Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Жинақтамалы және талдамалы есеп



5.3. Жинақтамалы және талдамалы есеп

Бухгалтерлік есептің шоттары жинақтамалы және талдамылы болып бөлінеді. Шаруашылық қорларын немесе олардың көздерін жалпылама түрде кқрсетуге арналған шоттар жинақтамалы шоттар деп аталады. Осындай шоттармен жүргізілетін есеп жинақтамалы есеп деп аталады.

Жинақтамалы есептің ерекшілігі - ол тек ақшалай бірлікпен жүргізіледі және кәсіпорында бар материалдық құндылықтардың сомасы қандай, берешектің сомасы қандай екендігін көрсетеді. Жинақтамалы шоттар бухгалтерлік балансты жасауға қажет. Алайда кәсіпорынды басқару және қаржы-шаруашылық қызметіне басшылық ету үшін, бәсекелес кәсіпорындармен есеп айырысуды ұйымдастыру, нарықтық экономикада оның алатын орнын бағалау үшін материалдарды жеткізушілрдің әрқайсысы бойынша, әрбір сатып алушы бойынша және т.с.с. бойынша егжей-тегжейлі деректер болу керек. Яғни кәсіпорынның қаржы- шаруашылық қызметінің барлық жақтарына тек ақшалай түрде ғана емес, сондай-ақ натуралды түрде де сипаттама ьеретін нақты, жеке мәліметтер талап етіледі. Сондықтан жинақтамалы шоттарды экономикалық жағынан топтастыруды дамыту үшінталдамалы шоттар ашылады.

Қорлардың және оның көздерінің екелеген түрлерінің құрамдас бөліктерін есепке алуға арналған шоттар талдамалы шоттар деп аталады, ал осы шоттардың көмегімен жүргізілетің есеп талдамалы есеп  деп аталынады.

Талдамалы шоттарда есеп тек өлшеуіштермен ғана емес, сондай-ақ натуралды өлшеуіштермен де жүргізіледі. Бұл шоттардағы жазулар неғұрлым толық болады. Оларда операцияның қысқаша мазмұны, құжаттың нөмірі және жедел басқаруға қажетті бірқатар басқа деректер келтіріледі.

Субшоттар тиісті жинақтамалы шоттың шегінде таңдамалы шоттарды аралық топтастыру болып табылады. Жинақтамалы шоттар 1реттегі шоттар , субшоттар 2 реттегі шоттар, таңдамалы шоттар 3,4 және т.б. реттегі шоттар болып табылады.Мұның өзі тиісті басқару шешімдерін әзірлеу,негіздеу.қабылдаумен байланысты, алға қойған мақсаттарға немесе кәсіпорынның нарықтағы жағдайын, ол өндіретін және сататын өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін анықтауға тәуелді.

Айналым ведомосі-бухгалтерлік есептің щоттарында көрсетілген есептік сызықша ақпаратты жинақтаудың тәсілі.Айналым ведомосы айдың басындағы және соңындағы қалдықтар және шоттың ай ішіндегі дебеттік және кредиттік айналымдары туралы шот деректері негізінде ай соңында жасалады.

Жинақтамалы есептің шоттары бойынша айналым ведомосінде әрбір шотқа жеке жол беріледі. Бұл ведомосте қосарланған үш баған болады. Оларда әрбір шот бойынша бастапқы сальдо, шоттың дебеті ен кредиті бойынша айналымдар және соңғы сальдо жазылады. Бухгалтерлік есеп дұрыс ұйымдастырылатын болса, баған жиындарында міндетті түрде қосарланған теңдік болуға тиіс, яғни дебеттік бастапқы сальдоның жиыны кредиттік бастапқы сальдоның жиынына тең болуға тиіс, шот бойынша дебеттік айналымдардың жиыны-кредиттік айналымдардың жиынына, дебеттік соңғы сальдоның жиыны-кредиттік бастапқы сальдоның жиынына тең болуға тиіс.

3-кестеде жинақтамалы шоттар бойынша айналым ведомосі келтірілген. Операцияның басындағы және соңындағы шоттардың дебеті мен кредиті сальдо жиынының теңдігі бухгалтерлік баланстың құрылысымен расталынды, өйткені шоттар бойынша дебеттік сальдоның жиыны кәсіпорын мүлкінің сомасын, ал кредиттік сальдоның жиыны-олардың пайда болу көздеріні сомасын көрсетеді.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.