Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Еңбекақы нысандары мен жүйелері



2.Еңбекақы нысандары мен жүйелері

 

Еңбекақы- қызметкердің орындаған жұмыс көлемі мен белгілеген еңбек шарты және лауазым нұсқауына байланысты төлем.Еңбек тиімділігін арттырудың әр түрлі ынталандыру жолдары болып,сыйақы,қосымша төлем,кепілді төлем ақы және т.б болып табылады.Жұмысқа алушы еңбекақы жүйесі мен нысанын еңбек туралы ережеге сәйкес,нақтылы еңбек жағдайын ескере отырып,қызметкерлер ережесі бекіткен жұмысшылар және жұмыс уақыты режімі бойынша өздері белгілейді.Аталған ережелер жұмысқа алушыға тек еңбек шартына отыру немесе еңбек режімін ұйымдастыру үшін ғана емес,сонымен қатар шығындар мен төлемдерді негіздеу мақсатында да қажет.

Жалақы жеке жұмыс нәтижесі бойынша немесе ұжымның жұмыс нәтижесі бойынша төленеді.Бұл жағдайда қызметкерге белгіленген еңбекақы көлемі заң бойынша белгіленетін төменгі еңбекақы мөлшерінен төмен болмауы тиіс.

Мерзімді еңбекақы-еңбекақы төлеу жұмыспен өтелген уаққыттағы тарифтік ставкалар немесе қызметақылар бойынша жүргізіледі.Мерзімдік еңбекақы-жай және мерзімді сыйақылар болып бөлінеді.

Жай мерзімдік еңбекақы тек жұмыспен отелген уақытпен және қызметкердің тарифтік ставкасымен немесе қызметақымен анықталады.Бюджеттік сала қызметкерлеріне тарифтік ставка немесе тиісті қызметақы тағайындалғанда төменгі еңбекақы мөлшері мен бірыңғай тарифтік сетка қолданылады.

Бірыңғай тарифтік сетка еңбекақы төлеудің 21 разрядына негізделіп,әр разряд бойынша өзіндік тарифтік коэффициент белгіленген.

 

Бірыңғай тарифтік сетка разряды 1-разрядқа тарифтік коэффициент Бірыңғай тарифтік сетка разряды 1-разрядқа тарифтік коэффициент
1,0 1,07 1,15 1,24 1,33 1,43 1,54 1,66 1,78 1,91 2,05 2,20 2,37 2,55 2,74 2,95 3,17 3,41 3,67 4,24

Бірыңғай тарифтік сетка бойынша жұмысшылар мен мамандар 1мен 8 разряд ал қызметкерлер 2 мен 21разряд бойынша тарификацияланды.Қызметкерлерді тарификацилау бірыңғай тарифтік-мамандандырылған анықтама немесе мамандандырылған анықтама бойынша жүргізіледі.

Әр түрлі кәсіби маманданған қызметкерлер тобының тарифтік ставкасы мен қызмет ақысы,кәсіпорын бекіткен 1 разрядтық ставка бойынша,қызметке алушының төменгі еңбекақы көлемі кепіліне байланысты және бірыңғай тарифтік сеткада бекітілген тарифтік мамандандырылған коэффициентке байланысты анықталады.

Жұмысшылар мен қызметкерлердің тарифтік-мамандандырылған анықтамасы қызметкерлерге разряд беріп және жұмысын тарификациялайтын, барлық мамандар кәсібіне сипаттама беріп,өндіріс және жұмыс жүрісіне байлансыты бөлетін анықтама болып табылады.

  Мамандандырылған анықтама құзыретімен жұмыс күрделілігі сатысы және мамандану деңгейіне байланысты дифференцияциялауды қамтамасыз етеді.

  Бұл анықтама мамандарылған комиссияға қызыметкелердің мамандық разрядын белгілеу үшін қажет

Кәсіпорын, меншік түріне қарамастан еңбекақыға қатысты сұрақтарды, ұжымдық келісімге байланысты өзі шешед.

Қажет болған жағдайда тарифтік-мамандарылған анықтаманы қолданады.Ол үшін тарифтик-мамандарылған комисся құрылып(ТМК),тарифтік-мамандарылған коэффицент терді пайдалану негізінде қызметкерлердін мамандық разряядына сәйкестік аттестациясынан өткізеді.

Келісімді еңбекақы жағдайында, қызметкерге еңбекақы әрбір орындалған немесе өндірілген өнім үшіналдын ала белгіленген мөлшерде есептеледі.

Кесімді еңбекақы мынандай жалақы жүйесіне бөлінеді:

1. Тікелей кесімді жүйе.

2. Кесімді-сыйақылы жұйе.

3. Ілгерішілік-кесімді жүйе.

4. Жанама -кесімдік жүйе.

5. Аккордтық жүйе.  

Тікелей кесімді төлемде жалақының мөлшері тек шығарылған бұйымының саны мен өнім бірлігі үшін белгіленген бағалауға тәуелді болады.

Кесімді-сыйақылық төлемде кесімді жалақы сомасынан басқа, белгілі бір сандық және көрсеткіштерге қол жеткізген үшін сыйақы есептейді.

Ілгершілік-кесімді төлемде өндірілген өнімді белгіленген нормалар шегінде тікелей бағалаулар бойынша төлеу көзделген. Ал нормадан тыс бұйымдарды шығаруды көтермеленген бағалаулар бойынша (2 есе кесімді бағалаудан аспайтындай)төленеді.

Жанама –кесімді жүйе жабдықтарға және жұмыс орындарына қызымет көрсетуші жұмыскерлердің еңбек өнімділігін өсіруге ынталандыру үшін қолданылады.Мұндай жұмыскерлердің еңбегі олар қызымет көрсететіннегізгі жүмысшылар өндіретін өнімнің есебінен жанама- кесімді бағалаулар төленеді.  

Жанама-кесімді жүйе жабдықтарға және жұмыс орындарына қызмет көрсетуші жұмыскерлердің еңбек өнімділігін өсіруге ынталандыру үшін қолданылады.Мұндайжұмыскерлердің еңбегі олар қызмет көрсететін негізгі жұмысшылар өндіретін өнімнің есебінен жанама кесімді бағалаулар төленеді.

Аккордтық жүйеде орындалатын жұмыстын көлемі алдын-ала белгіленіп,бағалау белгіленеді.Жұмыс орындалу мерзімін көрсету арқылы бағаланады.Жұмысты орындауға наряд жазылады да, онда табыстың жалпы сомасы,жұмысты аяқтау мерзімі,көрсеткіштер мен сыйақының мөлшері көрсетіледі..Бұл құрылыс саласында жиі қолданылады.

Кесімді,сондай-ақ мерзімді еңбекақылар жеке түрде және ұжымдық түрде жүзеге асырылуы мүмкін.Бригадалық нысан әдетте кәсіптерді қоса атқару және орындаушылыр бірін-бірі ауыстыру қажет болғанда қолданылады.Бригада ұжымының жалақыны және жұмыстың жалпы нәтижесіне бригаданың әрбір мүшесінің шынайы үлесін ескере отырып,сыйақыны анықтауға құқығы бар.Кәсіби шеберлігі мен кәсіптерді қоса атқарғаны үшін қосымша ақылар мен үстемелерді белгілеу жөнінде айталық. Тарифтік ставкалар мерзімдік ақы алатындар үшін және бір сағат жұмыс үшін кесімді ақы алатындар үшін қызметкерлер разряды бойынша белгіленеді. Жұмысшылардың еңбегіне ақы төлеу тарифтік ставкалардың негізінде, ал қызметкерлер үшін лауазымдық қызмет ақы негізінде жүргізіледы. Кесімді бағалаулар қолданыстағы уақыт нормалары мен шығарылым нормаларына негізделеді. Уақыт нормасы- бұл адам/ сағ, адам/күн көрсеткіштерімен көрсетілген, жұмыс бірлігін орындауға қажетті уақыт. Шығарылым нормасы қызметкер уақыт бірлігінде жасауға тиіс жұмыс санымен анықталады.Кесімді бағалау(Б) былайша есептейді:

1. Шығарылым нормасын қолданған кезде (Н шығ.) Б= Т/Н шығ., мұндағы Т –тиісті разрядтың тарифтік ставкасы (бірегей тарифтік кесте бойынша айлық ставканы жұмыс уақытының орташа айлық балансына бөлу жолымен анықтайды).

2. Уақыт нормасын қолданған кезде (Н уақыт). Б= Т ×Н уақ. Төлемнің мерзімдік нысаны қызметкерлердің барлық санатына қолданылады жалақыны есептеу жұмыс уақытын пайдалануды есепке алу табелінің негізінде жүргізіледі.Мерзімдік ақы алатын жұмысшының жалақы сомасы нақты жұмыспен өтелеген сағаттардың сағаттық тариф ставкасына көбейтіндісі ретінде анықталады.

     01 Жалақы= нақты жүмыспен × сағаттық тариф

 Сомасы, өтелген сағаты,саны, ставкасы.Мысал. Мерзімдік аұы алатын 6-разрядтағы жұмысшы сағаттық тариф ставкасы 76 теңге болған кезде 182 сағат жүмыс істеген.Жалақы сомасының есептелуі:182×76=13 732 теңге.қызметкерлердің жалақысы бойынша септеледі: егер жұмыскер сол айдағы жұмыс күндерінде толықтай істесе, онда жалақының мөлшері қызмет ақы мөлшеріне сәйкес келеді;

- Егер жұмыскер сол айдағы жұмыс күндерінде толықтай жұмыс істемесе, онда жалақы нақты жұмыспен өтелеген уақытқа карай есептеп шығарылады.

Мысал. Қызметақысы 11 300 теңге фирма менеджері айдағы 26 жүмыс күнінің 20 күнінде жұмыс істеген.

Айдың орташа күндік жалақысы: 11 300/26= 434,62 теңге. Менеджрдің жалақысы 434,62×20 = 8 692,4 теңге құрайды. Жай мерзімдік жүйе жұмыскер еңбегінің түпкілікті нәтижесі мен оың жалақысы арасындағы байланысты қамтамасыз етпейді,шаруашылық субъектісі жұмыскердің еңбегіне ақы төлеу үшін мерзімдік- сыйақылық жүйені қолдануға құқылы.Бұл орайда сыйақы беру жүйесін өз бетінше әзірлейді. Жұмыстың негізгі нәтижелері бойынша қызметкерлерге сыйақы беру мынадай көрсеткіштер бойынша жалақы қорынан (К –т 681) немесе тұтыну қорынан (562-шот) жүргізіледі:

1. Өндірістік тапсырмаларды орындау және асыра оырндау:

2. Еңбек өнімділігің өсуі, бұйымның еңбекті қажет етуін төмендетуі, шығарылымның жаңа нормасын, қызмет көрсету мерзімін игеру және басқалар.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.