Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Жеке кесімді еңбекақы



Жеке кесімді еңбекақы

Табыс –әрбір жұмысшының жұмыс нәтижесіне байланысты. Ол белгіленген бағалауды дайындалған бұйымдардың сапасына көбейту жолымен анықталады.

Мысал. Кесімді ақы алатын жұмысшыға бірлігі 250,56 теңгеге бағаланатын 30 бөлшекті әзірлеі тапсырылды. Жалақысы 30×250,46= 7 513,80 теңге.

    Бригадалық кесімді еңбекақы

Жұмысщылардың жалақысы бригаданың, учаскенің жұмыс нәтижесі бойынша анықталады. Бағалаулар жеке (әрбір кәсіпке) және кешенді (ұжымдық) болуы мүмкін.

Жеке бағалауды қолданған кезде жалақы жұмыстың осы түріның бағалауын бригада, цех, учаске жасаған бұйым санына көбейту жолымен анықталады.Кешендік бағалауды қолданған кезде бригаданың кесімді тарифіне пара-пар бөлінеді( жұмысшы разрядының тарифтік ставкасын нақты жұмыспен өтелген сағаттарға көбейту арқылы).

Мысал. Құрамында 3-ші, 5-ші, 6-шы разрядты үш адам бар кесімді ақы алушы жұмысшылар бригадасы әрқайсысы 8 040, 40 теңгеден бағаланған 2 машинаны жинады. Ахметов 80 сағат жұмыс істеген (6- разряд), Ким 60 сағат жұмыс істеген(5- разряд), Петров 70 сағат істеген (3-разряд)

1. Бригаданың жалақысы 8 040,40 ×2 машина= 16 080,80 теңге

2.  Тариф бойынша жалақы: Ахметов 80×100= 8000 теңге                Ким 60×80=4800 теңге, Петров 70×56=3920 теңге

3.  Нақты жалақына бөлу коэффициенті 16 080,8 (8 000+4800+3920)=0,964. Айлық жалақы: Ахметов 8×0,96=7680 теңге, Ким 4800×0,96=4608 теңге, Петров 3920×0,96=3000 теңге. Жиыны: 16 080,80 теңге

Жанама кесімді жүйеде қызмет көрсетуші жұмысшылардың жалақы мөлшері осы жұмысшылар қызмет көрсеткен негізгі өндірістік жұмысшылар еңбегінің түпкілікті нәтижесіне тікелей тәуелді болады. Бұл орайда жанама-кесімдік бағалау қызмет көрсетуші жұмысшылардың тарифтік жалақысының негізгі жұмысшылар жоспарлаған өнім шығарылымының санына қатынасы ретінде анықталады.

 Мысал: жөндеуші жұмысшы Кимнің жалақысы тариф бойынша -14 400 теңге. Учаске бойынша жоспарланған шығарылым (өндірістік тапсырма) 1 000 бірлік. Механикалык цехтің жұмысшысы Ким қызмет көрсеткен станокта 1200 бірлік әзірлеген.Жанама –кесімді бағалау – 14 400/1000 тең 14,40 теңге

Кимнің жалақысы 1200×14,40=17 280 теңге.Ілгерішіл-кесімді жүйе нормадан тыс шығарған өнімі үшін кесімді ақы алатын жұмысшыларды ынталандыруға қолданылады.Өндірістік тапсырма шегінде шығарылған өнім үшін төлем тікілей кесімді бағалаулар бойынша жүргізіледі. Тапсырмадан тыс өнім үшін – жаңа бағалаулар бойынша.

Аккордтық жүйе жұмысшылардың жалақысын нормаланған тапсырма (шығарылым уақытының нормасы) мен бағалау алдын ала белгіленген жұмыстың барлық көлемінің орындалуы анықтайды. Бұл нысан жұмысшылардың жеке тобына немесе бригадалар ұжымына қолданылады.

Жалақы- бұл еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды жүзеге асыруға көмектесетін маңызды экономикалық құрал. Шаруашылық субъектісінің тұріне қарамастан әрбір қызметкердің кірісі субъект жұмысының түпкілікті нәтижелерін ескергенде, оың жеке үлесімен аныталады және салықтармен реттеледі. Жалақы тұтынушы кірісінің үлкен бөлігін құрайды, сондықтан да сұраныстың мөлшеріне тауардың тұтынысына және олардың бағасына елеулі әсер етеді.

Жалақының номиналды және шынайы түрлері болады. Номиналды жалаұы дегеніміз жалдамалы еңбектің қызметкері өзінің күндік, апталық,айлық еңбегі үшін алатын ақша сомасы. Номиналды жалақының мөлшеріне қарап табысының деңгейі жайында айтуға болады. Бірақ тұтынудыНоминалды жалақының мөлшеріне қарап табысының деңгейі жайында айтуға болады. Бірақ тұтынудың деңгейі мен адамның әл-ауқаты жайлы мүмкін емес.

Шынайы жалақы-алған ақшаға сатып алуға болатын өмірлік игіліктер мен қызметтердің жиыны. Ол номиналды жалақыға тікелей қатынаста және тұтыну заттары мен ақылы қызметтердің бағасы деңгейімен кері қатынста болады.

Жалақы –өнімнің өзіндік құнының негізгі элементтернің бірі болып табылады, сондықтан да жалақы есебінің дұрыс ұйымдастырылуы еңбек өнімділігің артуына, өнімнің өзіндік құнының кемуіне және еңбеккерлердің қмір деңгейңнің жақсаруына себепші болады.Қызметкерлермен сеп айырысу есебінің негізгі міндеттері:

1. Еңбектің саны мен сапасына,шығарылым нормасының орындалуына жұмыс уақытымен жалақы қорының пайдаланылуына бақылаужасау.

2. Обьектінің әрбір қызметкеріне жалақына дер кезінде және уақытылы есептеу.

3.  Жалақыдан дер кезінде және дұрыс ұстап қалу

4. Белгіленген мерзімдерде қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысуды жүргізу

5.  Есептелген жалақыны өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына дер кезінде және дұрыс енгізу.

6. Өндірістік процеске басшылық жасау операцияларына қажетті еңбек пен жалақы туралы деректерді алу

7. Еңбек және жалаұы бойынша статистикалык есептемені жасау.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.