Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Жалақыдан ұстап қалу және төлемдер.



4. Жалақыдан ұстап қалу және төлемдер.

Қазақстан Республикасы заңына сәйкес жұмыскердің еңбек-ақысынан: міндетті зейнетақы, жеке, табыс салығы, орындаушы қағаздар бойынша, сонымен бірге жұмысшының жазбаша келісім бойынша, немесе берушінің бастамашылығымен жұмыскердің келісімінің еңбекақы есебінде төленген авансты қайтару үшін (артық төленген соманы қайтару үшін) және т.б. жағдайларда ұстап қалулар болады.

Жеке табыс салығын ұстау. Салық кодексінің 145-бап ставкасына сәйкес, еңбекақы, сонымен қатар жұмыс орындарынан төленетін төлем ақылар, натуралды төлем ақыны қоса есептегендегі қызметкерлер табыстары, материалдық, әлеуметтік табыстарынан жеке табыс салығы ұсталады. Жеке табыс салынған есептеу, ұстау белгіленген заңдылықтар бойынша, ай сайын өспелі жиынтықтан жүргізіледі.

Салық жылы аяқталғанға дейін қызметкер жұмыстан шығатан болса, оның алған табыстарына сәйкес, нақтылы істеген мерзіміне қарай, қайта есептеу коэффициентін пайдаланып (1) жеке табыс салығы қайта есептеледі. Қайта есептеуге кірісі мен салығы жай»лы анықтама беріледі.

Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында жеке табыс салығын ұстау. Мысалы, «Қуат» серіктестігінде қызметкер Шалов Н.К. 2003жылдың 22желтоқсанында («Еңбек туралы» заңның 25-бабы, 3т) сәйкес жеке еңбек шартын бұзған. Қазіргі заңдылықтарға сәйкес есептелген қызметкермен жеке еңбек шарты бұзылған кезде, желтоқсан айында, қызметкерге 40570теңге көлемінде пайдаланылмаған демалысы үшін өтемақы төленген. Қызметкердің 2003жылғы жалпы табысы 666476теңге әр айға шаққанда:

Қаңтар-55203  шілде-54203

Ақпан-54203   тамыз-54203

Наурыз-72200 қырқүйек-53705

Сәуір-54203     қазан-54203

Мамыр-36400  қараша-54203

Маусым-80750 желтоқсан-44000

Барлығы: 666476

Жұмысшының жалпы табысына кесікті жалақымен қоса, қосымша төлем ақылар кірген:

Наурыз айында-Наурыз мейрамына қарсы сыйақы 17997.

Мамыр айында-уақытшаеңбекке жарамсыздығы жайлы жәрдем ақы-12000

Медициналық қызметті өтегені үшін, растайтын құжат негізінде бір жолы төлем 26547.

Қыркүйек айында 9 айдың қорытындысы бойынша сыйақы-11502.

2003жылғы әр айға шаққандағы жеке табыс салығын ұстау, еңбекақы бойынша есеп айырысу есеп карточкасында көрсетілген.

 Табыс салығының ұстанылуы 681шоттың дебеті 639шоттың кредиті «Жеке табыс салығы субшоты арқылы көрсетіледі».

 Жалақыдан ұстап қалу тек заңда көзделген жағдайларда жүргізіледі. Әрбір жалақы төлемі кезінде барлық ұстап қалулардың жалпы мөлшері жалақының 50%-нан аса алмайды.

 Қызметкердің жалақысынан бухгалтерия ұсталымдардың мынадай түрлерін ұстап қалады:

1. Табыс салығы

2. Орындаушы қағаздар бойынша

3. Несие сатып алынған тауарлар үшін тапсырмалар мен міндеттемелер бойынша.

4. Жазбаша тапсырмалар, жеке сақтандыру шарттары бойынша.

5. егер шаруашылық субьектісі кәсіподақтардың немесе тәуелсіз кәсіподақтардың федерация кеңесінде тіркелген болса. 1%-дық кәсіподақ жарнасы.

6. Жалақы есебінен берілген авансты өтеу

7. Жеке тұрғын үй құрылысына берілген несиені өтеу есебіне

8. Жұмысшының жазбаша келісімі бойынша шаруашылық субьектісіне тиесілі тұрғын үй үшін пәтерақы төлеу.

9. Демалыстың өтелмеген күндері үшін

10. Кәсіпорынға келтірілген зиянды өтеу

11. Айыппұлдар мен мойнындағы ақша

12. Ведомствалық мектепке дейінгі мекемелерге балаларды ұстау үшін.

Табыс салығын ұстау. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес (01.01.98ж өзгерістерін ескергенде) жылдық орташа кіріс пен шегерімдер арасындағы айырма ретінде есептелген кіріс пен шегерімдер арасындағы айырма ретінде есептелген кіріс салық салу обьектісі болып табылады. 29-бапқа сәйкес табыс салығын есептеу салық жылы ішінде біркелкі (ай сайын) жүргізіледі. Соған байланысты 1.01.97ж бастап қайта есептеу коэффициенті ендіріледі. Мұның өзі 12санының салық ссалынатын кірістің есептік сомасы анықталатын айлар санына қатынасы болып табылады. Қаңтар=12(12/1), ақпан=6(12/2), наурыз=4(12/3), желтоқсан=1(12/12). Салық жылы аяқталғанға дейін қызметкер жұмыстан кететін болса, ол алған нақты табысына орай табыс салығын қайта есептеу керек. Қажет болған жағдайда кірістің есептік сомасынан аванспен ұсталған табыс салығының сомасын қайтару қажет.

 Халықтық соттың шешіміне, нотариалдық органдардың атқарушы жазуларына, өтем алу туралы әкімшілік органдардың қаулысына сәйкес берілетін атқарушы қағаздар бойынша ұстап қалу негізгі жалақыдан, тұрақты сипаттағы барлық қалған төлемдерден, соның ішінде сыйақылар мен еңбекке уақытша жарамсыздық жөніндегі жәрдемақыдан жүргізіледі. Келіп түскен атқарушы қағаздар арнайы тізілімде тіркелуге тиіс. Алименттер есепті айдағы негізгіжәне қосымшадан табыс салығы ұсталғаннан кейін қалған сомадан ұсталады. Кәмелетке толмаған балаларды күтуге арналған алимент бір бала үшін жалақының 25%мөлшерінде, екі бала үшін-жалақының 33%-ы, үш және одан көп бала үшін-50%-ын құрайды. Белгіленген төлем күнінен кейінгі үш күн ішінде ұсталған алименттердің сомас алушыға төленуге немесе өтем алушының шотына аударылу керек. Борышкер кәсіпорыннан кететін болса, шаруашылық субьектісінің бухгалтериясы атқарушы қағазға барлық ұсталған алименттер туралы белгі койып, оны мөрмен растайды, егер белгілі болса, оның жаңа жұмыс орнын немесе тұратын жерін көрсетеді.

 Несиеге сатылған тауарлар үшін ұстап қалу саудаласушы ұйымның жазбаша тапсырмасы, міндеттемесі негізінде жүргізіледі. Есептеудің екі әдісі бар:

1-әдіс. Субьект банктен( немесе өз қаражаттары есебінен) қарыз алады және саудаласушы кәсіпорынмен толықтай есеп айырысады да, тауарды өз қызметкеріне сатып әпереді. Осы тауарларды алған қызметкерлердің жалақынан ай сайын белгілі бір сома ұсталады. Мұның өзі қызметкердің шаруашылық субьектісі алдындағы берешегін кемітуге жатады.

2-әдіс. Сауда жасаушы ұйымның жазбаша тапсырма-міндеттемесінің негізде (тауарларды қызметкер сатып алғанда) қызметкердің жалақысынан ай сайын белгілі бір сома ұсталады және сауда жасаушы ұйымның шотына аударылады.

Материалдық залалды (кемшілік, ұрлық-қорлық) өтеу бойынша ұстап қалу көшірмелердің, жалпы жиналыстың хаттамасының немесе сот органдары шешімінің негізінде жүргізіледі. Мұнда ұстап қалудың мөлшері мен мерзімі көрсетіледі. Ақаудан және бүлінуден болған ысыраптар ақау туралы актінің негізінде өтеледі.

Кәсіподақ жарналарын ұстап қалу айға есептелген жалақының барлық сомасына 1% мөлшерінде жүргізіледі.

Берілген жоспарлы және жоспадан тыс аванстар сақтандыру қағаздарының немесе сақтандыру агенттерінің куәлігі (ұйғарымы) негізінде ұсталады.

 8. Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысуды рәсімдеудің тәртібі.

Есеп айырысу және есеп айырысу-төлем ведомостары еңбекақы бойынша есеп айырысудың негізгі тіркелімі болып табылады. Бұл жалақы бойынша және әрбір қызметкерден ұсталатын барлық ұсталымдардың түрлері бойынша деректер көрсетілген жиынтық деректер.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.