Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Активтік шот. Бухгалтерлік есеп шоттарындағы екі жақты жазу, оның мәні мен мағынасы



Активтік шот

Дебет Кредит
Операция басындағы қалдық  
Шаруашылық қорларын арттыратын шаруашылық операциялары Шаруашылық қорларын кемітетін шаруашылық операциялары
Шаруашылық операцияларының сомасы дебет бойынша айналымды құрайды Шаруашылық операцияларының сомасы кредит бойынша айналымды құрайды
Операция соындағы қалдық(операция басындағы сальдо+дебет бойынша айналым-кредит бойынша айналым)  

 

Сонымен, активтік шот бойынша көрсетілетіні: шоттың дебет жағы бойынша-операция басындағы және соңындағы қалдықтар және қалдықты арттыратын шаруашылық операциялары;шоттың кредит жағы бойынша-қалдықты тек кемітетін шаруашылық операциялары.

Пассивтік шоттағы жазулардың сызбасы мынадай түрге ие болады.                             Пассивтік шот

                   Дебет                      Кредит
  Операция басындағы қалдық
Шаруашылық қорларын кемітетін шаруашылық операциялары Шаруашылық қорларын арттыратын шаруашылық операциялары
Шаруашылық операцияларының сомасы кредит бойынша айналымды құрайды Шаруашылық операцияларының сомасы дебет бойынша айналымды құрайды
  Операция соындағы қалдық(операция басындағы сальдо+дебет бойынша айналым-кредит бойынша айналым)

Сонымен, мүліктердің қалыптасу көздері ескерілетін пассивтік шот бойынша көрсетіледі.

5.2. Бухгалтерлік есеп шоттарындағы екі жақты жазу, оның мәні мен мағынасы

Әрбір шаруашылық операциясы бухгалтерлік есептің шоттарында екі рет: бір шоттың дебеті және екінші шоттың кредиті бойынша көрсетіледі.

Екі жақты жазу- бұл операциясын әр түрлі шоттардың дебеті мен кредиті бойынша бірдей сомамен бір мезгілде көрсету әдісі.

Дебеттелетін және кредиттелетін шоттарды көрсету шоттар корреспонденциясы немесе бухгалтерлік жазу (бухгалтерлік жазба) деп, ал шоттар корреспонденцичланатын деп аталынады.

Шоттар корреспонденциясын жасау типтік және жалпылама сипатқа ие болатын қарапайым шаруашылық операцияларының мысалында қарастырылатынын атай кету керек. Олардың мағынасы: шаруашылық операциясы бір шоттың дебетіне және екінші шоттың кредитіне әсер тигізеді, яғни оған тек екі шот қана қатысады.

Алайда тәжірибе жүзінде көрсеткендей, қаржы-шаруашылық қызметте бәр шоттың дебеті бойынша және бірнеше шоттардың крелиті бойынша көрсетілген, сондай-ақ бір шоттың кредиті бойынша және бірнеше шоттардың дебеті бойынша көрсетілетін операцияларда кездеседі. Сондықтан бухгалтерлік жазулар қарапайым және күрделі болып бөлінеді.

Бір шоттың дебеті екінші шоттың кредитімен корреспонденцияланатын жазу қарапайым де аталынады.

Бір шоттың дебеті немесе одан да көп шоттардың кредиті мен корреспонденцияланатын, бір шоттың кредиті екі немесе одан да көп шоттардың дебетімен корреспонденцияланатын бухгалтерлік жазу күрделі жазу деп аталынады.

Шаруашылық операцияларын бухгалтерлік есептік шоттарына жазу құжаттардың негізінде жүргізіледі. Шаруашылық операциясының пайда болу мөлшеріне қарай жүргізілетін жазу және олардың құжаттармен рәсімделуі хронологиялық деп аталынады. Мұндай жазулар шаруашылық операцияларын тіркеу журналында жүргізіледі.

Деректерді экономикалық біртектес объектілер бойынша жүйелендіретін жазулар жүйелік деп аталынады. Шаруашылық операциясының бұл жазулары шоттарда жүргізіледі. Есеп практикасында хронологиялық және жүйелік жазулардың бір кестеге бірігуі сирек емес.

Экономикалық мағынасына қарай әрбір шаруашылық операциясы есептің екі объектісіне, яғни екі шотқа әсерін тигізеді, өйткені екіжақты сипатқа ие болады. Іс жүзінде, егер кәсіпорынға материалдар келіп түссе, онда бір жағынан материалдар көбейеді, ал екінші жағынан- оны сатып алатын құжаттар азаяды, яғни олардың қандай көздердің есебінен келіп түскені міндетті түрде көрсетіледі: қолма-қол ақшаға сатып алынған ба, әлде оларды сатып алуға несие пайдаланылды ма немесе жеткізушілерге берешек қалыптасты ма?

Шаруашылық операциясын екіжақты көрсетудің мәні-ол бір шоттың дебеті бойынша және екінші шоттың кредиті бойынша бірдей сомамен жазылуға тиіс. Демек, екіжақты жазу әдісін пайдаланып шоттар корреспонденциясын жасаған кезде үш құраушы қатысады: шаруашылық операциясының мазмұны; дебеттелетін шот; кредиттелетін шот.

Екіжақты жазудың мәні кәсіпорын балансының құрылымымен түсіндіріледі. Онда оның мүлкі екі тұрғыдан қарастырылады:

Құрамы мен орналасуы бойынша(баланс активі); осы мүліктің қалыптасу көздері бойынша(баланс пассиві). Сондықтан баланстың активі мен пассивінің жиындары әрқашан тең.

Демек, екіжақты жазу әдісінің қажеттілігі кәсіпорынның мүлкін баланстық топтау әдсінен туындайды. Екіжақты жазу әдісінің үлкен қадағалаушылық мәні бар, өйткені сол бір ғана шаруашылықоперацмясы бірдей сомамен екі рет көрсетіледі. Сондықтан осы операция бойынша сома айырмашылығы болса, жіберілген қателік пен оған жауапкер де анықталады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.