтерлік жинақтамалы шот топтамасының жұмыс шот жоспары

Бухгалтерлік есеп шоттарының шот жоспары дегеніміз кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметін есепке алуға қажетті экономикалық негізделген шоттардың жүйеленген тізімі.

Ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есебі шоттарынынң жұмыс шот жоспары, сондай-ақ оны қолдану жөніндегі нұсқаулық 2007 жылғы ақпанның 28 Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеппен қаржылық есептілік туралы» бекітілген заңына сәйкес күшіне енгізіді.

Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есебі шоттарының жұмыс шот жоспарын шетелдік инвесторлар қатысатын кәсіпорындарды және шетелдік кәсіпорындарға толықтай тиесілі кәсіпорындарды қоса алғанда, бухгалтерлік есепті екі жақты жүйемен жүргізетін кәсіпорындар, бірлестіктер және халық шаруашылығының ұйымдар пайдаланады.

Шоттардың жоспарын қолдану жөніндегі нұсқаулық бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарын қолдануға және шаруашылық қызметтің біртектес фактірлерінің бухгалтерлік есептің шоттарында көрсетуге бірыңғай қадамды белгілейді.

Шоттардың жоспары бойынша оны қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес бухгалтерлік есеп тәуелділігіне, меншік нысанына, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, барлық шаруашылық салаларының, қызмет түрлерінің кәсіпорындарында ұйымдастыруға тиіс.

Шоттардың жоспарында бірінші реттегі жинақтамалы шоттардың атауларымен кодтарыкелтірілген.

Бухгалтерлік есептің шоттары мынадай бөлімдерге біріккен

· 1-бөлім. Қысқа мерзімді активтер.

· 2-бөлім. Ұзақ мерзімді активтер.

· 3-бөлім. Қысқа мерзімді міндеттемелер.

· 4-бөлім. Ұзақ мерзімді міндеттемелер.

· 5-бөлім. Капитал мен резервтер.

· 6-бөлім. Кірістер.

· 7-бөлім. Шығыстар.

· 8-бөлім. Өндірістік есепке алу шоттары.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.