Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





кесте. Жинақтамалы шоттар бойынша айналым ведомосі



3-кесте. Жинақтамалы шоттар бойынша айналым ведомосі

Жыл(ай) басындағы

сальдо

Айдағы айналым

Жыл(ай)соңындағы сальдо

дебет кредит дебет кредит дебет кредит
1.Негізгі құралдар 29 000   9 000   38 000  
2.Материалдар 20 000   9 000 11 000 18 000  
3.Кассадағы ұлттық валюта мен қолға берілетін ақшалар    
4.Жеткізушілермен есеп айырысу   10 000 7 000 9 000   12 000
5.Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу   7 600 7 000 11 900   12 500
6. Қызметкерлердің берешегі     1 000  
7. Еншілес серіктестерге берешек   1 200     1 550
8. Жарғылық капитал   31 100       31 300
Жиыны: 50 100 50 100 32 300 32 300 57 350 57 350

Барлық шоттар бойынша дебеттік және кредиттік айналымдар жиындарының теңдігі екіжақты жазу әдісінің мәнінен бастау алады.

Бұған қоса айналым ведомосіндегі шоттар бойынша дебеттік және кредиттік айналымдардың тіркеу журналындағы жиынға да тең жиынға да тең болуға тиіс. Бұл теңдік мәні-әрбір шаруашылық операциясының тіркеу журналында, сондай ақ бухгалтерлік есептің шоттарында дебеті және кредиті бойынша көрініс табады.

Жинақтамалы шоттар бойынша айналым ведомосі есепті кезеңдегі шаруашылық қорлары мен олардың пайда болу көздерінің жалпы жағдайын бағалауда маңызы зор болмақ, Жинақтамалы есептің шоттары бойынша айналым ведомосінің қалдықтар туралы ақпараты кәсіпорынның бухгалтерлік балансын жасаған кезде пайдаланылады.

Талдамалы шоттар бойынша айналым ведомосі есептің жүргізілуіне дұрыстығы мен толықтығын тексеруге арналған. Олар жинақтамалы шоттағы жазуларды талдамалы есептің жазуларымен салыстыруға арналған құрал, сондай-ақ нақты шаруашылық ресурстарының жағдайын және қозғалысын қадағалау көзі болып табылады.

Жинақтамалы есептің шоттары бойынша жүргізілетін шахматтық айналым ведомосі деген де белгілі. Ол шахматтық нысанда жасалады.

Жоғарыда келтірілген айналым ведомосінен айырмашылығы-оған шоттар коррепонденциясы енеді және құрылымы бойынша күрделі және ауқымды болып табылады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.