Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Дәріс-5. Шоттар жүйесі және екі жақты жазу.



Дәріс-5. Шоттар жүйесі және екі жақты жазу.

5.1. Бухгалтерлік есептің шоттары, олардың мақсаты мен құрылысы.

5.2. Бухгалтерлік есеп шоттарындағы екі жақты жазу, оның мәні мен мағынасы.

5.3. Жинақтамалы және талдамалы есеп.

1. Бухгалтерлік есептің шоттары, олардың мақсаты мен құрылысы

Шаруашылық қызметіне басшылық ету үшін қорлардың жағдайы мен олардың көздері туралы ақпаратпен қатар осы қорлардың жабдықтау, өндіру және сату процестерінің барысындағы қозғалысы туралы мәліметтер қажет. Ол үшін әрбір шаруашылық операциясын көрсету керек, мұның өзі қажетті ақпарат алуды қамтамасыз етеді. Осы мақсатпен бухгалтерлік есепте шоттар жүйесі пайдаланылады. Оның көмегімен есептің экономикалық жағынан біртектес объектілері жіктелінелінеді.

Бухгалтерлі есептің теориясы мен әдістемесінде бухгалтерлік есеп шоттарының жүйесіне ерекше рөл білдіреді,өйткені оларды пайдаланумен қатар ақпараттарды қосарлы көрсету, оларды жинақтау және жалпылау проблемалары шешіледі. Шоттарды жазбалар екіжақты әдісін қолдану арқылы жүргізіледі.

Бухгалтерлік есеп шоттар дегеніміз- шаруашылық қорлары мен олардың көздерін ақшалай бағамен топтастырудың, ағымдағы есепке алудың, бақылаудың және көрсетудің әдісі.

Шот- бұл ақпарат жинақтаушы. Кейіннен ол жинақталады және әр түрлі жинақ көрсеткіштер мен есептемелерді жасау үшін падаланылады.

Шоттар шаруашылық қорларының әрбір түріне олардың көздеріне және шаруашылық процестеріне бухгалтерлік есеп объектілерінің белгіленген жіктемесі арқылы ашылады. Бухгалтерлік шоттарға барлық жазулар құжаттардың негізінде жазылады. Операцияларды шоттарда тіркеу ақшалай түрде жүргізіледі. Бұл орайда алғашқы құжаттарды натуралды көрсеткіштер ақшалай көрсеткіштерге ауыстырылды.

Сыртқы түрі бойынша шот екі бөліктен тұратын кесте бейнелі.

Шоттың сол жақ бөлігі-дебет, ал оң жақ бөлігі-кредит деп аталады.

Әрбір шотқа айдың басындағы және соңындағы қалдықтың (сальдоның) және дебеті мен кредиті бойынша ай үшін айналымның болуы тән.

Шаруашылық операцияларын шоттарда көрсету үшін құжаттық растау қажет. Оған қағаздық алғашқы құжаттар, машиналық тасығыштар, дисеттер және т.с.с. мысал бола алады. Бұл орайда олардың әрқайсысының заңдылық күші болуға тиіс.

Шоттардың активтік және пассивтік деген түрлері болады. Олар өз атауын баланс жақтарының атауынан алған және олардың мазмұнын көрсетеді.

Активтік шоттар шаруашылық қорларын олардың құрамы мен орналасуы бойынша есепке алуға раналған. Мысалы; Ағымдағы корреспонденттік шоттағы ұлттық валютадағы ақша шоты, Шикізат пен материалдар шоты, Кассадағы ұлттық валютамен қолға берілетін ақшалар шоты және т.б.

Активтік шоттардағы қалдықтар(сальдо) тек дебеттік болады.

Пассивтік шоттар шаруашылық қорларының көздерін олардың мақсаттық бағыты бойынша есепке алуға арналған. Мысалы, Банктердің несиелер шоты, Резервтік капитал шоты және т.б. Пасссивтік шоттағы қалдықтар тек кредиттік болады.

Активтік шоттағы жазулардың сызбасы мынадай түрге ие болады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.